«Кристалдық торлар»



Дата14.03.2020
өлшемі62 Kb.
#60120
Байланысты:
Кмж кристалдык тор

Миратова А.М

Қысқа мерзімді жоспар «Кристалдық торлар»

Пән: Химия Сынып: 8 В

Материал туралы қысқаша түсінік:

Кристалдық торлар және олардың түрлері жайлы білімдерін тереңдету, кристалдық заттар жайлы білім беру, оқытудың әртүрлі стратегияларын пайдаланып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Күні

Тақырыбы: Кристалдық торлар

Сынып 8 В

Мұғалім есімі

Барлығы

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны



Мақсаты

Кристалдық торлар және олардың түрлері жайлы білімдерін тереңдету, кристалдық заттар жайлы білім беру, оқытудың әртүрлі стратегияларын пайдаланып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

Кристалдық торлар және олардың түрлері туралы білімдерін толықтырады, топпен жұмыс жүргізіп ортақ шешімге келеді.



Оқушылардың басым бөлігі

Кристалдық торлар және олардың түрлері туралы түсінік алып, олардың мазмұнына байланысты мәліметтерді тауып, хабарлайды.



Кейбір оқушылар:

Кристалдық торлардың түрлеріне байланысты қосылыстардың түрін жіктеп, өз шешімдерін түсіндіріп бере алады. (Талдау)



Ұйымдастыру

3мин


Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу. Өткен тақырыпқа шолу жасау, топқа бөлу. Оқушылар химиялық байланыс түрлеріне байланысты 3топқа бөлінеді. Яғни оқушылар берілген түсті қағаздарды алып сол қағаздар бойынша белгілі орындарға отырады. Ковалентті,иондық, металдық байланыс құрастырылады.

Алдыңғы оқу

5 минут

«Сәйкестендіру» әдісі

Әр топ берілген сұрақтарға сәйкестендіру арқылы жауап береді.




1.Жалпы заттар нешеге бөлінеді?


Төрт

2 Химиялық байланыстың неше түрі бар?


NaCl, BaO, FeCl3, K2O.

3 Ковалентті полюссіз байланыс мысал келтірілген табыңыз.


Екі

4 Иондық байланысқа қай қосылыстар жатады?

H2, N2, F2, Cl2

5 Ковалентті полюсті байланыс мысал келтірілген табыңыз.



HI, HCl, HBr, HF



ҚБ. «Мұғалімнің мадақтауы» (Өте жақсы, жарайсыңдар, жұмыстану қажет)

Дескриптор

- ковалентті полюсті және полюссіз байланыстарды ажыратады

- берілген тапсырманы орындайды

- өткен тақырыпты еске түсіреді


Ресурстар'>Ресурстар

«Химия» оқулығы, Нұрахметов Н.Н., Сарманова К.А., Жексембина К.М., 2004. 103-104 Б




Таратпа материал





Ресурстар

Жаңа сабақты түсіндіру

7 минут

Жаңа тақырпен, оқу мақсатымен таныстырылады.

Кристалдық тор түйіндерінде бөлшектер дұрыс орналасқан.

Көптеген қатты заттар кристалдық құрылысты болады(тұз, қант) мұндай заттарды кристалдық заттар деп атайды. Кристалдарда, атомдар, молекулалар белгілі ретпен орналасады, осындай аралықта кезектесіп келетін бөлшектер Кристалдық тор түйінділері деп атайды. Кристалдық торлар:
1)Иондық;

2)Молекулалық;

3)Атомдық болып бөлінеді
Кристалдық тор – кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы. Кристалдық тор бір-біріне тығыз орналасқан параллелепипедтерден немесе кубтардан тұрады. Параллелепипед пен кубтар кристалдық тордың ұяшығы болыптабылады. Атомдар, иондар немесе молекулалар орналасқан параллелепипедтің төбелері (бұрыштары) кристалдық тордың түйіндері, ал олар арқылы өтетін түзу сызықтары қатарлары деп аталады. Бір қатарда жатпайтын үш түйін арқылы өтетін жазықтықты жазық торап дейді. Элементар ұяшықтың үш бағыттағы сызықтық өлшемдері мен оның жақтарының аралық бұрыштары кристалдық тордың параметрлері болып табылады. Кристалдықтордыңөлшемдері, атомдары мен молекулалардың орналасуы рентгенография, электронография, нейтронографиякөмегімен анықталады. Кристалдық тор статистикалық тұрғыдан тұрақсыз болады, атомдар мен иондар өзінің тепе-теңдік қалпынан белгілі бір амплитудада тербеліп тұрады. Температура өскен сайын бұл тербеліс артады, ал балқу температурасына жеткенде, кристалдық тор ыдырап, зат сұйықтыққа айналады.


«Химия» оқулығы, Нұрахметов Н.Н., Сарманова К.А., Жексембина К.М., 2004. 103-104 Б

Сабақтың ортасы
5 минут

Алған білімдерін түсіну




10 минут


«Фишбоун» әдіс арқылы оқушылар топта жұмыс жасайды.

Жаңа тақырып бойынша 3 топқа топтық жұмыс беріледі.

1 топ Иондық кристалдық торлар

2 топ Атомдық кристалдық торлар

3 топ Молекулалық кристалдық торлар

Осы тақырыптар бойынша оқушылар мәтінмен танысады.



Дискрептор:

-Мәтіннің мазмұны ашады;

-Дәйекті мысалдар келтіреді.

1.Жеке жұмыс. « Тапқыш болсаң тауып көр » әдісі

Берілген заттардағы кристалл торын анықтау:

NaCl; SiO2; O2 ; H2 ; CaCl2 ; H2O; Br2 ; NaF ; CO2 ;



Кристалл торлардың түрлері

Кристалл торларға сипаттама

Қандай қосылыстарда болады

А


Химиялық байланыстың түрлері

В


Торлардың түйіндеріндегі бөлшектер

С


Иондық










Атомдық










Молекулалық









Дескриптор:

- білім алушы қосылыстарға сәйкес кристалдық торын анықтайды;

-кристалдық торлардың түрлеріне байланысты химиялық байланыс түрін жазады;

-кристалдық тор түйініндегі бөлшектерді жазады;

А3 қағазы, түрлі түсті фломастерлер

Таратпа материал



Аяқталуы

5 минут

Үйге тапсырма беру.

Сабақ бойынша «өз ойын» стикерлерге жазу арқылы қорытындылау



Стикерлер

Бағалау критерийі

а/ Химиялық байланыстар туралы түсінік қалыптасу

ә/ Химиялық байланыстардың маңызын білу

б/ Берілген тапсырмаларды орындау

в/ Сабақ барысындағы белсенділігін байқау.









Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?



Уақытты қалай пайдаландым?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет