Критериалды бағалаудағы дискрипторлардың маңызы «Неге «4», неге «5» емес ?» Мәселе Оқушылар баға алғанда мынадай сұрақтарды жиі қояды: «Оған неге



Дата09.01.2020
өлшемі0,97 Mb.
#55599
Байланысты:
бағалау тәсілдері
бағалау тәсілдері

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДАҒЫ ДИСКРИПТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

«Неге «4», неге «5» емес ?»


Мәселе

Оқушылар баға алғанда мынадай сұрақтарды жиі қояды: «Оған неге «5», маған неге «4» менің де жауабым дәл осындай болған», «Неге «4», неге «5» емес?»

  Оқушылардың ата-аналарынан жиі еститініміз:

«Менің балама оның тиісті бағасы қойылған жоқ! Менің балам жақсы оқиды, оның үштік баға алуы мүмкін емес»

Ата-аналардың және оқушылардың ойынша бағалау өте қарапайым нәрсе.

Ал шынында оқушылардың білімін бағалау – бұл күрделі педагогикалық үдеріс.

Бағалау - бұл алынған нәтижелерді белгілі мөлшер немесе үлгімен салыстыру.

Сондықтан бұл бағалау үдерісі педагогтардың, оқушылар мен ата-аналардың алдында тұрған ең бір актуалды, қарама-қайшылық тудыратын және пікір таласқа көп түсетін тақырыптардың бірі.

Тапсырма

Ұпайлар

 

Критерилер

1ұпай

2ұпай

3ұпай

Қағаздың бетіне орналасуы

Парақтың үштен бір бөлігіне орналасуы

Парақтың жартысында орналасуы

Параққа толық орналасқан

Түстердің үйлесімі

Бір түс пайдаланған

2-3 түс қолданған

Бірнеше түс қолданылған

Бөліктердің саны

1-2 бөлік

3-4 бөлік

Барлық бөлік

Суретті көрсеткішке сәйкес бағалау

Бағалау шкаласы
  • «1» – 0-2 балл
  • «2» - 3-4 балл
  • «3» – 5-6 балл
  • «4» - 7-8 балл
  • «5» – 9 балл

Бағалау (ағылш. assessment – көлемін анықтау) – бұл оқыту нәтижесінде оқушылар нені біліп түсінгенін және осы білім-түсініктерін қалай қолдана алатынын терең түсіну үшін түрлі дерек көздерінен ақпаратты жинақтау және талдау үдерісі.

БАҒАЛАУ

Оқушылардың оқудағы жетіс-тіктерін бағалаудың негізгі мақ-саты – алынған білімдік нәтижелердің алдын ала жоспарланған нәтижелерге сәйкестік дәрежесін анықтау.

БАҒАЛАУ МАҚСАТЫ



КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Критериалды бағалау оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау.


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Критериалды бағалау артықшылықтары:
  • Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; 
  •  Бағалау критерийлері оқушыларға алдын-ала белгілі
  • Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға болады;
  • Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі; 
  • Білім берудің сапасы артады.

Критериалды бағалаудың басты ерекшеліктері
  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласының болуы;
  • анық, айқындылығы;
  • бағаның әділдігі;
  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

(оқыту үшін бағалау және ағымдағы бағалау)

ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

(оқытуды бағалау немесе қорытынды бағалау)

СЫРТҚЫ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

(оқытуды бағалау немесе сыртқы қорытынды бағалау)
    • мұғалім тоқсан барысында өткізеді;
    • сыныпта күнделікті жұмыста оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес білімді игерудің ағымдағы деңгейін анықтайды;
    • оқушыларға жаңа тақырыпты оқу барысында ол тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын түсінуге мүмкіндік береді.
    • мұғалім әр тоқсан аяқталғанда жүргізеді;
    • тоқсан бойында оқу бағдарламасының бөлімін оқып біткендегі білім, біліктілік және дағды деңгейлерін қолдана алуын анықтайды;
    • жылдық және тоқсандық қорытынды бағаларды анықтау үшін негіз болып табылады.
    • кезекті оқу сатысын аяқтағанда тәуелсіз сыртқы ұйыммен өткізіледі;
    • оқу сатысында оқу бағдарламасының бөлімін оқып біткенкендегі білім, біліктілік және дағды деңгейлерін анықтайды;
    • оқу сатысында емтихандық және қорытынды бағаны анықтау үшін негіз болып табылады.

Критериалды бағалаудың түрлері

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
  • Бағалау критерийі – білім алушылардың оқу жетістік деңгейлерін өлшейтін белгі, өлшем, негіздеме.

  • Критерийлер оқу міндеттерімен айқындалып, оқушының әртүрлі әрекеттерінің тізімі ретінде құрастырылады. Бұл әрекеттерді оқушы үйрену кезінде атқарып, нәтижесінде оларды толығымен меңгеруі керек.
  • Дескриптор – оқушының жұмысты қан-шалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.

КРИТЕРИЙЛЕРГЕ КОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
  • Критерийлер оқушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс.
  • Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.
  • Критерийлердің оқушылармен бірге құрасты-рылғаны дұрыс.
  • Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек.
  • Критерийлер әрбір оқу тапсырмасы үшін бөлек жасалады.
  • Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек, оны сынып қабырғасына іліп қойған дұрыс

КРИТЕРИЙЛЕРДІ ЖАСАҚТАУ: ҚАЛАЙ БАСТАУ ҚАЖЕТ?

Оқудағы күтілетін нәтиже қандай бола-тынын анықтау керек.

Күтілетін нәтижені өлшеу үшін критерийлерді жасақтап, оларды кестеге түсіру қажет.

Әрбір ұпай үшін дескрипторларды сипаттау қажет. Дескрипторлар – бұл күтілетін нәтижеге жетудің түрлі деңгейлері.

КРИТЕРИЙЛЕРДІ ЖАСАҚТАУ: ҚАЛАЙ БАСТАУ ҚАЖЕТ?

Дұрыс жасақталған бағалау критерийлері оқу материалын түсіну тереңдігін жан-жақты өлшеуге мүмкіндік береді.

Критерийлер мен дескрипторлар оқушыға оның білімі қалай бағаланатынын және одан не күтілетінін анық көрсетіп береді.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Тапсырма


Бағалау критерийі және дескрипторлар құрастырыңыздар?

Тапсырма


I – топ. Бағалау критерийі

II – топ. Дескриптор

III – топ. Бағалау критерийі мен дескриптор

Бүгінгі  таңда  елімізде  білім беру мазмұны жаңа

бағытқа бет бұрды. Елбасы  Н.Назарбаев өз сөзінде:

«Біз қазір «білім-ғылым-инновация»

атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық

әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.

 Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі  

білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге

өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

Рефлексия


3 – 1 – 1

әдісі

Кері байланыс


SMS арқылы

Байланыс телефоны: 8 747 089 91 85

WhatsApp желісі

Facebook әлеуметтік желісі

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет