Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,56 Mb.
#33882
1   2   3

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

1 билет

1.Эпидемиялық барлау тобы

2.Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын негізгі талаптар

2 билет

1.Санитарлық эпидемиялық барлау

2.Санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың негізгі әдістері

3 билет

1.Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру

2.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

4 билет

1.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау белгілері

2.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайлы болып саналады, егер?

5 билет

1.Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын талаптар.

2.Әрекет ету ауданы қолайлы болып саналады, егер?

6 билет

1.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың ерекшеліктері.

2.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз деп саналады, егер?

7 билет

1. Санитарлық – эпидемиологиялық барлау келесі сұрақтарға жауап анықтайды

2.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп саналады, егер?

8 билет

1.Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізілу және дайындық кезеңдері

2.Майданның санитарлы-эпидемиологиялық барлау нәтижелері

9 билет

1.Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізудің жоспары

2.Армиялық санитарлық-эпидемиологиялық барлауы нәтижелері

10 билет

1.Санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың жіктелісі

2.Майданның санитарлы-эпидемиологиялық барлауы нәтижелері

11 билет

1.Әскери санитарлық-эпидемиологиялық барлау

2.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мақсаты

12 билет

1.Армиялық санитарлық-эпидемиологиялық барлау

2.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы төтенше деп саналады, егер?
13 билет

1.Майданның санитарлы-эпидемиологиялық барлау

2. Бөлімшеде санитарлық- эпидемиологиялық бақылау жүргізудің ерекшеліктері

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру. Санитарлық, эпидемиялық барлау жұмыстарын бактериологиялық зақымдану ошағында ұйымдастыру

Н 2, 159-160 беттер 2 мин (5%)



Сабақтың тақырыбы: Табиғи, техногенді және биологиялық сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды медицинамен қамтамасыз ету

(сағат саны: 6сағ -270мин; тәжірибе 4сағ-180мин)

1 Сабақ: Санитарлық эпидемиялық барлау жұмыстарын бактериологиялық зақымдау ошағында ұйымдастыру

1. Сағат саны: 45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақтың мақсаты:


  • оқыту: санитарлық-эпидемиялық барлау жұмыстарын бактериологиялық зақымдану ошақтарында ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру;

-биологиялық барлаудың негізгі әдістерін талдау;

- биологиялық зақымдау ошағындағы жартылай және толық санитарлық өңдеу;

  • тәрбиелік:бактериологиялық зақымдану ошағында санитарлық-эпидемиологиялық барлау жұмыстарына баулу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі:түсіндіру, оқып-үйрену, жаттығу, пікірталас, тесттік тапсырмаларды орындау

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары

б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.

12 . Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Ү.И.Кенесарие және т.б. – Алматы, 2010ж-656 б.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Биологиялық қару туралы түсінік және оның зақымдау қасиеттері

2. Биологиялық барлауға түсініктеме, оның міндеттері

3. Биологиялық барлауға қойылатын талаптар

4. Биологиялық барлаудың негізгі әдістері

5. Биологиялық қарудың зақымдаушы әсерінің ерекшеліктері

6. Санитарлық, эпидемиялық барлау жұмыстарын бактериологиялық зақымдану ошағында ұйымдастыру

7. Жартылай санитарлық өңдеу

8. Толық санитарлық өңдеу
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материалмен жұмыс
Биологиялық қару туралы түсінік және оның зақымдау қасиеттері

Қазіргі кездегі биологиялық қаруға (БҚ) – арнайы қару-жарақтар (авиациялық бомбалар, ракеталар, миналар, снарядтар) және биологиялық қоздырғыштар салынған (бактериялар, риккетсиялар, вирустар, биологиялық токсиндер) құралдар жатады. Олар адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді зақымдауға немесе мемлекетке экономикалық шығын келтіруге арналған.

Биологиялық қарудың зақымдаушы әсерінің ерекшеліктеріне жатады:


  1. жоғары потенциалды тиімділігі–адамдарды немесе жануарларды биологиялық қарумен аз мөлшерде зақымдауы және қысқа мерзім ішінде жаппай санитарлық жоғалту;

  2. жұқпалылығы, яғни жұқпалы аурулардың ауру адамнан сау адамға жылдам жұғуы және жұқпалы аурулардың эпидемиялық таралу мүмкіншілігі;

  3. жасырын кезеңнің (инкубациялық) болуы, биологиялық қарудың зақымдаушы әсері белгілі бір мерзім, яғни бірнеше сағат, бірнеше күндер және апталар өткеннен кейін ғана көрінуі;

  4. әсер ету ұзақтылығы:

- спора түзетін микроорганизмдердің ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада сақталуы: (cібір түйнемесінің споралары, сіреспе, газды гангрена);

- кейбір патогенді микроорганизмдердің тасымалдаушылар организмінде ұзақ уақыт бойы сақталуы:обаның қоздырғышы бүргенің организмінде өмір бойы сақталады (1 жылдай), кене энцефалитінің вирусы кененің организмін зақымдап қана қоймай, тұқым қуалайды (трансовариальді).



  1. Қолданған БҚ түрін айқындайтын құралдардың жоқтығына байланысты анықтау қиындығы: уландырғыш және радиоактивті заттарды анықтау үшін химиялық және радиациялық барлаудың құралдары (ӘМ-ХБА және т.б.) болады. Қолданылған биологиялық қарудың түрін анықтау үшін арнайы адамдармен дайындалған күрделі және ұзақ зертханалық зерттеулерден кейін ғана жүзеге асырылады. Қазіргі кездегі экспресс әдістер (мысалы, люминесцентті микроскопиялық әдіс) зерттеуден 2-6 сағаттан кейін ғана жобалы жауап береді

  2. пайда болып жатқан зақымдалулардың диагностикасының күрделілігі:

  • белгісіз қоздырғыштарды қолдану мүмкіншілігі; қазіргі кездегі алдын алу және емдеу препараттарына тұрақты жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының штамдарын шығару;

  • биологиялық қарумен зақымдалудың басқа да жолдарының және зақымдаушы мөлшерінің көп болуы;

  • дезинфекциялық құралдарға тұрақты тасымалдаушылардың түрлерін қолдану;

  1. адамдар, жануарлар және өсімдіктерге жұқпалы аурулар қоздырғыштарының көп мөлшерде болуына байланысты биологиялық қарудың бір бағытта таңдаулы әсер етуі;

  2. күшті психологиялық әсер ету (қарсылас биологиялық қаруды қолдану туралы үрей туғызса, адамдарда қорқыныш пайда болады);

  3. биологиялық қарудың химиялық және ядролық қаруға қарағанда өндірілуінің технологиялық қарапайымдылығы және арзандылығы;

  4. жұқпалы аурулардың пайда болуына қолайлы жағдайлардың болуы;

  5. әскерде және медициналық тасымалдау кезеңдерінде тәртіпті шектеу шараларды міндетті түрде жүргізу;

  6. биологиялық қаруды кең масштабта қолдану күрделі экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін.


Санитарлық, эпидемиялық барлау жұмыстарын бактериологиялық зақымдану ошағында ұйымдастыру

Бактериологиялық барлаудың мазмұны мен маңызы бактериологиялық қарудың зардабын жоюға, бактериальді агентті анықтауға, медико – тактикалық жағдайды жобалауға көмектеседі. Осы мақсатта ғылыми – зерттеу институттарында эпидемиологиялық барлау топтары ашылады.

Бактериологиялық барлау жұмыстарында міндетті түрде жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметі қатысады. Бактериологиялық барлауда бактериалды заттан сынама алудың маңызы өте зор. Сынаманы сыртқы ортадан, науқастан, өліктен, жануардан алады және олар 1 – 1 ½ сағ. ішінде индикация үшін лабораторияға жеткізіледі.

Бактериологиялық заттардың индикациясын жоғары дәрежелі маман бактериолог, вирусологтар жүргізу тиіс. Сондықтан ондай зерттеулер республикалық, облыс қалалық, санитарлық – эпидемиологиялық ғылыми – зерттеу институттарына жүктелген. Бактериологиялық барлауды тиімді жүргізу басшының міндеті. Бірінші кезекте сынамаға: ауа, әртүрлі заттардың жағындысын алу, зақымданған адамның мұрнынан жағынды алу. Басқа жағдайларда азық – түлік, ауыз су экспертизасында, қорытынды беруде, қолдану болатыны жағдайда ғана алынады. Бактериологиялық заттардың индикациясын анықтауда экспресс және жеделдетілген әдістер қолданылады.


Биологиялық барлауға түсініктеме, оның міндеттері. Әскерде биологиялық барлауды жүргізу және жалпы ұйымдастыру

Биологиялық барлау–қарсыластың бактериялық қаруды қолдану дайындығына және оның қолдану фактісіне, бактериялық қарудың түрлеріне мәліметтер алуға арнайы басқарушылармен, барлаушы органдарымен және жеке қызметтермен жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Биологиялық барлауды басқару медициналық қызметке жүктеледі. Биологиялық барлау медициналық қызметтің барлық звеноларымен, ротаның санитар нұсқаушыларынан бастап, майданның арнайы санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерімен жүргізіледі және ұйымдастырылады.

Биологиялық барлау шешетін міндеттерді шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:


  • қарсылас биологиялық қаруды қолдануға дайындығы және мүмкіншілігі туралы алынған мәліметтерді жинап талдау;

  • биологиялық қарудың индикациясы;

  • биологиялық шабуыл масштабын шамалап анықтау.

Биологиялық қаруды қарсыластың қолдануына дайындығын дер кезінде анықтауда биологиялық барлаудың мәліметтерін жинау және талдау жүргізіледі. Көптеген жиналған мәліметтерді бағалау үшін медициналық құзырлылық (компетенция) қажет болады. Бұл жерде нақты жағдайда әскерді әр түрлі ауруларға қарсы жаппай егу, биологиялық қарудан қорғануға арнайы қорғаныс заттарының (антибиотиктер, дезинфекциялық заттар және т.б.) қорын жинау қажет болады.

Биологиялық барлаудың негізгі әдістері:



  • қарсылас биологиялық қаруды қолданған аудандарды тексеру, әскер орналасқан аудандардың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайын бағалау;

  • жергілікті денсаулық сақтау органдарының, ветеринарлық мекемелердің және басқа да қызметтердің мәліметтерін жинау және нақтылау;

  • адамдардан, жануарлардан және сыртқы орта нысаналарымен алынған материалдарды зертханалық зерттеуге алу;

  • әскерде тұтқында болғандардан, әсіресе тұтқындағы медицина қызметкерлерінен жауап алғанда қатысу;

  • ықтималдық қарсыластан алынған құжаттарды зерттеу.

Биологиялық барлауды жүргізу және дайындық кезеңдері:

  • алдын-ала дайындық кезеңі, барлау жүргізілетін ауданмен алдын ала танысу және міндеттерді құру;

  • биологиялық барлауды жүргізуге жоспар құру, қажетті күштер мен құралдарды бөлу, биологиялық барлаудың нысаналарын, жүргізу мерзімін, байланыс түрлері мен әдістерін, барлау бойынша ақпарат тәртібін анықтау;

  • әскерде жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін тұрғылықты жерде биологиялық барлауды жүргізу;

  • барлаудың қорытындыларын дайындау және эпидемиологялық барлаушының есеп-беру картасын толтыру.

Биологиялық барлауға келесі талаптар қойылады: мақсаттылық, үздіксіздік, дер кезінде анықтау, жылдамдылық, нақтылық, белсенділік, сабақтастық.

Биологиялық барлауды жүргізу жоспарының мазмұнын құрайды:



  • биологиялық барлаудың нысаналары және міндеттері;

  • барлаушы топтардың құрамы, олардың жабдықталуы, жол бағыты;

  • биологиялық барлаудың басталу мен аяқталу уақыты;

  • биологиялық барлаудың қорытындылары туралы баяндамалардың мерзімі, орны және тәртібі.

Биологиялық барлауды және биологиялық қарудың индикациясын әскери ауданда бөлімшенің СЭЗ-ның командирі ұйымдастырады, ол жерде бактериологиялық зертхана ГАЗ-66 (ӘМЗ) автокөлік кузовында болады. Биологиялық барлау әскердің медициналық бригадасының СЭЖ-ның және майданның СЭЖ-ның күштерімен жүргізіледі. Оны әскердің эпидемиологы және майданның бас эпидемиологы ұйымдастырады. Әскердің жеке медициналық бригадасы және майданның медициналық бригадасы барлаудан, басқа да қызметтерден алынған мәліметтерді талдап, өңдеу жүргізеді. Тұрғылықты жердің зақымдалуы және анықталуы (акватории, ауа кеңістігі) туралы барлық мәліметтер тез арада бастықтарға баяндалады, одан әрі қарай әскерді және тылдағы басқа да нысаналарды биологиялық қарудың зардаптарын тез арада жою мақсатында хабарландырылады. Бөлімшелер мен мекемелерде тиісті оңашалау-шектеу шаралары жүргізіледі.

Биологиялық барлау кезінде алынған мәліметтер медициналық қызметтің бастығына баяндалады және картаға немесе сызба-картаға түсіріледі. Графикалық көріністерге түспейтін басқа да мәліметтер аңыз түрінде көрсетіледі. Осындай аңызы бар карталар мен барлаудың қорытындылары графикалық сызба түрінде көрсетілген карталар эпид.барлаушының есеп-беру карточкасы және жүргізілген биологиялық барлаудың есеп беру құжаты болып табылады.

Биологиялық зақымдалу масштабын шамалап анықтау радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметтерімен, есептеу мәліметтері негізінде медициналық қызметпен арнайы, арнайы емес индикациясы әдістерімен шешіледі.

Биологиялық зақымдау ошағындағы жартылай және толық санитарлық өңдеу

Арнайы өңдеу қарсылас бактериялық қаруды қолданған кездегі жеке құрамның санитарлық өңделуі, қорғаныс заттарының, киімдердің, аяқ-киімдердің, құрал-жабдықтардың, техникалық, көліктік және басқа да материалдық заттардың залалсыздандыру шараларының жиынтығы. Қажет болған жағдайда аймақтың, ауыз су көздерінің, азық-түліктің залалсыздандырылуы жүргізіледі. Арнайы өңдеуді бөлім және бөлімшелер командирі ұйымдастырады.

Арнайы өңдеу жартылай және толық санитарлық өңдеу болып бөлінеді.

Жартылай санитарлық өңдеуде жеке құрамды, жеке қорғаныс затттарын, киімдерді, құрал-жабдықтарды, техникалық-көліктік заттарды, күнделікті үнемі қолданылатын заттарды өңдеу жүргізіледі. Бұл кезде дозиметрлі және химиялық аспаптар толық залалсыздандырылады. Жеке құрам жартылай санитарлық өңдеуді бөлімшелер командирінің үкімімен жүргізеді.

Адам денесінің ашық жерлерін (бетін, мойынын, қолын) жартылай санитарлық өңдеу дезинфекциялық ерітінділермен, жеке химиялық пакеттермен, сабынды сумен жүргізіледі. Бригаданың медициналық ротасында жартылай санитарлық өңдеу биологиялық зақымдалу ошағынан келіп түскендердің барлығына жүргізіледі.



Толық санитарлық өңдеу барлық жеке құрамда, бөлімшелерде жүргізіледі. Ол кезде жеке қорғаныс заттарының, киімдерінің, аяқ-киімдерінің, құрал-жабдықтарының, техникалық, көліктік және басқа да материалдық құралдардың дезинфекциясы толық көлемде жүргізіледі.

Толық санитарлық өңдеу арнайы өңдеу күштері мен бөлімшелерде жүргізіледі және ұйымдастырылады. Жеке медициналық батальонда биологиялық зақымдалу ошағынан келіп түскендерге толық санитарлық өңдеу екі бөлімінде: жұқпалы аурудың белгілері бар немесе күдікті ауруларға және жаралыларға жүргізіледі.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Тест


1. Инфекция көзіне бағытталған әскерді эпидемияға қарсы қамтамасыз ететін шараны көрсетіңіз:

  1. емдеу-диагностикалық

  2. санитарлық-гигиеналық

  3. иммунопрофилактика

  4. дезинфекция шаралары

  5. дезинсекция шаралары

2. Санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың негiзгi әдiсiн көрсетiңiз:

  1. тексерiлетiн аймақты аралап шығу және көзбен шолу

  2. энтомологиялық зерттеулер жүргiзу

  3. қарсыластың жүру бағыты туралы мәлiмет жинау

  4. вирусологиялық зерттеулер жүргiзу

  5. паразитологиялық зерттеулер жүргізу

3. Санитарлық-эпидемиологиялық барлаутобының саны байланысты:

  1. бақылау ауданының көлеміне

  2. тексеру аймағының алыстығына

  3. ауданның эпидемиялық жағдайының күрделiлiгiне

  4. табиғи ландшафттың күрделiлiгiне

  5. климаттық жағдайына

4. Жұқпалы аурулармен ауырған науқастар қандай көлікпен тасымалданады:

  1. әскери далалықжұқпалы аурулар госпиталі көлігімен

  2. полктың медициналық пункті көлігімен

  3. кейдейсоқ көлікпен

  4. санитарлық-эпидемиологиялық басқарма көлігімен

  5. санитарлық-эпидемиогиялық зертхана көлігімен

5. Бактериялық шабуылдың зардабын жою үшiн жүргiзiледi:

  1. зақымдалған аймақтан әскерді шығару

  2. алдын ала егулер

  3. зақымдалған ауданның шекарасын анықтау

  4. сан. эпид. Барлау

  5. дабыл соғу

6. Обсервация тәртібі қамтиды:

  1. көліктің кiруiне және шығуына шектеу қою

  2. көліктің кiруiне және шығуына рұқсат етiлмейдi

  3. қатаң оңашалау тәртібі

  4. әскердi ұрыстан шығару

  5. көліктің еркiн жүруi

7. Карантин тәртібі қамтиды:

  1. көліктің кiруiне және шығуына рұқсат етiлмейдi

  2. ошақтың аймағы арқылы көліктің еркiн өтуi

  3. көліктің жүруіне тыйым салмау

  4. әскердi ұрыстан шығару

  5. ошақтың аймағы арқылы көліктің еркiн өтуiн шектеу

8. Санитарлық-эпидемиологиялық зертхананың құрамына кiредi:

  1. Эпидемиолог

  2. Инфекционист

  3. Энтомолог

  4. Вирусолог

  5. паразитолог

9. Санитарлық-эпидемиологиялық зертхананың құрамына кiредi:

  1. бактериолог

  2. невропатолог

  3. окулист

  4. хирург

  5. травматолог

10. Бактериологиялық барлаудың мақсаты:

  1. қарсыластың БҚ қолданғаны туралы мәлiметті жинап алу және талдау

  2. тұрғылықты жердi тексеру

  3. тұрғындар пункттерінің санитарлық жағдайын қарау

  4. әскер орналасқан аймақтың сан. эпид. жағдайын бағалау

  5. жұқпалы науқастарды анықтау


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру. ТЖ жағдайында емдік-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру Қ12, 431-445 беттер 2 мин (5%)
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет