Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы


билет 1. Эвакуация тәртібі бойынша екінші топтағы емделушілер қатарына кімдер жатады? 10 билет



бет2/5
Дата22.05.2018
өлшемі1,09 Mb.
#40593
1   2   3   4   5

9 билет

1. Эвакуация тәртібі бойынша екінші топтағы емделушілер қатарына кімдер жатады?



10 билет

1. Эвакуация тәртібі бойынша үшінші топтағы емделушілер қатарына кімдер жатады?



11 билет

1. Емдік-алдын алу мекемелерінің құрал-жабдықтарының эвакуациялану тәртібі



12 билет

1. Емдік-алдын алу мекемелеріндегі кезектілік орнатылу тәртібі



13 билет

  1. Емдік-алдын алу мекемелерінің эвакуациясын жүргізу тәртібі



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру. АҚ-дағы медициналық құрамаларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

Н 13, 36-37беттер, 139-142 беттер 2 мин (5%)



Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде ТЖ жұмысындағы емдік-алдын алу мекемелерінің дайындығы.

(сағат саны: 12сағ -540мин; тәжірибе 8сағ-360мин)

3 Сабақ: АҚ-дағы медициналық құрамаларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

1. Сағат саны: 45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақтың мақсаты:


  • оқыту:

- АҚ-дағы медициналық құрамаларын ұйымдастыру тәртібін білу;

- АҚ және ТЖ медициналық қызметтерін білу;



  • тәрбиелік: Азаматтық қорғаныстың медицинамен қамтамасыз етілу тәртібін оқыту.

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрену, жаттығу, пікірталас, бақылау жұмыс

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары

б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. АҚ-дағы медициналық құрамаларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

2. АҚ және ТЖ медициналық қызметі

3. АҚ және ТЖ медициналық қызметінің міндеттері

4. Азаматтық қорғаныс күштерінің медицинамен қамтамасыз етілу

5. Халықты медициналық қорғауды ұйымдастыру

6. Медициналық қорғау жөніндегі қажетті іс-шаралар
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материалмен жұмыс

АҚ және ТЖ медициналық қызметтері

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтерінің медициналық қызметі (Төтенше жағдай кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету қызметі) Азаматтық қорғаныс шараларын медициналық қамтамасыз ету, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мақсатында құрылады.

Қызметтің міндеттері:

- төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюда, қазіргі зақымдану құралдарын қолдануда медико-санитарлық республикада бірыңғай саясатты, негіздеу және жүргізу;

- Азаматтық қорғаныстың медициналық шараларын жүзеге асыру, медік-эвакуациялық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізу;

- төтенше жағдайларда, қазіргі зақымдану құралдарын қолдануда медициналық-санитарлық, эпидемиялық және санитарлық гигиеналық болжау, болуы ықтимал шығынды азайту жөнінен жаспарлар жасау;

- медициналық құрамаларды құру және ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және керек-жарақпен жабдықтау;

- медициналық құрамалардың зардап шеккендерге көмек көрсетуге әрдайым дайын тұруын қамтамасыз ету, төтенше жағдай аймағы мен зақымдану ошағына медициналық қызметтің күші мен құралдарын ең алдымен жіберуді қамтамасыз ету;

- уақытында медициналық қызмет көрсету, зақымданғандарды эвакуациялау және емдеу, зақымданғандарды тезірек еңбекке оралуы үшін денсаулығын жөндеу, төтенше жағдайлар аймағында және зақымдану ошақтарында шығынды, сондай –ақ жолдарда және медициналық эвакуациялау сатысында мүгедектердің және қаза болғандардың көрсеткішін барынша азайту;

- төтенше жағдайлар, қазіргі зақымдану құралдарын қолданудың халықтың жүйке-неврологиялық және сезім әрекетіне әсерін төмендетуге бағытталған емдеу – профилактикалық және оларды тезірек оңалту шараларын жүргізу;

- халықтың санитарлық саулығын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар аумағындағы, зақымдану ошақтарындағы және соған жақын жатқан аумақтарындағы халық арасында жұқпалы аурулардың жаппай пайда болуының және таралуының алдын алу;

- құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі құраманың жеке құрылымдарының денсаулығын сақтау, оларға қажетті медициналық көмек көрсету;

- қаза тапқандарға сот-медициналық сараптама және жарақатының (ауруының) ауыртпалық дәрежесін анықтау және жұмысқа жарамсыздығын болжауды бағалау үшін сот-медициналық куәландыру;

- халықты өзіне және өзара көмек көрсету әдістеріне оқыту;

- медицина мекемелерінде медициналық дәрі-дәрмектің қорын құру.



Медициналық қамтамасыз ету

Медициналық қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс күштері жеке құрамының денсаулығын және жұмысқа деген қабілетін сақтау, зақымданғандар мен ауруларға уақытында медициналық көмек көрсету, оларды көшіру, емдеу және қатарға қайтару, жұқпалы аурулардың туындауының және жайылуының алдын алу мақсатында ұйымдастырылады.

Азаматтық қорғаныс күштерінің шаралары мен іс – қимылдарын медициналық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:

Азаматтық қорғаныс күштерінің жеке құрамын және халықты медициналық қорғау жөніндегі қажетті іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

- медициналық барлау, эпидемиологиялық байқау және аумақтың, қоршаған ортаның, азық – түліктің және судың зақымдануына лабораториялық бақылау жүргізу;

- зақымдану ошағы және төтенше жағдайлар аймағы туындаған кезде емдеу – эвакуациялық, санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы іс – шаралар жүргізу;

- төтенше жағдайларда құрамаларды және жедел көмек көрсету қызметінің мекемелерін дайындау;

- төтенше жағдайларда медициналық құрамаларды және жедел медициналық көмек көрсету қызметінің мекемелерін, Азаматтық қорғаныс күштерін медициналық санитарлық – шаруашылық және арнайы мүліктермен жабдықтауды ұйымдастыру болып табылады.

Азаматтық қорғаныс күштерінің шаралары мен іс – қимылдарын медициналық қамтамасыз ету жоспары түсіндірме жазбасымен карта жасалынады.

Картада:


Қызметтердің басқару пунктері;

қауіпсіз аумаққа медицина мекемелерін, қан құю стансаларын (пунктерін) санитарлық – эпидемиологиялық стансаларын, орталық дәріхана қоймаларын, медициналық мүліктерді ұзақ сақтайтын қоймаларды, медицина өнеркәсібінің кәсіпорындарын қанша кереует сиятыны көрсетілген аурухана базаларының медициналық мекемелерін орналастыратын орындар;

құрамаларды және төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету резервтерін, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өзара әрекеттестік жоспары бойынша бөлінетін, әскери – медициналық қызметін орналастыратын аудандар;

көліктің барлық түрімен эвакуациялаудың негізгі маршруттары;

эвакоқабылдау және медициналық бөлу пункттерін ашатын орындар;

санитарлық – көлік құрамаларының орналасатын аудандары көрсетіледі.

Түсіндірме жазбада: медициналық қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері және оларды орындаудың мерзімдері, медициналық қызмет күшінің және олардың қамтамасыз ететін бөлімшелерінің құрамы, олардың дайын болу мерзімдері және пайдалану тәртібі; медициналық қызмет резервінің құрамы; Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың және Қорғаныс министрлігінің әскери – медициналық қызметінің құрамы мен міндеті;

медициналық қызмет күштерін басқаруды ұйымдастыру көрсетіледі.

Төтенше жағдайларда, қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде санитарлық жоғалуда медициналық көмек кешенді емдеу – эвакуациялау, санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу, медициналық жабдықтау арқылы көрсетіледі.

Халықты медициналық қорғау ұйымдастырылады:

Төтенше жағдай кезінде:

Төтенше жағдайлар ауданында медициналық көмек көрсетудің бірінші сатысында көбінесе өзді – өзіне және бір – біріне өзара көмек, сондай – ақ санитарлық дружиналардың жеке құрамының, төтенше жағдай ауданында орналасқан медициналық мекемелердің медицина қызметкерлерімен көмек көрсетіледі. Бірінші медициналық, дәрігер келгенге дейінгі және бірінші дәрігерлік көмек зардап шеккендердің өмірін құтқару және тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында көрсетіледі.

Екінші сатысында – медициналық көмек төтенше жағдайлар аймағынан тыс жерлердегі емдеу мекемелерінде, сондай – ақ кәсіби және мамандандырылған медициналық көмек көрсету және зақымданғандарды біржола жазылып шыққанға дейін емдейтін қосымша ашылған емдеу мекемелерінде көрсетіледі.

Соғыс уақытында:

Қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде жаппай санитарлық шығын ошағында бірінші медициналық көмек төтенше жағдай кезіндегідей көрсетіледі, одан басқа Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстыру жөніндегі іс – шараларды жүргізу кезінде қауіпсіз аймақта қала сыртында аурухана базасы ашылады, ол санатталған қалалардың медициналық емдеу мекемелерін, селолық жерлердің және санатталмаған қалалардың медициналық эвакуациялау есебінен құрылады. Аурухана кереуеттерінің саны болжанылатын санитарлық шығын есебінен алдын ала жоспарланады.

Дәрі – дәрмек, медициналық жабдықтардың және мүліктердің запасы құрылады, қоғамдық үйлерге медициналық мекемелерді орналастыру үшін лайықтау жұмыстары жүргізіледі.

Зақымдану аудандарынан (ошақтарынан) жаралыларды, зақымданғандарды және ауруларды қала сыртындағы емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін эвакосанитарлық құрамалар (автосанитарлық жасақтар, эвакосанитарлық поездар, авиасанитарлық эскадрильдер, теңіз және өзен кемелері) ашылады. Эвакосанитарлық құрамалар көлік ұйымдарының базасында құрылады. Эвакокөлік құрамаларын көлік – санитарлық жабдықтауды қамтамасыз ету жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. Эвакуациялау барысында зақымданғандарға, жаралыларға және ауруларға көмек көрсету үшін Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың медициналық қызметінің құрамаларынан медицина қызметкері бөлінеді.

Бейбіт уақыттағыдай соғыс уақытында да аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың туындауын және жайылуын болдырмау жөніндегі іс – шаралар қабылданады.

Санатталған қалалардағы тасымалдауға болмайтын аурулар арнайы жабдықталған баспаналарда жасырынады.

Санатталған қалалардың барлық халықы үшін медициналық жеке қорғану құралдарының запасы:

ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері үшін – ұйымның қаржысы есебінен;

қалған халық үшін – жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен құрылады және ұсталынады.

Төтенше жағдайларда медициналық қамтамасыз ету жедел медициналық қызмет көрсету қызметі құрамаларымен жүзеге асырылады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Бақылау жұмысы:



І нұсқа

1. АҚ-дағы медициналық құрамаларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

2. АҚ және ТЖ медициналық қызметі

3. АҚ және ТЖ медициналық қызметінің міндеттері



ІІ нұсқа

1. Азаматтық қорғаныс күштерінің медицинамен қамтамасыз етілу

2. Халықты медициналық қорғауды ұйымдастыру

3. Медициналық қорғау жөніндегі қажетті іс-шаралар



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру. Лаңкестік әрекеттер

Н 3, 41-53 беттер 2 мин (5%)



Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде ТЖ жұмысындағы емдік-алдын алу мекемелерінің дайындығы.

(сағат саны: 12сағ -540мин; тәжірибе 8сағ-360мин)

4 Сабақ: Лаңкестік әрекеттер

1. Сағат саны: 45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақтың мақсаты:


  • оқыту:

- лаңкестік әрекеттер туралы түсінік қалыптастыру;

- лаңкестік кепілге алғандағы адамдардың іс-әркеттерін білу;

- «Терроризмге қарсы күрес туралы» ҚР заңымен танысу.


  • тәрбиелік: лаңкестік әрекеттер және олармен күресу іс-әрекеттерімен таныстыру;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрену, жаттығу, пікірталас, бақылау жұмыс

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары

б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Лаңкестік әрекеттер

2. Лаңкестік акт

3. «Терроризмге қарсы күрес туралы» ҚР заңы

4. Лаңкестік кепілге алғандағы адамдардың іс-әрекеті

5. Лаңкестік сипаттағы қауіп мазмұндалған жалған материалды пайдалану тәртібі


9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материалмен жұмыс
Террористік акт болған кездегі халық пен лауазымды тұлғалардың іс-әрекеті

Соңғы жылдары құқық қорғау органдарының жұмыс бағытының бір түрі, ішкі және халықаралық террористік болып анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу болып отыр.



Терроризм латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресін ұшыру деген мағынаны береді. Расында, оның кез-келген бағыты, бастапқыда қорқыту, содан кейін өзінің қылмыскерлік мақсаттарына жету.

Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдесіндегі «Террористікке қарсы күрес туралы» Заңы (2010 жылғы 8 сәуірге дейінгі жағдай бойынша) біздің республикамыздағы террористікпен күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, меншіктің қай түріне жататынына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ террористікпен күресті жүзеге асыруға байланысты азаматтардың міндеттері мен кепілдіктерін анықтайды.

Терроризм –мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқа да террористік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын әрекет.

Террористік акт – адамның өміріне қауіп тудыратын қастандық жарылыс, кепілдікке алу, өртеу немесе басқа да іс-қимылдарды жасау, маңызды мүліктік шығындарға ұшырату немесе басқа да қоғамға қауіпті салдардың пайда болуы, егер бұл әрекеттер террористіктің мақсатына жету үшін істелсе, сондай-ақ белгіленген іс-әрекеттердің сол мақсатта жасалу қаупі болса, террористік акт болып саналады.

Әсер ету масштабына қарай террористік ішкі (субъектілер –сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды) және халықаралық (бір мемлекеттің шекарасынан шығып кететін террористікк қимыл) болып бөлінеді.

Өзінің табиғатына қарай террористіктің көздері саяси, діни (соның ішінде сектанттық),қылмыстық және жеке тұлғалық сипатында болады.

Террористік – өзінің бірбіткейлік құлшынысында кейбір заттарға келіспей, күштілерді және ұлыларды төмендетіп түбегейлі арандататын кек алу түрі. Ал ол қандай киімде болады: сәлдедегі, мәйкідегі, ғаламға қарсылар- бұл тек комуфляж ғана одан басқа ештеңе емес.

Қарапацым әскери әдістермен халықаралық террористікті жеңе алмаймыз, себебі террористікті бастап отырған адам әрдайым өзінің қатарына қарапайым адамдарды алады.

Террористіктің басқарып отырған адам «кішкентай» адамның мінез-құлқын жақсы біледі. Олар оның барлық санасын шындыққа және соған ұқсас нәрсенің күрескері сияқты керемет бір оймен толтырып қояды, қолына қару-жарақ, жарылғыш зат, пышақ беріп, «Боингке» отырғызып,өзі сияқтылардың өмірін қиюға жібереді. АҚШ-тың Бүкіл дүние жүзілік сауда орталығы мұнарасында ақ, қара, сары, христиан, мұсылман, иудей сияқты көптеген нәсілдер мен халықтардың өкілдері қаза тапты.

Тарихқа терең үңілетін болсақ, ежелден адамзат арасында, билік адам баласына материалдық игіліктер алып келіп, моральдық, адамгершілік түсінігі жоқ кейбір адамдар кек ала бастаған кезден – ақ террористік бар.

ХХ ғасырда ол шегі жоқ апатқа айналды, оған дүние жүзіндегі ғылыми-техникалық прогресс пен кейбір діни экстрималдық ағымдардың билікке таласуы әсер етті. Көлік және халықаралық қатынас құралдарының дамуы, бірден террористік ісімен айналысатындардың жұмыс жүргізуін өсіріп жіберді. Кез-келген мемлекеттің астанасына таймері бар жарылғыштарды қояды да, лаңкес қауіпті жерден жүз тіпті мың шақырым жерде болады.

Біздің заманымыздағы террористікке ең жоғарғы техникалық деңгеймен қамтамасыз етіліп, дайын тұрған барлық күштер тән. Лаңкестер өздерінің қылмыстық мақсаттарына жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдануға тырысады. Жаппай зақымдау құралдарын қолдану мүмкіндігі, ерекше қауіп туғызады. Бүгінгі күнде ядролық, химиялық, радиобелсенді, электромагнитті, биологиялық және де басқа да қару түрлеріне қол жеткізу қиын емес. Террористік актілердің зардабы тек бөлек жарылыстар мен авариялар ғана емес, ірі масштабты апаттар болуы мүмкін.

11.09.2001 жылы Америкада болған жағдай, сескендіретін мезгіл-мезгіл болып жатқан Ресейдегі жағдай, бізде болуы да мүмкін еді. 2000 жылы қазан айында жоспарланған Алматы қаласындағы террористік акттің нәтижесінде ҚІІБ әкімшілік ғимараты жарылатын еді. ҰҚК, полиция қатардағы азаматтардың күш салуының арқасында бұл қайғылы жағдайынан аман қалдық. Алматы қаласында уақытша тұратын Габдулла Полат атты Австралия азаматы Ауғанстандағы анықталмаған абоненттік телефон арқылы ҚР құқық қорғау органдарының Шығыс –Түркістан Ислам партиясының (ШТИП) төрт мүшесін жоятыны туралы хабарланған. Бұл 2000 жылғы 23 тамызда төлқұжаттарды тексеру барысында Әуезов ІІБАБ-ның қызметкерлері полиция капитаны А. Сагеев және М.Юсуповты мерт қылған қылмысты топ туралы әңгіме еді. Қылмыскерлерді қыркүйектің 27-нен 28-не қараған түні ҚІІБ қызметкерлері қолға түсірмекші болғанда, олар қарулы қарсыластық көрсеткендіктен мерт болды. Полат шет елден Қазақстан полициясынан өш алу актін дайындауға және жүзеге асыруға нұсқау алды. Полат және оның сыбайластары С.Ахмеджан және Г.Жүрсінбай жалдап тұрған пәтерден қару-жарақтар мен оқ-дәрілер табылды, сондай-ақ Алматы әуежайындағы ұшақты басып алу жоспары көрсетілген сызған нұсқа, Қазақстан мен ҚХР мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту жолдары белгіленген шет елде жасалған географиялық карта болды.

Террористік актілердің салдарын жою мәселесі Республикамыздағы ТЖМ-ға да қатысты. Әрине, бұл мәселені шешу үшін жою жұмыстарына қатыстырылатын кұштердің атқаратын іс-қимылдар жоспарын әзірлеу бойынша жалпы бағыттарды келісіп алу керек, олар үшін дайындықтың және атқарылатын қимылдардың тәртібінің бірегей дәрежесін орнату қажет.

Дегенмен ІІМ мен ҰҚК-нің күшіне сене беруге болмайды. Қауіпсіздік көп өзімізге байланысты. Полиция көмектесе алады, алдын алуға бірлесіп қол ұшын береді, бірақ әрқайсымыздың жанымызда жүре алмайды. Біздің қырағылығымыздың нашарлауы – террористердің басты арманы.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет