Курсының бағдарламасы (атауы, шыққан жылы)



бет1/4
Дата31.12.2019
өлшемі306,19 Kb.
#54056
  1   2   3   4
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Мәдениет және өнер факультеті

Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер кафедрасы

Дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

«Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі»


(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – 3

Семестр – 5,6

Кредит саны -2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан – -1,2-ші семестрде

Барлығы – 90 сағат


Орал 2016ж




SYLLABUS :

«Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі»



курсының бағдарламасы

(атауы, шыққан жылы)



типтікоқу жоспарының негізінде ҚР МЖМБС_3.08.285-2006 05040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандықтарына арналған

Пікір беруші: өнертану ғыл.кандидаты Погодин С.М.

(ТАӘ; лауазымы, ғылыми дәрежесі)




















  • 1. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

  • - 050404 «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарлама негізінде құрастырылған.- Алматы, 2013. (кітапхана және кафедра – каб. 211, корп. №4)


2. SYLLABUS бойынша оқу бағдарламасы

Оқытушы туралы мәлімет

А.Т.Ерғалиева. – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет

Офис: "Дәстүрлі музыкалық және аспаптық өнер"

Толық мекен жәйі: Достық даңғылы-, 137 ауд. 211

Жұмыс телефоны: 51-27-39

Е-mail aig-erg.63.ru.



Пән жөнінде мәлімет

Пән атауы: Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

Семестр 15 оқу апта және 2 апта сессиядан тұрады.

Аптасына 1кредит сағат өткізіледі. Әр кредит-сағат 1 контактылы сағат (дәріс, практика) және екі сағат студенттердің өзіндік жұмысынан құрылады оқытушының жетекшілігімен (СОӨЖ) және дербес (СӨЖ).


Аптасына кредиттің бөлінуі:

Сабақтар

Өті уақыты

СӨЖ сабақтары

Өту ауқыты

Контактылы сабақ 1сағат

(лекция 1)



50 мин.

СОӨЖ, СӨЖ


50 +50 мин.

Контактылы сағат 2

(лекция 2)



50 мин.

СРСП, СРС

50 +50 мин.

Кредитсаны – 2

Өтетін орны №4 ғимарат кесте бойынша (ауд. 211)



Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредиты

Лекции

СРСП

СРС

Всего

Форма контроля

2

1,2

2

30

30

30

90

емтихан

Кіріспе

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстанда жоғары кәсіби білім беру жүйесінің қалыптасып, даму кезеңдері және қазіргі заманғы даму барысы. Музыкалық орындаушылықта бастамашылдық, оқытудың жаңа технологиялары, кәсіби педагогиканың мәселелері қарастырылады. Кәсіби дайындықтың маңызды компоненті ретінде аспапта орындаушылық өнердің теориясы мен әдістемесі меңгеріледі. Курс Қазақстанда музыкалық білім берудің себептерін, оның көрнекті өкілдерін, білім беру мекемелерін, қазіргі қоғамдағы рөлін сипаттайды. Аспаптық орындаушылықтағы дәстүр мен жаңашылдық принциптері сабақтың мазмұны болып, ауыз екі түрде дамыған мәдениеттен бастап, жазба түрдегі оқу әдістерінің озық үлгілерін оқу бағдарламасына кірістіру. Халық композиторларының дәстүрлі шығармаларарымен бірге ХХ-ХХІ ғ.ғ. композитор туындыларының классикалық үлгілерінің орындау әдістерімен танысу.

Болашақ педагогтарды дайындау мақсатында қажетті оқу-әдістемелік әдебиетпен, құжаттарды толтыру ережесімен, сабақты ұйымдастыру тәсілдерімен, ұстаз бен шәкірт арасындағы психологиялық қарым-қатынас және т.б. тақырыптар меңгеріледі. Оқу бағдарламасы «қарапайымнан курделіге» ережесі бойынша құрастырылып, алғашында аспапты меңгеруге арналған екі қол, дененің дұрыс қойылымы, гаммалар мен жаттығуларды үйрету әдістері, оларды құрастырған авторлар туралы мәліметтер келтіріледі. Орындаушылық өнерде қолданылатын әртүрлі қағыс, штрих, екпін, динамика, ырғақ туралы теориялық білім беру. Пән тақырыптарын арнайы аспап, орындаушылық өнер тарихы, педагогикалық практика, музыка теориясы, жалпы педагогика және психология пәндерімен байланыстыра құрастыру. Қазақстанда жоғары деңгейде кәсіби білім берген Х.Тастанов, М.Әубәкіров, Қ.Мұхитов, Ф.Балғаева, және т.б. ұстаз-ғалымдардың еңбетеріне сүйене, бүгінгі күнгі дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша жетістіктер туралы мағлұмат беру:

1 Біліктілігі жоғары мамандарды дайындау барысында ұлттық педагогиканың ерекшелігін ескеру;

2 Өскелең ұрпақтың көркемдік-эстетикалық талғамын қазақтың музыкалық орындаушылықтағы биік жетістіктері негізінде қалыптастыру;

3Музыкалық қабілеттің сипаттамасы, оны педагогикада тиімді пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру;

4Педагогикалық репертуар мен оны үйренудің әдістемесі туралы білім беру. Аспап түрлері және оларды модернизациялау бағыттары. Аспапты музыканың көпжанрлығы жөнінде түсінік беру;

4) Әртүрлі құрылымдардағы шығармалармен жұмыстану әдістері. Этюд, гамма, төкпе және шертпе дәстүріндегі күйлер, кіші құрылымдық туындылар, ірі пішінді шығармаларды меңгеру. Егеменді Еліміздің музыка мамандарын ұлттық өнерді әлемдік деңгейде насихаттауға, бәсекелестікке қабілетті деңгейде дайындау.

Курстың мақсаты: Тарих көшінің ұлы шеруінде пайда болып, қалыптасқан дәстүрлі күй өнерінің тек өнерпаз орындаушылар арқылы жеткені туралы ғылыми деректерге сүйене студенттерге толыққанды кәсіби білім беру. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі қазақстандық музыкалық орындаушылық өнердің даму бағыттары, жетістіктері, жаңа оқу-әдістемелік құралдардағы ұстаз ғалымдардың тәжірибесі туралы түсінік беру. Музыка өнеріндегі жаңа жанрлық туындылар туралы мағлұмат беріп, оларға сараптама жасау. Сонымен қатар:


  • Қазақтың оырндаушылық өнер тарихындағы түрлі кезеңдердің көркемдік-эстетикалық құндылық тарапынан толық түсінік беру;

  • Көнеден жеткен дәстүрлі музыка аспаптарында орындаушылық мұраның ХХ ғасыр композиторлар шығармашылығында жаңа жанр, стиль ретінде қалыптасуы, Тәуелсіздік кезінде дүниеге келген тың туындылар туралы білім беру.

  • Тәуелсіз Еліміздің ұрпағын Жаңа заманда көркемдік-эстетикалық құндылық ретінде қалыптасқан музыка өнері үлгілері негізінде дайындау.

  • Жырау-жыршыдық дәстүрден бастау алған ұлттық музыкалық құндылықтардың заманауи композиторлық технологиялармен нәрлендіріп, трансформацияланған нұсқаларымен таныстыру. Сонымен қатар, музыкалық материалдың модификациялық нұсқалары туралы түсінік беріп, фольклордың ән, күй түрлерінің жаңа гармония, полифония әдіс-тәсілдерімен байытылған шығармаларымен таныстыру.

Курстың міндеттері: Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

дәстүрі мен мектептерінің негізгі кезеңдері мен бағыттарын айқындау, Көнеден бастау алған дәстүрдің тарихи әдебиеттердегі сипаты туралы мағлұмат беру. Қазақ елін зерттеп, зерделеген ғалымдар мен оқымыстылар, спаяхатшылар мен саясаткерлердің қалдырған деректі еңбектерін пайдалана отырып, ХХ ғ музыка зерттеушілердің тыңғылықты ғылыми жұмыстары жөнінде толыққанды мәлімет беру.

Арнайы педагогикалық дайындықтың көрнекті өкілдерінің шығармашылығын сипаттап, талдау.

Қазіргі кезеңдегі музыкалық өнердің орны мен әлеуметтік идеологиялық бағыттары жөнінде деректерді пайдалана білу;



  • ХХ ғасыр музыкалық орындаушылық өнер тарихындағы көркемдік ағымдар мәселелері; музыка мәдениетінің дамуын зерттеудегі бағыттар мен әдістер. Орындаушылық өнер мәдениеті құбылыстарын түсініп және оның қоғамға ықпалын үйрету;

  • Қазақстандағы музыка өнерінің дамуын әлемдік музыка жетістіктерімен байланыстырып, төлтумалықтың қасиетін дәлелдеу.

  • ХХ ғасырда ғұмыр кешкен А.Жұбанов, Е.Брусиловский, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев және т.б. қазақстандық классик-композиторларының іргелі музыкалық туындыларының Егеменді еліміздің рухани өміріне аса қажет ұлттық мүддені асқақтайтын мәңгілік мұра ретінде оқыту.

  • Тәуелсіздік кезеңінде дүниеге келген музыкалық туындылардың тарихи маңыздылығын айқындау.

Алған білімді практикалық қызметте қолдана білу.

Курстың мазмұны: Күй аспапты музыка ретінде өмір-тіршілік дерегін білдіретін ең мәнді құбылыс. Оның музыкалық бітімі өзінің әуендік жаратылысымен ерекшеленеді. Күйдің эстетикалық болмысында әуенсазбен бірге ақпараттық деректілік қасиет бар. Күй өнерінің бейнелеу құралы сөзсіз дыбыс болғандықтан, адамды оның ең алдымен әуендік тілі баурайды. Қазақтың дәстүрлі музыкалық орындаушылығы жеті мектепті құрайды. Біріншісі, Қазақстанның Батыс аймағының ән, жыр, күй мектебі, екіншісі орталық және солтүстік өңіріне тән күйшілікәншілік мектеп, Екіншісі, оңтүстік және Жетісу өңірін қамтитын әншіліккүйшілік мектеп, Төртіншісі, Сыр бойының күйшілікжыршылық мектебі, Бесінші, Қазақстанның Шығыс өңірін, АлтайТарбағатай күйшілік әншілік мектеп, Алтыншысы, қаратау шертпе мектебі, Жетіншісі Маңғыстау орныдаушылық дәстүр мектебі болып жіктеледі.

Оқыту әдістемесі: Пререквизиттер Қазақстанда музыка өнерінің пайда болу, қалыптасу, және даму бағыттары туралы терең білім болу, сольфеджио, саз теориясы, аспаптандыру, мамандық пәндерінен кәсіби біліктілік, Домбыра, қобыз, сырнай, және т.б. , кәсіби жоғары дәрежеде шығармаларды орындау. Күй аңыздары, тарихы, орындаушылық ерекшеліктер туралы хабардар болу. Интонациялық, ноталық, штрихтық сауаттылық, Қарапайым, күрделі өлшемдерді ажырата білу. Динамикалық белгілер. Аспаптың құлақ күйін келтіре білу. Ысқыш бағытының «төмен», «жоғары» бағыттары туралы толық мағлүмат болу. Дыбыс қашықтықтарын еркін ажырата білу. Аспапта бірінші позициядағы ноталарды орындау.

Постреквизиттер Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

пәнін өткен студент курс соңында төмендегідей талаптарды білуі шарт:



  • Қазақтың дәстүрлі музыкасын жеткізген күйші орындаушылардың шығармашылығы туралы, аспаптық өнердің ерекше жаратылысын, түрлерін, даму эволюциясы туралы білу;

  • дәстүрлі орындау өнерінің шығу тарихы мен даму кезеңін меңгере білу;



  • шағын және ірі көлемді шығармалармен жұмыс жасай білу;

  • ХIV-XV ғ.ғ. жырау, күйшілердің шығкармашылығын меңгеру;

  • ансамбль, оркестрде орындаушы ретінде жұмыс жасай білу ерекшеліктерін меңгеру;

  • Ортағасырлық Әл Фораби, Қорқыт мұрасын теориялық түрде меңгеру;

  • танымал аса көрнекті орындаушы-музыканттардың орындаушылық стилі мен қағидаларын меңгере отырып оны талдай білу, солардың үлгілерімен жұмыс істей білу;

  • домбыра, қобыз, халық әні репертуарларының озық үлгілерімен таныс болу.

«Орындаушылық өнер тарихы», «Қазық музыкасының тарихы», «Мамандық» пәні «Ансамбль», «Оркестрлік класс», «Сахна шеберлігі», «Қазақ музыка тарихы», «Орындаушылық өнер тарихы» және теориялық пәндер циклынан «Сольфеджио», «Музыкалық шығармаларды талдау», сонымен қатар, гуманитарлық «Педагогика» мен «Психология» пәндерімен де тығыз байланысты.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.


Сабақ мазмұны мен кестесі

1 апта:
−1 апта

1 кредит сағат


1 апта

1 тақырып

Көне және Орта Ғасырда қазақ қоғамында музыкалық орындаушылықтың пайда болу және қалыптасуы.
Дәріс жоспары:


  1. Көне замандағы музыкалық орындаушылықтың түрлері мен таралу аясы..

  2. Отбасында орындаушылықтың пайда болу себептері.

  3. Орта ғасырда кең тараған алғашқы музыкалық аспаптар (рабаб, лютня, дутар, танбур, цитра, флейта тектес аспаптар).

  4. Әдебиет:

1 Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. – Алматы: Ғылым, 1992. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б.


СОӨЖ сұрақтары :

  1. Кәмештің сарыны, Кемпірбайдың сарыны.

  2. Жеке дауыста айтылатын қоштасу, сыңсу әндері, хормен орындалатын жаржар, тойбастар әндері.

  3. Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б.


СӨЖ сұрақтары;

  • Байбаланың әуені.

  • Байкөкшенің әуені.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б.
Апта 2

2 тақырып: ХVIII-XIX ғ.ғ. қазақтың музыкалық орындаушылық мәдениетінің зерттелуі,



Дәріс жоспары:

  • ХVIII-XIX ғ.ғ. қазақтың музыкалық орындаушылық мәдениетінің музыкалық-этнографиялық еңбектері.

  • Джон Кастль, Иоганн Сиверс, И.И.Готлиб, И.Г.Андреев, А.Янушкевичтың зерттемелері.

  • А.Левшинның «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» атты еңбегі.

  • А.Пфеннинг, а.Эйхгорн, С.Рыбаков, Б.Залесский, С.Большой, Н.Савичев және т.б. қазақтың дәстүрлі музыкалық орындаушылығы туралы жазбалары.

  • Әдебиет:

1 Жұбанов А. А.Сейдімбек. Қазақтың күй өнері. Ғасырлар пернесі. – Астана: Күлтегін, 2002. – 832 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б.

СОӨЖ сұрақтары :


  • А.Янушкевичтың «Күнделіктер мен хаттар» атты еңбегі.

  • А.Левшин еңбегіндегі қазақтың музыкалық фольклоры туралы деректер. және А.Затаевич.

  • «Ақсақ құла» және «Жошы хан» күйлері.

  • Ноталық мысалдар.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б.

Апта 3.

3 тақырып: Қазақтың музыкалық орындаушылық өнерінің Кеңес заманындағы зерттелуі


Дәріс жоспары:

  • А.Э.Бимбоэс (1878-1942). Қазақ әндерінің ноталық жинағы.

  • А.В.Затаевичтың этнографиялық еңбектері.

3 Академик А.Жұбанов.

Әдебиет:

1Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516
СОӨЖ сұрақтары 3:


  • А.Э.Бимбоэс еңбегіндегі «Татьянаның хаты», «Жиырма бес», «Қарға», «Қошан сері», «Ұмсын» туралы дерек.

  • Театр репертуары. А.В.Затаевичтың «Қазақтың 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты еңбектері.

  • А.Жұбановтың қазақтың әнші, жыршы, күйшілер туралы жазылған еңбектері.

Әдебиет:


1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б.

СӨЖ сұрақтары 3:


  • М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» музыкалық спектаклі.

  • А.В.Затаевичтың еңбектеріндегі тарихи әндер.

  • А.Жұбановтың «Құрманғазы» атты монографиялық еңбегі.

Әдебиет:

1Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516

ІІІ Дәріс

Қазақтың музыкалық орындаушылық өнерінің Кеңес заманындағы зерттелуі

Кеңес заманында алғашқылардың бірі болып қазақтың аспаптық орындаушылыөқ өнері туралы жазған А.Э.Бимбоэс (1878-1942). Қызыл армия қатарына өзі тіленіп келген А.Э.Бимбоэсты жылы Көкшетау аймағына саяси бөлімнің нұсқаушысы етіп жібереді. Осы қызметі бойынша Ақмолада тұрып, қаладағы концерттерге қатысып, хор ұйымдастырып, музыка мектебінде сабақ береді. Сонымен қатар, ол қазақтың ән-күйін жинаумен айналасады. Ол Ақмоладағы қазақ музыкасын жинау барысында жүргізген дәптерлерін кейін бклгілі музыка фольклоршысы А.В.Затаевичке тарту етті.

Қазақтың орындаушылық өнері туралы зерттеуге ерекше еңбек сіңірген тұлға – Александр Викторович Затаевич (1869-1936). Орлов қаласындағы әскери гимназияда музыкалық білім алған А.В.Затаевич 1904-1915 жылдар аралығында Варшава консерваториясының жанынан шығатын «Варшавский дневник» газетінде музыка сыншысы болып еңбек етеді. Осы газетте орыс және батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттайтын мыңға тарта мақала жариялайды (В.А.Затаевич. Исследования, воспоминания, пистма и документы. Алматы, 1958, 214-бет.). Бұл кезең Затаевич үшін музыкалық тәжірибесін шыңдаған, осы салада толымды еңбек тындыруға деген құлшынысын оятқан жылдар болады. Мұнан әрі Қазан төңкерісінен кейінгі саяси-әлеуметтік өзгерістерге орай А.В.Затаевич әр түрлі қызметтер атқара жүріп, 1920 жыы Орынбор қаласына келеді. Ол кезде Орынбор Қазақ АССР-нің астанасы (1920-1922), ел қамы, халық тағдыры жолындағы іске бел буған қазақ азаматтарының шоғырланған қаласы. Кең байтақ Қазақстанның әр шалғайынан келген қазақ азаматтарының қай-қайсысы да өздері туып-өскен өңірдің мәдени-рухани шежіресіне қанық, әсіресе әні мен күйіне жүйрік зерделі жандар болған. Міне, осы ахуалды тап басып, терең сезінген А.В.Затаевич қазақтың көл-көсір музыкалық мұрасын жинауға жалтақсыз бел буып, өз сөзімен айтқанда «қазақ эпопеясын бастап жібереді».

А.В.Затаевичке қазақ ән-күйін жаздыртып, қазақ күйшілер туралы дерек берушілердің ішінде Әліби Жанкелдин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов сияқты халық комиссарлары, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Сералин, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов сынды ақын-жазушылар, Ораз Жандосов, Темірбек Жүргенов, Алма Оразбаева, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ғани Мұратбаев сынды зиялылар, сондай-ақ Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Иса Байзаков, Ғаббас Айтбаев, Майра Уәлиқызы, Елубай Өмірзақов, Қалибек Қуанышбаев, Науша Бөкейханов, Салауат Шығаев (күйші-композитор, Дәулеткерейдің баласы), Жаяу Мұса Байжанов, Ғұбайдолла Мұхитов, Жұмат Шанин сияқты өнерпаз әнші-күйшілер.

А.В.Затаевичтың арқасында қазақ халқы өз көкірегінде, өз аузында, өзінің саусағының ұшында шашылып жатқан бай қазынасының бар екеніне көзі жетті, сөйтіп музыкалық мәдениетін одан әрі дамытуға құлшына кірісті. Өнерпаздардың республикалық байқаулары ұйымдастырылып, ел ішіндегі біртуар дарындылар іріктеле бастады, театрлар ашылып, оркестрлер ұйымдастырылды.

Этнограф-ғалым жинақтап бастырған қазақтың ән-күйі шын мәнінде ірі мәдени құбылыс ретінде дүние жүзінң назарын аударды. Ресейде Максим Горький, Францияда Роменн Роллан, Германияда профессор Хормбостер, Швейцарияда профессор профессор Гандшин, Чехияда профессор Эрвин Шульгоф сияқты әйгілі тұлғалар үлкен таңданыспен лебіздерін білдірді. Атақты Сергей Прокофьевтың зайыбы Париждың радиосы арқылы 1934 жылы қазақтың 8 әнін орындады. А.В.Затаевич жинаған қазақтың ән-күйіне Америкадан сұраулар түседі.

Орта Азия мен Кавказ халықтарының, соның ішінде қазақ халқының музыкалық орындаушылық өнері туралы зерттеуге елеулі үлес қосқан өнертану ғылымдарының докторы (), Мәскеу консерваториясының профессоры Виктор Михайлович Беляев () болды. Ол аспапты музыканың, яғни күй өнерінің төл ерекшеліктерін саралады. Біржан, Абай, Жаяу Мұса, Жамбыл, Кенен сияқты өнер саңлақтарының мұрасына толымды талдау жасайды, ерекшеліктерін саралауға сүбелі үлес қосты.

Күй өнерінің этимологиясын, жанр тұрғысынан анықтауда көп еңбек сіңірген ғалым-лингвист Құдайберген Жұбанов (1899-1938). Оның «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жәйлі» кітабы 1936 жылы Қызылорда қаласында жарық көрді. Ғалым өз еңбегінде: «Қазақ музыка шығармаларының ішіндегі ең ірі жанрлардың бірі – күйлер. Композиция жағынан, музыка мәдениетінің басқа да жағынан қараған да күйлер халық музыкасының жетіскен ірі тарауы екендігіне дау болмауы керек. Қазақтың өзі де күйді айырықша бағалайды, онда айтып тұрған әңгіме, сөйлеп тұрған сөз болмаса да, күйлердің өзінің музыка тілі халыққа сондай жақын, сондай түсінікті, оны сол тілсіз түрінің өзінде жақсы таниды».



Апта 4.

Тақырып 4 Қорқыт мұрасы.



Дәріс жоспары:

  • Жалпы шолу Қорқыт дүниеге келуі мен аңыздары туралы ғалымдар туралы мәлімет.

  • Қазақтың музыкалық аспаптарын зерттеуші ғалымдар. Қорқыт тартқан күйлер

  • Сарын

  • Қорқыт

  • Ұшардың ұлуы

  • Байлаулы киіктің зары

Әдебиет:

Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б.

СОӨЖ сұрақтары 4:


  • Қорқыттың өмір сүрген кезеңі. Хордофон аспаптарының пада болып қалыптасу кезеңі. (шекті,

  • « Башпай»ғ «Әуппай» күйлерінің аңызы мен орындаушылық ерекшеліктері.

  • Қорқыт күйлеріндегі глиссендолық күйлерінің мәні мен орындаушылық әдістері.

Әдебиет:


1Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б.


СӨЖ сұрақтары 4:

  1. Сыбызғы күйлеріТропари.

  2. Қобыз күйлері

  3. Домбыра күйлері

  4. Саз сырнай әуендері



Апта 5.

5 тақырып: Уали ұлы Абылай хан

(1771-1780)

Дәріс жоспары:

Абылайханның тарихи, саяси, қоғамдық келбеті. қалыптастырушы. .



  • Абылайхан күйлерінің тақырыптық және мазмұндық сипаты.

  • Абылайхан күйлерін осы күнге дейін жеткізген күйшілер туралы дерек.

Әдебиет:

1Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б.

СОӨЖ сұрақтары 5:


  • . Абылайханның «Жетім торы», «Ақ толқын күйлерінің» қазіргі кездегі ноталық жазбасы.

  • Ақан серінің «Құлагер» әнінің сюжеттік және музыкалық семантикасы.

  • Абылайханның «Сары бура», «Жетім торы» күйлерінің аңыздары.

СӨЖ сұрақтары 5:



  • Біржан салдың «Көкек» әнінің Абылайханның «Майдаұоңыр» күйінің ноталық жазбасы.

  • .Абылайханның «Дүние сарсаң» күйінің құрылымы, тембрлік ерекшелігі, апликатуралық және динамикалық белгілер.

Әдебиет:
1Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. −


6 апта.

6 тақырып : Абайдың музыкалық мұрасы.



Дәріс жоспары:

  • Абай Құнанбаев (1845-1904) − үлкен сөз зергері, рух пен ойдың кемеңгері.

  • Абай мелодикасының негізгі сипаты.

  • Абай әндерінің жанрлық классификациясы.

  • Автор қолтаңбасы (новаторлық).

  • Абай − ән өнерінің дәстүрін байытып мазмұнын кеңейткен ақын.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б Розеншильд К.К. История зарубежной музыки, Москва, 1978, с.77-86

СОӨЖ сұрақтары 6:


  • Абайдың сүйіспеншілік лирикасы («Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Сүйсіне алмадым», «Желсіз түнде жарық ай» және т.б.).

  • Философиялық («Мен көрдім ұзын қайың құлағанын»)толғаулар.

  • Өнер жайлы әндер («Өзгеге көңілім тоярсың» және т.б.).

Әдебиет:


1Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б Розеншильд К.К.


СӨЖ сұрақтары 6:

  • Гұрыптық әндер («Мағыштың жоқтауы»).

  • Абай әндерінде кездесетін сатира элементтері («Бойы бұлғаң»).

  • Аударма әндер («Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның сөзі»).

Әдебиет:

1Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б
7 апта

7 тақырып: Құрманғазы − қазақ музыкасының классигі.



Дәріс жоспары:

  • Құрманғазы (1823-1889) өмір сүрген кездегі Қазақстандағы саяси, тарихи, мәдени жағдай.

  • Құрманғазы − батыс батысқазақстандық төкпе күй стилін орнықтырушы.

  • Күйші шығармашылығындағы өмірбаяндық күйлер («Ақбай», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан»).

  • Аспаптық өнердегі көркемдің үлгіге татырлық туындылар («Сарыарқа», «Серпін», «Балбырауын»).

  • Құрманғазы күйлерінің жаңашылдық сипаты.

Әдебиет:

1Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б Розеншильд К.К. История зарубежной музыки, Москва, 1978, с.95-102;

с.112-120


СОӨЖ сұрақтары 7:

  • Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арналған күйлері («Кішкентай», «Көбік шашқан»).

  • Туған жер, табиғатқа арналған туындылар («Алатау», «Қызыл қайың»),

  • Құрманғазы күйлерінің апликатуралық-интонациялық мазмұны.

Әдебиет:

1Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б Розеншильд К.К. История зарубежной музыки, Москва, 1978, с.104-110
СӨЖ сұрақтары 7:


  • Қүрманғазы мектебінің үздік өкілдері (Дина, Мәмен,Ерғали, Уахап Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Рысбай Ғабдиев, Бақыт Қарабалина, Тұяқ Шәмелов, Айгүл Үлкенбаева және т.б.).

  • Құрманғазы күйлерінің ХХ ғ. композиторлар шығармашылығында трансформациялануы (фортепианоға «Серпер», «Жігер», «Қызыл қайың», «Саранжап»).

Әдебиет:

1Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Кузембаева С.А. Лекции по истории казахской музыке. – Алматы: Таймас, 2005. – 232 с.(ауд. – А.Е.)

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б Розеншильд К.К. История зарубежной музыки, Москва, с. 110-112
Баяндама және реферат тақырыптары:

1.Құрманғазы − дәстүрлі өнердің көрнекті өкілі.

2. Құрманғазы күйлеріндегі сағалық даму белгілер.

3. Құрманғазының автобиографиялық күйлері.

4. А.Жұбанов және Ғ.Жұбанова шығармашылығындағы Құрманғазы бейнесі.
Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.



  • 4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б Розеншильд К.К. История зарубежной музыки, Москва, с. 150-190

  • Музыкалық энциклопедия, 1-9 том, Москва



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет