Күзгі каникулды өткізу туралы



Дата27.12.2016
өлшемі17,36 Kb.
#6061
Күзгі каникулды өткізу туралы
Қарқаралы ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі ауданның барлық білім беру мекемелеріне (30 орта, 13негізгі мектептер, 2 қосымша білім беру ұйымдары) «Оқушылардың күзгі демалысын тиянақты ұйымдастыру және өткізу туралы» 2011 жылдың 11 қарзанында шыққан №270 бұйрықты таратты.

Осы бұйрықты басшылыққа ала отырып 25.10 – 1.11. аралығында барлық

білім беру ұйымдарында күзгі демалыс кезіндегі тәртіп, өмір қауіпсіздігін сақтау ережелері жөнінде оқушылар және олардың ата – аналарымен арнайы әңгіме, жиналыстар өткізіліп, каникулда өткізілетін шаралардың жоспары таныстырылды. Сынып жетекшілері кәмелетке жасы толмағандардың аудандық инспекциясының есебінде және мектепішілік бақылауда тұратын балаларды назарда ұстап, жұмыстар ұйымдастырды: олардың үйірмелерге, тәрбие шараларына қатысы қадағаланды, жанұяларында болып, жекелей әңгіме жүргізді.

Мектеп әкімшілігі аудандық жасөспірімдер инспекциясы, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып қоғамдық орындарда, «ерекше» бақылауды қажет ететін аймақтарда кезекшілік, рейдтер ұйымдастырды. Қараша айының 8,9,10 күндері Қарқаралы қаласындағы және Егіндібұлақ селосындағы мәдениет үйлерінде аудан мектеп оқушыларының ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көркемөнерпаздар фестивалі жоғары деңгейде өтті, оған 3000 – ға жуық оқушы қатысып ән, би, күй, хор, айтыс, мәнерлеп оқудан өз өнерлерін көрсетті.

Қарқаралы қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер орталығында 8,9 қараша күндері «Бабалардың мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» тақырыбында қолданбалы қолөнер және суреттен көрме ұйымдастырылып, оған 60 – қа жуық оқушылардың жұмыстары қойылды, көрмені тамашалауға 1300-дей оқушы келді.

Қарқаралы қаласындағы №2 орта мектептің спорт залында 11,12 қараша күндері ұлдар және қыздар арасында баскетболдан аудандық жарыс болды, оған 13 орта мектептен команда қатысып 150 баланың ойынын, 1500-дей бала тамашалады. Ауданның барлық мектептерінде күзгі демалыс кезінде үйірмелер, кітапханалар кесте бойынша жұмыс істеді. Каникул жоспары бойынша интелектуалдық ойындар, макал –мәтел, кім көп ертегі біледі? сайыстары, спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Психологтардың басшылығымен тренингтер өтті. Мұражайларға, ұлттық табиғат паркіне, кітапханаларға саяхат жасалды. «Қызықты каникул кезінде» тақырыбы бойынша Paint редакторында сурет салу байқауы болды.


Орынд: Оспанова Г

32-1-89
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет