«Л» дыбысы. Басқа сөздерде,сөйлемдерде



Дата13.02.2017
өлшемі72,42 Kb.
#9102
«Екібастұз қаласындағы №19 Арнайы жалпы білім беретін мектебі» ММ





Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу

пән бойынша ашық сабақтың жоспары

тақырыбы:

«Л» дыбысы. Басқа сөздерде,сөйлемдерде

басқа дыбыстардан ажырату».




Өткізген:

Б.Ш.Алимкулова

мұғалім-логопед




Ақпан, 2016 ж.

«Л» дыбысы. Басқа сөздерде, сөйлемдерде басқа дыбыстардан ажырату».

Машықтандыру кезеңі.


Сабақтың мақсаты: дыбыстың артикуляциясын бекіту,Л дыбысының дұрыс айтылуын,буын, сөздерде машықтандыру. Есту зейінін дамыту,есте сақтауын,зейінін дамыту. Логопедті мұқият тыңдауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: Л дыбысының жеке айтылуын анықтау жүргізілді.

Құрал - жабдықтар: айна, артикуляциялық жаттығулар презентация түрінде, суреттелген жаттығулар, заттық суреттер, Л дыбысының артикуляциясы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Қандай сабақ?

-Бізге бүгін конақтар келіп отыр.Қонақтарға өз-өзімізді таныстырайық.

/ менің атым Нұрай, Құндыз,Арман/


  • Айы,күнін белгілеу.


ІІ. Мақсатын баяндау.

  • Кеше біз қандай дыбыспен жұмыс жасадық?

  • Дұрыс, Л дыбысымен.

  • Бүгін біз Л дыбыспен әрі қарай танысамыз. Буында, сөздерде кездескен Л дыбысын дұрыс айтуға жаттығамыз.

  • Алдын ала артикуляциялық жаттығулар жасайық.



ІІІ. Артикуляциялық гимнастика. / компьютерде суретке қарап/

- «Жымию» -4-6 рет

- «Кеме» - 4-6 рет

- «Әткеншек» -4-6 рет

-«Сылақшы» -4-6 рет

- «Күрке тауық» - 4-6 рет


ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру.

-Балалар, Л дыбысын қалай айтатынымызды есімізге түсірейік.

/ Л дыбысының артикуляциясын көрсету./

-Еріннің қалпы л дыбысынан кейінгі дауысты дыбысқа байланысты өзгеріп тұрады;

- Тілдің ұшы жоғарғы күрек тістерге қарай көтеріңкі, екі жақ шеті азу тістердің арасында ауа жолы шығады;

- Дауыс желбезегі / моторы/ біріккен және дірілдеп тұрады;

- Л дыбысы дауыссыз, үнді.


V. Дыбысты буындарға,сөздерге еңгізу.

- Балалар, сендер осы дыбысты жақсы айтады екенсіңдер! Кәне бәріміз ойнайық ән айтайық:

Слайд

Ла-ла-ла


Ло-ло-ло

Лу-лу-лу


Лы-лы-лы

Ал-ал-ал


Ол-ол-ол

Ұл-ұл-ұл


Ыл-ыл-ыл

  • Өте жақсы.


VI.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз:

Иелеміз оңға бір,

Иелеміз солға бір.

Жоғары қолды созамыз,

Аяқтың ұшында тұрамыз.

Бір отырып,бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.
Фонематиқалық естуді дамыту


/Лашын,қалам,қара,қала,Арман, арлан,дала,батыр, бал, бар./


  • Ойын « Мен бастаймын - сен аяқта»

Қа – ла

Да-ла


Ба-ла

Са-ла


Ой-ла

Ай-ла


Аққа-ла

Айна-ла


Сұ-лу

То-лу


Бо-лу

Қа-лу


VII. «Л дыбысын дұрыс, анық айт»

Берілген суреттерді таза айту:

Лақ лайық Лас

Лай лагерь лақтыр

алмұрт, балық, балға, қалам, жылан, балта, балапан, алма.

VIII. Ойын “ Кім көп атайды”

Ітүрі доппен.

/балалар мен логопед шеңбер құрап, допты бір біріне қолына лақтырып, “Л” дыбысы бар сөздерді атау керек.Айталмаған бала ойыннан шығады./

ІІ түрі. Бір-бірден оқушылар қабырғанын бір басынан –екінші басына дейін жүріп отырып “Л”дыбысы сөздерді атуға тиіс. Көп атаған бала- жеңімпаз боп аталады.



IX. Қорытынды.

Қандай дыбыспен жұмыс өткіздік?

- Л дыбысының сипаттамасын беріңдер

- Үйде “Л” бар сөздерді жаттап келіңдер.

-Сабақ аяқталды. Бәрілерің жақсы жауап бердіңдер.

- Қонақтармен қоштасайық бәріміз: « Сау болыңыздар!»




Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті

Балалар сендер бір - біріңмен доссыңдар ма?
Ендеше бір - біріңе достық тілектеріңді білдіріңдер.

Жан – жағымызға қарайықшы көптеген қонақтар келіпті.
Амандасу.

Өтілген дыбыстарды еске түсіру.
Ойын «сөз ойла - тез ойла»
Бүгін бізге жол дорба қонаққа келіпті.
Жол дорба бізге қандай сыйлық ала келіпті
Жеті лақ ертегісін ала келіпті.
Сендер лақты көрдіңдер ма?
Лақтың анасының аты кім?
Мен сендерге жол дорбаның әкелген ертегісін оқып берейін.
Лақ сөзін қайталап айтып көрейікші.
Қандай дыбыс естіліп тұр.
Л дыбысын айтып көру.
Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау.
Кедергі арқылы айтылған дыбыстарды қандай дыбысқа жатқызамыз.
Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?
Жол дорбамен бірігіп тіл жаттықтыру жаттығуын жасайық.
Ра - ра келді ұшып ара
Ла - ла араның үсті ала
Сурет бойынша әңгіме.
Суретке ат қоямыз.
сурет бойынша әңгімелеу
Сергіту сәті. балалармен бірге орындау.

Дәптермен жұмыс
Л дыбысын ауа арқылы жазу.
Л дыбысын баспа түрде жазып үйрену.
Тақтамен жұмыс
Сөздерді оқу.
Ойын «Кім тапқыр»
1 - ші себетке Л дыбысы бар суретті салу.
2 - ші себетке. Л дыбысы кездеспейтін суретті салу

Бүгін бізге кім келді?

Қандай ертегі ала келіпті?

Л - дыбысы қандай дыбысқа жатады?

Бүгінгі ұйымдастыру оқу іс - әрекеті ұнады ма?
Жол дорба ұйымдастыру оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларға таратады.
Балаларды мадақтау, бағалау.

Армысың аспан ата
Армысың жер ана
Армысың алтын күн
Бәріміз тату болайық
Бәріміз дос болайық

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Ұстаздарды құрметтеп
Бас иеміз біз.

А. Т. Н. Р.
Алма, тауық, нан, радио
Жеті лақ ертегісі
Ешкі
Ертегі кейіпкерлерімен танысты.
Л дыбысы
Л дыбысы кедергі арқылы айтылды.
Дауыссыз
Лаура, лақ, балық, гүл
Лаура мен лақ дос.

Қарлығаш болып ұшамыз
Лақ болып қашамыз
Аю болып қорбаңдап
Орнымызды табамыз.

Дәптерімізді ашайық
Әдемі етіп жазайық.
Л Л Л

Ала, тал, ла, ал.

Тал, алдар көсе, гүл, телефон
Аю, банан т. б.
Жол дорба
Жеті лақ
Дауыссыз дыбыс

Балалармен ой - бөлісу.
Білді: Л л дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.

Игеру: Дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуды, л дыбысы дауыссыз дыбыс екенін игерді
Меңгерді: сұраққа жауап беруді, баспа түрде жазуды меңгерді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет