Л. Н. Гумилев атындағы



Дата06.02.2022
өлшемі17,88 Kb.
#39663

Л.Н.Гумилев атындағы
Eуразия ұлттық университетінің
баспасөз-қызметі
Қазақстан Республикасы
Астана қ.Мирзоян көш. 2
тел: 8 (7172) 70-95-48)

"ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН! АҚ МОЛ БОЛСЫН, ҚАЙДА БАРСА ЖОЛ БОЛСЫН!"

Күн мен түн теңелетін, табиғат та, жер-ана да, жан-жануар да түлейтін, жаңаратын Ұлыстың ұлы күні Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Сол тойдың жалғасы 18-19 сәуір күндері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтпек. «Астана көктемі» атауымен өтетін достық, еңбек, бейбітшілік мерекесінде Наурызнама, «Мирас» этнография алаңының ашылуы, көктем әуені (ән-күй, би),ұлттық ойындар (бестас, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, қазақша күрес т.б), «сәнді отау» байқауы, «өрнек» ұлттық киім байқауы, «ЕNU vision» қатысушыларының өнер шашуы сынды іс-шаралар өтеді.


Іс-шара барысында:
Қазақтың сайын даласын кезіп жүретін Қызыр бабаның батасы тыңдалып, «Қыз Жібек-2013» аруы, «Сал-серілер» саптары жүріп өтіп, театрланған қойылымдар көрсетіледі. Университеттің профессорлы-оқытушылар құрамы үй-үйден дәм татып, жайылған дастархан мен тағамдарға өз бағаларын бермек.
Наурызнама аталатын думан-тойдың ұйытқысы, әрине, - жастар. Сол себепті ән мен би, ойын-сауық мерекелік іс-шара аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің №4 және №6 студенттер үйінің алдында студенттерге арналған Наурыз дәмі атты мерекелік дастархан жайылып, іс-шаралар ұйымдастырылады. Талантты жастар бар өнерлерін ортаға салып, қазақ халқының атадан балаға мұра болып қалған салт-дәстүрін еске түсіреді.
Ұлыстың Ұлы күнін тойлауға үлкен-кіші, кәрі-жас қатысып, түрлі номинациялар бойынша жарыс жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік іс-шара аясында Ф. М. Достоевский атындағы Семей мемлекеттік академиялық театрының «Отырардың күйреуі» атты поэтикалық спектаклінің қойылымы өтеді.

Өткізу орны мен өткізу уақыты:


2013 жыл 18 сәуір –№4,6 студенттік жатақханалар
2013 жыл 19 сәуір Астана қ., Мирзоян көш. 2,
Бас әкімшілік корпус
Баспасөз қызметі
+7 (7172) 709 -548
+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)
+ 7701 742 88 24, asel.sarsenbinova@mail.ru, - Әсел Сарсенбинова
+7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru, – Ляйля Рахманова
+7-701 366 35 99, zann_e22@mail.ru, - Еркежан Садуақасова
Каталог: upload -> iblock -> 252
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы
252 -> Л. Н. Гумилев атындағы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет