Л. Н. Гумилев кеңестік-тоталитарлық жүйенің идеологиялық өктемдігі жағдайында еңбек еткендігіне қарамастан тарих ғылымының негізгі өз еңбегіне арқау болған барлық салаларының, яғни этнология,лингвистика, этнография



Дата31.12.2019
өлшемі86,43 Kb.
Л.Н.Гумилев кеңестік-тоталитарлық жүйенің идеологиялық өктемдігі жағдайында еңбек еткендігіне қарамастан тарих ғылымының негізгі өз еңбегіне арқау болған барлық салаларының, яғни этнология,лингвистика, этнография,археология салаларының дамуына орасан зор үлес қосты. Гумилевтің соны тарихи тұжырымдамасын кешенді түсіну үшін оның өмірімен қызметінен мол хабардар болу керек, сонда ғана біз оның көзқарастарының эволюциясын бағамдай аламыз, көзі тірісінде байырғы Түркі қағанатының жал­ғасы ретінде қазақ еліне, оның даңқты перзенттеріне аса жана­шырлықпен қара­ға­нын біле­міз. Бұған пассионар­лық тұрғыдан Кенесары хан туралы айтқан пайымы, Қазақ­стан­ның баянды бола­шағы жөнінде айқындаған болжауы дәлел бола алады. Лев Николаевич Гумилев еңбектерінің бәрін дерлік көктей өтіп жататын идеялардың бірі – пассионарлық. Әйгілі ғалымның ой-тұжырымы бойынша, адам әрекеті планеталық күш-қуат болып табылады. Сол күш-қуат жердің геологиялық жаңғыруына пара-пар. Яғни, адам (ұлт, халық) қозғалысы­ның күші тектоникалық қозғалыстармен теңдес келеді. Бұл ретте адамның планеталық ауқымдағы әрекеті жанды биосфераның биохимиялық қуатынан бастау алады. Мұнан әрі адамның планеталық ақыл-ойы биосферадан ноосфераға ұласады. Мұның өзін биология деуге де, социология деуге де болмай­ды. Бұл жағдайдың барлығын ол пассионарлық теориясының аясында түсіндіруге тырысты.
Л.Н. Гумилевтің өмірі мен шығармашылық қызметінің негізгі кезеңдері

Ғылым адамының өмір жолын оның ғұмыр кешкен ортасы мен уақытынан бөле-жарып қарастыру мүмкін емес. Дәл сол сияқты, ғылым адамының өмірбаяны оның атқарған еңбегімен де біте қайнасып жатады. Ғалымның өмірбаянын оның ақыл-ой, тәжірибесінен дербес қарастыруға болмайды. Сондықтан ғалымның өмір жолын және шығармашылық қызметін негізгі кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңі Гумилевтің ғалым және тұлға ретінде қалыптасу кезеңі. Бұл 1929-1933 жылдар аралығын қамтиды. 1912 жылдың 1 қазаны (ескіше 18 қыркүйек). Петербургте орыстың екі ақыны – Николай Степанович Гумилев пен Анна Андреевна Ахматованың отбасында ұлдары – Лев Николаевич Гумилев дүниеге келді. 1912-1916 жылы әжесі – Анна Ивановна Гумилеваның қолында тәрбиеленді. 1918 жылы шетелден оралған әкесімен аз уақыт Петербургте тұрады да мұнан соң қайтадан Бежецкіге мектептің бірінші сыныбына оқуға барады. 1921 жылы тамыз айында контрреволюциялық астыртын ұйымға қатысты деген желеумен әкесі Н.С. Гумилев тұтқындалып, соңынан бірден атылады. 1929 жылы Бежецкіде тоғыз жылдық мектепті тамамдаған соң анасының қасына Ленинградқа көшеді. 1929-1930 оқу жылдары Ленинградта № 67 бірегей еңбек мектебінде оқиды. Педагогикалық институтқа түсемін деген алғашқы үміті ақталмады, ол кезде дворян балаларын жоғары оқу орындарына қабылдамайтын. Сөйтіп 1931 жылдың көктемінде Геологиялық комитетке коллектор болып жұмысқа қабылданып Прибайкал геологиялық экспедициясында еңбек етеді (Слюдянка және Хамар – Дабан өңірлерінде). Кейін «Дангара» совхозында маляриялық барлаушы болып еңбек етіп, қайтып оралған Ленинградқа соң коллектор болып жұмысқа орналасады. 1933жылы 10-19-шы желтоқсанда алғашқы тұтқындалып, алайда жауапқа тартуға айып табылмайды. Л.Н.Гумилевтің шығармашылық қызметінің келесі екінші кезеңі, оның 1934 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсуінен басталады. 1934жылы 23-ші қарашада тұтқындалады (Н.Н. Пунин және басқа да үш студентпен бірге). А.А. Ахматованың Сталинге жазған хатынан кейін желтоқсан айының үшінде бәрі де босатылады да 1935 жылы Манычтағы археологиялық экспедицияға қатысады (жетекшісі М.И. Артамонов). 1936 жылы материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясының (ГАИМК) Саркель археологиялық экспедициясында еңбек етті. 1938 жылдың 10 наурызда студенттер Т.А. Шумовский және Н.П. Ереховичтермен бірге тағы да тұтқындалады. 28 қыркүйекте әскери трибунал соты Л.Н. Гумилевті 4 жылға барлық құқығынан айырып, мүліктерін тәркілеп, 10 жылға бас бостандығынан айырады, жазасын өтеуге Л.Н. Гумилевті Медвежьегорск түбіне Беломорканал құрылысына жібереді. 1939 жылы істі қайта қарау нәтижесінде үкім өзгертіліп, жаза мерзімі 5 жылға қысқарады және оны лагерьлерде өтеуге тиіс болды (түрмеде отырған уақыты мен Беломорканалдағы жазасын өтеуі ескеріле отырып). Л.Н. Гумилев енді Норильскідегі еңбекпен түзеу лагеріне жіберілді. Мұнда атақты Олжас Сүлейменовтың әкесі Омармен бірге отырады. 1939 жылдың қазанынан – 1943 жылдың наурызына дейін Норильскіде, негізінен шахтада жұмыс істейді. 1943 жылдың 10 наурызда жазасын өтеу мерзімінің бітуіне орай лагерден босатылып, ерікті қоныс тебу орнында қалдырылады. 1943 жылдың наурызы мен 1944 жылдың қазан аралығы Турухан түбіндегі және Хантай көліндегі геофизикалық экспедицияда геотехник ретінде еңбек етеді. 1944 жылдың қазан айы. Өз еркімен майданға аттанады. Шығыс Пруссиядағы шайқастарға және Берлинді алуға қатысады. «Берлинді алғаны үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталады. 1945 жылдың қазан айында демобилизацияға ілігеді,ал қараша айында Ленинградқа оралып, университетке қайтадан қабылданады. 1946 жылы дипломын алып, Ғылым Академиясы шығыстану институтының аспирантурасына түседі. Сол жылдың жазында Оңтүстік – Подольск археологиялық экспедициясында еңбек етеді (М.И. Артамоновтың жетекшілігімен). Тамыз айында А.А. Ждановтың «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы әйгілі қаулысы жарық көреді, іле шала А.А. Ахматованы Жазушылар Одағынан шығарады. 1947 жылы Оңтүстік – Подольск экспедициясында жұмыс істейді. Желтоқсан айында диссертациясы жазылып, кандидаттық емтихандар тапсырылғанына қарамастан «таңдаған мамандығына филологиялық дайындығы сәйкес келмейді»,- деген сылтаумен аспирантурадан шығарылады. 1948 жылдың ақпан мен мамыр айларында М.И.Белинский атындағы психотерапевтік клиникада кітапханашы болып жұмыс атқарады. Ал мамыр айында Таулы Алтай экспедициясында ғылыми қызметкер болып еңбек етеді (жетекшісі – С.И. Руденко). Алтайдағы Пазырық тас қорғанындағы қазба жұмыстарына қатысады, сол жылдың 28-ші желтоқсанында «Бірінші түркі қағанатының саяси тарихы «Біздің дәуіріміздің VI-VIII ғғ.» тақырыбында атақты шығыстанушы Бернштамның жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғайды. Айта кететін жайт, көп ұзамай Гумилевтің көзқарастары ұстазының көзқарастарына қайшы келіп пікір алшақтығы байқалады. 1949 жылы ол Мемлекеттік этнография музейінің (ГМЭ) аға ғылыми қызметкері болып еңбек етіп, Саркель археологиялық экспедициясының жұмысына қатысады. Хазар тарихына терең бойлауы осы кезден басталады. Алайда қараша айында төртінші мәрте тұтқындалып, 10 жылға еңбекпен түзеу лагеріне айдалады. 1949-1956 жылдары еңбекпен түзету лагерін ол Қарағанды маңындағы Шерубай – Нұра Ольжерас кентінде және Омбы жанында өтейді. 1956 жылы 11-ші мамырда қамаудан босап Ленинградқа оралады. Ал желтоқсан айында Мемлекеттік Эрмитаждағы Орталық кітапханаға жұмысқа қабылданады да 1957 жылы Ангара археологиялық экспедициясында жұмыс істейді (жетекшісі – А.П. Окладников). Гумилев 1957-1962 жылдары Эрмитаждың Астрахандағы археологиялық экспедициясына басшылық жасайды және 1960 жылы «Хунну» («Ғұндар») атты алғашқы монографиясын жарық шығарады, сөйтіп 1961 жылдың 16 қарашада. «Көне түрктер» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғайды. Гумилев 1962 жылы ЛМУ-дың география факультетінің жанындағы Географиялық-экономикалық ғылыми-зерттеу институына ауысады. 1964 жылы А.Г. Гаельмен бірге төменгі Дондағы (Арчеданың сағасы) экспедиция жұмысына қатысады. Осы жылы «Ландшафт және этнос» сериясы бойынша алғашқы мақаласы жарық көреді. 1965 жылы «Игорь жасағы туралы аңыздың» («Слово о полку Игореве») жазылған уақыты турасында баяндама жасайды. Арчедағы кезекті экспедицияға қатысады. 1966 жылдың 5 наурызы анасы А.А. Ахматова дүниеден озды. Л.Н. Гумилев анасын шіркеу рәсімімен жерлеуге рұқсатқа қол жеткізеді. Мәскеуде болашақ жары – суретші Наталия Викторовна Симоновскаямен танысады. Дәл сол жылы баспадан «Открытие Хазарии» («Хазарияның ашылуы») еңбегі жарыққа шығады. А.А. Ахматованың мұрасына қатысты сот процесі басталады. 1967 жылы Хазарияны зерттеу экспедициясына қатысады. Нақ осы жылы «Қиял патшалығын іздеу» кітабы баспадан шығып, оның тарихқа деген жаңа тұжырымдамасы біржолата қалыптасты, аталмыш еңбек оқырмандардың мейлінше қызығушылық тудыруымен қоса, сонымен бірге бір мезгілде сыни көзқарастарға да тап болады. 1974 жылы «Вопросы истории СССР» журналында Л.Н. Гумилевті қаралап, қатты сынға алған мақала басылады (авторы – тарих ғылымдарының докторы В.И. Козлов). Шамамен осы уақыттан бастап, Гумилев өмірінің үшінші кезеңі басталады. Бұл кезеңге тән нәрсе, дәстүрлі тарих ғылымы Гумилевтің жаңа тұжырымдамасын үзілді-кесілді жоққа шығарады. Гумилевтің мақалалары мен кітаптары енді жарияланбайтын болды. Гумилевтің өзіне айтылған сындарға жазған жауаптарын басудан бас тартып жатты. Соған қарамастан, мамыр айында ЛГУ-да «Этногенез и биосфера Земли» («Этногенез және Жер биосферасы») тақырыбында географиядан екінші докторлық диссертациясын сәтті қорғап шығады. 1975 жылы «Этногенез и биосфера Земли» кітабы ЛМУ баспасының жоспарынан алынып тасталса да, оны жариялауға «Наука» баспасы келісімін береді. 1976 жылы Бүкілодақтық Аттестациялық Комиссия Л.Н. Гумилевке географиядан докторлық ғылыми атақ беру туралы шешімді бекітпейді. Оны мүлде санаттан шығарып тастады. Ол өз идеяларын насихаттап, этногенез теориясын ұштай түсудің бірден бір амалы енді оның дәрістері ғана болады. Оның дәрістері тек қана ленинградтықтардың ықыласына бөленумен шектелмейді, енді оны ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми қалашықтарға да жиілеп шақыра бастайды. Мәселен, Л.Н. Гумилев өзінің дәрістер циклын Жаңасібірде де оқиды. 1980 жылы тапсырыс бойынша Русьтің православие дінін қабылдауы жөнінде мақаласын жазады. Бірақ, ол да басылмай қалады. Дегенмен «Огонек» журналында Куликово шайқасы туралы мақаласы жарық көреді. Радио арқылы баяндау үшін этногенез хақында дәрістер циклын дайындайды. «Этногенез и биосфера Земли» кітабының шығарылымы сақтауға беріледі. В.Чивилихиннің «Память» атты романы жарияланғаннан кейін Л.Н.Гумилевті қуғындау басталады және ол мынандай ұстаныммен жүзеге асырылады: «Мен Гумилевті оқыған емеспін, бірақ білемін...». Журнал редакциясына оқырмандар тарапынан Л.Н. Гумилевті қолдаған көптеген хаттар мен оң пікірлер келеді, бірақ оларды баспайды, тек теріс пікірлерге ғана орын беріледі. Мұның бәрі Л.Н. Гумилевтің денсаулығына кері әсерін тигізеді. 1981-1986 жылдар Гумилев үшін өте қиын да күрделі жылдар болды: еңбектерін жариялау мүлде тоқтатады, «Декортивное искусство» сияқты журналдарда да оны басуға тиым салынады, тапсырыс берілген сұхбаттар да баспалар бетін көрмейді. Ғылым Академиясының президиумы Л.Н. Гумилевтің еңбектерін басуға тиым салады, ал ҒА-ның Сібір бөлімі оның «Этногенез и биосфера Земли» кітабын басудан бас тартады. Төртінші кезең Л.Н.Гумилев шығармашылығының жарыққа шыға бастаған кезеңі. Бұл КСРО-да басталған қайта құру,қоғамдық өмірді демократияландыру үдерісіменен түсіндіріледі. 1988 жылы шектеу алынып тасталған соң жағдай мүлдем өзгеріп бір жыл ішінде 22 еңбегі жарық көреді. 1991 жылы Л.Н. Гумилевтің кітаптары мен мақалалары үздіксіз жарияланатын болды. Радио мен теледидар арналары дәрістерінің тұтас циклдарын беріп, оның төңірегінде үнемі журналистер жүретін болады. Гумилевтің еңбектері енді лайықты бағасын алады, ал ол болса жаңа кітап жазуды қолға ала бастаған еді. Алайда ол жоспарларды іске асырудың сәті түспейді, өйткені, ол ауыр дертке шалдыққан болатын. 1992 жылдың 15 маусымында ұзаққа созылған ауыр науқастан соң Лев Николаевич Гумилев дүниеден озды. Кеңестік жы­лымықтан кейін 1967 жылы жа­рияланған осы еңбектің ше­кесінде «КСРО-да тұратын түркі бауырларыма арнаймын» деген автордың сөзі тұратын. Сондай-ақ кітаптың бір сіл­темесінде «Лев Гумилев бұл еңбекті 24 жыл жазды» деген дерек те болатын.
Большевизмнің қанды шең­геліне ілінген ақын Николай Гумилев пен нағашысы Алтын Орда жұрағатымен ұштасатын ақын Анна Ахматовадан туған Л.­Н.Гу­ми­левтің ауыр да азапты жолы бір­ың­­ғай ғылымға арналды. Ата-анасы мен өз көз­қарасы үшін бірнеше мәрте қуғын-сүргінге ұшырау (бізде­гі Қарлагта отырғаны да бар), ресми ғылыми мекемелер тарапынан көзі тірісінде де (географиядан қорғаған докторлық диссертациясы бекітілмеген), өлген­нен соң да (РФ-да әлі күнге оған қырын қарайтындар жетіп артылады) мойындалмау, дана Абай айт­қан «екі күймек бір жанға әділет пе» дегеннің кері болып шығады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Фроловская.Т.Л. Евразийский Лев, Семей: Международный клуб Абая, 2003.- 256с.- (Библиотека журнала "AMANAT". Поэзия ХХI века).

2. Гумилев.Л.Н. Қиял патшалығын іздеу,аударған:Ә.Жұмабаев, П.Бейсенов.- Алматы: Балауса, 1992.- 448б.

3. Тарих – Адамзат ақыл-ойының қазынасы, Астана 2006. 7 том,99-бет

4. Қамзабекұлы.Д, Шаяхметов.Н, Егемен Қазақстан. Сейсенбі, 9 қазан, 2012

5. Гумилев.Л.Н, История народа хунну. — АСТ, Люкс, 2004г.

6. Гумилев.Л.Н, аударған:Ә.Жұмабаев, П.Бейсенов: Көне түріктер, Алматы, Білім, 1994.- 480б.

7. Гумилев.Л.Н,Этногенез и Биосфера земли, Москва 1978-1979г.г


8. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
9. Н.Я.Бичурин, Ерте замандарда Орта Азияны мекендеген халықтар жөніндегі мәліметтер жинағы, 1-том 215-б
10.Хрущев.С.А Наука пассионарности Литературная газета,26 сентября-2 октобря 2012 г.№ 38 (6385)
11. Беляков.С, Возвращение в цветной мир Литературная газета,26 сентября 2012 г.№ 38 (6385)
12. Чуковская Л.К. Записки об Анне Ахматовой. Спб.-Хк.: Нева-Фолио, 1996. Т. 2. С. 133, 498;
13. Позднякова Т., Козырева М. «Сладко ль ужинал падишах?» / «И зачем нужно было столько лгать?» Письма Льва Гумилева к Наталье Варбанец из лагеря. 1950 – 1956. СПб. Музей Анны Ахматовой в фонтанном Доме, 2005. С. 8-9
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет