Л. Н. Толстой атындағы №4 гимназия- мектебі қазақ тілі әдістеме бірлестігінің қазақ тілі онкүндігінде өткен іс шаралар есебі Тілдер онкүндігінің мақсаты: 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік дамыту Бағдарламасы



Дата12.03.2018
өлшемі14,86 Kb.
#38735
Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия- мектебі

қазақ тілі әдістеме бірлестігінің

қазақ тілі онкүндігінде өткен іс шаралар есебі

Тілдер онкүндігінің мақсаты: 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік дамыту Бағдарламасы, 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік дамыту Бағдарламасын орындау барысында бәсекеге қабілетті көптілді тұлғаның моделін құрастыру,оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,әр өскелең ұрпақтың өзінің Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру,патриоттық сезімге тәрбиелеу. Мектеп жоспары бойынша тіл мерекесіне арналған онкүндіктің іс шаралар жоспары құрылды. Мектепішілік салтанатты жиында Тілдер күнінің ашылуы үш тілде өтті.Сынып жетекшіліктері Абищаев С.Ж.,Құрымбаева Қ.А.,Кенжебаева К.С.,Арыстанбекова Б.Г. өз сыныптарында «Тіл достық пен келісімге апарар сара жол»тақырыбына байланысты сынып сағаттарын өткізді.Құлмағамбетова Б.Ж. 5 «А» сыныбында «Менің отбасым–Менің Отаным» тақырыбымен сабақ- сайысын өткізді. 7-11-сынып оқушылары «Тілімізге деген көзқарас-елімізге деген көзқарас» тақырыбында шығарма жазды.Мұғалімдері Құлмағамбетова Б.Ж.,Құрымбаева Қ.А.Арыстанбекова Б.Г. «Не? Қандай?Неше?» тақырыбымен 2-сыныптарда қызықты викторина өткізді.Құрымбаева Қ.А. 11-сыныпта «Мемлекеттік тілім- менің тілім»атты тақырыппен сыныптан тыс шара өткізді. Абищаев С.Ж.,Кенжебаева К.С. 3-4-сыныптарда «Менің жерім,Менің Отаным»қазақша мәнерлеп оқу сайысын өткізді.Абищаев С.Ж. 7- сыныптарда «Қызықты қазақ тілі әлемі» тақырыбымен интеллектуалды викторина сайысын өткізді.Абищаев С.Ж. 1 «А» сыныбында «Сәлемдесу түрлері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.3-сыныптар арасында Кенжебаева Қ.С. «Мен қазақша оқимын» суретті шығарма жұмысын өткізді.Абдрахманова Г.С. 8 -сынып оқушыларымен қазақ тілі сабағында «Қазақ тіліне деген оқушылардың көзқарасы»тақырыбымен дөңгелек үстел басында әңгіме-тренинг ұйымдастырды. «Л.Н. Толстойдың қызықты өмір шығармашылығының жолдарынан» тақырыбы бойынша үш тілде сыныптан тыс шара өтті. Мектеп кітапханасында «Біздің ана тіліміз-ең қымбатты сенімді құрал» тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.Арыстанбекова Б.Г. 6 «В» сыныбымен мектеп қабырға газетін шығарды.



ӘБжетекшісі Құлмағамбетова Б.Ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет