Л. С. Выготский мен В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы



бет1/2
Дата19.05.2020
өлшемі77,08 Kb.
#69615
  1   2
Байланысты:
Kursty 1179 zh 1201 mys Berikbol 1179 yzy Aygerim
Kursty 1179 zh 1201 mys Berikbol 1179 yzy Aygerim

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән:Математиканың теориялық негіздері және бастауыш математикасын оқыту әдістемесі

Тақырыбы:«Бастауыш мектептегі математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану»


Орындаған:БМ-16-1тобының студенті

Берікболқызы Айгерім

Ғылыми жетекшісі:Рахымжанова А.К



Тіркеу номері _______

Баға________________

Қолы_______________

Қарағанды 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................................3

I. ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Л.С.Выготский мен В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы..................................................................................................................6

1.2. Дамыта оқытудың белсенді әдісі..............................................................9

II. БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдары........................................................................................................................12

2.2. Математика сабағында дамыта оқытудың технологиясын қолдану арқылы баланың танымдық қабілетінің дамуына әсері...............................................................................................................................13

III. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӨЛ МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ


3.1. Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері ..........................................18

ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................32

ҚОСЫМША.......................................................................................................33


Кіріспе
Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздіктің тұтасын берік ұстағаннан бері қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге де жаңа сапалық деңгейде көріне бастады. Ал қоғамдағы өзгерістердің барлығы білім беру саласына, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына тікелей әсерін тигізетіні анық. Сол себептен білім беру мазмұнында да жаңа көзқарастар, жаңа даму бағыттары, жаңа парадигмалар пайда болып, оларды іске асыру жолдары іздестірілуде. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жапы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесінің даму шартарын айқындауға тапсырады. [1]

Келешекте өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім берілу керек. Еліміздің дамыған, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында болу, тереземізді тең ететін – білім. Сондықтан да қазіргі кезде даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына жаңа технологияларды енгізу мәселесі туады. Мектеп қабырғасында енгізілген жаңа технологиялардың бір ерекшелігі бұл, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа сапалы білім беру және оларды жан – жақты дамыту. Бастауыш сынып – оқушылардың тұлғасы мен санасының дамуы қарқынды дамитын, ерекше, қайталанбас кезең. Сондықтан да бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу үшін және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған  проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:



  • Баланы оқи білуге үйрету;

  • Баланы ойлау алуға үйрету;

  • Баланың өзін жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Осыған орай мектепте білімі беру үрдісі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістерге ұшырауда. Әр педагогтың міндеті - оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Сондықтан да осы тақырыпты өзекті тақырып етіп алып отырмын.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында математикалық жаттығулардың оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру тұрғысынан алғандығы негізгі турлерін саралаудың қажеттігі келіп туындайды. Шын мәнісінде, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикапық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер. Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Осы деңгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін көрсетілген үлгіге орай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді. Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық әс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып - үйретудің негізін қалайды. Сондай - ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалдарды терең меңгеріп алуға көмектеседі.

Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сыныпта математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың таным қабілеттерін арттыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:



  • «Дамыта оқыту» технологиясына үлес қосқан ғалымдар туралы мәлімет іздестіру;

  • Дамыта оқыту технологиясы туралы баяндау;

  • Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдарын қарастыру;

  • Математика сабағында дамыта оқытудың технологиясын қолдану арқылы баланың танымдық қабілетінің дамуына әсерін қарастыру.

Курстық жұмыстың нысаны: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі.

Курстық жұмыстың пәні: бастауыш сыныптағы математика сабағында дамыта оқыту әдістемелік жүйесі.

Гипотеза: егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясы жүйелі түрде қолданылса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, себебі, дамыта оқыту оқушыларды өз ойын еркін әрі толық жеткізе алуға, алдына қойған мақсатқа жетуге, сондай-ақ, дұрыс ой қорытынды шығаруға итермелейді.

Зерттеудің теориялық маңызы: дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технолоия Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.В. Занковтың зерттеулерінде жан-жақты зерттелген.

Зерттеудің практикалық маңызы: бастауыш сынып үрдісіндегі математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың тпнымдық қабілетін арттырудың әдістемесі дайындалып, бүгінгі күні математика оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселені жүзеге асыруда нақты қадам жасалды. Зерттеу жұмысының материалдарын бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламаларын құру, оқулықтар мен құралдарды жетілдіру бойынша курс, семинарлар дайындау барысында қолдануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, зерттеу, жүйелеу.

Зерттеу базасы: №66 мектеп-гимназия


І БӨЛІМ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. Л.С.Выготский мен В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы

80-жылдардың аяғында Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаналықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептеріндегі оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылып, оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық педагогика үлгісінде тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама. Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс жүргізіп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабына сай өмірге келтірді. Оқушылардың қабілеттерін дамытудың негізгі факторлары болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен қатар баланың маңызды психологиялық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керек. Оқушылардың шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. [2]

XVII ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде баланың ақыл – ойын, қабілеттерін дамыту арқылы олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі деген. Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өзінің дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жанындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған. Ал Л.С.Выготскийдің пікірінен көп нәрсе алуға болады. Алғашқыда оқудың тиімділігі алынған білімнің көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңғыда білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен анықталады.[24]

Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін – өзі зерттеуші субъект дәрежесіне көтерілу көзделіп, оқыту барысында соған лайықты жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы – көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытушылығының негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілінде, т.б. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында олдау табуда. Педагогика ғылымының зертеушілері тәлім – тәрбие беру процесінің негізгі мақсаты – оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденуші психологтардың айтуынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектептің мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру процесін, ұйымдастырылудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. [22]

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында дүниеге келіп, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және психиканың басқа да функцияларын зеттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б. іс – әрекет теориясының психологиясын жан – жақты талдады. Нәтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірі Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов, ал екіншісі Л.В.Занков басқарды. Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс – тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыруды қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру әдістерінің мәні төмендегі 3 құрамдас бөліктермен анықталады:


  1. Үлгіні көрсету;

  2. Түсіндіру;

  3. Бақылау, бағалау.

Яғни, мұғалім сабақтың мазмұнын жақсылап айтып, түсіндіріп шығады. Сонан соң оны меңгеруге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әртүрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы: өзі айтып бермей, үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту, т.б. Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы – түсіндірме әдісінің қатаң тәртібі сақталуы керек. Баладан ыждағаттылықпен тындап, мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі.[15]

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегі 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:



  • Оқу мақсаттарының нақты қойылуы;

  • Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

  • Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі – дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдын ала оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесн ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясына жасаған жүйесінің оқыту мазмұнының өзгешеліктеріне тоқталсақ:

  • Мақсаттың айырмашылығы;

  • Дидактикалық принциптік өзгешелігі;

  • Әдіс-тәсілдердің айырмашылығы;

  • Оқытуды басқалай ұйымдастыру;

  • Мұғалімнің еңбегінің нәтижелілігі;

  • Мектепте мұғалім мен оқушының қарым – қатынасы;

Жалпы осыдан даму деп қарастыратынымыз, бұл баланың ойлауының дамыту және практикалық әрекетін меңгеруін қабылдауы. Осыдан біз бастауыш сынып оқушыларының қарқындай дамуы, ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде осыны ескеру керек. [6]

Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір – бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:



  1. Жоғары деңгейдегі қиындықтарды оқыту;

  2. Теориялық білімнің жетекші рөлі;

  3. Оқу материалын жеделдете оқыту;

  4. Оқу процесін оқушының сезінуі;

  5. Барлық оқушылардың амуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін – еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті мен оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары. [3]

1.2. Дамыта оқыту – оқытудың белсенді әдісі


Дамыта оқытудың дәстүлі оқытудан айырмашылығы – көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытушылығының негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілінде, т.б. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зертеушілері тәлім – тәрбие беру процесінің негізгі мақсаты – оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденуші психологтардың айтуынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектептің мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру процесін, ұйымдастырылудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.[10]

Дамыта оқыту жүйесіндегі технологиялардың классификациялық сипаттамасы:



  1. Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық;

  2. Философиялық негізіне қарай: гумандық;

  3. Психикалық даму факторына қарай: социотектік, психотектік;

  4. Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай: рефлекторлық, дамытушылық;

  5. Мазмұндық сипатына қарай: білімдік, тәрбиелік;

  6. Басқару типіне қарай: шағын топтар жүйесі;

  7. Ұйымдастыру формасына қарай: сыныптық, сабақтық, топтық және жеке;

  8. Балаға қатынас амалына қарай: тұлғалық, бағдарлық;

  9. Басымдық танытатын әдісіне қарай: дамытушы;

  10. Оқушылар категориясына қарай: жалпы;

  11. Жетілдіру бағытына қарай: балама;[18]

Дамыта оқытудың басты мақсаты - оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың  әдісі мен амалдарын көрсету. Осыдан дамыта оқытудың дидактикалық ұстанымдарын көрсетсек:

  • Кешенді дамытушы жүйе негізінде мақсатты бағытталған даму;

  • Теориялық білімнің басты рөл атқаруы;

  • Мазмұнның толықтығы мен жүйелілігі;

  • Материалды игеруді қарқынды жүргізу;

  • Оқытуды эмоционалды процесті іске қосу;

  • Мазмұнды проблемаландыру;

  • Оқыту процесінің вариативтілігі;

  • Барлық оқушымен бірдей дамыту жұмыстарын жүргізу.[19]

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті – оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсете салу емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс – әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы «Өз іс тәжірибемде қалай қолданамын?» деген сұрақтың жауабын шешуге талпыну керек.

  1. Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым – қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;

  2. Оқу барысында баланың бойындағы қасиетті дамытуды, қалыптастыруды дағдыға айналдыру;

  3. Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;

  4. Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту;

  5. Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.[12]

Дамыта оқыту негізінде оқыту процесінде белсенді әдіс болып табылады. Белсенді оқытуда дидактикалық процесстерді ұйымдастыруда, дамытушы, проблемалық, зерттеушілік, оқытудағы шығармашылық жағдайды туғызуға, таным процестерін белсендіреді. М.Новиков белсенді  оқытудың  мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:

1) ойлау белсенділігін арттыру.

2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;

3) өзіндік  шығармашылық  шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық  жоғары  деңгейі.

Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:

     оқу міндетін қою сабағы

     модельдеу сабағы

     түсінікті нақтылау сабағы

     нақтылау сабағы

     бағалау сабағы.[24]

Ең алдымен дамыта оқыту технологиясымен жұмыс істеу барысында не қажет екенін білу керек. Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары

І. Әдістемелік іс – әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

     Сабақтың мазмұны

     Оқу жағдайын ескеру

     Әдістемелік тәсілдерді қолдану

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

          Сабақтың негізгі мақсатын анықтау

          Сабақтың әр кезеңіндегі оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау

          Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

          Әр сабақтағы баланың іс – әрекетін ұйымдастыру

          Оқушымен жанама қарым - қатынас

          Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлексия (Сабақтың қорытынды бағасы)

          Қойылған мақсатқа жету

          Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

          Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)[14]

ІІ БӨЛІМ БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдары

Математика саласына ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мамұнын да өзгерте бастады. Математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетаным да жаңаруда. Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастарға терең білім мен тәрбие беру. Ал оның негізгі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісі жақсарту болып табылады. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе оқушылардың дара ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту және әр оқушының дара тұлға ретінде қарастыру, қиыншылықтан жол тауып шығу, сыныпта, әрбір сабақта психологиялық ахуалды жақсарту, оқуға құштарлық технологиялардың тиімділігі жоғары екені даусыз. Ғалым академик В.М.Монаховтың пікірінше «технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан – жақты ойластырған үлгісі». Олай болса осындай технологиялардың бірі «Дамыта оқыту» технологиясын математика сабағында қолданамыз.[13]

Дамыта оқытудың бәріне ортақ 6 белгісі бар:


  • Дамыта оқыту педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісті алмастырады. Осы әдіс арқылы жеке тұлғаны дамытумен тығыз байланыста болады.

  • Дамыта оқытуды дамытуда барлық заңдылықтарды ескереді және сапалық мүмкіндігін анықтайды. Даму деңгейі мен ерекшелігіне икемделіп сәйкестендіріледі. Оқыту дегеніміз – бұл адамның психикалық даму формасы және дамудың қажет элементі. Кез келген оқыту оқушы білімін байытады және дамытады. Сондықтан оқытуды бөліп қарауға болмайтын тұтас үрдіс. Дамыта оқыту мақсаты – аз, қысқа уақыт ішінде дамудың жоғарғы нәтижесіне жету болып табылады. Ол тектік және жас ерекшеліктік алғы шарттарды жоғары дәрежеде пайдалана отырып, дамудың алдында жүруі тиіс. Бұл тек дамыта оқытудың нәтижесінде ғана болмақ.

  • Дамыта оқытудағы педагогикалық ықпал тұлғаның тұқым қуалаушылық қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді және тездетеді. Дамыта оқыту технологиясында балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

  • Дамыта оқытуда бала іс-әрекетінің толыққанды субъекті болып табылады.

  • Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға, яғни жан – жақты дамытуға негізделген.

  • Дамыта оқыту баланың жақын даму аймағында жүзеге асады. Жақын даму аймағы деп – тұлғаның мәселені өз бетімен шешу мүмкіндігінен ересектермен бірлесе шешу мүмкіндігіне өтуді атаймыз. [11]

Осыдан дамыта оқыту технологиясының нәтижелеріне тоқталсақ:

  • Әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдану, бұл сабақтың тақрыбын ашуға көмектеседі;

  • Оқушылардың бәрі сабаққа белсене қатыса алады;

  • Әр оқушының деңгейлерін анықтауға болады;

  • Оқушылардың көбісін бағалай алады;

  • Оқушылар өз беттерімен ізденіп, жұмыс істей алуға үйренеді;

  • Оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық, ұйымшылдық, сабаққа белсене қатысу, сөз саптаулары артады.

Мұғалім дамыта оқытуда сабақтың құрылымын, әдістік негіздерін меңгеріп, оны өз іс – тәжірибесінде қолдана білуі керек.
2.2. Математика сабағында дамыта оқытудың технологиясын қолдану арқылы баланың танымдық қабілетінің дамуына әсері
Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Осыған орай, орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Қазіргі оқулықтар оқу әрекеті жүйесімен жазылғандықтан, оқушының негізгі құралына айналып, өздігінен ізденудің көзі болды. Бұдан мұғалім қызметі жеңілдеді деген пікір тумауы керек, керісінше, оқу үрдісінде өтіп жойылған психологиялық-педагогикалық жағдайларды бірден танып, әр оқушы ерекшелігіне қарай оқу әрекетін шебер ұйымдастырушы психолог – мұғалім болу жауапкершілігі артады. [16]

Қазіргі қоғамның қарқынды даму үрдісінде оқушылардың таным қабілеттерінің дамуында педагогиканың теориясы мен практикасында маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бастауыш сынып оқушылары өздерінің пікірін ашық айта алатын, көзқарастарын қалыптастыруды және баланың жеке дамуын қамтамасыз ету қазіргі таңның басты талаптарының бірі. Себебі баланың сабаққа деген ынтасын жойып алмаудың басты тәсілі – баланы сабаққа қызығушылықтарын ояту, танымдық талаптарын қанағаттандыру, білім алуға шабыттандыру. [21]



Бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi  жоғары болады. Л.В. Занковтың идеясын негiзге алсақ, ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген болатын. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру проблемасына көптеген педагогтардың, психологтардың еңбектері арналған.  Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, оқу-танымдық  құзіреттіліктің қалыптасуы әлеуметтік ортамен және жеке тұлғаның танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ оның жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет рөлімен,  оның ұстаған мақсат – мүддесімен үндесе жүретін күрделі үрдіс. Ж.Қараев таным белсенділігіне мынандай анықтама берген: «Танымдық іс-әрекет белсенділігі деп - мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз» .[8]

Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетімен ойлана алуға, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай алуы ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, алдын ала мақсат қоя білуге, қойылған мақсат – міндеттерді  жүзеге асырып, қорытынды талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Дамыта оқыту тұжырымдамасының негізігі идеясы: бастауыш сынып жасында арнайы ұйымдастырылған оқыту арқылы (теориялық білім және ойлау негізінде) балада өзіндік жетілу, өзіндік тану бағытында нақты қабілеттер қалыптастыру. Оқушыларды дамытудың негізі – оқудың субъектісі ретінде өзін - өзі өзгертуге бағытталған, бала белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде түсіндірілетін оқу әрекеті. Мақсаты: балада өзін жетілдіруге, өзін – өзі өзгертуге, өзін – өзі түсінуге, өзін – өзі тәрбиелеуге бағытталған белгілі бір танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін» - көрсеткен болатын.[20] Баланың таным қабілетін дамыту үшін оқыту процесінде оларды қанағаттандыратындай етіп ұйымдастыру керек. Таным қабілет бар балаларға тән, тек мұғалім оны одан әрі дамытады. Мұғалім оқушыларға жай ғана тақырып бойынша дайын мәлімет бермей, балаларды сабақ барысында іздендіретін, өз ойларын жеткізе алатын оқу материалдарын беру керек. Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға берілетін жаттығулар мен тапсырмалар олардың ізденімпаздық, тапқырлық әрекетін (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) дамытады. Оқушылардың әр жас кезеңдеріне арналған жаттығулар ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағдылар мен шеберліктерді меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Математика сабағында қызықты логикалық тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың  ынталарын  мен  белсенділіктерін арттырады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін оқыту процесінде жүргізу тиімді, өйткені әр бала өзін әр сабақ сайын жетілдіріп, дамытып отырады. Бұл дамыту технологиясы үшін маңызды орын алады. Дамыта оқыту үрдісінде оқушыларды әртүрлі тапсырмалар орындауда: дидактикалық, қызықты логикалық, пікірталастар, есте сақтай білу, өз ойларын айта білу, қиялдау, тіл байлықтарын, көзқарастарын, ізденімпаздықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі оқыту әдістерін қолдану керек. Егер күнделікті сабақта білімдерін арттырсақ, әр оқушы өзін жеке тұлға ретінде дамытып, өзін – өзіне баға беруге дағдылана бастайды. Осыдан біз оқушылардың танымдық қасиеттерін дамытсақ, тек ақылды емес, сонымен қатар өзінің ісін сараптап, ойланып істейтін, оны өз жүрегімен сезінетін жоғары білімді болашақ ұрпақты тәрбиелей аламыз.[5]

Бастауыш сыныптардың математика сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, байқағыштығын арттыру, белсенді іс - әрекетін ұйымдастыру және осылар арқылы оқушының психологиялық дамуын қалыптастыру дамыта оқытудың негізі болып табылады. Сондықтан мұғалім оқушының оқу қызметін ұйымдастыруда сабақ үрдісін оқушының белсенділігін арттыратындай, өз іс - әрекетін зерделей алатындай етіп құрып, оқушының ойлау жүйесін бір мәселені шешуге бағыттай алуы тиіс.

Дамыта оқытудың алғы шарттары мақсатты сұрақтар қоя отырып, оған жауапты өзі табуы, анықтаманы өзі тағайындап, оқулықпен салыстыра отырып, өз шама - шарқын тексеру. Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс — әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады.[9]

Сабақта оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастырудың барлық формаларында дамыта оқыту жүйесін қолдануда. Соның ішіндегі оқытуды ұйымдасгырудың жаппай формасына тоқталайық. Мысалы, «Математика - 3» оқулығындағы «Көбейтуді тексеру», «Бөлуді тексеру» тақырыптарын өту барысында оқушыларға жаппай сұрақтар қойылады. 3 * 2=6 теңдігіндегі сандар қалай аталады?

Оқушы: 3 - қөбейткіш, 2- көбейткіш, б - көбейтіндінің мәні, - деп жауап береді.

Көбейтіндінің мәнін бірінші көбейткішке бөл;

Нәтижені тап. - Не байқадың?

6/3 бөлгенде 2 шығады, 2 дегеніміз екінші көбейткіш;

Көбейтіңдінің мәнін екінші көбейткішке бөл;

Нәтижені тәп. - Не байқадың?

Оқушы: 6/2 бөлгенде 3 шығады, 3 -бірінші көбейткіш деуі керек.

Қандай қорытынды шығаруға болады?

Оқушы мынадай қорытынды шығаруы мүмкін: «Көбейтіңдінің мәнін бірінші көбейткішке бөлсем, екінші көбейткіш; екінші көбейткішке бөлсем, бірінші көбейткіш шығады».

Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақта оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әрбір топта 4-5 оқушыдан болуы арқылы іске асады. 3 - сынып оқулығындағы оқушылардың қандай да бір танымдық қабілеттерін дамыта түсуге арналған жаттығуларды топпен бірге отырып, талдап орындауға болады.

Мысалы, қанша кем 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

2 12 13 14 15 16 17 18 19 20?

Мұны талдауда оқушылар алдымен бірінші қатардағы сандарды талдайды. Алдыңғы сен кейінгіден нешеге кем екендігін екінші қатардағы сандар қарастырады. Олардың бір - бірімен байланысы бірінші қатардағы сандар екінші қатардағы сәйкес санмен, мысалы, 2 мен 12, 8 бен 18 сандары салыстырылып кем екендігі анықталады. Топпен жұмыс істеуде мұғалімнің анықтауы бойынша білім деңгейімен ақыл ой қабілеттеріне қарай іріктелген, біріктірілген оқушылар енуі мүмкін. Мұндайда егер топ «күштілерден» тұратын болса, тапсырма әлдеқайда қиынырақ, көбірек талдауды қажет ететін болып, ал топ «нашарлардан» тұратын болса, орындалу деңгейі, мазмұны жеңілірек болып іріктелуі мүмкін. Тапсырманы орындап болған соң әрбір баланың сол тапсырманы қандай ережені, анықтаманы басшылыққа алғаны, қандай қорытынды жасағаны тексеріледі. Сонымен қатар жұптық жұмыс түрінде де өткізіледі. Қатар отырған оқушыға бір мазмұндағы тапсырма беріледі, олар бірігіп талдайды, сосын әрқайсысы өз бетімен, қайтадан бірігіп, бірін — бірі немесе өзара тексереді, қорытынды жасайды.

Математиканы дәстүрлі оқытудағы жіберілетін негізгі кемшіліктер:

Дәстүрлі оқытуда мұғалімдердің мүмкіндіктері шектелген, өйткені:

біріншіден, мұғалімдердің көпшілігінің жіберетін кемшіліктері оқушыны жеке зерделенетін тақырыптар бойынша тексере алмайды;

екіншіден, мұғалімнің әрбір өтілген тақырып бойынша тексеріп үлгірсе де, оқушының біліміндегі ақауларын түзеуге, жоюға уақыты жетпейді;

үшіншіден, мұғалім математика пәні бойынша қызығушылығын ескеріп, қабілетіне сәйкес танымдық жұмыс ұйымдастыра алмайды;

төртіншіден, дәстүрлі оқуда мұғалімнің тәрбиелеу мүмкіншілігі де шектелген;

бесіншіден, ең бастысы, мұғалім оқушылардың берілген материалды түгелдей 100% меңгеруіне кепілдік бере алмайды.[4]
III БӨЛІМ ТӨРТІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӨЛ МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

3.1. Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері


Республикада бастауыш мектептегі оқыту мазмұны жаңартылды. Жаңа мазмұнды дәстүрлі әдістермен ғана енгізуге болмайтындығы белгілі. Оқулық қанша жақсы болғанымен онымен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқытудың жаңа тәсілдерін меңгермеген болса, оқулықтардың негізгі идеясы, дамытушылық идеясы, мәні іске аспауы мүмкін. Сол себепті бүгінгі күні мектеп мұғалімдерінен жұмыстың жаңа тәсілдерін қолдану қатаң талап етіліп отыр.[17]

Еліміз егемендігін алу арқылы мүмкін болған жаңа буын оқулықтарының ғылыми негізі ретінде дамыта оқыту жүйесі алынып отыр. Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұштау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде бейімдік пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол.[7]

Егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Білім бастауы - бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Баламен тіл табысып, шәкірттер нағыз тіршіліктің тынысын сезіне алады. Егеменді ел болуымыз, тіл туралы заң қабылданып, қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпаққа үзіп, жеткіншек ұрпаққа қала жаздаған бар асылымызды көркейту дамыту жолында өз үлесімді қоссам деп ойладым.

Баланың тілін шын дұрыс жолға салатын дұрыс айтып, байытатын мектеп екенін, ал қазақтың қаны бір жолы бір жолбасшы мұғалім екендігін қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Мағжан Жұмабаев бұдан 50 жыл бұрын айтып кеткен болатын. Әрине, бұл кезде айтылып та, жазылып та жүрген тақырыптардың бірі осыған дейінгі әдістемеден алшақ кетіп жаңа бір әдіс - тәсіл ойлап таптым деп айта алмаймын. Дегенмен, осыған дейінгі көрген іс - тәжірибелерім мен мектептегі ұстаздардың әдіс - тәсілдерін саралай келе, сыныпта дамыта оқыту технологиясы арқылы баланың сабаққа деген ақыл - ой, қызығушылық қабілеттерін дамытуды өз ой-пікіріне сәйкес қарастырдым.

Ғылыми эксперименттік жұмыс Қарағанды қаласы, №66 мектеп-гимназиясында, 4 сыныпта жүргізілді.

Сонымен, жоғарыда айтылған ой жетегінде "Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ" деген қағиданы басшылыққа ала отырып, "математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану» деген тақырып бойынша қысқа мерзімді эксперимент жүргізіп, оның қорытындысын төмендегідей баяндауды жөн көрдім. Ғылыми эксперименттік жұмыс Қарағанды қаласы №66 мектеп-гимназиясында, 4 сыныпта жүргізілген экспериментті ұйымдастыру және жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

Бірінші кезең - айқындау эксперименті. Тәжірибелік - эксперимент жұмыстарын ұйымдастырудың айқындау кезеңіндегі зерттеу жұмыстары сауалнама, сұхбат, сұрақ - жауап, тест, әңгіме, бақылау, анкета т.б. әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылды. Айқындау эксперименті анықталған көрсеткіштерді негізге ала отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы арттыру деңгейін, білім сапасын анықтау және танымдық қабілет ұғымының мазмұнын, мәнін ашу мақсатында жүргізілді.

Экспериментке 4 - ші сынып бойынша деңгейі әр-түрлі

3 оқушы қатысты. Олар: А – деңгейлі (өте жақсы оқитын оқушы); В-деңгейлі (жақсы оқитын оқушы) және С-деңгейлі (төмен оқитын оқушы). Осы эксперимент жұмысын жүргізбес бұрын ең алдымен оқушыларға үш тапсырма орындату арқылы олардың таным қабілетінің деңгейі тексерілді. Эксперименттік топтың тәжірибесінің нәтижелерін 1-ші кестеден көруге болады:

Кесте 1 - эксперименттік оқушылардың экспериментке дейінгі тәжірибесінің нәтижелері. (% есебімен)


Сынып

Оқушы

Тапсырма түрі

Дұрыс орындағандар

Дұрыс емес орындағандар

%

%

эксперимент

А - оқушы

1

90

10

2

92

8

3

92

8

эксперимент

В - оқушы

1

79

21

2

84

16

3

80

20

эксперимент

С - оқушы

1

32

68

2

30

70

3

41

59


Екінші кезен - қалыптастыру эксперименті. Қалыптастыру экспериментінің мақсаты - дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру болып табылады. Қалаптастару эксперименті барысында эксперименттен кейінгі көрсеткіштер мен экспериментке дейінгі көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде, эксперимент жұмысы оқушылардың білім сапасы мен танымдық қабілетін арттыруға тиімді ықпал етті деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Танымдық қабілеті төмен оқушылар білімдерінің төмен екендігін көрсетті, олар игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып, логикалық байланысты таба алмайды. Танымдық қабілеттің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар тақырып мазмұнын толық жеткілікті аша алмады. Ал, жоғары деңгейдегі оқушылар сабақтың мазмұнын теориялық және практикалық тұрғыда толық меңгергенін көрсетті.

Эксперимент тапсырмаларын іріктеп алу кезінде бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігі және өтілетін материалдардың мазмұндық ерекшелігі ескеріледі. Зерттеудің эксперименттік жұмысын жүргізгенде төмендегі бағытта нақтылы зерттеу тапсырмалары жүзеге асырылады.

  • пән бағдарламасы талаптарын басшылыққа ала отырып, математика сабағында дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға байланысты әртүрлі есептерді және оларды шығарудың әдістік жағдайларын анықтап белгілеу;

  • оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын туғызу, оларды күрделі есептерді өз бетінше шешу қабылдауын дамытып, дағды қалыптастыру;

  • шығармашылық тапсырмалар орындау;

Қалыптастыру эксперименті барысында оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға бағытталған есептер жинағы құрастырылды және мектеп тәжірибесіне енгізілді. Олай болса тәжірибеден өткен 3 сыныпқа арналған есептер үлгісін қарастырып көрелік:

  1. Бірінші сөреде 200 кітап, екіншісінде біріншісіне қарағанда 2 есе артық, ал үшіншісінде екіншісіне қарағанда 4 есе кем кітап бар. Әр сөреде неше кітап бар?

  2. Барлық 1 - ден 100 - ге дейінгі натурал сандар бір қатарға жазылған. 5 және 7 сандары неше рет қайталанады?

  3. Үш батыр: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай өз жерін қорғауда 7 басты айдаһардың барлық басын шауып өлтірді. Егер Қабанбай, Бегенбайдан артық, ал Наурызбай Бөгенбаймен тең шапса, олардың әрқайсысы қанша бастан шапқан?

  4. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа берді. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа береді?

  5. 38 жасар Қуаныштың 4 ұлы бір - бірінен 2 жас кіші. Олардың ең үлкені 8 жаста. Неше жылдан кейін әкенің жасы ұлдарының жастарының қосындысына тең болады?

  6. Бірінші сан 1-ден, екінші сан 2-ден, ал үшінші сан алдынғы екеуінің қосындысынан басталатын 7-ге дейінгі сандарды жазыңдар және олардың қосындысын табыңдар?

  7. 2, 3 сандары арқылы екі мәнді сандарды жаз және қосындысын табыңдар?

  8. Қатар тұрған неше санның қосындысының мәні 31 - ге тең болады? Сондай сандардан қосындылар құрастыр.

  9. Оқушы үй жұмысын орындау үшін 2 сағат отырды. Ол 20 минут сурет салып ойнады. 40 минут оны өшірумен әлек болды. Қалған уақытта үй тапсырмасын орындады. Егер әр пәнге 20 минут уақыт жіберсе, ол неше пәннен үй тапсырмасын орындайды.

  10. 10 жасар Арман шашын тақырлап алып тастады да ойланды. Егер менің шашым айына 1 см өсетін болса, 20 жасқа келгенде менің шашымның үзындығы қандай болар еді?

  11. Өрнекте:

Минутпен Метрмен

18 сағ 50 мин 12 км 30 м

10 сағ 15 мин 5 км 12 м

  1. Кітапханадағы 54 дүниетану және 61 математика оқулығын үш сыныпқа бөліп берді. Әр сыныпқа неше кітаптан тиді?

  2. Азамат үйлері 1-ден 38-ге дейін нөмерленген қысқа көшеде түрады. Осы үйлердің нөмерлерінде 3 саны неше рет кездеседі?

  3. Спектакль сағат 11 де басталады және ол үш бөлімге бөлінеді. Бірінші белімі 50 мин, ал екінші және үшінші бөлімі 25 мин. Сонда жалпы спектакль нешеде бітеді?

  4. Алмастың салмағы 21 кг. Ол қолына Мурка атты мысықты үстап таразыға түрса, онда таразы 29 кг 500 г көрсетеді. Ал Тоша атты мысықпен түрса, онда 27 кг көрсетеді. Егер Мурка мен Тошаны бірге үстатып, таразыға түрса қанша кг көрсетеді?

  5. Жарас Жалғастан 3 жыл 1 күнге үлкен. Егер Жарас 1997 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген болса, онда Жалғас қашан дүниеге келген?

  6. Айболаттың фермасында 4 тауық пен 8 қой бар. Осы жануарлардың қанша аяқтары болуы мүмкін.

  7. Қуанның бойы Нүрболаттан биік, ал Айдостан аласа. Еламанның бойы Нүрғалидан биік, бірақ Қуаннан аласа. Балалардың қайсысының бойы ең биігі.

Сондай – ақ, мақсатым оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру болғандықтан, оқушыларға жеке жұмыс қана беріп қоймай, оларды біріктіріп топтық жұмыстар жүргіздім. Мұндағы мақсатым – А - деңгейіндегі оқушы В және С деңгейлеріндегі оқушыларға көмектесіп, олардың ұжымдық ,көшбасшылық қасиеттерін дамыту болып табылады. Осыған байланысты берілген тапсырмалар:

1. Математикалық мазмұнды өлең есептерді топтық жұмыс қылып орындады:

1.Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұпақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой

Бәрі нешеу айта ғой?  ( 17 бас мал )

2.  Бір балық                       Алты арғымақ...

Екі ешкі,                        Ауызша жазбаша

Үш үкі,                           Қосып шық ( 16 )

Төрт түлкі

3. Оу, жарандар жарандар!

Бұл қызыққа қараңдар:

Бір кітапта қанша бет?

Білмей отыр Қамшыбек

Отыз парақ санады.

Он бет тағы қарады

Қане санап көріңдер

Досқа көмек беріңдер.      ( 70 бет)

2. Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей


Үш үйде 2870 тұрғын бар. Бірінші үйде 840 адам, екінші үйде біріншіге қарағанда 270 тұрғын артық. Үшінші үйде неше адам тұрады?

ІІ деңгей

Саябақтағы екі аллеяда 42 аққайың өсіп тұр. Бірінші аллеяға тағы 5 қайың отырғызды. Екіншісіне -9 қайың отырғызды. Сонда екі аллеядағы қайыңдар саны тең болды. Екі аллеяда басында неше қайың болғаны?

ІІІ деңгей

Мектеп бақшасына үш күн ағаш отырғызылды. Бірінші күні барлық ағаштың жартысын, ал екінші күні қалған ағаштың жартысын, ал үшінші күні қалған 13 ағашты отырғызды. Үш күнде барлығы неше ағаш отырғызды? Схема сызу арқылы шеш.

3. Жеке жұмыстар:

1. 4,0,2,3 цифрларын пайдаланып, қандай көп таңба- лы сан құрастыруға болады?Әр цифрды бір ғана рет пайдалану керек. Құрастырған сандарыңды разрядтық қосылғыштарға жікте.

2. Қабырғасы 1 дм шаршы сыз.Оның ауданын тап.Осы шаршыны әрқайсысының қабырғасы 1 см болатындай етіп, бірнеше кішкентай шаршыларға бөл. Қанша кішкене шаршы шықты?



3. 255 х+ 640 өрнегі бойынша шығарылатындай есеп құрастыр. Х = 14 метр деп алып, есепті шығар.
Үшінші кезең - қорытынды эксперименті. Қорытынды экспериментінің мақсаты - алынған нәтижелердің негізінде олардың салыстырмалы талдауы мен түсініктемесінде алынған мәліметтерді қорытындылау. Қорытынды экспериментте дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын тапсырмалар ұсынылып, оның нәтижесі процент есебімен кесте арқылы қортындыланды. Оның нәтижесін 2-ші кестеден көруге болады.

Кесте 2 - эксперименттік топтың эксперименттен кейінгі тәжірибесінің нәтижелері. (% есебімен)

Сынып

Оқушы

Тапсырма түрі

Дұрыс орындағандар

Дұрыс емес орындағандар

%

%

эксперимент

А - оқушы

1

100




2

97

3

3

98

2

эксперимент

В - оқушы

1

90

10

2

89

11

3

90

10

эксперимент

С - оқушы

1

61

39

2

56

44

3

60

40

Егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясы жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, дамыта оқыту оқушыларды жан - жақты дамытып, өз ойын айтуға, өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге, сонымен қатар ой қорытындысын жасауға итермелейді.

Мұғалім мен оқушы бір-бірімен тең, мүғалім балаға ақылы-санасы жоғары адам ретінде қарым-қатынас жасайды.

Бақылау тестілік тапсырмаларды орындау мәліметтері бойынша оқушы мен мұғалім арасындағы өзара қарым- қатынастың дамыта оқыту технологиясы арқылы жүруі бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекеттерінің даму деңгейлерінің көтерілгенінен көрінді.

Дамыта оқыту технологиясының негізгі басты құндылығы:

  • Оқушылар өздігінен жұмыс істей отырып сол бағытқа дағдыланады.

  • Оқушылардың өзіндік жеке қасиеттері анықталады.

  • Бір – бірімен жарысып, басқа балалардан қалып қалмауға, алдыға қарай талпынады.

  • Берілген тапсырмаларды күрделене түсуде оқушылардың ойлау қабілеті, тапсырманы орындай алу іскерліктері артады.

  • Өзін – өзі тексере алуға дағдыланады.

  • Өзіндік білім дәрежелеріне қарай дағдылана бастайды

Эксперимент тапсырмаларын іріктеп алу кезінде бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігі және өтілетін материалдардың мазмұндық ерекшелігі ескеріледі. Зерттеудің эксперименттік жұмысын жүргізгенде төмендегі бағытта нақтылы зерттеу тапсырмалары жүзеге асырылды.

- пән бағдарламасы талаптарын басшылыққа ала отырып, математика сабағында дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға байланысты әртүрлі есептерді және оларды шығарудың әдістік жағдайларын анықтап белгілеу;

- оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын туғызу, оларды күрделі есептерді өз бетінше шешу қабылдауын дамытып, дағды қалыптастыру;

- шығармашылық тапсырмалар орындау;

Мектебі

№66 мектеп-гимназия

Сынып

4

Күні




Пән

Математика

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет