«Лақтарын жоғалтқан ешкі»



Дата20.01.2020
өлшемі25,8 Kb.
#56149
Байланысты:
«Лақтарын жоғалтқан ешкі» ашық сабақ
1 апта наурыз техкарта, «Лақтарын жоғалтқан ешкі» ашық сабақ
«Бөбек» екінші кіші тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні/Дата:14.02.2019ж

Тәрбиеші/Воспитатель: Нұрланова Г.Н

Бөлімі/Раздел: Тіл дамыту,ҚМҰҚ

Тақырып/Тема: «Лақтарын жоғалтқан ешкі»

Мақсаты/Цель: Балалардың үй жануарлары және пішіндер туралы алған білімдерін бекіту, сөздік қорларын молайту, адамгершілікке тәрбиелеу,бірлесе әрекет етуге үйрету

Міндеті/Задачи:Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдануды жалғастыру.

Сөздік жұмыс/Словарная работа: ешкі,қасқыр,лақтар,аю,түлкі.

Қостілділік/ Билингвальный компонент: ешкі-коза ,қасқыр-волк,лақтар-козлята,аю-медведь,түлкі-лиса.

Көрнекілік материал/Демонстрационный материал: Ешкі, лақтар, қасқыр, аю, түлкі, пішіндер, доп.

Этапы деятельности

Іс-әрекет кезеңдері

Действия

воспитателя

Тәрбиешінің іс-

әрекеті

Действия детей

Балалардың іс-әрекеті

Мотивационно-побудительный

Себепті-оятушылық

Мәселелендіру (неден жасау, қалай, немен)

Шаттық шеңбері:

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Тосын сәт: Қонаққа ешкі келеді.

Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа ешкі келді?




Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне көтеріңкі көңіл сыйлайды.


Организационн-поисковый

Ұйымдастыру-ізденушілік


-Ешкі бізге қай ертегіден келді?

-Жеті лақ ертегісінде тағы қандай кейіпкерлер бар?

Балалар олай болса қасқыр мен жеті лақ ертегісінің кейіпкерлеріне назар аударайық.

-Балалар,ешкінің көңіл күйі жоқ сияқты,ол менің құлағыма бірдеңе айтқысы келіп тұрған сияқты,қазір тыңдайын.

-Балалар,ешкі лақтарын жоғалтып алыпты,ол бізден көмек сұрап келіпті.Көмектесемізбе?Олай болса орманға лақтарды іздеуге жолға шығайық.Балалар, міне, орманға да келіп жеттік,мына жерде алдымыздан аю кездесті,қане, одан сұрап көрейінші,лақтарды көрмеді ме екен.

-Балалар, аюдың сендерге менің тапсырмамды орындаса жол көрсетемін дейді.



Аюдың тапсырмасы

Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырат»

Балалардың алдында үй жануарлары мен жабайы аңдардың, орманның және қораның суреттері ілінеді.



  • Балалар, үй жануарлары мен жабайы аңдарды мекен ететін ортасына қарай ажыратып апарып ілейік. (балалар жаунаурларды орналастырады.)

-Үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

-Ал жабайы аңдар ше?

-Үй жануарлары адамға не береді?

-Балалар аю сендердің тапсырманы дұрыс орындағандарыңа риза болып жол көрсетті,жүріңдер жолға шығайық.

Алдымызда түлкі кездесті балалар,одан жол сұрайық.

Балалар, түлкі айтады балалар менің тапсырмамды орындаса жол көрсетемін дейді.



Түлкінің тапсырмасы:

Ойын: «Пішіндерді ата және салыстыр». Геометриялық пішіндерден Түлкіге үй

құрастыру.

-Айтыңдаршы үй қабырғасын тұрғызу үшін бізге қайсы пішін керек.

-Ал үй шатырын қою үшін сен қандай пішін қолдандың?

-Терезені шығару үшін қай пішінді аламын.

Түлкі: Рахмет сендерге. Сендердің лақтарыңды Қасқыр ұстап отыр.

Тәрбиеші: Балалар кәне Қасқырды туып алайық.


  • Балалар мүмкін лақтарды шақырып көремізбе, алдымыздан шығып қалар.

Сергіту сәті:

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырғым!

Секеңдеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

-Балалар, міне біз қасқырға да келіп жеттік.



Тәрбиеші: Қасқыр мырза біздің лақтарымыз сізде екен лақтарымызды бересіз бе!

Қасқыр: Менің көңіл күйім жоқ көңілімді көтерсеңдер лақтарыңды жіберемін деп

айтады.


Тәрбиеші: Балалар Қасқырдың көңілін көтеруіміз керек.

Ойын: «Ғажайып дорба»

Балалар шеңберде тұрып дорбаның ішінен шыққан заттардың қажеттігін айтады. Бұл ойынға Қасқырда қатысады. Тәрбиеші балалардан толық жауапты талап етеді.



Қасқыр: Рахмет балалар көңілім көтеріліп қалды. Лақтарды ала қойыңдар.

Балалар лақтарын ешкіге қосады. Ешкімен лақ өз үйлеріне қайтады.



Тәрбиеші. Ал балалар тобымызға қайтайық.

Тапсырма: Кішкентай лақтардың ізін қағаз бетіне түсіреді.

-Жеті лақ ертегісінен келді.

-Лақтар, ешкі,қасқыр.

Балалар теледидарды тамашалайды.

-иә


-олар адамдарға жақын өмір сүреді.

-орманда тіршілік етеді.

-май,сүт,құрт береді.

Пішіндерді атайды.

-тіктөртбұрыш.

-үшбұрыш.

-төртбұрыш.


Рефлексивно-коррегирующий

Қорытынды – түзетушілік

Балалар біз қайда бардық? Не үшін бардық? Жолымызда нелер кездесті? Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнадыма? Балалар ешкіге сендердің алжапқыштарың да қатты ұнаған,лақтарын тауып бергендеріңе қатты риза ,рахмет айтып,үйіне кетіп бара жатыр,сау бол дейік.Бүгін барлығың да жақсы қатыстыңдар.

Орманға

Ешкінің лақтарын іздеуге.

-Аю,түлкі.


Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білуі керек/ Знать: Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындай отырып, үй жануарларының тіршілігін бақылай білуі керек.

Талапты болу/Иметь: Ертегілердің кейіпкерлерін және ертегінің мазмұнын біледі.

Қолынан келу/ Уметь: Геометриялық пішіндерді ажыратып айта алады

Тексерген:Шөкен М.С

«Ақбота» бөбекжай – балабақшасы» КМҚК «Бөбек» екінші кіші тобында 14.02.2019 ж өткен аралас қортынды ашық сабаққа жүргізілген өзіндік талдау

Өткізу мерзімі: 14.02.2019ж

Өткізген: екінші кіші тобының тәрбиешісі:Нұрланова Г.Н.

Білім беру саласы: «Коммуникация» және «Таным»

Бөлімі: «Тіл дамыту», «ҚМҰҚ».

Сабаққа қатысушылар: 3-4 жас аралығындағы 12 бала

Сабақтың тақырыбы: «Лақтарын жоғалтқан ешкі»

Сабақтың мақсаты: Балалардың үй жануарлары және пішіндер туралы алған білімдерін бекіту, сөздік қорларын молайту, адамгершілікке тәрбиелеу,бірлесе әрекет етуге үйрету.

Сабақтың міндеттері: Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдануды жалғастыру.

Сабақ топта өтті.Сабаққа 12 бала қатысты.Онда 5 ұл болса, 7 қыз.

Сабақ аралас сабақ болғандақтан,менің ең басты мақсатым Балалардың үй жануарлары және пішіндер туралы алған білімдерін бекіту.Сонымен қатар балаларды ауызекі сөйлеуге бағыттау,ойларын жетік жеткізе білуге дағдыландыру,ойын нақты әрі түсінікті жеткізуге меңгерту болды.Сабақ барысында АКТ ,көрнекі құралдар, суреттер, ертегі желісіндегі керекті құрал жабдықтар бейнеледім. Ойын барысында дидактикалық ойындар мен тапсырмаларды орындата отырып,сабақтың мақсатына жеттім.Сұрақ арқылы ертегінің мазмұнын түсіністі.

Жалпы алғанда сабақта қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Тәрбиеші:Нұрланова Г.Н.

«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы

Шемонаиха қаласы әкімі аппаратының

«Ақбота» бөбекжай-балабақшасы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Коммунальное государственное казеное предприятия

«Детский сад –ясли «Ақбота» аппарата акима

города Шемонаиха Шемонаихинского района

Восточно Казахстанской области»

«Лақтарын жоғалтқан ешкі» тақырыбына өткен аралас ашық сабақ

«Бөбек» екінші кіші тобы

2018-2019 оқу жылы,14 ақпан

Дайындаған және өткізген:

Нұрланова Г.Н



Шемонаиха қ.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет