Лауазымдық НҰСҚаулық Сынып жетекшісі Жалпы ережелер



Дата04.07.2018
өлшемі110,67 Kb.
#46451
БЕКІТЕМІН

“Ақсу қаласындағы дарынды балаларға

арналған мамандандырылған

гимназиясы” ММ директоры

__________ / Касенова Мария Абдукадировна

01.09.2014ж.



ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Сынып жетекшісі

1. Жалпы ережелер

1.1. Сынып жетекшісі балалар (жасөспірімдер) тіршілігін ұйымдастырушы, өз сыныбы тәрбиеленушілерінің мектеп өміріндегі күрделі іс-қимыл және психологиялық қақтығыстарында өзара қарым-қатынастарды реттеуші және қорғаушы функцияларын атқаратын гимназия педагогы болып табылады.

1.2. Сынып жетекшісі жоғары және орта арнаулы педагогикалық білім иесі болуы тиіс.

1.3. Сынып жетекшілерінің қызметіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары басшылық етеді.

1.4. Сынып жетекшісі өз жұмысының нәтижелері туралы педагогикалық кеңес, мектеп директоры мен директордың орынбасары алдында есеп береді.
2. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты мен мазмұны (бағыттары)

2.1. Баланың (жасөспірімнің) жеке физикалық және рухани дамуы үшін қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасалуына ықпал етеді. Сол үшін:

• Әрбір оқушының даму ерекшелігін, денсаулық жағдайын зерттеп, бәрін психологиялық-педагогикалық картаға түсіріп отырады.

• Неге икемді екенін, қалауын, талантының қай салада байқалатынын зерттейді.

• Сыныптағы әрбір жеке тәрбиеленуші үшін қолайлы атмосфералық және моральдық-психологиялық климат жасалуына ықпал етеді.

• Балалардың (жасөспірімдердің) жас ерекшеліктеріне орай қажеттіліктері мен сынып талаптарына сәйкес сыныптық ұжым тіршілігі қарекетін ұйымдастырады.

• Өзін-өзі ұйымдастыруға, жауапкершілікке, өмірге лайық шешімдер қабылдауға қабілетті және оған әрқашан әзір болуға үйрете отырып, сыныптың өзін-өзі басқаруын дамытады.

• Тәрбиеленушілердің педагогтармен, жолдастарымен, ата-аналарымен қарым-қатынастарында туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі. Әркімнің ұжымға сіңісіп кетуіне, көпшілікке танылуына, өз замандастары арасында оның қанағаттанарлықтай әлеуметтік статусқа ие болуына жәрдемдеседі.

• Оқушының өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуына бағыт-бағдар береді. Мектеп психологымен бірге оқушылардың психологиялық тәлім алуын ұйымдастырады, қазақстандық азаматтардың құқықтарымен таныстырады.

2.2. Оқу барысында тәрбиеленушілерге мынадай көмек көрсетеді:

• Өз сыныбындағы оқушылардың проблемалары бойынша педагогикалық консилиумдар (педагогикалық кіші кеңестер) ұйымдастырады және оған қатысады, қажет болған жағдайда пән мұғалімдерінің сабақтарына кіреді.

• мектеп және тұрғылықты орындарда жұмыс істейтін үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер жүйесі арқылы оқушылардың қосымша білім алуларына көмектеседі.

• Мектеп бітірушінің өз кәсіби бағдарын өзі айқындауына, мамандықты саналы түрде таңдауына жәрдемдеседі.

2.3. Тәрбиеленушілердің құқықтары мен еркіндігін қорғайды; өз тарапынан ұйымдастырылатын шараларды өткізу кезінде тәрбиеленушілердің өміріне, денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауап береді.

2.4. Ата-аналарға кеңес береді. Ата-аналар жиналыстарын өткізеді. Ата-аналарды мектепке көмек көрсету ісіне тартады.

2.5. Сынып жетекшісі ( мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша) мектепте тамақтануды, кезекшілікті, ұжым болып жинап тазалауды, мектеп ғимаратын жөндеуге оқушылар көмегін ұйымдастырады, журнал толтырады, сабаққа қатысу есебін жүргізеді, балалардың денсаулығы мен өміріне қатысты барлық төтенше жағдайлар туралы әкімшілікті, ата-аналарды хабардар етеді.

2.6. Педагогикалық кеңестер, семинарлар, әкімшілік мәжілістері мен әдістемелік мәжілістер жұмысына қатысады.
3. Сынып жетекшісінің жұмыс режимі

3.1. Мектепте педагогикалық ұжым жұмысын ұйымдастырудың жалпы ережелері кез келген қызметкер орындауға тиісті Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Еңбек кодексінен туындайды.

3.2. Сынып жетекшісінің апта ішінде балаларға арнауға міндетті жұмыс уақыты – сағат (мұғалім ставкасының 30%-ы).

3.3. Сынып жетекшісінің сағаты (сынып сағаты) – кесте бойынша аптасына 1 рет (ол туралы сынып журналына жазба түсіріледі).

3.4. Өткізетін тәрбиелік шараларының саны – айына кем дегенде екі іс (оның біреуі жалпымектептік болуы мүмкін).

3.5. Ата-аналар жиналыстарының саны – кем дегенде бір тоқсанда бір жиналыс.

3.6. Атқарылған жұмыстар туралы есеп беру құжаттары оқу тоқсаны аяғында (бекітілген график бойынша) әкімшілікке тапсырылады.

3.7. Каникулдар мен жазғы уақыттар кезіндегі мектептің жұмыс режимі қосымша жоспарға сәйкес белгіленеді.


4. Сынып жетекшісінің құқықтары

4.1. Сынып жетекшісі мыналарға құқылы:

4.1.1. мектеп құрылымдарының өзін-өзі басқаруына байланысты: педагогикалық кеңесінің, кәсіподақ және басқа да қоғамдық ұйымдары кеңестерінің жұмыстарына қатынасуға.

4.1.2. мектеп қызметін жетілдіру туралы бастама көтеруге, ұсыныстар ендіруге, сындарлы пікір айтуға;

4.1.3. Өзіндік тәрбие жүйесі мен бағдарламаларын жасауға, тәрбиенің жаңа әдістерін, формалары мен тәсілдерін, бірегей "нұқсан келтірмеу" принципін басшылыққа ала отырып, шығармашылықпен қолдануға.

4.1.4. Өз абыройы мен намысын мектептің өзін-өзі басқару мен қорғау органдары арқылы, ол мүмкін болмаған жағдайда – мемлекеттік үкімет және сот органдары арқылы қорғауға.

4.2. Сынып жетекшісінің мыналарға құқы жоқ:

4.2.1. Тәрбиеленушінің жеке басын кемсітуге, оны іс-әрекетімен немесе сөзімен қорлауға.

4.2.2. Бағаны (мектеп баллын) жазалау үшін қолдануға.

4.2.3. Баланың немесе жасөспірімнің сенімін асыра пайдалануға, тәрбиеленушіге айтқан сөзден тануға, оны саналы түрде адастыруға.

4.2.4. Оқушы ата-анасын, отбасын немесе туыстарын оны жазалау үшін немесе өзінің жеке басы мақсаттары үшін пайдалануға.

4.2.5. Оқушы, оның ата-анасы мен қауым алдында мектептің мұғалімдері мен бүкіл педагогикалық ұжым беделін түсіруге.


5. Сынып жетекшісі мыналарды білуге тиісті:

ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi; пән сабағын өту, тәрбие жұмыстарының әдістемелерін; оқу кабинеттері мен қосалқы орын-жайларды жарақтандыру мен жабдықтандыруға қойылатын талаптарды; оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; білім беру ісі мен педагогика ғылымын дамытудың негізгі бағыттарын және перспективаларын; құқық және еңбекті ғылыми ұйымдастыру, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны; педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.


6. Сынып жетекшісі мынаған қабілетті болуы тиіс:

• Өзі іскерлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсете отырып, бала бойындағы белсенділікті, жауапкершілікті ынталандыруға, олармен қарым-қатынас жасай білуге.

• Өзінің тәрбиелік мақсаттарын тани білуге, оларды қалыптастыра білуге.

• Өз сыныбындағы тәрбиелік жұмыстарды жоспарлауға;

• Тәрбиелік шаралар: әңгіме, диспут, экскурсия, жорық, сынып кешін, сынып сағатын т. б. ұйымдастыруға.

• Ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыруға және өткізуге.

• Психодиагностикалық тесттерді, анкеталық сауалнамаларды пайдалануға, оларды тәрбиелік жұмыстар бағытында қолдана білуге.
7. Құжаттамалар және есептілік

Сынып жетекшісі мынадай құжаттамаларды иеленеді және оларды жүргізеді (толтырады):

• Сынып журналы (соңғы беттері).

• Сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстар жоспары.

• Оқушылардың жеке істері.

• Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін зерттеу жөніндегі психологиялық-педагогикалық карталар.

• Ата-аналар жиналыстарының хаттамалары.

• Оқу тоқсандары бойынша тәрбие жұмыстарының нәтижелері туралы есеп беру құжаттары.

• Аттестаттау кезінде қажет болатын сыныптық әлеуметтік-психологиялық зерттеу нәтижелері мен тәрбиелік шаралардың әзірлемелік құжаттары салынған папкілер.

8. Сынып жетекшісінің жұмысын бағалау

Жалақы мен еңбекті ынталандыру шараларына қатысты мәселелер ҚР Еңбек кодексі және "Білім беру туралы" заңы бойынша белгіленеді.



КЕЛІСІЛДІ

Кәсіподақ комитетінің төрайымыҚ. М.Ибрайкина:

____________________ /
01.09.2014 ж.


Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:

___________________ /

01.09.2014 ж.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет