Лекция 1 сынып оқушыларының дамуындағы тәрбиенің қалыптасуы



Дата12.05.2020
өлшемі18,53 Kb.
#67417
түріЛекция
Байланысты:
9 лекция
2 лекция, 3 лекция, 4 лекция, 5 лекция, 5 лекция, 5 лекция, 8 лекция, 10 лекция, 10 лекция, 8 лекция, 11 лекция, 11 лекция, 15 лекция, бақылау сұрақтары 1-ші сынып.

9 лекция - 1 сынып оқушыларының дамуындағы тәрбиенің қалыптасуы
Баланы дамытудағы басты факторлардың бірі – тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығымен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін, тәрбиеші тәрбиенің құраддары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйым-дастырыла жүргізіледі. Сондықтан да тәрбиенің ортадан айырма-шылығы осындай заңдылықтарға байланысты.

Педагогика тарихында тәрбиенің рөлін аса артық бағалаушылар да болды.

Джон Локк баланың көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деген сыңар жақ қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны табиғатынан - ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп, тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде Локк тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, әлеуметтік орта мен тұқым қуалаушылық факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды.

В.Г.Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретін таза ақ тақта емес, оған өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазу құралына және сол тақтаның өз сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалай келіп, адамның дамуына тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.

Локк пен Белинский көзқарастары бойынша, баланы баланың қанауы жағдайында тәрбие арқылы балаларды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен, кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертіп, жөндеуге болады деген жорамалды ойға келді.

Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту және оның таным қабілетін дамыту мәселелерін педагогика таптық қоғамды жойып, жаңа демократиялық қоғамды құрғанда ғана іске асыруға болады деп қарастырады.

Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануы тиіс. Осыған орай, тәрбиеде тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады.

Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңиді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

Мектеп балаларға терең және сапалы білім береді. Оларды жоғары идеялық, адамгершілік көзқарас рухында тәрбиелеп, жан-жақты жетілдіреді, осының нәтижесінде балаларда Отанға сүйіспеншілік, адал ниетпен оқып, еңбек ету, ұжымдық сияқты болымды қасиеттер қалыптасады.

Даму және тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға организмнің өсіп-жетілуі, ақыл-ойының дамуы, мінез-құлқының қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты. Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді. Өйткені, баланың сыртқы әсерді қабылдауы, оның ішкі сезіміне, санасына байланысты. Сондықтан қабылдау процесінде баланың санасында ішкі қайшылық туады. Бұл дамудың қозғаушы күші. И.П.Павловтың ілімі бойынша, даму—ішкі нерв жүйесі қызметінің және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі.

Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие т.б. жатады.

Баланың дамуы — күрделі процесс. Баланың дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Тропикалық ауа райы жағдайында және ауа райы өте суық солтүстік аймақтарда тұратын халықтардың тұрмысында және іс-ерекеттерінде елеулі айырмашылықтар болады. Ауа райы өте ыстық елдердің халықтары егін шаруашылығымен шұғылданса, ал Қиыр Солтүстіктің қатаң ауа райына шыныққан тұрғындар бұғы өсіру, балық аулау кәсібімен айналысады. Табиғат жағдайларына байланысты олардың мінез-құлықтарында да ерекшеліктер байқалады. Әрине, бұл жағдайлар халықтардың адамгершілік қасиеттеріне, эстетикалық талғамдарына зиянды әсерін тигізбейді. Әлеуметтік орта жеке адамның мінез-құлқынын дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Маркс пен Энгельс баланы ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырады. Қоғамдағы баланың дамуы табиғи, әлеуметтік орта мен адамның күрделі және өзара әрекеттесуінің әсерінен бала өзінің іс-әрекеттері арқылы жұмыс жағдайын, өзінің психикасын белсенділікпен өзгертеді.

Біздің елімізде баланың қалыптасуы әлеуметтік ортаны құрайтын шындық жағдайларыңда жүзеге асырылады. Әлеуметтік орта мен мектептің ықпал жасауы нәтижесінде дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттер дамып қалыптасады.

Баланың дамып, жетілуіне қажетті мүмкіншіліктерді - нышанды таби-ғат береді. Бірақ нышан өздігінен дамымайды, оны дамуына себепші бола-тын факторлардың бірі - әлеуметтік орта. Егер бала әлеуметтік өмірден тыс қалса, онда оның даму дәреже жануарлардан жоғары болмайды.



Педагогика адам дамытуда әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және алдын-ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет