Лекция: 30 Аудиториялық: 145 СӨЖ: 45 соөЖ: 45 Консультация 2 Емтихан: 3 Алматы, 2011 ж. Мазмұны



бет5/10
Дата18.02.2017
өлшемі2,27 Mb.
#10304
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мәліметтер





1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

барлығы

Жасына қарай




























Кәмелетке толмағандар

-

-

-

-

-

15

-

-

15

18 ден 20 жасқа дейін

-

1

-

-

-

2

-

-

3

21 ден 29 жасқа дейін

-

2

3

6

10

4

6

4

36

30 дан 39 жасқа дейін

-

7

11

20

25

3

12

6

84

40 тан 49 жасқа дейін

-

19

20

29

32

2

14

16

112

50 ден 59 жасқа дейін

1

3

5

14

20

-

8

9

60

60 тан жоғары

-

2

1

1

1

-

-

1

6

Барлығы:

2

34

40

70

88

26

40

36

336

Кәсібіне қарай:




























Жұмысшылар

1

3

4

4

1

1

2

2

18

Мемлекеттік қызметкер

-

2

5

1

-

-

2

2

15

Дәрежесі бар қызметкер

1

25

17

42

17

-

16

15

133

Жеке кәсіпорындар

-

2

8

18

50

1

12

11

102

Оқушылар

-

-

-

-

-

14

2

1

17

Жұмыссыздар

-

2

6

5

17

10

6

5

51

Барлығы:

2

34

40

70

88

26

40

36

336

Біліміне қарай




























Жоғарғы

-

17

16

36

31

1

15

14

130

Орта, орта арнаулы

2

17

24

34

57

25

25

22

206

Барлығы:

2

34

40

70

88

26

40

36

336

Түйіндей келе, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзатын тұлғаларға мынадай мінездеме беруге болады. Ол – орта жастағы әйел немес еркек, ережеге сай, жоғары білімді, тәрбиелі, интеллектуалды әлеуеті (потенциалы) бар, өмірде өз орнын тапқан, материалдық қажеттілікке қол жеткізе алатын немесе қоғамда жоғары дәрежелі орынға ие, бірақ бойындағы рухани құндылықтарын жоғалтқан, құқықтық мәдениетті сақтауда моральдық қасиеттері жоқ тұлға деп танылады.



Жоғарыда көрсетілген бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзатын тұлғаның ерекшеліктерін біз мынадай топтарға жіктеп, қылмыскердің типін топтастырдық:

Қылмыскердің бірінші типі – бұл жүйелі түрде қасақана бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін жұмыс барысында бұзатын қылмыскерлер типі, бірақ құқық қорғау органдары оны анықтай алмайды, себебі, олар - өзінің мәртебесін жоғалтауды ойластыратын, құқық бұзу әрекеттерін жеңіл желпі жауып тастауға тырысатын коммерциялық банктердің, мәртебелі фирмалардың басшылары немесе бас бухгалтерлері.

Қылмыскердің екінші типі – бұл негізінен, заң шығарушылармен келіспейтін, соған қатысты үнемі дау тудыратын заңды сақтаушы азаматтар, жеке тұлғалар. Олар салық органдарының салық тексеру қорытындыларымен келіспейді, соның салдарынан жоғарғы органдарға шағым айтып, арбитраж көрсететіндер.

Қылмыскердің үшінші типі – олар заңды тұлғалыққа ие бас бухгалтерлер мен басшылар. Олардың жасырын кірістері немесе басқа да төлемдері сонымен қатар штраф санкциялары инкассалық тапсырыс жолдарымен өтетін жүйе.

Қылмыскердің төртінші типі – бұл меншіктің жеке формасына негізделген кәсіпорындардың басшылары мен бас бухгалтерлері. Олар сауда-саттық операциялармен айналысатын, тек формальді түрде көрінеді де, шын мәнінде арнайы есепшоты жоқ, барлық жерге кәсіпкерлік қызметке ие емес деген анықтама беретін қылмыскерлер типі.

Қылмыскердің бесінші типі – «бір күндік фирма» деп аталатын кәсіпорындардың басшылары мен бас бухгалтерлері. Олар үшінші жақ тарапынан қызмет жасайды. Бұндай фирмалар көп жағдайда қолма-қол ақша алу мақсатындағы банктердің ұсынысымен жүргізіледі. Қолма – қол ақша алу әрекеттерін талдайтын болсақ, оны тіркеу және жүзеге асыру кезінде ұйым не мекеме мынадай сипатты ерекшеліктерге ие болады екен:

  • өздерінің заңды мекен-жайы бойынша ешқашан орналаспайды, соған байланысты олардың заңды мекен-жайы болмайды;

  • фирманың басшысы өзге бір тұлға болады (қайыршы, зейнеткер, студент) немесе фирманың бірінші тұлғасы ұрланған (жолғалып кеткен) адамның атында, яғни жеке куәлігі жоқ адамның атында болады;

  • бухгалтерлік есеп жүргізілмейді;

  • фирманың офистері қарулы мықты күзетпен қорғалады;

  • Ұйымдастырушылар салық төлеуден бас тарту үшін қолма-қол ақшаны 1-2 ай көлемінде иеленуге тырысады;

  • әрбір фирманың тәуліктік ақша айналымы 5-10 миллион теңгені құрайды, олар апта соңында өсіп отырады;

  • жалған келісім-шарттар, сметалар, актілер фирма бастығының қолымен емес, оның орынбасарларының қолымен куәландырылып отырады. Осы көрсетілген құжаттар клентке заңсыз түрде таратыла береді.

Қылмыскердің алтыншы типі – бұлар бухгалтерлік құжаттарға кіріс, шығыс есебі туралы жалған мәліметтер енгізетін немесе кейбір салық төлейтін объектілерді жасыратын басшылар, бас бухгалтерлер, басқа да заңды тұлғалар.

Қылмыскердің жетінші типі – бұл бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзғандығы туралы анықталғаннан кейін де заңға қарсы әрекеттерді жалғастыратын, алдыңғы қылмысына одан да зор қылмыстық әрекеттер үстейтін, бірақ бұл қылмысты қызметтік тұлғалармен «өзара келісіп шешетін» қылмыскер тұлғалары.

Қылмыскердің сегізінші типі – ҚР ҚК 218 бабында көрсетілген заңға қарсы қылмысты ұйымдастырушы, оған басқарушы немесе осы қылмысты жасауды көздеген басшылар мен бас бухгалтерлер және басқа заңды тұлғалар. Осы қылмыстың жүзеге асуына кеңес беріп, нұсқау жасаған қылмыстық тұлғалар.

Қылмыскер тұлғасының типі жеке категорияны танытатын көптеген түрлі мінез-құлықтардың жиынтығы ретінде түсініліп отыр. Бұнда үнемі, көп жағдайда кездесетін және жалпы ортақ болып кеткен тәртіп пен мінез-құлық сипаттары көрініс тапқан.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кон И.С. Социология личности.- М., Политиздат, 1967.

2.Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Құқықтық статистика және арнайы есеп беру жөніндегі Комитеті жүргізген 1998-2005жж. статистикалық мәліметтер

3.Криминология:Учебник.-Алматы: «Международный центр научных исследований и правовой экспертизы РК», я2008.

5-дәріс. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру ұғымы және классификациясы

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс пен күресті тұтастай алғанда пайдакүнемдік қылмысқа барабар жүзеге асыру, қоғам өмірінің әртүрлі саласындағы өзінің көп жоспарлы және ауқымы кең шараларын айқындайтын проблема болып есептеледі. Бұл - өзіне әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік, этикалық және басқа да аспектілерді қамтитын күрделі кешен.

«Қылмыстың алдын алу, - профессор Е.К. Қайыржанов атап көрсеткендей, - бұл ең алдымен, іс-әрекет немесе келісілген іс-әрекеттер жүйесінің, яғни белгілі бір әлеуметтік субъектілердің қылмыс тудырушы себептер мен жағдайларды жою не тосқауыл қою мақсатындағы белгілі бір заттар мен құбылыстарға ықпал ететін қызмет».

Бұған Қазақстан Республикасы Президентінің 05.01.2001 жылғы № 534-ші «2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасы», 02.02.2001 жылғы № 201-ші «2001-2003 жылдарға арналған экономика саласындағы құқық бұзушылық концепциясы», 07.02.2001 жылғы №548-ші «2001-2005 жылдарға арналған Қазақстанның экономикалық стратегиясы» және 20.09.2002 жылғы №949-ші «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы» жарлықтары куә.

Қылмысты алдын ала сақтандыру ­ - күрделі, көп өлшемді және комплексті міндет. Ол біздің қоғамның барлық звеноларының, көптеген әлеуметтік профилактика субъектілерінің бірлескен, жолға салынған, реттелген іс-қимылы арқылы күрделі жағдайда өз шешімін табуы мүмкін.

Криминологтар ортасында қылмысы үшін жазаланғаннан гөрі, қылмысты алдын ала сақтандырған дұрыс деген көзқарас берік орын алған. Мезгілдік те және арнаулы да заң әдебиеттерінде «қылмысты алдын ала сақтандыру», «болдырмау», «профилактика», «бұлтартпау» терминдері жиі кездеседі. Бұл терминдердің филологиялық мағынасы бірдей болып табылады.

Көлемді криминологиялық әдебиеттерде қылмыстың алдын ала сақтандыруға ондаған анықтамалар бар. Көптеген ғалымдар тек қылмысты алдын ала сақтандыруды басты ұғым деп қарастырады. Алайда оның ең кең тараған анықтамасын мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдардың қылмыстың себептері мен жағдайын жоюға не тоқтатуға бағытталған «шаралар» немесе «шаралар жиынтығы» ретінде қарастыруы болып табылады. Соған қарамастан зерттеу жұмысы процесінде профилактикалық жұмыс бағытының әртүрлі жақтарын, қасиетін, формаларын айқындайтын көптеген іргелес ұғымдар жасау қажеттігі туындағанын айтуымыз керек. Мысалы, Г.А.Аванесов ұғымдарды ажырата келіп, «қылмысты алдын ала сақтандыру» және «қылмыстың профилактикасы» қылмыс профилактикасының бұрынғы және қазіргі екі формасы туралы сонымен қатар, оның төрт түрі – жалпы, арнаулы жалпы, арнаулы және жеке профилактикасы туралы айтады.

К.Е. Игошев пен В.С. Устинов қоғамға жат құбылыстардың әлеуметтік профилактикасының, моральға жат әрекеттер профилактикасының, құқық бұзушылық профилактикасының және қылмыс профилактикасының анықтамасын қалыптастырды.

А.Э. Жалинский жалпы әлеуметтік және әлеуметтік қылмысты алдын ала сақтандыру туралы айтады.

А.И. Яковлев жеке профилактикасын, әлеуметтік топтар мен ұжымдар профилактикасын жалпы әлеуметтік профилактиканы, яғни тұтастай қоғам көлеміндегі алдын ала сақтандыру қызметін айырып көрсетеді.

Ю.Д. Блувштейн, М.И. Зырин, В.В. Романов бұл классификацияны қылмыстың аймақтық және салалық профилактикасымен толықтырады. Еліміздің жетекші ғалымдар ұжымы дайындаған Кеңестік Криминология курсында профилактика түрлерін ажыратудың негізгі критерийі ретінде қылмыс профилактикасы субъектілерінің жүйесі деп аталады. Олардың құқықтық жағдайы өкілеттілік шеңбері және жауапкершілік ауқымы профилактикалық шаралардың мазмұны мен мінездемесін анықтай түседі.

Қылмысты алдын ала сақтандыру ұғымы неғұрлым кең мағынада қылмыскердің жеке басын қалыптастыру мүмкіндігін жоққа шығаратын және оның қоғамға жақ бағытталғанын аша түсетін жағдай туғызуға, криминогендік факторларды жоюға бағытталған әлеуметтік субъектілер арасындағы сәйкестік қоғамдық қатынастарды білдіреді.

Бірақ қылмысты криминологиялық әрекеттерді алдын ала сақтандыруды қылмысты анықтау мен ашуға, оның себептері мен болу жағдайын тағайындау мен болдырмауға, сол сияқты жазаны тағайындау мен орындауға бағдарланған арнайы субъектілердің (мысалы, ішкі істер органдары) бір мақсатқа бағытталған қызметі деп түсінуі қажет.

Бұл алдын ала сақтандырудың мәні төмендегіше: қылмысты уақытылы табу, кінәлілерді айыптау және әшкерелеу, қылмыскерлердің әрқайсысы әділ жазаға тартылатындай етіп және бірде бір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмай, сотталмайтындай етіп заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.

Біз біріншіден, әдебиеттерде кең тараған жағдайларға сәйкес профилактика және алдын ала сақтандыру ұғымы тепе тең болып табылады деп есептейміз. Бұл жағдайда қылмысты алдын ала сақтандыру немесе профилактика төмендегі бағыттардан тұрады:


  • қызмет (іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жүйесінің жиынтығы).

  • Қылмысты алдын ала сақтандыру жөніндегі қызметтің субъектісі.

  • Қылмысты алдын ала сақтандыру немесе профилактика шаралары не құралы.

  • Профилактикалық ықпал ету объектісі

Қылмысты алдын ала сақтандыру немесе профилактиканың деңгейлері мен түрлеріне келетін болсақ, олар негізіне үш сатыдан: жалпы, арнаулы- топтық және жеке кезеңдерден тұрады.

Жалпы профилактика қоғамның кез келген мүшесі тарапынан қылмысты алдын ала сақтандыруға бағытталған қызмет болып табылады. Бұндай қызмет қоғам мен мемлекет өмірінің жалпы әлеуметтік, экономикалық адамгершілік-психологиялық және мәдени аспектілерін қамтиды. Бұл шаралар олардың материалдық қамтамасыз етілуіне, тәртіп пен ұйымшылдықтың нығайтылуына және басқа оң өзгерістерге байланысты. Олар соңғы нәтижеде тек қана өмірдің материалдық жағдайын жақсартуға ғана емес, азаматтардың мәдени деңгейін жақсартуға олардың білімін, тәрбиесін, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға бағытталған.

Арнайы-топтық профилактика – бұл өздеріне ғана тән арнайы белгілері немесе қасиеттеріне сәйкес жалпылама біріктірілген белгілі бір адамдар категориялары (әйелдер, жасы толмағандар, сотталғандар, т.б.) тарапынан қылмысты алдын ала сақтандыруға бағытталған қызметтің түрі.

Қылмыстың жеке профилактикасы ­– бұл мемлекеттік органдар мен қауымның өзінің тәртібі арқылы қылмыс жасауға бейім адамдарды тауып, оларға қылмыс жасауға ықпал ететін нақты себептер мен жағдайларды жою немесе тосқауыл қою мақсатын жүзеге асыратындай тәрбие құралдарымен көмек көрсетумен, бақылау жасаумен алдын ала сақтандыру ықпалын жасайтын қызметтің түрі.

Біздің зерттеу объектіміздегі жалпы алдын ала сақтандыру дегеніміз – бухгалтерлік есеп жүргізу нормалары мен заңнамасының сақталуындағы дұрыстығын бақылайтын мемлекеттік бағдарламаны, мемлекеттік деңгейде есеп қызметкерлері мен есеп процесі жүйесінде құқықтық дағдыны жүйелі оқытуды, экономиканы макроэкономикалық тұрақтандыру жөніндегі жалпы мемлекеттік шараларды, сыбайлас жемқорлықпен күресті бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған стратегиясын зор, ұзақ мерзімді әлеуметтік экономикалық түрлерін қамтиды. Жалпы алдын ала сақтандыру адамдар өмірінің деңгейін көтеруге, әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыруға азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге, салық және салық жеңілдіктері туралы заң деңгейіндегі өндірісшілер құқығын кеңейтуге, өзінің материалдық деңгейін заңды жолмен көтеру мәселесіндегі азаматтардың жалпылама инерттілігін жеңуге, ол үшін қажетті жағдай туғызуға бағытталған.

Жалпы алдын ала сақтандыру бухгалтерлік есеп саласындағы заңдылықты жетілдіруді, субъектілердің құқықтық компетенциясын жақсарту әдістерін қолдануды, бухгалтерлік есеп тәртібін бұзушылықты алдын ала сақтандыруды қамтуға тиіс.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыруға бухгалтерлік есеп саласындағы өз бағдарламасын мемлекеттік саясатпен келісіп және реттеп отыратын аймақтық бақылау комитеттерінің қызметі кіреді.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылықты арнаулы алдын ала сақтандыру белгілі бір объектілер мен адамдарға қатысты алғанда әртүрлі бухгалтерлік қылмыс оқиғаларын, оның себептері мен жағдайларын анықтау мен тосқауыл қоюға арналған.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру өзінің құрамына әрбір кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті жетілдіру жөніндегі шараларды енгізеді. Осы мақсатпен әрбір кәсіпорын 28 ақпан 2007 жылғы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы заңының екінші тарауынан шығатын дербес есеп саясатын жүргізеді. Есеп саясаты аталған заңнаманың талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшіліктері негізге алына отырып,бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін дарав кәсіпкер немесе ұйым қолдануға қабылданған нақты принциптерді,негіздерді,ережелерді.тәртіп пен практиканы білдіреді.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылықтың жеке алдын ала сақтандыру - осындай қылмыс жасауға бейім адамдарды анықтау және оларға әлеуметтік, құқықтық ықпал ету шараларын жүргізу жөніндегі мемлекеттік, мемлекеттік емес органдардың қызметі. Бұл алдын ала сақтандыруды негізгі нарықтық жағдайда меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындарда осындай заңнама бұзушылықтың өсуі қиындата күрделендіре түседі. Осыған байланысты 4 шілде 2002 жылғы №336-111 «Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы туралы» Заңының қабылдануы маңызды болып табылады.

Қаржы полициясы органдарының міндеттері өкілеттілігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін,кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу; экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.

Бұндай органның жеке бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандаруда жоспарлы тексеру барысындағы ескертпелерді, тәртіп бұзған қызметкерлер тобын, бұндайға бейім адамдарды осындай қылмыспен бұрын сотталғандарды анықтауда көмегі болатындығын атап өтуіміз қажет. Сонымен қатар, бұл органның сыбайлас жемқорлармен күресінде маңыздылығы ашыла түседі.

Алдын ала сақтандыру объектісі ретіндегі жеке адамды зерттеу процесінде төмендегілер талданады:



  • қылмыстық және басқа да құқыққа қарсы тәртібі қаралады (адам немесе басқа адамның қандай тәртіп бұзушылық жасағанын, қалай жасағанын, жауапкершілікке қашан тартылғанын, қандай жаза тағайындалғанын, жазаны өтеу мерзімінде өзін қалай ұстағаны туралы);

  • қылмыстық тәртібінің мінез-құлқына байланысты болу факторлары (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу себептері қандай, - бухгалтерлік есеп жүргізудегі бақылаудың әлсіздігі, есеп процесіндегі құрылым мен міндеттеудің төмендігі, осы кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерінің бұрыннан бұзылып келгендігі);

  • әлеуметтік – демографиялық мінездемесі (білім, тәрбие деңгейі, этикалық ерекшелігі, жынысы, жасы, атқаратын қызметі, адамдармен, таныстармен, қызметкерлермен, көршілермен қарым-қатынасы, ереже бұзушының отбасындағы ерекшелігі, өмірлік көзқарасы, өмір сүру образы, тұрмысы);

  • жеке психологиялық ерекшелігі (мінезінің түрлері – тұйық, көпшіл, қатал, ақкөңіл, еңбекқор, еркінің мықтылығы, қызығушылығы, хоббиі).

Сонымен, жеке алдын ала сақтандыруда жеке бастың ерекшелігі адамдардың мінез-құлқы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзуға бейімділігі қарастырылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1. Каиржанов Е. Криминология. Общая часть.- Алматы. Оркениет, 2000.

2.Аванесов Г.А. Криминология.Прогностика.Управление.,Учебное пособие.-Горький.Горьк.высш.шк.МВД СССР,1975.

3. Игошев К.Е., Устинов В.С. Введение в курс профилактики правонарушений. Учеб.пособие.- Горький. Горьк. Высш шк. МВД СССР , 1977.

4.Жалинский А.Э. Специальное предупреждение преступлений в СССР. Вопросы теории.- Львов. «Вища шк.», Изд-во при Львов. ун-те, 1976.

5.Яковлев А.И. Индивидуальная профилактика преступного поведения (социал.-психол.аспект) : Учеб.пособие.- Горький. Горьк. Высш. Шк. МВД СССР, 1997.

6.Блувштейн Ю.Д., Зырин М.И., Романов В.В. Профилактика преступлений. Учеб. Пособие.- Мн., 1986.

7.Курс советской криминологии. Предупреждение преступности.- М., Юрид.лит., 1986.

8.Профилактика преступлений.Учебник.-Алматы: Заң әдебиеті,2008.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет