Лекция: 30 Аудиториялық: 145 СӨЖ: 45 соөЖ: 45 Консультация 2 Емтихан: 3 Алматы, 2011 ж. Мазмұны


-дәріс. Бухгалтерлік есесепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі негізгі субъектілердің атқаратын қызметінің жүйесі



бет6/10
Дата18.02.2017
өлшемі2,27 Mb.
#10304
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6-дәріс. Бухгалтерлік есесепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі негізгі субъектілердің атқаратын қызметінің жүйесі
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандырудың субъектілері жүйесі әр алуан.

Алайда әртүрлі әлеуметтік субъектілердің бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықтың профилактикалық қызметін талдау, ондай субъектілердің негізгі екі тобы: арнайы емес және арнайы тобы бар деген қорытындыға әкелді. Бұл классификация белгілі мөлшерде шартты болғанына қарамастан біздің пікірімізше, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөнінде әртүрлі әлеуметтік субъектілердің қызмет ерекшелігін бөлуге көмектеседі.

Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандырудың арнайы емес субъектілеріне жататындар:


  • Қазақстан Республикасы Президенті;

  • Қазақстан Республикасы Парламенті (қос палаталы: сенат және мәжіліс);

  • Қазақстан Республикасы Үкіметі;

  • Облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық атқарушы биліктері;

  • Өндірістік, басқа да бағыттардағы жеке, коммерциялық құрылымдар;

  • Әртүрлі қоғамдық және саяси құрамалар (саяси партиялар, қозғалыстар, қорлар, одақтар және т.б.).

Олар қоғамның және мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық қызметінің заңды және басқа құқықтық нормативтік негізін қалыптастырады. Әртүрлі шаруашылық жүргізуші және басқа субъектілердің компетенциясын құқығы мен міндетін тағайындайды және жасайды, олардың қаржылық, материалдық, техникалық, кадрлар мен ресурстармен тағы басқалармен қамтамасыз етілуін, жоспарлануын, бақылауды жүзеге асырады. Осы процесс барысында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандырудың жалпы профилактикалық жұмысын жүргізеді.

Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықпен күресте арнайы субъектілер ерекше болып танылады. Бұл арнайы субъектілер категорияларына біздің ойымызша төмендегілер жатады:



А) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитеті;

Б) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі;

В) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы Департаменті;

Г) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті;

Д) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қазынашылық комитеті;

Е) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі салық комитеті;

Ж) Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі (қаржы полициясы);

З) Аудиторлық бақылау ұйымдары;

И) Әрбір кәсіпорын мен ведомстволардың ішкі бақылауы;

К) Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары;

Л) Сот органдары;

М) Банктік бақылау органдары.
А) Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің рөлі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 19 сәуір 1996 жылғы № 2956 жарлығы негізінде «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитеті туралы» Ереже бекітілді.

Есеп комитеті тікелей Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын және есеп беретін, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады. Комитеттің 6 мүшесін тікелей парламент тағайындаса, ал комитет төрағасын ел Президенті өзі тағайындайды.

Қазақстан Республикасының 24 қаңтар 2002 жылғы «Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылау туралы» №286-11 Заңына сәйкес есеп комитеті қызметі негізіне сыртқы бақылау шаралары жатқызылады.

Есіп комитетінің төмендегідей құқығы бар:



  • Республикалық бюджет арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі Қазақстан Республикасы бюджет заңдылығы талаптарының сақталуын бақылауға, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының орындалуын, сонымен қатар сыртқы бақылау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыруға, республикалық бюджетке түсетін түсімнің толық және уақытылы қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың, меншік түріне қарамастан барлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға, мемлекеттік міндетті өтеу үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаржылардың, гранттардың, мемлекеттік активтердің жұмсалуын бақылауды жүзеге асыруға ;

  • Қаржылық есеп беру және республикалық бюджет түсімдері мен шығындарын мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің орындау тиімділігінің сәйкестілігін бақылауды жүзеге асыруға;

  • Республикалық бюджет қаражатының, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған, пайдалану тиімділігін бақылауды жүзеге асыруға;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінен мемлекеттік қаржы бақылау объектілерінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен, қаржы нарқын бақылау мен реттеу жөніндегі өкілетті органнан, қаржы ұйымдарынан қажетті құжаттар мен республикалық бюджет қаражатының толық түсуі және пайдаланылуына қатысы бар мәселелер бойынша ақпараттарды сұратуға және алдыруға;

  • Мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды жүзеге асырудың мақсатқа сәйкестілігіне және экономикалық тиімділігіне баға беруге;

  • Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу үшін мемлекеттік органдардың мамандарын және қажеттілігіне қарай республикалық бюджеттен осы мақсат үшін бөлінген қаржы шегінде қызметіне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және эксперттерді шақыртуға; т.б.

Есеп комитетінің сыртқы бақылауы, бюджеттік қаржыландырудың маңызды бағыттарын анықтауға және қаржының бөлінуі мен шығыстарының заңдылығын тексеру мен бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі бақылау шараларын орындауға бағытталған.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы №2-НП нормативтік қаулысымен «сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі» бекітілген. Ереже сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау, жүргізу, оның нәтижелерін ресімдеу, шешім шығару, сапаны бақылау, есепке алу, есептілік және шешімдердің орындалуын бақылау, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды бақылау жүргізуге тарту тәртібін айқындайды. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін, жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейлерінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.

Мысалы, 2001 жылы Есеп комитеті шаруашылық жүргізуші

субъектілерге 76 тексеру жүргізіп, 4млрд теңге үстінде ереже бұзуды анықтаған. Оның 75 млн теңгесі бюджетке қайтарылған. Оның ішінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның бұзылуы және республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны таратуда жекеленген лауазымды адамдардың өз өкілеттігі асыра пайдалануы жиі кездеседі .

Қазіргі таңда Есеп комитеті республикалық және жергілікті

бюджеттердің орындалуын сыртқы және ішкі бақылаудың стандарттарын жасады. Ол аудиторлық органдардың бірімен бірінің өзара іс-қимылын нығайтып қана қоймай, ревизорлардың тексерілуге жататындармен қарым қатынасын үйлестіреді.

Б) Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің рөлі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі

№ 962 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік қаржыларға және мемлекет меншігіне басқару мен бақылау саласында басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы органы болып табылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру субъектісі ретіндегі оның рөлі қаржы саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты мен басымдығын анықтауға қатысу жөніндегі мемлекеттік қызметті жүзеге асыру; Мемлекеттік және басқа бағдарламаларды қаржылық қатынастарды реттеуге арналған, оның ішінде қаржылық қатынастардың дәлдігі мен шынайылығындағы бухгалтерлік есепті жүргізу мен орындау тәртібінің макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау үшін қаржылық есеп беру мәліметтерін ашып көрсетудің, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы нормативтік актілерді әзірлеудің мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындардың қаражатының пайдаланылуын бақылау мен басқарудың сол тәрізді бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы өкілетті органның оның ішіндегі аудиторлық қызметті лицензиялау саласындағы қызметін бақылаудың стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру болып белгіленген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметіндегі бухгалтерлік есепті бұзушылықтың жалпы алдын ала сақтандыру бақылау қызметі арқылы сол сияқты ондай тәртіп бұзуды болдырмауға бағытталған жоспарлар мен бағдарламаларды мемлекеттік реттеумен жүзеге асырады. Бюджет мемлекеттің өз қызметін қамтамасыз етудегі, мемлекеттік саясат шараларын іске асырудағы негізгі құрал болып табылады, сондықтан барлығы да

бюджет жүйесі звеноларының қызмет ету тиімділігіне байланысты. Еліміздің бюджет жүйесі өткен жылдарда пайда болуы мен дамуында үлкен жолдан өтті. Төменде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті туралы» статистикалық есептің 1998 жылдан 2005 жылға дейінгі ( млн теңге бағамымен) мәліметтер келтіреміз . (2.1 кесте).

Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті

бюджеттердің орындалуының ішкі бақылау жүйесінде шатастырып алу моделі қалыптасты. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүзеге асыратын орталықтандырылған ішкі бақылауына сәйкес бірқатар министрліктердің бақылау-ревизиялық қызметі жүргізетін орталықтандырылмаған бақылау пайда болды.

1998-2005 ж.ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бюджеті

2.1 кесте




1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

Түсім

309547

398592

598746

746616

821160

1022256

1305124

2098532

Оның ішінде:

Салық түсімі


215620

330267

524058

635792

752785

947251

1186138

1998314


Салыс емес түсімдер

18926

26896

38602

72505

45573

44813

81500

660364


Катипалмен операция жүргізуден келген кіріс

69548

35787

24379

25363

9494

12805

19096

34182


Ресми алынған трансферт

5453

2629

3196

233

-

-

-

-


Бұрын бюджеттен бұрын бөлінген несиенің негізгі қарызын төлеу

-

3013

8511

12719

13308

17690

18390

11351

Несиелендіру есебіне қатысты шығындар

377397

468423

602024

59610

834165

1062611

1323821

1946146


Дефицит (-)

Профицит (+)



-67850

-69831

-3278

-12998

-13005

-40355

-18697

46665


В) Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы Департаментінің рөлі
1996 жылы 9 тамызда Қазақстан республикасының № 985 қаулысымен бухгалтерлік есеп жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының ережесі жасалды және бекітілді. 27 маусым 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1026 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының барлық өкілеттігі жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы Департаментіне берілді.

1997 жылы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1777 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы Департаменті туралы ережеге сәйкес Департамент өкілеттігінің аясына есептің жалпы ережелері мен принциптерін және ішкі бақылау мен сыртқы аудит талаптарын белгілеу енгізілді.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Департамент:


  • Қазақстан Республикасы экономикасының барлық салалары үшін бухгалтерлік есеп және аудиттің методологиясын жасайды;

  • Бухгалтерлік есеп пен аудиттің стандарттарын бекітеді, өзгертеді және алып тастайды. Сондай-ақ, соңғы жылдары бухгалтерлік есеп пен аудит Департаменті тәжірибеде қолдану үшін осы жұмыстың бірінші бөлімінде айтылғандай, бухгалтерлік есептің 31 стандартын, қаржылық есеп берудің 34 халықаралық стандартын, аудиттің 36 халықаралық стандартын жасады және бекітті. Сол сияқты бухгалтерлік есеп пен аудит Департаменті қаржы шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есептеу жспарын, бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қаржылық есеп беру форматын бекітеді, өзгертеді және алып тастайды;

  • Қазақстан Республикасында белгіленген заңдылықтың реті мен аудиторлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

  • Кәсіби бухгалтерге сертификат береді;

  • Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби қызметінің жаңа түрлерін, сол тәрізді осы қызметтің ережелерін анықтайды;

  • Эксперттік, ғылыми зерттеу жұмыстарын және кеңес беруді жүзеге асыру үшін осы мақсатқа бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыны пайдалана отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан , соның ішінде шетелдерден мамандар мен эксперттер тартылады;

  • Бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

  • Оның қызмет бабына қатысты мәселелері бойынша түсінік жүргізеді;

  • Бухгалтерлік есеп пен аудит қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

  • Өз компетенциясы шегінде халықаралық шарттармен келісімдер жобасын жасауға қатысады, бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, ынтымақтаса жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 28 қаңтар 1998 жылғы «1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 3838 жарлығын жүзеге асыру мақсатында 26 тамыз 1998 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі өзінің №88 қаулысымен 1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекітті.

Бағдарламаның негізгі бағыты – бухгалтерлік есеп стандарттары мен ондай есепті компьютерлендіру мәселелері, тәуелсіз аудит ішкі бақылауды дамыту проблемалары кәсіби бухгалтерлер институтын құру, сол сияқты бухгалтерлік есеп пен аудит саласында халықаралық ұйымдар мен қарым-қатынас мәселелері енетін бухгалтерлік есеп пен аудиттің бірыңғай методологиялық концепциясын жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығын орындау және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 26 желтоқсан 1995 жылғы №2732 Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 18 қыркүйек 2002 жылы №438 бұйрығымен «Бухгалтерлік есеп есепшоттарының типтік жоспары» және 29 қазан 2002 жылы №542 бұйрығымен «Қаржылық есеп беруді дайындау мен өткізудің концептуалдық негізі» бекітілді.

Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру субъектісі ретіндегі Департаменттің рөлі бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерін және бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандырудың жалпы әлеуметтік шараларын дәл сақтауды өмірге ендірумен байланысты.


Г) Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің рөлі
Өздеріңізге белгілі, «бақылау», «контроль» термині латынның «контра рутулус» сөзінен «противопоставление – қарама қарсы қою» мағынасынан туындайды. (яғни белгіленген, жобаланған, болып өткен немесе аяқталған құбылыс не процесс).

«Бақылау» француз тілінен аударғанда бір нәрсені тексеру дегенді білдіреді. Ол басқа бір базалық «соntrerole» сөзінен мағыналық тұрғыда екі данадан тұратын тізім дегенді білдіретін, тарнсформациялық жолмен өзгертіліп алынған сөз. Бақылау проблемасын ашып көрсету үшін оның мәніне жекелеп (дифференциалды) келу қажет.

Біріншіден, экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекет органдарының және шаруашылық басқармаларының қызметтік саласы деп түсініледі. Атқарушы-басқарушы қызмет әдісі немесе формасы ретінде анықталады.

Екіншіден, басқару теориясы жөніндегі мамандар бақылауды басқару циклінің ерекше сатысы деп түсіндіреді.

Үшіншіден, кибернетика позициясында бақылау басқарушы жүйе, басқарылатын объектілердің шынайы жағдайы және басқару шешімдерінің пайдаланылуы туралы қажетті ақпарат алатын кері байланыс ретінде қарастырылады.

Бақылау – ревизиялық қызмет мәселелеріне арналған экономикалық әдебиеттерде бақылаудың мәнін шаруашылық заңдылықтарының сақталуын жүйесі тексеруге және мемлекеттік тәртіп бұзушылықты ашуға әкеліп тірейді.

Осыдан шығатын қорытынды: бақылау басқарудың қабылданған басқару шешімдерінің негізділігі мен тиімділігін бағалау мақсаты мен басқарылатын объектінің жұмыс істеуін байқау және тексеру жүйесін жұмыс істеу деңгейін көрсететін көлеңкелі жағдайлар мен ауытқуларды анықтап іс жағдайын жақсарту жөнінде шара қолдануға қабілетті компетентті органдарды дер кезінде ақпараттандыруды құрайтын басқару функцияларының бірі ретінде қарастырылады.

Шынайы болмыста ақиқатта бақылау деген жалпы жоқ., ол нақты мазмұн мен формада ғана бар. Бақылау мынадай негізгі формаларға бөлінеді: әкімшілік, техникалық, шаруашылық, қаржылық, экономикалық, экологиялық, т.б.

Қаржылық бақылаудың аясы бақылаудың басқа түрлерімен қабаттасып жатуы мүмкін: әкімшілік, құқықтық, шаруашылық, техникалық, т.б. Субъект қызметінің қаржылық жағы шаруашылық жағымен тығыз байланысты болғандықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиындық тудырады. Себебі, көбінесе қаржылық операцияларда басқа да шаруашылық элементтерінің шарттары мен нәтижелері көрініс тауып жатады.

Әсіресе, қазіргі кездері республиканың әр жерінде есептегі бақылауды бұзу жиі кездескендіктен бақылау айрықша өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі таңда бақылау қызметі бар мемлекеттік органдар аз емес. Мысалы, Қазақстан Республикасында өз министрлігі мен ведомствосына бақылау жасайтын сәйкесті бөлімдері мен қызметтері бар 40-тан астам министрліктер мен ведомстволар тіркелген.

Қазақ ССР Қаржы Министрлігінің бақылау-ревизиялық басқармасы 1992 жылдың күзінде Министрлер Кабинеті жанындағы мемлекеттік қаржылық бақылау Комитеті болып құрылды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығы бойынша республикада басқару құрылымының реформасы жүргізілді, жеке министрліктер біріктіріліп, қалғандаары жойылды. Қаржылық бақылау Комитеті болған жеке арнайы комитет Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне біріктірілді.

Қазақстан Республикасының «республикалық және жергілікті бюджетті орындауды бақылау туралы» заңын тарату мақсаатында және мемлекеттік бюджет құралдарын мақсатты пайдаланылуын бақылаудың әсері күшейту үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ереже бұзушылықты анықтау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Премьер-министрінің орынбасары бұйрығының (2002 жыл, 8 тамыз №361), Қазақстан Республикасының Бас прокуроры бұйрығының (2002 жылы 23 шілде №37), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының (2002 жыл, 8 тамыз №145), Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы Агенттігінің председателі бұйрығының (2002 жыл 8 тамыз № 101) бірлесуімен бекітілді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің прокуратура органдарымен, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және Қазақстан Республикасының Қаржы полициясымен өзара қатынасының ережелері Қазақстан Республикасының «Республикалық және жергілікті бюджетті орындауды бақылау туралы» заңы бойынша біріктірілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу Комитеті туралы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу Комитеті өз құзіреті шетінде мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласында іске асыру және бақылау – қадағалау функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің ведомоствосы болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері:

- республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, есебін жүргізу және атқарылуы жөнінде есеп беру, олардың атқарылуын бағалау, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің олардың игілігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның пайдаланылуы бөлігінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін тексеру:

- мемлекеттік сапыт алудың ұйымдастырылуы мен өткізілуін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау болып табылады.

Комитеттің негізгі функциялары:

- ақпарат беру үшін тиісті бақылау жоспарлары мен актілерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп Комитетіне, мәслихаттардың теексреу комиссияларына жіберу;

- республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органға беру;

- ішкі бақылау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

- қылмыс белгілері анықталған жағдайларда жүргізілген тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына беру;

- мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің қызметі қаржылық есеп беруінің және тиімділігінің қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне қаржылық бақылау жүргізу;

- Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз пайдаланылуын анықтау, оның жолын кесу және болдырмау;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларды және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану;

- мемлекеттік органдар мен барлық меншік нысандарындағы ұйымдардың қызметін тиісті бюджеттерге салықтан тыс түсімдердің толықтығы мен уақтылы енгізілуіне қатысты мәселелер бойынша бақылау, т.б.

1996 жылдың 9 тамызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетінің председателі бекіткен және 1996 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің №207 бұйрығымен тіркелген «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оның аймақтық органдары жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетіне тексеріс пен ревизия жүргізу тәртібі туралы» нұсқауға сәйкес ревизияның негізгі міндеті ұрлау, жетіспеушілік пен шығындарды, сондай-ақ қаржылық құралдарды, мүлікті тиімсіз, негізсіз қолданған фактілерді тоқтату мақсатында мемлекеттік меншікте шаруашылық ететін субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және кінәлі қызмет тұлғаларын тәртіптік, материалдық, әкімшілік жауаптылыққа тарту.

Ревизия жүргізілмес бұрын қаржылық бақылау басқармасының (бөлімінің) бастығы бекітетін ревизия (тексеру) бағдарламасы дайындалады. Бағдарламада негізгі міндеттер мен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті тексеруге қамтылатын қажетті объектілер белгіленеді. Ревизия процесінде мынадай мәселелер қамтылуы тиіс:

1. Кәсіпорынның негізгі экономикалық сипатының көрсеткіші (кіріс, жұмыскерлердің тіркелуі, еңбекақының аударылуы, бөлімшелердің саны) бойынша оның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасау.

2. Банктік операцияларға ревизия жүргізу.

- бухгалтерлік есеп беру мәліметінің банктегі ақшалы құралдарының қалдығына сәйкестендірілуі;

-қолма-қол ақша түсімін қоса есептегенде есепшотқа түскен жалақының толық әрі уақтылы аударылуы;

-шығын сметасында бекітілуіне сәйкес ағымдық есеп бойынша орталықтандырылып бөлінген қаржыландыру құрылымдарының мақсатты пайдаланылуы. Мақсатсыз, негізсіз пайдаланылған фактілері анықталған жағдайда, ол қолданыс қандай негізде, қандай себептермен жүзеге асырылғаны белгіленуі керек;

3. Кассалық операцияларға ревизия жүргізу:

- қолма-қол ақшалы құралдарды, бағалы қағаздарды, чек пен кассадағы басқа да ақшалы құжаттарды сақтау және бухгалтерлік есеп беру мәліметтерімен сәйкестендірілуі;

- касса тәртібін және басқа да кассалық операцияларды жүргізу талаптарын, кассалық операция есебін ұйымдастыру талаптарын сақтау;

- кәсіпорын қызметкерлерінің қызметтік іссапарға кететін шығынының

құрылымы туралы талаптарды сақтау;



  • жоспарда көрсетілген шығыс бойынша жасалынған шығынның дұрыстығы мен орынды жұмсалуы, мақсаттылығы;

  • келтірілген материалдық зиянды өндіру жөніндегі есептің жағдайы (жетіспеушілік, артық жұмсалу т.б.)

4. Есептік және несиелік операцияларды ревизиялау:

  • есептің бас жоспарына және бухгалтерлік есеп жүргізудің стандарттарына сәйкес есеп жүргізуді ұйымдастырудың дұрыстығы;

  • тапсырыс берушілермен және орындаушылармен (подрядчик), сатып алушылармен, басқа да алашағы бар (дебитор) және берешегі бар (кредитор) ұйымдармен есеп жүргізудегі қарыздардың шынайылығы, салыстыру актілері мен жұмыстың не қызметтің орындалу актілерінің нақтылығы (соңғы күнге дейінгі алашақ және берешек қарыздар кай уақыттан бастап есептелген, қандай жұмыс жүргізілді, алашақ және берешек қарыздарды жою және азайту жөніндегі шаралардың тиімділігін ашып көрсетіп, толық талдау жасау).

5. Өндірістік зардаптардың және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың сақталуы мен пайдаланылуына ревизия жасау:

  • қоймалық шаруашылық жағдайы, материалдық құндылықтардың сақталу шарттарының, олардың сабасының төмендеуі мен бұзылмау шараларының орындалуы;

  • тауар-материалдық құндылықтардың нақтылығының бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сәйкестігі, сатылып алынған тауар-материалдық құндылықтар бағасының, қалыптасқан нарықтық сату бағасына сәйкес келуі;

  • материалдық жауапкершілік туралы келісім шарттардың белгіленген тәртіпке (ережеге) сәйкес жасалуы;

  • жанар-жағар майлардың белгіленген нормаға сәйкес есептен шығарылуының дұрыстығы;

  • тауар-материалдық құндылықтарға есеп жүргізудің (инвентаризация) мерзімінің сақталуы мен дұрыс жүргізілуі

6. Еңбекақыны есептеуді және төлеуді ревизиялау:

- белгіленген штаттар мен қызметтік окладтың іс жүзіндегі жүйесінің сақталуы;



  • жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырысудың жағдайы

мен ұйымдастырылуы;

  • несиені қайтару мерзімінің сақталуы мен негізділігі;

  • бекітілген штаттық кестеге сәйкес еңбекақыны есептеу мен төлеудің

дұрыстығы, ойдан шығарылған (жоқ) адамға еңбекақы төлеу немесе басқа да заңсыз төлемдер жүргізу фактілерін ашып көрсету, еңбекке ақы төлеу қоры бойынша несиелік қарыздар, олардың пайда болу себептері;

  • өтемақының, сыйақылардың, қосымша ақылардың барлық түрлерінің

заңға сәйкес төленуін тексеру;

  • әлеуметтік салықтардың, жинақтаушы зейнетақы қоры жарналарының

және еңбекақыдан табыс салығының есептелуі мен ұсталуының дұрыстығы, олардың тағайындалған орындарға мерзімінде аударылуы;

7. Есеп жағдайын және есеп берудің дұрыстығын ревизиялау:



  • алғашқы құжаттармен салыстырылған, бухгалтерлік есеп регисторлары

жазбалары, есеп беру көрсеткіштерінің есеп регисторындағы мәліметтері, олардың сәйкестігі;

  • бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінің сақталуы, сол

тәрізді есеп регисторларындағы есеп шот корреспонденцияларының негізділігі;

  • есеп беру мәліметтерінің дұрыс болуы, есеп көрсеткіштеріндегі

ауытқуларды, көзбояушылықты ашып көрсету.

  • бұл талаптар 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы

Президентінің № 949 Жарлығымен мақылданған, Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының жаңа Концепциясы талаптарына сәйкес келеді, онда “Қаржылық, банкілік заңдар одан әрі қарай да жаңа нарықтық қатынастарда экономиканың қызмет етуі үшін қолайлы құқықтық орта қамтамасыз етуі, қаржылық (инструменттердің) тетіктердің дамуына ықпал етуі тиіс

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі өте күрделі, алуан түрлі жоспарланған, көп қызметтік болғандықтан, қаржы бақылау жүйесін жетілдіру қажет”.



Зерттеу барысында соңғы сегіз жыл ішіндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алу органдарының материалдары мен тексеру нәтижелеріне, қылмыстық істерге жүргізілген талдау, бюджеттік қаржының мақсатсыз пайдаланудың негізгі тәсілдерін көрсетіп берді. Олар:

  • ұйымның бюджеттік есепшотынан, қаржыны осы ұйымның есептік

есепшотына алушы ретінде аудару, сол тәрізді мемлекеттік қаржыны бас қаржі ағымдағы есепшотына аударуы;

  • қаржыны шығыс сметасында қарастырылмаға мақсатта пайдалану;

  • бекітілген шығыс сметасында жоқ экономикалық классификация коды

- бойынша қаржыландыру арқылы, қаржыны жұмсау; жоғарғы қаржы ұстаушы органға бекітілген шығыс сметасы мерзімі өткеннен кейін көрсету;

  • қаржыны банк несиесінің қайтарымына, оның өсімін төлеу үшін жұмсау;

  • бюджеттік қаржыны банк депозитіне орналастыру, ал одан түскен табысты сенімді басқаруға беру;

  • бөлінген бюджеттік қаржыны заңды және жеке тұлғаларды қаржылық қолдау, оның ішінде заңды тұлғаның жарғылық капиталына бағыттау;

  • депозиттік сертификаттар, сол тәрізді әртүрлі жойылмалы құнды қағаздар (активтер) сатып алу, ал одан соң оны қайта сатып, одан пайда көру;

  • қаржыны несиені серзімінде қайтармағаны үшін айыппұлға және оның өсімі пайызына жұмсау;

  • бюджеттік қаржыны дәлелді құжатсыз жұмсау, сол тәрізді алғашқы

және басқа да құжаттары белгіленген талапқа сай есем болса да қаржы жұмсау, бөлінген бюджеттік қаржыға сатылып алынған белгіленген нормадан тыс технологиялық құндылықтар мен мүліктердің жетіспеуі

  • нақты жұмсалған шығын мен белгіленген норманың айырмасы болып т

абылатын сома, қаржының артық жұмсалуы;
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет