Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



бет26/33
Дата25.12.2016
өлшемі7,26 Mb.
#5021
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33

Лекция № 30


Тақырыбы: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жануарлары.

Жоспары:

1.Сырдария тасбекіресі.

2.Пілмай , Арал бекіресі.

3.Арал албырты (балық).

4.Шу сүйрік қанаты (балық)

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жануарлары мен таныстыру.

Лекция мәтіні: “Қызыл кітап ”сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылады.

Қазақстанда “Қызыл кітап ” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы ,үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген.



Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда , соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті.Мәселен 90 – жылдардың ортасына дейін , 40 жыл бойы бөкен Қазақстанның негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді . 1998 жылы – 470 мың , 2001 жылы –80 мың , ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды.

Сырдария тасбекіресі – құрып бітудің қарсаңындағы өте сирек кездесетін түр . Бұрын Сырдария су алқабын Қарадария сағасына дейін мекендеген .Қазақстанда өте сирек болатын , ол соңғы 25 жылда Сырдың суын реттеп , суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді . 1980 жылдан ол туралы хабар нақтылы деректермен бекімеген . Нашар зерттелген . Ұзындығы 27 см . Қолдан өсірілмеген. Осы түрдің сақталған жерінде қорық ұйымдастырып , қолдан өсіруді жлға қою керек.




Пілмай , Арал бекіресі ( Арал популяциясы) - Арал су алқабының ерекше өзгеруіне байланысты популяция жойылып кетуге жақын . Табиғи таралған жерлері Арал теңізі мен оған құятын өзендер . Ересекетерінің ұзындығы 200 см, салмағы 60 кг. Жайық Каспии мен Іле – Балқаш есебінен сақтауға болады. Қолдан өсірілмеген бірақ , оның әдістері , негізінен басқа бекірелерді қолдан өсіру әдісіне ұқсайды . Өзбекстанның Қызыл кітабына енгізілген (1983) . Суқоймалары жағдайына сәйкес қолдан өсіруді ұйымдастырып балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіруді іске асыру керек.





Арал албырты – Аралдың таралу аймағының ең шығысында кездесетін түрі қазір құрып біткен де шығар ; 50 жылдан астам ол туралы нақтылы деректер жоқ . Бұрын Арал теңізінде бірен саран ауланатын . Әмударияда да кездесетін , осы өзенмен Кафирниган және Вахш салаларына дейін өрістейтін . Осы маңайда Әмудария бахтағымен будандасуы мүмкін болатын . Ұзындығы 100 см . Қолдан өсірілмеген , бұл түрдің қайта келуін Әмудариядағы жергілікті бахтахты пайдаланып іске асыру мүмкін сияқты , бірақ оның да әуесқойлық аулануын шектеу қажет.







Шортан тәрізді ақмарқа –туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі . Әмудария мен Сырдария су алқабының өзендері , каналдары мен су қоймаларының тегістіктегі бөліктерінде тіршілік етеді . Ұзындығы 50 см, салмағы 3 кг . Саны барлық жерде өте аз . Соңғы жылдары таралу аймағы , әсіресе Қазақстанда таралды.Өзендердегі су құрылыстарының және су жүйелерінің әсерінен бізде жойылып кету қауіпі бар ; соңғы 40 жылда кездеспеген . Оны Республикада қолдан өсіруді ұйымдастырып , сондай – ақ суару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейту керек .




Шу сүйрік қанаты- тек Арал су алқабында тіршілік етеді . Аз зерттелген , сирек кездесетін балық . Денесінің ұзындығы 16 см Табиғи таралу аймағы – Бішкек қаласынан төменгі Шу өзенінің су алқабы . 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ . Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әр түрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген . Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген . Оның таралу аймағының және табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру керек.




Жетісу бақатісі - Жоңғар Алатауының батыс бөлігіндегі тау өзендерінің бастауы мен бұлақтарда көп кездеседі . Әр 100 м жылға жағасынан 20-25 бақатісті кездестіруге болады екен Дегенмен . бір кезеңдерде бақатістің емдік қасиетіне байланысты халық медицинасына көптеп пайдалануы, осы мақсат үшін ауланып , сатылуы ал таулы жерде елді мекендердің көбеюі бұл жәндік санының азайып , құрып кету қаупін туғызды. Қазір , құйрықты қосмекенділер тритонның бір түріне жататын Жетісу бақатісі Қазақстан Республикасының “Қызыл кітабына ” тіркелген : оларды қорғау шаралары арнайы жүргізілмеген.

Жетісу бақатісін жойылып кетуден сақтау үшін ең алдымен , көптеп аулауға тыйым салынуы және олар ең көп мекендейтін аймақта шағын қорықша болуы керек .







Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Лекция: 15 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ: 30с обсөЖ : 30с
Bio -> «Химия тарихы» пәні бойынша
Bio -> Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекциялар 10с Лабораториялық сабақтар 5с СӨЖ 15с обсөЖ 15с Барлық сағат саны 45с Қорытынды бақылау емтихан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет