Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат


Ашық құндызшөп (Прострел раскрытый)



бет8/33
Дата25.12.2016
өлшемі7,26 Mb.
#5021
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Ашық құндызшөп (Прострел раскрытый)

Ашық құндызшөп - ерте көктемде жапырықтары жайылғанға дейін гүлдеп үлгіретін, көп жылдық, щөп текетес өсімдік.Тамыры қоңыр түсті тік өседі. Сабағы 45-см-ге дейін жетеді,өн бойында жібек сықылды жұмсақ түктері, сабағының ортасына таман сабақты қоршай ораналасқан бір топ тілімделген жапрақтары бар. Түп жағында жапырақтарының сағатары ұзын, саусақ сықылды 2-3 салалы.Гүлдері жеке-жеке орнасқан,ірі, ақшыл көк немесе ақшыл қызыл түсті.Апрельмай айларында гүлдейді. Ормандардың,бұталардың арасында,ашық жерлерде өседі.Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жерге түскен бөлігін пайдаланамыз.

Ашық құндызшөпті орыс тілінде “сон трава” (ұйқы шөп) деп те атайды,ол халық арасында :ашық құндызшөптің тамырын жалаған жануарлар ұйқыға кетеді мыс деген ұғымға байланысты болса керек. Кейде мұны срытқы ұқсастығына қарап “жабайы қызғалдақ” деп те атайды. Өсімдіктің құрамына протоанемин, анемонин, антониндер бар.

Ашық құндызшөптің тұнабсы микробтарды, грибоктарды жояды. Сондықтан оны іріңді жараларды және терінің грибоктармен зақаымданған жерлерін емдеу үшін пайдаланады.Өсімдіктің тұнбасы туберкулез, жөтелді,бронх қабынуын,әйелдердің жыныстық ауруларын емдеу үшін қолданылады. Халық медицинасында ашық құндызшөпті ұйықтататын және жүйкені тыныштандыратын дәрі ретінде пайдаланылады. Ревматизмге ұшырағанда буындары осы өсімдіктің спиртті ерітінділері жағып емдейді.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: Өсімдіктің 1 шай қасығын 1стакан салқын суға салып, 1 тәулік қояды да сүзіп салады.Осы тұнбаны тері тері ауруларын емдеу үшін дене сыртына жағады. Өсімдікті өте аз мөлшермен ішеді, себебі ашық құндызшөп улы, сондықтан оны дәрігердің бақылауынсыз пайдалануға болмайды.

Лекция №7

Тақырыбы: Қазақстандағы болашағы бар дәрілік өсімдіктер.

Жоспары:

1.Дәрілік түймедақ- Ромашка аптечная.

2. Дәрілік шүйгіншөп – Валериана лекарственная.

3. Өзекті жөке – Липа сердцевидная

4.Сары раушан – Золотая розга. Сүйекті аққурай – Псоралея костянковая.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Болашағы бар дәрілік өсімдіктер мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Дәрілік түймедақтар - биіктігі 35 сантиметрге дейін жететін бір жылдық , шөп тектес өсімдік. Тамаыр тік, жіңішке , ашық қоңыр түсті. Сабағы түзу, бұтақтары көп. Жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан, отырмалы, қауырсын тәрізденіп жіңішке жапырақшаларға тілімделген. Гүл сабағы ұзын, тостағаншасының шеті ақ түсті, ортасындағыларыда түтік тәрізді, сары түсті. Гүл тәжі 5 жапырақшадан тұрады. Жемісі- қоңыр түсті тұқымдар. Май айынан октябрь акйына дейін гүлдейді.

Дәрілік түймедақ шабындықтарда, далалы аймақтарда, егістік араларындағы бос жерлерде өседі. Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алды. Құрамында эфир майлары, гликозидтер, никотин қышқылы, қоймалжың , ащы заттар, каротин және С витамині бар. Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын , ауырған жерлерді тыныштандыратын , денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Сонымен қатар түймедақты қан тоқтатын, микробты жоятын , өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің , қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна жасау арқылы подаграны,ревматизм ауруына байланысты буындардың сыңқырағанын емдейді.тамқ бездері мен тістің түбіндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшын де пайдаланады. Ол үшін гүлдерінің 4 ас қасығын 1,5 л суға салып 5 минут қайнатып, сүзіп алады. Әуелі шашты жақсылап сабындап жуады да, артынша әлігі тұнбамен шаяды. Содан кейін шаштың әрі қайызғағы кетеді, әрі алтын түстес сары түске боялады.



Тұнбаны былай жасайды: 1 ас қасық кептірілген гүлдерді 1 стакан ыстық суға салып тұндырады да, салқындағаннан кейін сүзіп алып, әр ішкенде 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Етеккір кешігіп келгенде мынадай қоспа жасап пайдаланса, дәрінің тиімділігі арта түседі: түймедақтың гүлдері мен жалбызжапырақтарының әрқайсысынан 4 бөліктен, дәрілік шүйгіншөп тамырының 3 бөлігін алып араластырады. Осы қоспаның 1 ас қасығын қайнап тұрған 1 стакан суға салып тұндырады да, даяр болған дәріден жарты стаканнан күніне 2 рет ішеді.

Түймедақ
Дәрілік шүйгіншөп – биіктігі 1,5 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры қысқа, іші қуыс, тік өседі, қосымша көптеген ұсақ тамырлары да бар. Сабағы тік, сырты сай-сай, мұның да іші қуыс. Тамырынан тікелей өсіп шығатын жапырақтарының сабақтары ұзын, сабақтың төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары қысқалау, жоғары жағындағылары отырмалы болады. Жапырақтары құстың қауырсыны тәрізді, қарама-қарсы орналасқан, шеттері ара тісті. Гүлдері майда, ашық қызыл түсті, қош иісті,


Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Лекция: 15 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ: 30с обсөЖ : 30с
Bio -> «Химия тарихы» пәні бойынша
Bio -> Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекциялар 10с Лабораториялық сабақтар 5с СӨЖ 15с обсөЖ 15с Барлық сағат саны 45с Қорытынды бақылау емтихан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет