Лекция негіздері Экономикалық циклдер, макроэкономикалық динамика



Дата13.01.2022
өлшемі30,99 Kb.
#111556
түріЛекция
Байланысты:
14-дәріс-1


14-дәріс. Инфляция және жұмыссыздық
Лекция негіздері

  1. Экономикалық циклдер, макроэкономикалық динамика

  2. Инфляция: себептері, факторлары, түрлері. Инфляция және ұсыныс шоктары.

  3. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оукен заңы. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі.

  4. Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы, өзгертілген Филипс қисығы

  5. Инфляцияға қарсы саясат

Экономикалық цикл – бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі.

Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артық болуы.

Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыссыздар санының жұмыс күшіне қатынасы.

Жұмыссыздық түрлері:

Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеуімен байланысты болатын жұмыссыздықтың түрі.

Құрылымдық жұмыссыздық – бұл еңбекке деген сұраныс құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі. Мұндай сәйкессіздік жұмысшылар мамандығының бір түріне сұраныстың жоғарылап, ал екінші түріне төмендеуінен, ұсыныстың мұндай өзгерістерге баяу бейімделуінен болады.

Циклдік жұмыссыздық – бұл құлдырау кезеңімен байланысты пайда болатын жұмыссыздық түрі.

Толық жұмыстылық немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Бұл кезде тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болуы мүмкін. Циклдік жұмыссыздық 0-ге тең.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:

,

мұнда: U* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

F* – оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;

R – экономикалық белсенді халық;

q – жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;

µ – жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:

а) демографиялық фактор;

б) еңбекақының төменгі деңгейі

в) еңбек одақтарының әрекеттері.



Оукен заңы. Ол нақты ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуекелділікті анықтайды. Оукен заңы бойынша әлуетті ЖІӨ-мен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің 2%-ға төмендеуі жұмыссыздық деңгейін 1%-ға жоғарлатады. Оукен заңы былай жазылады:

,

мұнда: Y* – толық жұмыстылық жағдайында әлуетті өндіріс көлемі,

Y –ұлттық өндірістің нақты көлемі,

u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі,

u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі,

y – Оукен коэффициенті.


Инфляция – жалпы баға деңгейінің көтерілуінен ақшаның құнсыздануы.

Инфляция деңгейі мына формуламен есептелінеді:



,

мұнда: π – инфляция деңгейі,

P – ағымдағы жылдағы бағалардың орташа деңгейі,

P – базалық жылдағы бағалардың орташа деңгейі.



Инфляция келесі белгілер бойынша бөлінеді:

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің дәрежесіне байланысты:

Ашық – нарықтық экономикаға тән еркін баға кезіндегі әрекет ететін инфляция.

Жасырын – қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция. Ол тауарлар мен қызметтер тапшылығынан байқалады.

2. Бағалардың өсу қарқынына байланысты:

Тұрақты – жылдық қарқыны 10%-ға дейін болатын инфляция.

Секірмелі – жылдық қарқыны 20-200%-ға дейін болатын инфляция.

Гиперинфляция – жылдық қарқыны 200%-дан артық немесе айлық қарқыны 50%-дан асатын инфляция.

3. Алдын ала болжау дәрежесіне байланысты:

Күтілетін инфляция әсерінен болатын жоғалтулардың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді.

Күтілмеген инфляция нақты табыстардың төмендеуіне және несие беруші мен алушының арасында табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі.

4. Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты:

Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артуынан пайда болатын инфляция.

Шығындар инфляциясы – өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуынан пайда болатын инфляция. Бұл кезде ұсыныс көлемі сұраныстан қалып отырады.



Филлипс қисығы – инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті көрсететін қисық.

Төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай, бұл – кері тәуелділік.

Инфляция деңгейі 3 фактормен шартталған:

а) күтілетін инфляция;

б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен ауытқуы;

в) шикізат бағаларының өсуімен пайда болған ұсыныс шоктары:


,
мұнда: π – инфляцияның нақты деңгейі,

πе – күтілетін инфляция деңгейі,

u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі,

u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі,

ε – ұсыныс шоктары,

β – эмпирикалық коэффициент, 0-ден жоғары,инфляцияның циклдік жұмыссыздыққа реакциясын көрсетеді.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары әр түрлі елдерде инфляцияның жоғарғы қарқынымен қатар жұмыссыздықтың да жоғарғы деңгейі байқалды, ал 80-ші жылдары инфляцияның төмендеуімен қатар жұмыссыздық деңгейі де төмендеді.

Бұл жағдай жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің қисығы арқылы түсіндірілді. Яғни ұзақ мерзімді кезеңде Филлипс қисығы тік болады





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет