Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Қоғамның  саяси  өмірінде  қоғамдык-саяси  қозғалыстар  мен  бірлестіктердің



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата06.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49287
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Саясаттану лекция
Саясаттану лекция, Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер

Қоғамның  саяси  өмірінде  қоғамдык-саяси  қозғалыстар  мен  бірлестіктердің 

пайда  болуы мен  эволюңиясы.  Қазақстандық  қоғамның  сяаси  өміріндегі  қоғамдық 

қозғалыстардың  орны  мен рөлі.       Қоғамдық  Ұйымдар  мен  қозғалыстардың  пайда 

болуы,  белгiлерi  мен  қызметтерi.  Қоғам  мүшелерiнiң  белгiлi  бiр  тобының  мүддесiн 

бiлдiрiп, қорғайтын, алдына қойған мақсатқа жету үшiн ерiктi түрде мүшелiкке кiрген, оған 

материалдық  көмек  көрсететiн  өзiн-өзi  басқаратын  адамдардың  бiрлестiгi  қоғамдық 

ұйымдар  деп  аталады.    Олардың  қоғамдық  мәртебесi  мемлекеттiк  заңда  және  өзiнiндiк 

жарғыларында анықталынады. Оларға БҰҰ, Еропалық Экономикалық Одақ т.б. жатады.  

    Қоғамдық  ұйымдар  сан  алуан  болып  келедi.  Оларға:  партиялар,  кәсiподақтар, 

жастар ұйымдары, кооперативтiк бiрлестiктер, шығармашылық одақтар, ерiктi қоғамдық, 

ғылыми-техникалық,  мәдени,  ағарту,  спорттық,  қорғаныс  ұйымдары  жатады.  Осы 

қоғамдық ұйымдар арқылы көптеген адамдар қоғамды өзiн-өзi басқаруға қатысып отырады.  

    Қоғамдық-саяси қозғалыс дегенiмiз бұл өздерiнiң әлеуметтiк, саяси, экономикалық, 

рухани мүдделерiн жете түсiнген қалың бұқара халықтың қауымдастығы. Қоғамдық-саяси 

қозғалыстар-  бұл  мемлекеттiк  және  партиялық  құрылымдарға  тiкелей  кiрмейтiн,  алайда 

саяси өмiрге ықпал ететiн саяси құрылымдар. Сонымен саяси қозғалыстар дегенiмiз өкiмет 

билiгi үшiн күрес арқылы қазiргi жағдайды өзгертуге немесе үкiметке ықпал жасай отырып, 

оны  нығайтуға  тырысқан  қоғамдық  күштер.  Басқа  қоғамдық  ағымдармен  салыстырғанда 

саяси қозғалыстың айырмашылығы ол өкiмет үшiн немесе үкiметтi жүзеге асыру тәсiлiне 

ықпал ету үшiн күреседi, яғни ол бұл жолда саяси тәсiлдердi пайдаланады.  

    Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегiдей саяси жағдайлар себеп болды: 

1. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкiмет орындарына тiкелей жеткiзе алмайды, сондықтан 

да  өз  сияқтылармен  топтасады;  2.  Экономикалық  және  әлеуметтiк  қайшылықтар, 

наразылықтар  себеп  болады;  3.  Ұлттық  мәселелердiң  шешiлмеуi.  Мысалы,  Қазақстанда 

«Азат»,  «Желтоқсан»  ұйымдары  солай  құрылды;  4.  Саяси  қозғалыс  көпшiлiк  саяси 

партияны құру жолында алғашқы саты болып табылады. 

    Қоғамдық ұйымдар былайша сипатталынады: 

1.  оған мүшелердiң байланыс жүйесi мен мүдделерiнiң ұқсастығы; 

2.  iшкi ұйымдық құрылымы /ресми немесе бейресми/; 

3.  жалпы мақсат үшiн шешiм қабылдау қабiлетi


4.  әлеуметтiк  бақылау  жүйесi,  сол  қоғам  мүшелерiнiң  өзара  әрекетiн  қамтамасыз 

етушi. 


    Қоғамдық саяси қозғалыстардың белгiлерi арқылы жiктелiнедi: 

  таптық белгiсi бойынша - шаруалар, жұмысшылар, фермерлер; 

  идеологиялық белгiсi бойынша - коммунистiк, либералдық, социалистiк, дiни; 

  ұлттық белгiсi бойыншы- интернационалдық, ұлтшыл-патриоттық т.б.; 

  жас және жыныс белгiсi бойынша - әйелдер, жастар, ардагерлер қозғалыстары. 

қоғамдық  саяси  қозғалыстар  -  бұл  мемлекеттiк  құрылымдар  жанынан  құрылатын, 

саяси шешiмдерге тiкелей, тура әсер ететiн ұйымдар: 

  лобби,  күш  көрсету  топтары.  Олардың  негiзгi  мiндетi  -  болашақта  солардың 

шешiмдерiне ықпал ете отырып, саяси қайраткерлермен және шенеунiктермен байланыстар 

орнату;  

  ұйымдар, кәсiподақтар кәсiпкерлер одақтары, тұтынушылар қозғалыстары. Бұлар 

үшiн саяси қызмет тұрақты болып табылады

  табиғатынан стихиялы болып табылатын қозғалыстар. 

қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметтерi мыналар: 

  қоғамдық пiкiрлердi, қоғамның әр түрлi әлеуметтiк топтарының көңiл-күйiн бiлу; 

  билiк құрылымдарының қызметтерiне бақылаулар орнату; 

  жеке адамды саяси әлеуметтендiру; 

   жеке адамның азамат ретiнде қалыптасуы; 

  қоғамдық өмiрдi нақты жеке адам мен әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн 

жүзеге асыру; 

   саяси шешiмдердi қабылдауға қатысу. 

Қоғамдық  қозғалыстардың  iшiндегi  кең  тарағаны  Халық  майдандары,  олардың 

түрлерi мынадай: 

1.  Ұлт азаттықты алу үшiн құрылған саяси күштер. Африка және Азия елдерiнде ұлт 

азаттықты алу үшiн құрылған алық майданы қозғалыстары. 

2.  Саяси  билiктi  алу  үшiн  немесе  өздерiнiң  саяси  мақсаттарына  жетуге  күштерi 

жетпеген кезе саяси партиялар немесе олардың көсемдерi құрған халық майдандары; 

3.  Соғысқа,  фашизмге  қарсы,  демократияны  қорғау  үшiн  құрылған  халық 

майдандары. 

Белгiлi жастар қозғалыстарына металистер, фанаттар, панкiлер, хиппилер, рокерлер, 

пацифистер жатады. 

ҚР қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, олардың құқықтық қамтамасыз етiлуi. 

Елiмiздегi    қоғамдық  қозғалыстар  тарихына  назар  аударсақ,  олар  қоғамдағы  әлеуметтiк-

экономикалық және саяси мүдделер бойынша құрылды. Елiмiзде 1989 жылдың соңы мен 

1990 жылдары 100-ге жуық ресми тiркеуден өткен қоғамдық ұйымдар өмiрге келдi. Мұндай 

қоғамдық  ұйымдардың  қатарына,  саяси  белсендiлiктiң  орталығына  айналған,  Алматы 

қаласындағы  1986  жылға  желтоқсан  құрбандарын  ақтау  үшiн  құрылған  «Желтоқсан» 

қоғамдық  комитеттi,  «Азаматтық  Бiрлестiк»  қозғалысы,  тарихи-ағартушылық    «Ақиқат» 

қоғамы, тәуелсiз «Бiрлесу» кәсiподағы. Сонымен бiрге, экологияны қорғау, ядролық қаруға 

қарсы  «Невада-Семей»,  «Арал-Балқаш»,  тәуелсiздiктi  мақсат  еткен  «Азат»  қозғалыстары 

саяси аренаға шықты. Қазақстанда 1994 жылы 500-ге жуық, ал 1998 жылы 1531 қоғамдық 

бiрлестiктер тiркелдi. 

Соңғы жылдары билiкке ықпалы басым қоғамдық қозғалыстар пайда болуда, мәселен, 

2000  жылы  құрылған  «Әдiл  сайлау  жолында»  қоғамдық  қозғалысы.  Сонымен  бiрге  осы 

жылы құрылған «Денсаулық сақтау, бiлiм беру және өнеркәсiп қызметкерлерiн әлеуметтiк-

құқықтық қорғау» қозғалысы. 

Қазақстандағы  қоғамдық  қозғалыстарды  алдына  қойған  мақсатына  қарай  былайша 

топтастыруға болады: 

1.  экологиялық  бағыттағы  ұйымдар,  «Невада-Семей»  қозғалысы,  «Арал-Азия-



Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитетi, «Табиғат» комитетi және т.б.; 

2.  Ұлт  мәселесiн  шешу  мақсатында  құрылған  қоғамдық  ұйымдар,  Қазақстанның 

«Азат»  азаматтық  қозғалысы,  «Русская  община»,  «Единство»  қоғамдық  бiрлестiгi, 

республикадағы казактар қозғалысы, немiс, Ұйғыр, грек, кәрiс т.б. мәдени орталықтары

3. тарихи-ағартушылық қоғамдар, «Мемориал», «Әдiлет», «Ақиқат»  т.б.; 

4.  әлеуметтiк  талаптар  қойған  ұйымдар,  «Атамекен»,  «Алтын  бесiк»,  «Жерұйық», 

«Шаңырақ» т.б. 

Сонымен бiрге, елiмiзде ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары да бар.   



Лоббизм.  Қазақстандық  лоббизмнің  ерекшеліктері.  Мүдделі  топтар:  түсінігі, 

қызметтері  және  жіктелуі.  Қысым  топтары.    Лоббизм  сөзiнiң  тағдыры  күрделi.  1553 

жылы  ол  шiркеудегi  серуен  алаңы  ретiнде  пайдаланылады.  Онымен  жүз  жыл  өткен  соң 

Англияда қауым палатасының серуен алаңы аталады. Лоббизм саяси сипатқа екi жүз жыл 

өткен соң Америкада  иелендi.  

Лоббизм  дәстүрi  Америка  Құрама  Штатындағы  1861-1865  жылдардағы  азамат 

соғысында  үлкен  беделге  ие  болған  У.С.Грант  президенттiк  еткен  жылдар  /1869-1887ж./ 

қалыптасты. Американың 18 Президентi кешке өз командасымен бiр мейманханада, дәлiрек 

айтсақ,  оның  кiре  берiсiнде  /англ.  lobby-  вестибюль,  прихожая/  демалуды  әдетке 

айналдырады.  Онда  министрлер,  сенаторлар  әр  түрлi  адамдармен  кездесiп,  олардың 

ұсыныстарын, сұраныстарын тыңдап, оны  ақша үшiн орындауға уәде берген.  

Сөйтiп «лоббизм»  сөзi қоғамдық санада екi мағынада бағаланды: Бiрiншi, жағымсыз 

мағынада -  «таныс-тамыр», «протекционизм», «сатып алу» ұғымдарының синонимi ретiнде 

қолданылды. Яғни лобби билiк өкiлдерiне заңсыз қысым жасау, жемқорлық, сыбайластық, 

белгiлi  бiр  топтың  мүддесi  үшiн  басқарушылық  шешiмдердiң  қабылдануы.  Лоббизмге 

жағымсыз  қатынас  осы  басқарушылық  шешiмдердi  қабылдауға  ықпал  ету  мүмкiндiгiнiң 

негiзiнде қалыптасып отыр. Әрине бұл бiр жағынан әр түрлi әлеуметтiк құрылымдардың 

мүмкiндiгi мен күшiн көрсетсе, екiншi жағынан, билiктiң әлсiз жағын ашып көрсетедi. 

Екiншi,  лоббизмнiң  жағымды  жағы  ол  демократиялық  саяси  процесс  институттары 

ретiнде  әрекет  етушi  қалыпты,  салауатты  құбылыс.  Бұл  мағынада  лоббизм  қысым 

тобының  мемлекеттiк  органдардың  басқарушылық  шешiмiне  белгiлi  бiр  әлеуметтiк  топ 

мүддесiн қанағаттандыру үшiн заңды формада ықпал ету.  

Лоббизм саяси билiкпен тығыз байланысты. Тiптi мынадай заңдылықты ашып айтуға 

да болады: лоббизм ақиқат билiк қай жерде көп болса сонда көп. Лоббизм- өзiнше билiк 

белгiсi, керiсiнше билiк жоқ жерде немесе номиналды күш ретiнде әрекет ететiн жерде ол 

да көрiнiс бермейдi.  



Лоббизм  толық  институт  ретiнде  мына  екi  жағдай  бар  жерде  ғана  пайда 

болады:  1)  қоғамда  әр  түрлi  мүдделер  пайда  болып,  оның  негiзiнде  әлеуметтiк  жiктелу 

күшейсе;  2)  демократиялық  қоғамға  тән  саяси  плюрализм  негiзiнде  билiкке  қолжеткiзу 

кеңейсе.  Осыған  байланысты  билiк  объективтi  түрде  бiр  уақытта  және  толық  барлық 

мүдделердi  қанағаттандыра  алмайды,  сөйтiп  кейбiр  мүдделердi  жүзеге  асыру 

басымдылығы, кезектiгi қалыптасады. Әр түрлi топтардың және қабаттардың өз пайдалары 

үшiн мемлекет әрекетiне ықпал етуге талпынуы заңдылыққа айналады. 



Лоббистiк қызметтiң формалары /АҚШ-та кең тараған/: 

1)  мүдделi  жақтың  бағыты  айтып  Конгересс  комитеттерiнiң  бiрiнде  сөйлеу;  2) 

парламентте қарау үшiн заң жобасы мен ұсыныстарды түзу; 3) әзiрленiп жатқан шешiмдi 

қолдау  немесе  қолдамау  мақсатында  үгiт-насихат  жұмыстарын  және  «төменнен  қысым» 

компаниясын  жүргiзу    /хаттар,  телеграмма,  телефон  соғу,  ықпалды  сайлаушылардың  өз 

депутаттарына баруы т.б./. 



АҚШ-та лоббизм мақсатының нәтижелi жүзеге асуы үшiн дамыған материалдық 

құрылымдар бар: 1) барлық iрi корпорациялар, кәсiпкерлiк одақтар, арнаулы ұйымдар өз 

құрамында  тек  ғана  лоббистiк  қызметпен  айналысатын  жүздеген  адамдардан  тұратын 

бөлiмдерге ие /бұрынғы кеңесшiлер, сенаторлар, министрлер, шенеунiктер, заңгерлер, т.б. 

«күштi»  байланыстары,  қажеттi  қабiлеттерi  бар  мамандар/;  2)  мүдделi  топтар,  әсiресе 



монополиялар  жалданбалы  лоббистердiң,  көбiнесе  ықпалды  заң,  үгiт-насихат, 

консультация  фирмаларының  немесе  оның  жетекшi  мамандарының  қызметiн 

пайдаланушы.  Кейде  мүшелiк  негiзде  кәсiпкерлiк,  кәсiби  немесе  қоғамдық  лоббистiк 

мақсатта ұйымдар құрылуы да мүмкiн.      

Лоббизм  әр  түрлi  салада  кездеседi  және  әр  түрлi  болып  келедi.  Мысалы, 

заңшығарушы,  атқарушы,  сот  билiк  салаларындағы  лоббизм.  ТМД  мемлекеттерiнде 

лоббизм көбiнесе атқарушы билiкте кездеседi. Өйткенi, бұл елдердегi түбегейлi мәселелер 

заңшығарушы билiк арқылы сирек шешiледi. Шын мәнiнде, барлығы президент қаулысы 

мен Үкiмет жарлығы арқылы шешiледi, олар құқық жүйесiнде басымдылық рөлге ие және 

тiкелей әрекет етуге құқылы.  

Шартты  түрде,  адамдардың  санасы  мен  iс-әрекетiне  күштi  ықпал  етушi,  билiктiң 

«төртiншi тармағы» - бұқаралық ақпарат құралдарындағы лоббизмдi де атап айтуға болады. 

Ал,  лоббизмның  өзi  беделдi  қызмет  /АҚШ,  Батыс  елдерiнде/,  кейбiреулер  оны  билiктiң 

бесiншi тармағы деп санайды. Мәселен, АҚШ-та лоббизм өз дамуының жоғары шыңына 

жеткен, кейбiр ғалымдар оны тiптi заң шығару билiгiнiң «үшiншi палатасы», «Американы 

басқару жүйесiнiң интегралдық элементi»  деп атайды /Америкада лоббизм сонымен бiрге 

бизнеске айналған, Вашингтондағы лоббизмге жылына 100 млн. доллар жұмсалады/. 

Демеушiлiктi  /лоббирования/  қай  басқарушылық  шешiмде  өз  мақсатына  жетуiне 

тәуелдi бөлуге болады:  құқықшығармашылық /лоббизм нормативтiк актiлер арқылы заң 

шығару  ұйымдарында/,  құқыққолданушылық  /лоббизм  құқық  қолдану  актiсi  арқылы/, 

құқықпайымдаушылық  /лоббизм  құқыққа  түсiнiк  беру  актiсi  арқылы/.  Демеушiлiктi 

мүдде  сипатына  тәуелдi  де  бөлуге  болады:  саяси,  әлеуметтiк,  экономикалық,  қаржы, 

құқықтық.  Уақытына  қарай  демеушiлiк  бiрмезгiлдiк  және  тұрақты  болып  бөлiнедi. 



Демеушiлiк  билiктiң  қай  деңгейiнде  жүзеге  асатынына  қарай  да  бөлiнедi:  федералды 

/мемлекеттiк  билiк  пен  басқарудың  жоғары  ұйымдары  жүйесiнде  жүзеге  асырылады/, 



жергiлiктi /республикалық, өлкелiк, облыстық ұйымдарда/. 

Демеушiлiктi  кiмнiң  пайдасына  шешiлетiне  қарай  да  жiктеуге  болады.  Әр  түрлi 



әлеуметтiк  құрылымдардың  демеушiлiгi:  қоғамдық  ұйымдар,  қозғалыстар,  партиялар, 

топтар,  қабаттар,  кәсiподақтар,  антиәскери  және  экологиялық  қозғалыстар,  кәсiпкерлер 

одағы.  

Ведомствалық  демеушiлiк  -  бұл  министрлiктер,  ведомствалар,  мемлекеттiк 

комитеттер  лоббизмi  /энергетика,  агроөндiрiс,  әскери-өндiрiс  комплекстерi  пайдасына 

демеушiлiк/. 

Өлкелiк демеушiлiк - билiкке республика, өлке, облыс, аудан т.б. өкiлдерi тарапынан 

ықпал ету, өлке үшiн белгiлi бiр артықшылыққа ие болу. 



Шетелдiк демеушiлiк - бұл шетелдiк «қысым тобының» қандай да бiр мемлекеттiк 

ұйымға белгiлi бiр шешемдi иелену мақсатында ықпал етуi. 



Лоббизмнiң артықшылықтары: 

•  басқарушылық  шешiмге  ықпал  ету,  лоббизм  мемлекеттiк  ұйымдар  мен 

басқармаларды    «форманы  сақтауға»  мәжүр  етедi,  олармен  белгiлi  бiр  деңгейде 

бәсекелеседi және жарысады, оларға динамика мен үйлесiмдiлiк бередi. Билiк тармақтарға 

бөлiнген  жағдайда  әрбiр  тармақ  лоббидi  өз  мақсатына  пайдалана  алады.  Мәселен,  АҚШ 

Конгресiнiң  заңгерлерi  ресми  түрде  белгiлi  бiр  мүдделi  топтың  лоббистiк  кадрларымен 

әрiптестiк қатынаста болады, ал ол заңшығарушы билiктiң бағытын күшейтедi.  

•  лоббизм  азаматтық  қоғамды  ұйымдастырудың  құралы  ретiнде  әрекет  етедi,  оның 

көмегiмен қандай да бiр заң жобасы қоғамдық қолдауға немесе  оппозицияға  ұшырайды, 

саясатқа  ықпал  күшейедi.  Лоббизм  бұл  жағдайда  бюрократияның  қарсыласы.  Мемлекет 

нарықтық  қатынас  қалыптасуы  жағдайында  әр  түрлi  әлеуметтiк  топтар  мен  қабаттардың 

мүдделерiн  қорғау  бiрте-бiрте  кейiн  шегiндiрiле  бередi,  бұл  вакуумды  азаматтық  қоғам 

құрылымдары толтықтырады.  

• лоббизм азшылық мүддесiн қорғауға мүмкiндiк жасайды, немесе саяси плюрализмдi 

қалыптастырады. 


•  лоббизм  әлеуметтiк  мемлекеттiк  емес  құрылымдардың-ассоциациялар,  қоғамдық 

ұйымдар,  қабаттар  бостандығы  қағидасын  ендiредi.  Демеушiлiк  көмегi  арқылы  олар  өз 

проблемаларын  шешуге  тырысады  және  бұндай  шешiмдердi  таңдау  жолдары  мен 

тәсiлдерiне ие болады.  

• бұл қандай да бiр мақсат пен мүдделердi  өмiрге ендiрудi жеделдетуге бағытталған, 

тиянақты әрекетке ынталандырушы әлеуметтiк-саяси қызықтырудың өзiндiк құралы. Бұл 

бағытта лоббизм саясаттағы қандай да бiр процесс пен құбылысты белсендiру тәсiлi боып 

табылады. 

•  лоббизм  қабылданушы  шешiмнiң  ақпараттық  және  ұйымдастырушылық  базасын 

кеңейтуге мүмкiндiк жасайды және «айқайлаушы» проблемаға көңiл аудартады. Лоббистер 

мемлекеттiк  билiк  ұйымдарын  ақпараттар  ағымымен  қамтамасыз  етедi,  сондықтан  да 

оларды ақпарат «саудагерлерi» деуге болады.  

• лоббизмдi өкiлдiлiк және атқарушы билiктердiң өзара әрекеттерiнiң құралы ретiнде 

қарастыруға болады. Билiктiң тармақтарға бөлiнуi оларды бiр-бiрiне қарсы қоймайды, тек 

қызметтiк сипатқа ие болады. 

• лоббизмдi келiсiмге жету құралы, өзара салмақтылық тәсiлi, әр түрлi мүдделердiң 

қолданылуы ретiнде бағалауға болады.  

Лоббизм кемшiлiктерi:   

•    лоббизм  отандық  мүдделерге  зиянын  тигiзiп,  шетелдiк  мүдде-лердi  басым 

қанағаттандырудың құралы болуы мүмкiн.  

•  лоббизм  кейде  мемлекеттiк  ұйымдарға  заңсыз  қысымдардың  себепкерi  болады. 

Мұнда  оның  билiктiң  фундаментiн  шайқалтатын  қылмыстық  түрлерi  /жемқорлық, 

сыбайластық, т.б./ туралы айтуға болады. 

•  лоббизм  «арнаулы  мүдделердi»  қанағаттандырудың  қолайсыз  формалары 

ведомствалық, жергiлiктiк, ұлтшылдық т.б. факторларының күшейуiне алып келедi. 

•  лоббизм  қоғамдағы  халықбилiгi  бастауларына  аз  қауiп  төндiрмейдi,  яғни 

демократиялық институттарды жекелеген билiк топтарының күштi құралына айналдырады.   

•  лоббистiк  шаралар  белгiлi  бiр  жағдайда  және  әлеуметтiк  әдiлетсiздiк  қалыптасуы 

формасында  өтедi.  Мәселен,  батыстық  кейбiр  мемлекеттерде  лоббизм  бизнесi  басқа 

құрылымдарға  қарағанда  әлде  қайда  жоғары.  Мұндай  қайталанушы  ахуалдар  жағдайды 

тұрақсыздандыруға, шиеленiстiң өсуiне мүмкiндiк тудырады. 

•  лоббизм  қажеттi  басқарушылық  шешiмдi  жаулап  алады,  қоғамдық  құнды 

мүдделердiң қанағаттандырылуына кедергi жасайды, шенеунiктер мүддесi жүзеге асуына 

мүмкiндiк бередi. 

•  бұл  тәсiл  кейде  мемлекеттiк  саясаттың  тұрақтылығы  мен  белсендiлiгiне  кедергi 

жасайды,  бюджеттi  тұрақты  түрде  қайтабөлуге,  билiктiң  бiр  тармағының  күшейуiне, 

қалғандарының әлсiреуiне алып келедi. 

• лоббизм кейбiр қабаттардың, элитаның байуының құралы. «Лоббизм- бұл билiктегi 

күштi  адамдар  тобының  бар  мүмкiн  шараларды  материалдық  ресурстар  мен  игiлiктердi 

қайта бөлу үшiн пайдаланулары» /М.Малютин. Лоббизм- всего лишь средство обогащения. 

//Известия, 1994, 16 ноябрь/. 

   Лоббизм  барлық  әлеуметтiк  құралдар  сияқты  не  бүкiл  қоғам  игiлiгi  үшiн,  не 

жекелеген партия, топтар пайдасы үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Бұның барлығы әлеуметтiк-

экономикалық,  саяси,  мәдени  дамуға,  лоббизмнiң  артықшылығы  мен  кемшiлiгiн 

шығаратын  қолайлы  жағдайларға  тәуелдi.  Лоббизм  қоғамға  пайда  әкелуi  үшiн  мына 



жағдайлар  қалыптасуы  шарт:  демократиялық  институттар  мен  нормалардың  шынайы 

әрекетi,  экономикалық  және  саяси  тұрақтылық,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

тәуелсiздiгi,  тұрақты  азаматтық  қоғам  т.б.  Осы  факторлар  қалыптасқан  жағдайда  ғана 

лоббизм жалпыәлеуметтiк режим және қоғамдық мүдде үшiн жұмыс iстей бастайды. 



Лобби  -  белгiлi  бiр  заң  жобаларына,  қабылданатын  шешiмдерге  ықпал  ету 

мақсатында  әрекет  ететiн  ерекше  саяси  ұйым.  Ол  қысымшы  топтың  бiр  түрiне 

жатады.  Саяси,  қоғамдық  қайраткермен  жақсы  қатынастар  орнатып,  солар  арқылы 

үкiметтiң табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздерiне керектi өзгерiстер 

жасауға және т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлi әдiс-тәсiлдi пайдаланады /Д.А. 

Жамбулов/. 

Лоббизмнiң түрлерi: 

Лоббизмнiң мынадай формалары қалыптасқан: тiкелей лоббизм, 



жанама лоббизм.  

Тiкелей /iшкi/ лоббизмде лоббист пен мемлекеттiк билiк немесе ресми билiк өкiлдер 

арасында тiкелей байланыс орнайды.  

Тiкелей лоббизм мынадай тәсiлдерi арқылы ерекшеленедi:  

1.  Заңшығарушылармен жеке кездесу. 

2.  Тыңдауларда сөз сөйлеу, пiкiрiн бiлдiру. 

3.  Заң жобасын даярлауда кәсiби кеңестер беру, көмектер ұйымдастыру. 

4.  Заңшығарушыларды әр түрлi кездесулерге шақыру. 



 

ЛЕКЦИЯ-15. САЯСИ МӘДЕНИЕТ ПЕН МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ 

1.  Саяси мәдениет түсінігі, мәні құрылымдық компонентер және саяси мәдениет 

қызметтері. Саяси мәдениет қоғамдык-тарихи негіздің ажырамас бөлігі ретінде. 

2.  Саяси  мәдениет  ұлттық,  әлеуметтік  мәдени,  ұлттық  тарихи,  діни,  ұлттық-

психологиялық  дәстүрлермен,  әдет-ғұрыптармен,  стереотиптермен  байланысы.  

Саяси өмірдің институционалды нормалары мен дәстүрлері. 

3.  Саяси  мәдениет  және  қоғамдық  сана.  Саяси  сананы  қалыптастырудағы 

қоғамдық-саяси  институттардың  ақпараттық-идеологиялық  рөлі.  Саяси  сана 

деңгейі. Саяси мінез-кұлықтың үлгілері мен стереотиптері. 

4.  Саяси мәдениеттің жіктелу мәселелері. Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси  

субмәдениеттің арақатынасы. 

5.  Өтпелі  кезеңдегі  саяси  мәдениет.  Посткеңестік  мәдениеттің  ерекше 

сипаттары.  Қазақстан  Республикасында  демократиялык  саяси  мәдениеттің 

қалыптасу мәселелері. 

6.  Саяси  идеология  саяси  сананың  ықпалды  түрлерінің  бірі  ретінде.  Саяси 

идеологияны  анықтаудағы  әртүрлі  амалдар.  Саяси  идеология  деңгейі  және 

қызметтері.  Қазіргі  заманның  негізгі  саяси  идеологиялары:  либерализм. 

консерватизм, марксистік дәстүр және халықаралық социал-демократия. 

 

Саяси  мәдениет  түсінігі,  мәні  құрылымдық  компонентер  және  саяси  мәдениет 



қызметтері.  Саяси  мәдениет  қоғамдык-тарихи  негіздің  ажырамас  бөлігі  ретінде.  

Саяси мәдениет құбылысы саяси зерттеу обьектiсi ретiнде ертеден-ақ танымал. Ең алғаш 

рет «саяси  мәдениет» ұғымын қолданған, ғылыми  әдебиетке енгiзген  ғасырда өмiр 

сүрген  немiстiң  ағартушы-философы  Иоганн  Гердер  (1744-1803ж.ж.)  болып  табылады. 

Бiрақ, бұдан саяси мәдениет туралы оған дейін ешқандай ой-пiкiрлер болмаған деген түсiнiк 

қалыптаспауы  тиiс.  Атап  айтсақ,  антикалық  ойшылдар  Платон  «Мемлекет»,  «Заңдар», 

Аристотель    «Саясат»    деген    еңбектерiнде,    кейiнiрек  Н.  Макиавелли,    Ф.  Бэкон,    Ш. 

Монтескье    т.б.    ойшылдар    бұл    мәселеге    көңiл    бөлген.    Олар    тәрбиеленген  дәстүрі, 

әлеуметтiк,    саяси    тәжiрибесі  әртүрлі    адамдардың    бiрдей  жағдайда    сезiнуі,  жауап 

қайтаруы, әрекеті әртүрлі болатындығын   байқаған.  Оның  себебiн  бiлгiлерi  келген,  оған  

жауап  iздеген.       

Саяси  мәдениет  тұжырымдамасын  белгiлеп,  оның  негiзгi    пiкiрлерiн  жасауға    М. 

Вебер,  Э. Дюргейм,  Т. Парсонс  сияқты батыстың  iрi ғалымдары да  үлкен  үлес  қосты.  

Бiрақ,  саясаттану  ғылымының  ұғымдық  жүйесiне  «саяси  мәдениет»  ұғымын  американ  

ғалымдары  Г. Алмонд пен С. Верба   ғасырдың 60-шы жылдары  енгiздi.  Бұл  кезеңде  

саяси    мәдениеттi    зерттеуге  деген  қызығушылықтың  артуы    үшiншi    әлем    елдерiнде,  



әсiресе   Африкада  пайда   болған   тәуелсiз   елдердегi (отарлық   езгi   құлауынан)   саяси  

тәжiрибе  ерекшелiктерiне  байланысты  болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет