Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата06.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49287
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Саясаттану лекция
Саясаттану лекция, Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер

 

 

ЛЕКЦИЯ-16. САЯСИ САНА МЕН САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ 

 

Саяси  идеология  саяси  сананың  ықпалды  түрлерінің  бірі  ретінде.  Саяси 

идеологияны  анықтаудағы  әртүрлі  амалдар.  Саяси  идеология  деңгейі  және 

қызметтері.  Қазіргі  заманның  негізгі  саяси  идеологиялары:  либерализм. 

консерватизм,  марксистік  дәстүр  және  халықаралық  социал-демократия.  Саяси 

идеология  мемлекеттiң  және  маңызды  саяси  институттардың  қызметтерiн  бағыттаушы 

саяси сананың ең ықпалды формасы және ол билiктiк қатынас мазмұнына ықпал етеді, әрi 

белгiлi  бiр  топтың  рухани  құралы  болып  табылады.  Саяси  идеология  ұғымы  саяси 

процестердегі маңызды көзқарастарды, саяси саланың дамуындағы заңдылықтарды ашып 

көрсетеді. 

Саяси идеология ұғымының (оны ағартушылық дәуiрiнiң философы француз Антуан 

Луи Клод Дестют де Траси енгiзген)  мазмұны ғылымда әртүрлi түсiндiрiлуде. Мәселен, 

В. Парето саяси идеологияны «сезiм тiлi» болып табылатын интеллектуалдық жүйе және 

адам  iс-әрекетiнiң  оятушы  ниетін  (мотивiн)  бейнелейді  деп  есептедi.  Идеология 

теориясының негiзiн салушының бірі К. Маркс, идеология дегеніміз қоғамдық тұрмыс пен 

өндiрiстiк  қатынас  қарама-қайшылығынан  туындаған  елестiк  сана  формасы  деп 

тұжырымдаған.  К.Маркс  замандасы  К.Мангейм,  идеологияны  «ерiктi  мистификация» 

жүйесi  деп  анықтады.  Бiрақ,  ол  идеологияның  қызметтiк  сипатына,  әсiресе  адамдарды 

бiрiктiру қабiлетiне, саяси энергияны аккумуляциялауына ерекше мән бердi. Бұл идеяларға 

қарама-қарсы пiкiр бiлдiрген Д. Истон мен А. Конноли, олар идеологияның көңiл-күйлiк 

жағынан гөрi құндылықтық мазмұнына ерекше мән берген болатын. У. Матц идеология тек 

күрделi  саяси  дағдарыстар  кезiнде  ғана  саяси  аренаға  шығады  деп  есептейдi,  ал  А. 



Хабермас, идеология мен бұқаралық мәдениет бiр деп санады. Американдық теоретик Л. 

Саджент  идеология  саяси  дамудың  белгiлi  бiр  мақсаттары  мен  құндылықтарын 

қалыптастырады,  сонымен  бiр  уақытта  практикалық  мәселелердiң  шешiлуiн  қиындатады 

деген.  Г.  Лассуэл  идеологияны  саяси  бiрлестiктердi  қандай  да  бiр  қолдауға  бағытталған 

коммуникацияның  көптүрлiлiгi  деп  түсiндiрдi.  Оның  ойынша,  бұл  мағынада  ол  өзiне 

қоғамдық санаға бағытталған мынадай элементтердi қамтиды: саяси доктриналарды, саяси 

формуланы  (конституцияның  негiзгi  ережелерiнiң  мазмұны)  және  саяси  миранданы 

(аңыздар, мифтер, рәсiмдер т.б.). 

Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi мен түрлері.  Саясаттану оқулықтарында 

идеологияның мына қызметтері атап көрсетілген: 



1 танымдық қызметi, ол арқылы саяси жүйенi, саяси өмiрдi танып бiлемiз; 

2 бағдарламалық қызметi, ол қоғам, әлеуметтiк даму, саяси тұлға, билiк т.б. туралы 

түсiнiк берiп, адамдардың iс-әрекетiне бағдар берiп отырады;        



3 жұмылдыру, iске тарту қызметi, жоғары  құнды идеяларды, мақсат-мүдделердi 

айқындап,  оның  жүзеге  асырылуына  түрткi  болу,  әлеуметтiк  топтарды  жұмылдыру, 

рухтандыру; 

4  бағалау  қызметi,  халық  санасында  қоғамның  дамуына  баға  берерлiк  жағдай 

жасайды, үстемдiк етiп отырған қоғамдық тәртiп туралы белгiлi бiр көзқарасты тудырып, 

қалыптастырады.     

Саяси идеологияның әрекет ету деңгейi де әртүрлi болып табылады:  

  теориялық-концептуалды,  белгiлi  бiр  таптың  құндылықтары  мен  идеалдарын 

ашатын  немесе  қандай  да  бiр  саяси  даму  мақсатын  ұстанатын  басты  ережелердi  

қалыптастыру;  

  бағдарламалық-саяси,  әлеуметтiк-философиялық  қағидалар  мен  идеалдар  саяси 

элита бағдарламасына, ұрандары мен талаптарына айналады, сөйтiп басқарушылық саяси 

шешiм қабылдаудың қалыптық негiздерi және азаматтардың саяси iс-әрекетiнiң ниеттемесі 

қалыптасады; 

  өзектендiрiлген,  яғни  азаматтардың  аталған  идеологияның  мақсаты  мен 

қағидаларын игеруiн, оны саяси iске және әрекетке айналдыру деңгейiн сипаттайды. 



Көптеген батыстық теоретик-саясаткерлер үшiн идеология дегенiмiз: 

• әлем туралы ғылыми емес бiлiм, ол адамдар санасын манипуляция-лаудың құралы 

немесе саяси насихаттау саласындағы психологиялық әдістердің жиынтығы; 

  «жалған  сана»,  қоғамның  үстемдiк  етушi  күшiмен  оған  деген  көзқарастардың 

арасындағы қатынастың қоғамдық негiзiн жоққа шығару, үгіт-насихатпен табысу;   

  тұжырымдар,  идеялар  жиынтығы,  қандай  да  бiр  саяси  жүйедегi  лидерлердің 

басшылығын ақтау мақсатындағы жеке адамдар мен халықтың қолдаулары; 

  көптүрлілік,    белгiлi  бiр  әлеуметтiк  топтардың  әлеуметтiк  бiлiмдерiнiң  немесе 

құндылықтық бағдарларының  әртүрлiлiгi. 

Батыс  әдебиеттерiнде  идеология  проблемасына  екi  көзқарас  қалыптасқан:  1) 

идеологияны  жалған  сана,  субъективтi  ойлау  деп  түсiну;  2)  идеологияның  құралдық-

қолданбалы жағына үлкен мән беру.      



Сонымен,  идеология  дегенiмiз  адамдардың  үлкен  әлеуметтiк  топтарының  iс-

әрекетiне  бағдар  берiп,  олардың  мақсат-мүдделерiн  бiлдiретiн  және  қорғайтын 

идеялар мен көзқарастар жүйесi.    

Саяси идеологияның негiзгi түрлері:  

 Либерализм  мен  неолиберализм.  Классикалық  либерализм  идеясы  буржуазиялық 

революция  дәуiрiнде  пайда  болады.  Либерализм  (liberalis  -  ерiктi)    идеологиялық  ағым 

ретiнде  ХVІІ-ХVІІІ  ғ.ғ.  ағылшын-американ  және  т.б.  батыстық  ағартушылардың  саяси 

философиялары негiзiнде қалыптасты. Оның негiзгi өкiлдерi: Дж. Локк, Ш. Монтескье, А. 

Смит,  И.  Кант,  Т.  Джефферсон,  А.  Токвиль.  Бұл  идеология  феодалдық  қоғам  ыдырап, 

буржуазиялық  қоғамдық  қатынастар  пайда  болуымен  бiрге  қалыптасты.  Бұл  кезеңде 

буржуазияға саяси билiктi өз қолына алуы үшiн либералды саяси доктриналар керек болды. 

Либерализм мына қағидаларға сүйенедi: 



• барлық адамдар табиғатынан дене және ақыл-ой қабiлетi жағынан тең. Қабiлеттер 

теңдiгi олардың өз мақсаттарына жетудегi теңдiгiн ұсынады; 

• адамның жеке бостандығы, оның табиғи құқығы және жеке меншiкке құрмет, оның 

өмiрiнiң негiзiн құрайды. Табиғи бостандық пен теңдiктi тану − адамның алғашқы бастама 

жағдайын тану (Дж.Локк). 

•  барлық  адамдар  тең  ғана  емес,  сонымен  бiрге  дербес  те  болып  жаратылған. 

Сондықтан  да  ол  өзiн-өзi  басқару  құқығына  ие.  Басқару    формасының  ең  тиiмдiсi  −   

азаматтарының  еркi кең болғаны. 

Сонымен, либерализм қағидалары: адамның еркiндiгi, тұлғаның табиғи құқығы мен 

бостандықтарының байланысы, олардың мемлекет және қоғам мүддесiнен жоғары тұруы. 



Либерализмнiң  мұраты  /идеалы/  саяси  демократия  қағидаларының  қалыптасуы  мен 

жетiлуiне, дамуына зор ықпал ету. 



Либерализмнiң экономика саласындағы негiзгi қағидалары: адамның жеке меншiкке 

құқығы,  нарықтың,  бәсекелестiктiң,  кәсiпкерлiктiң  еркiндiгi,  экономикалық  iс-әрекеттiң 

мемлекетке тәуелсiздiгi. 

ХХ  ғасырдың  30  жылдарындағы  әлеуметтiк  дағдарыстар  либерализм  идеология-

сының  әлсiздiгiн  көрсеттi.  Сондықтан  либерализмдi  қайта  қарап,  жаңғыртқан  жаңарған 

либерализм пайда болды. Оның негiзiн салушылар: Ф. Хайек, Дж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт т.б. 

Жаңарған либерализм идеологиясы бойынша мемлекет экономика мен әлеуметтiк салада 

белсендiлiк танытуы қажет. Олар плюралистiк демократия идеясын ұсынды. Либерализм 

идеологиясы Жапония, Англия, Австрия, Канада т.б. елдерде кездеседi. 



 Консерватизм  және  неоконсерватизм.    Консервативтiк  идеология  (konserbatus  − 

қорғаушы)  ұлы  француз  революциясының  саяси  идеяларына  қарама  қарсы  идея  ретiнде 

дүниеге келдi. Олар монархиялық билiктi, феодалдық қоғамдық құрылысты, оның саяси-

мәдени  құндылықтарын  сақтағысы  келдi.  Консерватизмнiң  негiзгi  өкiлдерi:  Э.  Берк,  Ж. 

Местр, Ф. Савиньи т.б. Олар ортағасырлық әдет-ғұрып, дәстүрлер қоғам өмiрiнде шешушi 

рөл  атқарады,  сондықтан  оны  қалпына  келтiру  керек  деп  санады.  Консерватизмнiң 



идеялық-саяси негiздерi мыналар: 

•  адамзаттың  ежелгi  моралдық  дәстүрлерiн  сақтау,    ата-бабалардың  даналығына 

құрметпен қарау; 

•    мақсаты  мен  мазмұнына  қарамастан  ескi  басқару  тәртiбiн  артық  көру,  оны 

қорғайтын сана жүйесiн қолдау;  

•  саяси  қатысу  мен  әлеуметтiк  тәртiптiң  белгiлi  бiр  бағдарлары  мен  қағидаларын 

қолдау; 

•  қоғамды  рухани  ақиқаттылық  ретiнде  тану.  Қоғамның  негiзгi  сипаты  тәжiрибе, 

дәстүр, мәдениет қажеттiлiгiмен анықталынады деп санау. 

ХlХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында консервативтiк идеологияға өзгерiстер 

енгiзiлдi. Ол еркiн нарықтық қатынастар, алуан түрлiлiк, саяси демократия принциптерi едi. 

Сондықтан  ХХ  ғасырдың  70  жылдарында  Батыс  Европада  жаңарған  консерватизм 

бағыты  пайда  болды.  Ол  жеке  адамның  бостандығын,  құқықтарын  жоғары  қойды. 

Мемлекеттiң  экономикалық,  әлеуметтiк  қызметтерi  едәуiр  шектелдi.  Мемлекет  меншiгi 

шектелдi,  жекешелендiру  негiз  алды,  бұрынғы  билiктегi  аристократия  артықшылығынан 

бас тартты. Жаңарған консерватизм өкiлдерi: Р. Рейган, Д. Буш, М. Тэтчер т.б. Олар жаңа 

экономикалық  құрылымды,  әлеуметтiк-адамгершiлiк  құндылық-тарды  либералдық  және 

социалистiк  негiзде  жаңартты.  ХХ  ғасырдың  80  жылдары  консервативтiк  партиялар 

Англия, АҚШ, ГДФ-да жеңiске жетiп, билiк басына келдi. 

Қазақстанға  жаңа  идеологияның  қажеттілігі  туралы.  Соңғы  жылдары  біздің 

қоғамымызда  идеологияғы  деген  тым  жағымсыз  қатынас  қалыптасты.  Жетпіс  жыл 

идеология қысымы астында өмір сүрген азаматтарымыз одан шаршағаны сонша, тіпті оның 

атының  өзі  оларға  ұнамсыз  болды.  Бірақ,  қоғам  идеологиясыз  өмір  сүре  алмайды. 

Идеологиялық  вакуум  болмайды  деген  ескі  ақиқаттылық  дұрыс  болып  шықты.  Біздің 

қоғамдық  санамызда  бос  орын  пайда  болған  кезде  оны  либералистік,  ұлттық,  діни  т.б. 



идеялар толтыра бастады.  

Соңында  адамдар  тіпті  ешбір  рухани  бағдарсыз,  құндылықсыз,  идеалсыз  қалды,  

руханилықтан және әлеуметтен айырылу адам үшін үлкен қайғы болып табылады. Қоғам 

рухани  бағдарсыз  адамдардан  тұрса,  ол  дағдарыстық  жағдайға  ұшырайды.  Онда 

адамгершілік  төмендейді,  қылмыс  көбейеді,  қалыптастыру-шылық  қызмет  мотивациясы, 

адамдар келісімі төмендейді. Бұның кейбір көрінісі қазір бізде байқалды.  

Әлеуметтік, экономикалық дағдарыстардың себептері саясат, экономика, техникалық 

арта  қалушылықта  деп  санау  заңды  сияқты.  Дегенмен,  кейбір  политолог,  социолог, 

философ  ғалымдар  ойынша  бұл  дағдарыс  тамыры  тереңде  жатыр,  ол  көрінбейтін 

адамгершілік саласында, кеңірек алсақ санады. Бұл дағдарыстан шығу үшін ортақ идеяны 

ойлап табу керек, оның төңірегіне адамдар жиналған болар еді, олар қоғам проблемаларын 

бірге шешер еді. Бұл идеялар, көзқарастар, құндылықтар идеология болып табылады.  

Сонымен, тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуы үшін жаңа 

идеологияны қалыптастыру қажет. Мұнда мынадай сұрақ туындайды, қазіргі жағдайдағы 

Қазақстанда идеология  қандай  болуы  керек? Идеология, билік жүргізіп отырған саясатпен 

тығыз  байланысты  болады,  бірыңғай  саяси-идеологиялық  кешенді  құрайды.  Өз 

тәуелсіздігін алған Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі мазмұнын экономиканы 

көтеру, қоғамды  демократияландыруды тереңдету мен кеңейту, ұлттық мәдениетті  қайта 

жаңғырту,  әлемдік  өркениетке  ену  құрайды.  Саяси  тілмен  айтқанда,  бұл  Қазақстанда 

әлеуметтік саясат модернизациясын жүргізу деген мағынаны білдіреді. 

Сондықтан  Қазақстандағы  жаңа  идеология  оның  әлеуметтік  модернизациясының 

идеологиясы  болуы  керек.  Бірақ  қысқа  уақытта  дамыған  азаматтық  қоғамға  жетуге, 

тоталитаризмнен демократияға  бірден  секіріп  өту мүмкін емес. Ол үшін ұзақ өтпелі кезең 

керек.  Сондықтан  қазір  елімізге  өтпелі  қоғамның  идеологиясы  керек.  Мұнда  президент 

билігінің  басымдылығы,  мемлекеттің  қоғамды  тоталитаризмнен  авторитаризмге  алып 

келудегі  рөлінің  басымдылығы  анық  байқалады.  Мемлекеттің  белсенділігі  мұнда  сөзсіз 

қажеттілік болып табылады.   

  

ЛЕКЦИЯ-17. САЯСИ ДАМУ ЖӘНЕ МОДЕРНИЗАЦИЯ 



1.  Саяси даму.  

2.  Саяси  модернизация    түсінігі.  Саяси  модернизация  теориясының  негізгі 

бағыттары,  олардың  эволюциясы  және  саяси  тәжірибемен  байланысы.  Саяси 

модернизацияның  мақсаты  және  критериялары,  оның  негізгі  ерекшеліктері. 

Модернизацияның  әлеуметгік  факторлары.  Саяси  модернизацияда  құндылық 

жүйелерінің ролі мен маңызы.  

3.  Модернизаторлық элита, оның түрлері. Модернизациялық процестегі дәстүр 

рөлі.  Өтпелі  саяси  тәртіптің  легитимділігі  мен  тиімділігін  көтеру  факторы  ретінде 

саяси катысудың маңызы. Модернизациялық қоғамдағы  саяси қайшылыктар және 

саяси даму дағдарысы.  

4.  Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация. 

Саяси даму. Қазiргi саясаттану ғылымында «саяси даму» ұғымының жалпытаныған 

анықтамасы жоқ. Көбiнесе саяси әдебиеттерде саяси даму мына мәндерге ие болады: 

•  экономикалық дамудың алғышарты; 

•  өндiрiстiк қоғамға тән саясат; 

•  саяси модернизациялау; 

•  ұлттық-мемлекеттi басқару; 

•  әкiмшiлiк және құқықтық даму; 

•  жаппай жұмылдыру және қатысу; 

•  демократиялық қоғамды құру; 

•  өзгерiстер сабақтастығы мен тұрақтылығы

•  әлеуметтiк өзгерiстердiң көпжақты процесiнiң бiр аспектiсi. 

Саяси  iлiмдер  тарихында  саяси  дамудың  әр  түрлi  концепциялары  қалыптасқан. 



Мәселен,  саяси  дамудың  либералдық  өкiлдерi,  саяси  дамудың  өлшемi  ретiнде  адам 

құқығының жоғарылығын, мемлекеттiң азаматтық қоғам бақылауында болуын, плюрализм 

мен  рухани  бостандықты  алады.  Ал,  консерваторлар,  саяси  дамудың  негiзгi 

құндылықтары ретiнде саяси iс-әрекеттегi моралдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы 

формасымен сабақтастықты, билiктi ұйымдастыруда базалық қалыптары мен қағидаларын 

сақтауды есептейдi. Марксизм, саяси жүйе дамуының өлшемiн жеке меншiктiң қоғамдық 

меншiкке ауысуымен, жұмысшы табының гегемондығымен және коммунистiк партияның 

жетекшiлiк  рөлi  артуымен  байланыстырады.  Демек,  алдыңғы  екi  бағыт  демократияның 

тоталитаризмге, ал марксизм болса социализмнiң капитализмге үстемдiгiн қолдайды. 

Бiрақ,  саяси  процестер  аяқталмаған  транзиттi  қоғамда  бұл  өлшемдердi  пайдалану 

қиындық  тудырып  ғана  қоймайды,  кейде  даму  идеясының  өзiне  қарама-қайшылық 

тудырады.  Мәселен,  билiктi  демократиялық  негiзде  институттау,  плюрализмдi  кеңейту 

басқарудың деспоттық формасының қалыптасуына, немесе қоғамды басқаруда жағымсыз 

салдарлардың тууына алып келуi мүмкiн.   



 Саяси  даму  −  саяси  құрылымдар,  қалыптар,  институттардың жаңа  әлеуметтiк, 

экономикалық және т.б. мәселелердi тез арада қабылдау қабiлетi мен сезiну икемдiлiгiне, 

әрi  қоғамдық  пiкiрдi  қабылдау  мүмкiндiгiне  тәуелдi.  Демек,  керi  байланыстың  тұрақты 

механизмi  қалыптасуы  тиiс,  бұл  дегенiмiз  басқарудың  тиiмдi  буындары  тұрғындар 

пiкiрлерiн  есепке  алуға  қабiлеттi,  шешiмдi  тиiмдi  таратушы,  саяси  жүйе  шиеленiстi 

реттеудiң икемдi механизмiне айналған және билiктi қолданудың тиiмдi жолдарын таңдаған 

деген  сөз.  Мұнда  бұл  мемлекет  қандай  нақты  ұлттық-мемлекеттiк  форманың  өзгерiсiн 

иеленетiндiгi  ешқандай  мәнге  ие  болмайды,  қандай  партия,  қандай  идеология  саясатты 

анықтайтындығы  ешбiр  рөл  атқармайды.  Ең  негiзгiсi,  саяси  институттардың  жаңа 

проблемелерды шеше бiлу қабiлетiнде, оның қоғаммен ашық сипаттағы қатынасы билiк 

жүйесiнiң жағымды динамикасын, өмiр сүрудiң жаңа сапасына өткендiгiн бейнелейдi. Бұл 

пiкiрдi  Д.  Истон,  Г.  Алмонд  және  Г.  Пауэлдiң  саяси  жүйедегi  ең  бастысы  оның 

құрылымында емес, iс-әрекетiнде деген тұжырымдары да растайды. 

Саяси  даму  дегенiмiз  саяси  жүйенiң  өзгерушi  әлеуметтiк  жағдайға  икемдi 

бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында 

керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы.  

Саяси  дамудың  мақсаты  қандай  да  бiр  тиянақты  саяси  қатынас  пен  қалыпты 

қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси институттар мен ашық түрдегi саяси жүйе арқылы 

бiрте-бiрте  күрделенiп  келе  жатқан  әлеуметтiк  және  экономикалық  мәселелердi  шешу. 

Саяси  даму  процесi  саяси  жүйенiң  iшiнде  оның  мақсатының  мынадай  факторлармен   

әлеуметтiк-экономикалық даму тұрақтылық, теңдiк, қатысу т.б. өзара байланысы болуын 

талап етедi. Табысты бөлудегi теңсiздiк пен саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған 

даму  жағдайында  әлеуметтiк  қиналыс,  саяси  тұрақсыздық  күшейедi,  сөйтiп  саяси  даму 

процесi бұзылады. 

Саяси дамудың эволюциялық жолы үшiн қажеттi жағдайлар мыналар: 

1  тұрғындардың  шешiм  қабылдау  мүмкiндiгiн  кеңейту,  қоғамдық  сұраныс  пен 

мүдденi есепке алу; 

2 билiк үшiн күресте әдiл және еркiн бәсекелестiктi орнату; 

3. шиеленiстi шешудiң тиiмдi механизмiн қалыптастыру; 

4 саяси жетекшiлердiң  бiлiктiлiгi, хабардарлығы, қарсыласымен келiсiмге келе бiлу 

қабiлетi, күштеуге жол бермеу; 

Саяси жүйедегi даму процесi: 

1  талаптар  мен  қолдауды  артикуляциялау,  оны  әр  түрлi  күштеу  топтары  мен  саяси 

партиялар  атқарады.  Егер  олардың  қызметi  шектетiлетiн  болса,  онда  саяси  жүйенiң 

бейiмделу  мүмкiндiгi  әлсiрейдi.  Талаптарды  електеу,  белгiлi  бiр  каналдарға  бөлу.  Ол 

мәдени әрi құрылымдық болып екiге бөлiнедi. Құрылымдық немесе саяси түрi, оған партия, 

жоғары  қабат,  парламентаризм  жатады.  Мәдени  реттеуге  саяси  қалыптар,  құндылықтар, 

түсiнiктер,  көзқарастар  жатады.  Сондықтан  мұнда  саяси  әлеуметтендiру  рөлi  басым. 


Талаптарды қысқарту, топтастыру, баламалық талдауды қалыптастыру. Бұл қызметтi саяси 

партиялар тиiмдi атқарады. Қазақстан Республикасында саяси партиялардың әлсiздiгi саяси 

жүйенiң сыртқы және iшкi өзгерiстерге тез арада бейiмдiлуiнiң стратегиялық потенциалын 

төмендетуде. 

2  Керi байланыс қоғамдағы шиеленiстердi шешудiң бiрден-бiр көзi, ол билiктiң саяси 

жүйеге түскен талап-тiлектердi реттеу қабiлетiне байланысты. Керi байланыс саяси жүйенiң 

өзiнiң  мақсатына  қаншалықты  жеткендiгiн  анықтауға  мүмкiндiк  бередi.  Қазақстан 

Республикасында саяси жүйе керi байланыс әлсiздiгiнен қиналысқа ұшырауда. Бұл саяси 

жүйенiң ақпараттар каналдарының қызметi әлсiздiгiне байланысты.  

К.  Дойч  саяси  жүйе  өз  мақсатына  жетуi  үшiн  мына  төрт  факторға  тәуелдi  деп 

есептейдi: 

• 

жүйенiң ақпараттармен жүктелуi; 



• 

саяси жүйе реакциясының жылдамдығы; 

• 

саяси жүйенiң жаңа фактiлерге тез, әрi сапалы жауап қайтаруы



• 

мақсатты нақты белгiлеу. 

Демек, саяси жүйе қызметiнiң тиiмдiлiгi қамтамасыз ететiн факторларға айналымдағы 

ақпараттардың  жеткiлiктiгi  мен  сапасы,  жүйенiң  сыртқы  ықпалдарға  жауап  қайтару 

жолдары  мен  формалары,  сонымен  қатар  коллективтiк  әрекет  арқылы  бiлдiру,  оның 

нәтижесiнiң бастапқы мақсатқа сәйкес келуiн  жатқызуға болады. 



Саяси модернизация теориялары мен түрлері.  Саяси модернизация дегеніміз саяси 

жүйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен 

бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру. Демек, 

саяси саладағы модернизация  әлеуметтік талаптарды қанағаттандыру және  мемлекет пен 

саяси қатысудың ортақ тетігін табуы тиіс. 

Модернизация  мақсаты  –  белгілі  бір  жетістік  пен  табысқа  жету.  Мұнда  нарық  пен 

азаматтық  қоғам  қағидаларына  негізделген  әлемдік  экономика  стандарттарына  жету 

міндеті қойылады.   

Модернизация теориясының классиктері: О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Г. Зиммел, Ф. 

Теннис,  Э.  Дюркгейм,  Т.  Парсонс  болып  табылады.  Бұл  аталған  ғалымдардың  ұсынған 

модернизацияның классикалық теориялары  мен еңбектері  мыналар: 

1 О. Конт, «адамзат дамуындағы үш кезең» идеясы; 

2 К. Маркс, «тарихи материализм» теориясы ; 

3 М. Вебер, «рационализация» (ұтымды ету) теориясы

4 Г. Зиммел, «абстракция» теориясы;  

5 Ф. Теннис, «қауымдастық» және «қоғам» туралы теориялар;  

6 Э. Дюркгейм, «механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа өту» теориясы;  

7 Т. Парсонстың «әлеуметтік жіктеу рөлін талқылау» идеясы. 

Модернизациялау  үдерісін  зерттеп,  сипаттауға  қажетті  саяси  дамудың  әртүрлі 

тұжырымдамалары бар. Олар: 1 «модернизация»; 2 «даму»; 3 «артқа қалу»; 4 «тәуелділік».  

Демократиялық  модернизациялану  процесін  американдық  зерттеуші  К.  Менгес 

сатыларға бөліп көрсетті;  

Біріншісі, дағдарыс пен бұрынғы режимнің моральды-саяси төзуі; 

Екіншісі, әр түрлі коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі; 

Үшінші, бұрынғы режіммен қалған кейбір жетекшілер мен ұйымдардың билікке қайта 

оралуы.  

Демократиялық  мордернизацияның  өзіндік,  қазақстандық  жолын  Н.Ә.  Назарбаев 

ұсынды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол – сызбаны көз жұма көшіре салу 

емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида – қан мен 

хаосқа  толы  демократия  бізге  керек  емес.  Біздің  демократиямыздың  негізі  –  саяси, 

әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық».  

Модернизацияның түрлері:  



1 Классикалық спонтанды үлгісі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық 

қоғамның әртүрлі құрылымының модернизациясының жүйелілігі қазіргі қоғамның негізгі 

құрылымдарының пайда болуына түрткі болды.  

2  Модернизацияның  екінші  үлгісі,  кешіккен  және  негізгі  емес  үлгі  (Жапония, 

Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі).  

3  Кешігу модернизациясы үлгісі (Испания, Португалия).  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет