Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Болашақ  маманның  тұлғалык  қалыптасуындағы  саясаттанудың  рөлі  мен



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата06.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49287
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Саясаттану лекция
Саясаттану лекция, Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер

Болашақ  маманның  тұлғалык  қалыптасуындағы  саясаттанудың  рөлі  мен 

маңызы. 

Қазақстан тәуелсiздiгiне қол жеткiзген уақыттан берi көптеген ғылыми мәселелерге 

түбегейлi  жаңаша  қарауға  мүмкiндiктер  туды.  Соның  бiрi  –  саясаттану  ғылымының 

көтеретiн мәселелерi тiкелей қоғамымыздың саяси қауiпсiздiгiн, саяси дамуын теориялық 

тұрғыдан  қамтамасыз  етiп  отырады.  Жалпы  мемлекеттiк  маңызға  ие  болатын  саяси, 

әлеуметтiк  мәселелер зерттеу объектiсi болып табылатын саясаттану ғылымының елiмiздiң 

болашақ дамуы үшiн маңыздылығы зор. Елiмiзде саясаттану ғылымының қалыптасу мен 

дамуына жағдайдың жасалынуы өркениеттi елдердiң үлгiлерiне сәйкес келетiн iс-әрекеттер 

мен  стратегиялық  жолдарға  көшуiнiң  көрiнiсi.  Қоғамымыздың  саяси    жүйесін  жетілдіре 

түсу  үшін  әрбір  азаматтың  саяси  мәдениетінің  барынша  демократияланған  сипатта 

қалыптасуы шарт. Саяси мәдениет сонымен бірге, саяси институттардың қызметінің негізгі 

мазмұнын  да  құрайтын  құбылыс.  Демократиялық  саяси  мәдениет  –  бұл  әлеуметтік, 

этникалық,  мәдени  проблемаларды  өркениетті  тұрғыда  шешуге  арқау  болады,  қоғамның 

жан-жақты дамуына жағдайды қалыптастырады.  

Саясаттану пәнiнiң мақсаты – жастардың толық мағынадағы саяси субъект дәрежесiне 

көшiру  баспалдағы  болу  және  жас  азаматтың  саяси  көзқарастарының  iргелi  негiзiн 

құрайтын,  қоғамдағы  бiрлiктi,  тұрақтылықты  сақтауға  ықпал  ететiн  саяси  дүниетанымы 

мен саяси бағдарын  қалыптастыру мен дамыту. Саяси ғылымдарының  негiздерiн меңгеру  

қазiргi  өтпелi қоғам  жағдайында еркiн  бағдар ұстап,  белсендi iс-әрекет жасауға, iшкi және 

сыртқы  саясаттың  сыр  сипатын,  қилы  құбылыстарды  жете  ұғынуға,  басқа  адамның  

құқықтарын  қадiрлеуге,  өркениеттi  түрде  өзiнiң  мақсат  мүддесiн  бiлдiруге  жол  ашады. 

Саясаттану  жас  мамандарға    саяси  қажеттiлiктерiн  мемлекет  тарпынан    iске  асырудың 

жолдары  мен  әдiстерiн  дұрыс  таңдауға,  демократиялық  тәртiптердi  және  қоғамдық 

институттарды  қалыптастыруға  көмектеседi.  Саясаттану  саяси  төзiмдiлiкке,    келiсiмге, 

серiктестiкке,  мәмiлеге  келе  бiлудi,  дау-жанжалды  дер  кезiнде  шешудi,  ұлтжандылықты, 

қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершiлiктi сезiнуге ықпал етедi. 

Жастардың  отаншылдық  және  патриоттық  сезімдерін  қалыптастырады  және  дамытады. 

Саясаттану  жастарды  саясат  пен    саяси  жетекшiлердiң    iс-әрекеттерi  жөнiнде  хабарлар 

етеді. 

 

 



ЛЕКЦИЯ-2. ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР КҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ САЯСАТ 

1.  Саясат  қоғамдық  кұбылыс  ретінде,  оның  табиғаты, мүмкіндіктері,  шептері 

мен  келешегі.  Адам  қызметінің  маңызды  саласы  ретінде  саясатқа  деген  талаптар. 

Саясаттың  әлеуметтік  негіздері.  Саясаттың  тарихи  типтері.  Саясаттағы  жалпы, 

ерекше, жалпыадамзаттық, ұлттық. 

2.  Адам  -  саясаттың  жоғары  мақсаты.  Саясаттың  гуманитарлы  мәні, 

демократиялық мазмұны мен адамгершілік сипаты. 

3.  Саясаттың негізгі түрлері: ішкі, сыртқы, олардың өзара байланысы.  

4.  Ғылыми-техникалык,  экономикалық,  әлеуметтік,  ұлттық,  мәдени,  діни, 

экологиялық, әскери саясаттың мәні және мазмұны. 

5.  Қоғамды модернизациялау кезеңіндегі егеменді Қазақстан Республикасының 

саясаты. 

 

Саясат қоғамдық кұбылыс ретінде, оның табиғаты, мүмкіндіктері, шептері мен 



келешегі.    Ғылыми  практикада  «Саясат»  және  «саясаттану»  ұғымдары  араласып  келiп 

отырады. Мұнда бiрiншi элемент қандай да бiр обьектiнi, екiншiсi бұл обьектiнi тануды, ол 

туралы ғылымды бiлдiредi. 

Саясат дегенiмiз қоғамдағы үлкен әлеуметтiк топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар, 

олар  мен  мемлекет  арасындағы  қарым-қатынас  барысындағы  олардың  өз  мүдделерiн 

қорғауға,  iске  асыруға,  саяси  билiктi  жеңiп  алуға,  сақтап  қалуға  бағытталған  және  оны 

қолдауға  негiзделiнген  әрекет  жүйесi.  Саясат  қоғамның  қажеттi  әрi  маңызды  элементi 

болып табылады. 

Саясаттың атқаратын қызметтерi: 

• қоғамның жалпы мақсатын анықтау;  

• қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау, 

• қоғамдағы қатынастарды реттеу мен бөлу

• шешiмдер қабылдау. 

Саясаттың  обьектiсi  –  қоғам  болып  есептеледi.  Саясаттың  субьектiсi    қоғамдағы 

үлкен  әлеуметтiк  топтар,  (таптар,  ұлттар,  ұлыстар)  мемлекет,  партиялар,  жеке  адам. 

Сонымен,    саясаттың  қарастыратын  басты  мәселелерiнiң  бiрi  –  саяси  қатынас  мәселесi. 

Саяси қатынас – мемлекеттiк билiк жөнiндегi қатынас.  

Саясат  пен  экономиканың  бiр-бiрiне  ықпалын  айтсақ,  мұнда  анықтаушы  рөлдi 

экономика  атқарады,  себебi  ол  саясаттың  материалдық  негiзi  болып  есептелiнедi. 

Саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi – нақтылы экономикалық, әлеуметтiк факторлар мен 

заңдылықтарға негiзделiнiп жасалынады. Демек, саясат экономика заңдарын қатаң сақтауы 

және  оған  бағынуы  тиiс.  Сондықтан  В.И.  Ленин  саясатты  экономиканың  жинақталған 

көрiнiсi деп атаған. 

Саясатқа  ықпал  ететiн  факторлар  қатарына:    мәдени,  тарихи,  ұлттық  салт-дәстүр, 

әлеуметтiк-психологиялық, географиялық, демографиялық  ахуалдар жатады.  

Адам  -  саясаттың  жоғары  мақсаты.  Саясаттың  гуманитарлы  мәні, 

демократиялық мазмұны мен адамгершілік сипаты 

Саясаттың әлеуметтік негіздері. Саясаттың тарихи типтері. Саясаттағы жалпы

ерекше,  жалпыадамзаттық,  ұлттық  Саясат  ұғымы  саясаттанудағы  басты  зерттеу 

мәселесi. Саясат ұғымы күнделiктi өмiрде, ғылымда әр түрлi тұжырымдалынады. Мәселен, 

О.Шпенглер «саясат жоғары мәнде өмiр, ал өмiр дегенiмiз саясат» - деп жазады. К.Маркс 

пiкiрiнше  «саясаттың  барлық  сиқыры  мемлекеттiк  билiкке  таптардың  қатынасында». 

В.И.Ленин  «саясат  мемлекет  iсiне  қатысу,  мемлекет  бағыты,  мемлекеттiк  қызметтiң 

формасын,  мiндеттерiн,  мазмұнын  анықтау»  -  деп  есептеген.  Белгiлi  немiс  социологы 

М.Вебер «саясат билiкке қатынасуға талпынысты немесе билiктi бөлуге ықпалды бiлдiредi, 

ол  мемлекеттер  арасында,  мемлекеттiң  өз  iшiнде,  адамдар  топтары  арасында  болуы 

мүмкiн» - деп айтады. 


Кейбiр ғалымдар саясатты азаматтық келiсiмге қол жеткiзуге бағытталған қызмет деп 

есептейдi.  Мәселен, Платон «саясат бiрге өмiр сүру өнерi»  деген пiкiрдi айтады.  

Саясаттану классиктерi Г.Лассуэлл, А.Каплан «Күш және қоғам» атты еңбектерiнде 

саясат билiктiң қалыптасуы мен көлемiне байланысты деп жазды.  

Сонымен,  саясат  ұғымын  мемлекеттi  басқару  ғылымы,  мемлекет  мақсаты  туралы 

ғылым,  бiрге  өмiр  сүру  өнерi,  билiк  және  оны  сақтау  үшiн  күрес  деп  түсiнемiз.  Мұнда 

саясатты талдауда екi феномендi есепке алу керек: билiк және мемлекет. 

Саясат дегенiмiз қоғамдағы үлкен әлеуметтiк таптар мен топтар, ұлттар мен ұлыстар, 

олар  мен  мемлекет  арасындағы  қарым-қатынас  барысындағы  олардың  өз  мүдделерiн 

қорғауға,  iске  асыруға,  саяси  билiктi  жеңiп  алуға,  сақтап  қалуға  бағытталған  әрекеттер 

жүйесi. Басқаша айтқанда, саясат ұғымы қоғамның саяси саласындағы барлық құбылыстар 

мен үрдiстердi, тенденцияларды бейнелейдi. Осы тұрғыдан алғанда,  саясатты белгiлi бiр 

таптың,  партияның,  мемлекеттiң  мүдделерi,  мақсат-мiндеттерiнiң  мазмұны  мен  ауқымы 

көрсетiлген құжаттарының жиынтығы деп айтуға болады. 

Саясат қоғам дұрыс өмiр сүруi үшін қажет және сол үшiн өмiрге келген. Сондықтан 

да саясат қоғамның қажеттi, әрi маңызды элементi болып табылады. 

Саясаттың әлеуметтiк тұжырымдау тобы. Саясатты әлеуметтiк  тұжырымдаудың 

мынадай түрлерi бар: экономикалық, стратификациялық, құқықтық.  

1.  Саясатты  экономикалық  талдау  марксизмде  анық  байқалады,  онда  саясатты 

экономикалық  базистiң  қондырмасы  ретiнде  сипаттайды,  яғни  саясат  экономиканың 

сұранысы  мен  мүдделерiн    жинақтап  бейнелеушi.  Саясат  мұндай  жағдайда  қоғамдық 

өмiрдiң  арнаулы  саласы  ретiнде  өзiнiң  дербестiгiн  жояды,  тек  салыстырмалы  шектеулi 

автономиясын  сақтайды.  Жалпы  ол  саяси  субьектiлердiң  еркiне  тәуелдi  емес, 

экономиканың обьективтi заңдарымен анықталынады. 

Саясатты  экономикалық  детерминизм  рухында  анықтау  саясаттың  маңызды  бiр 

көздерiн  ғана  ашып  көрсетедi.  Ол  экономикалық  сұраныстардың  саясатқа  ықпалын 

анықтап,  оның  дербестiгiн  есепке  алмайды.  Тарихи  тәжiрибе,  ең  алдымен  командалық-

әкiмшiлiк  социализм  70  жыл  бойы  саясатқа  тек  экономика  ғана  ықпал  етiп 

қоймайтындығын көрсеттi, керiсiнше саясат экономикада үстемдiк жүргiзуi мүмкiн. 

Саясат экономикалық заңдарды саналы түрде қолдану формасы болғандықтан саясат 

экономикаға белсендi ықпал етедi, оны мынадан көруге болады: 

1.  Саясат  экономиканың  даму  бағытына  тура  ықпал  етуi  мүмкiн.  Бұл  жағдайда  

халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы жақсарып, қоғам прогрессивтi дамуы мүмкiн. 

Яғни саясат қоғам дамуы мақсатын, оны iске асыру жолдарын анық көрсетедi және оны iске 

асыру  үшiн  халықты  ұйымдастырады.  Экономикалық  мәселелерге  нақтылы  дұрыс  саяси 

мақсаттар мен мiндеттер қойылмайынша бiрде-бiр тап өз билiгiн қолына ала да, ұстап тұра 

да алмайды, яғни, саясат экономикалық мәселелердi шешудiң құралы болып табылады.  

2.  Саясат  экономикаға  керi  ықпал  етуi  мүмкiн.  Бұл  жағдайда  саясат  белгiлi  бiр 

дәрежеде,  бағытта  экономиканың  дамуына  кедергi  жасап  отырады.  Өйткенi,  саясат 

экономиканың табиғи даму заңдылықтарына қайшы келiп, өндiргiш күштер мен өндiрiстiк 

қатынастардың  арасындағы  үйлесiмдiлiк  заңын  бұзып,  олардың  арасындағы  шиеленiстi 

күшейте түседi. Мұндай үрдiстер қоғамның экономикалық даму бағытына қарама-қайшы 

немесе сыңар жақты iстердiң болуына жол бередi, сондай-ақ қоғам дағдарысқа ұшырауы 

мүмкiн.  Оған  дәлел  бұрынғы  Кеңес  Одағы  тұсындағы  дамуымыз.  Ол  кезде  саясаттың 

экономикаға  үстемдiк  етуi,  оның  экономика  заңдарымен  санаспауы  басым  болды. 

Сондықтан көптеген саяси шешiмдер экономикалық жағдайларға  қайшы келiп, өз шешiмiн 

таба алмай жатты. Мысалы, И.Сталиннiң ұжымдастырудағы асығыстығы, Н.Хрущевтың 80 

жылдары  коммунизмге  өту  туралы  тезистерi,  И.Брежневтiң  кемелденген  социализмдi 

жариялауы, М.Горбачевтың жеделдету концепциясы т.б. Сонымен өткен тарихи кезеңдерде 

саясаттың  басқа  қоғамдық  салаларда  үстемдiк  жүргiзгендiгiн  байқадық.  Демократиялық 

қоғамда  экономикада  нарықтық  қатынас  үстемдiк  етедi.  ҚР  нарықтық  қатынастағы  ел 

болып табылады.  



2.  Саясатты  әлеуметтiк  анықтауды»  құрамдас  бөлiгi  стратификациялық 

дефиниция. Ол саясатты белгiлi бiр қоғамдық топтар, тап, ұлт немесе өз мүддесiн билiк 

арқылы  қанағаттандыруға  талпынушы  мүдделi  топтар  бәсекелестiгi  ретiнде 

тұжырымдайды. Егер саясатты таптар арасындағы күрес ретiнде тұжырымдаушы маркстiк 

дефиниция өз мәнiн жойса, ал мүдделi топтар теориясы өзiнiң ауқымын кеңейттi және әрi 

олар  демократияның  плюралистiк  концепциясындағы  демократиялық  мемлекет  әр  түрлi 

мүдделi  топтардың  бәсекелестiгiн  реттеушi  саясат  жүргiзедi,  сол  арқылы  қоғамда  тепе-

теңдiктi сақтайды деп тұжырымдайды. 

3.  Саяси  iлiмдер  тарихында  саясаттың  құқықтық  концепциясы  кеңiнен  тараған. 

Олар саясат, мемлекет, құқық, ең алдымен адамның табиғи құқығының өнiмi деп санады. 

Оған  мысал,  Спиноза,  Т.Гоббс,  Ж.Ж.Руссо,  Кант  өкiлi  болып  табылатын  «қоғамдық 

келiсiм» теориясы болады. Бұл теорияның негiзгi мәнi саясат әрбiр адам өмiрге келгеннен 

берiлетiн  негiзгi  құқықтарды  -  өмiр  сүру,  бостандық,  жеке  меншiктi  қорғау  деп 

тұжырымдауы. 

Қазiргi  заманғы  әдебиеттерде  саясат  теориясының  құқықтық  тұжырымы  керiсiнше 

берiледi. Олар құқықты саясат өнiмi, оны таратудың негiзгi құралы, тұрақты саяси тәртiп 

құру  тәсiлi  деп  есептейдi.  Құқық  тiкелей  мемлекетпен  жасалынады  және  саяси  ерiк  пен 

мемлекеттiк мақсатқа негiзделiнедi. 

4.  Саясат  идеологиямен  де  тығыз  байланысты.  Идеология  таптардың  ең  алдымен 

экономикалық, әлеуметтiк т.б. мүдделерiнiң теориялық көрiнiсi. Сондықтан да идеология 

экономикалық-әлеуметтiк  т.б.  саясаттардың  iске  асырылуындағы  идеялық  құрал  болып 

есептелiнедi.  Идеологиядан бас тарту саясаттың  құнсыздануына алып келеді. Идеология 

саяси іс әрекеттердің теориялық негізі. Сондықтан идеологиясыз саясат болмайды Сонымен 

бірге  саясат  халыққа  идеологиялық  тәрбие  берудегі  құрал  болып  есептелінеді.  Өйткені 

оның қолында қоғамдық саяси теорияны жасау үшін барлық жағдай бар. 

Саясатқа  бұдан  басқа  да  факторлар  ықпал  етеді,  мәселен,  географиялық, 

демографиялық,  мәдени тарихи,   ұлттық салт дәстүр, әлеуметтік психология т.б. Себебі 

олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи кезеңде саясатты айқындаушы факторлардың біріне 

айналуы мүмкін. 

Саясатты,  сонымен бірге өнер деп қарастыру керек. Өйткені саясаттың объектісі де 

субъектісі  де  адам.  Сондықтан  саясаттың  сапасы,  деңгейі,  тиімділігі,  сауаттылығы,  әрі 

қуаттылығы  көп  жағдайда  саясаткердің,  ел  басшысының,  сайып  келгенде  жеке  адамның 

қабілетіне,  мәдениеттілігіне,  білімділігіне,  тапқырлығына,  іскерлігіне  тәуелді.  Демек, 

саясаттың  дұрыс  жүргізілуі  саясаткердің  қоғамдағы  барлық  табиғи  әлеуметтік 

мүмкіндіктерді  пайдалана  білуімен,  теориялық  негіздер  мен  принциптерді  қолдана 

алуымен,  саяси  шешімдерді  қабылдауда  шығармашылық  батылдықты  көрсете  алуымен 

және оның қоғамның келешегін болжай алатын логикалық көрегендігіне байланысты.      

Саясат  қоғамда  үлкен  өзгертуші,  айқындаушы  күшке  айналуы  үшін  ол  қоғам 

дамуының  негізгі  заңдылықтарына  сүйенуі  қажет.  Ол  заңдылықтар  ғылым  арқылы 

айқындалады. Сондықтан да саясат ғылымға негізделуі керек, яғни саясат ғылыми болуы 

тиіс. Саясат қоғамдық даму заңдылықтарына негізделінеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЛЕКЦИЯ-3. ӨРКЕНИЕТТЕР ТАРИХЫНДАҒЫ САЯСИ БІЛІМДЕРДІН 

НЕГІЗГІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 

1.  Ежелгі Шығыстың кұлиеленуші мемлекеттердегі саяси ілімдер: брахманизм 


және буддизм идеологиясы. Конфуциандық, даосизм, легизм.  

2.  Ежелгі  Греция  және  Ежелгі  Римдегі  саяси  ілімдер:  Платон,  Аристотель, 

Полибий, Тит Лукреций Кар. 

3.  Батыс  Еуропа  мен  Шығыстық  Араб  елдеріндегі  саяси  ілімдер  (орта 

ғасырлар): А. Блаженный, Ф.Аквинский.  

4.  Қазақ  және  Араб  саяси  философиясының  әкесі  Әбу-Наср  әл  Фараби,  Ибн 

Цина, Ибн Рушд, Ибн Халдун, Низами Гянджеви, Ә. Навои. 

5.  Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар: П. Макиавелли. Ж.Боден. Т.Мор и Т. 

Камнанела. XVII  ғасырдағы Голландия  және  Англиядағы  саяси  ілімдер: Г.Гроций, 

Баруха (Бенедикт) Спиноза,  Т. Гоббс  және  Дж.Локк. 

6.  Еуропалык Ағарту кезеңіндегі саяси идеялар: М.А. Вольтер. Ж.Ж. Руссо, Ш. 

Монтескье. 

7.  XVIII ғасыр аяғы және XIX ғасырлар басындағы саяси ілімдер:  Ф. Гегель. И. 

Кант, Г.Фихте, А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн 

8.  Жүсіп  Баласағұнның,  Махмұт  Қашкаридің.  Ахмет  Игүнекидің,  Мұхамед 

Достидің және Иби Рузбиханның, Қоркыт-Атаның, Қожа Ахмет Иассауидің ілімдері.  

9.  Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы. 

10. XIX  ғасырдағы  қазақ  ағартушыларының  саяси  көзқарастары  (Ш. 

Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев).  

11. XX  ғасырдағы  Қазақстандағы  саяси  ой  мен  ағарту  идеологиясының 

шығармашылық дамуы (М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, 

Ш.  Құдайбердиев.,  М.Шоқай,  М.  Тынышпаев,  X.  Досмұхамедов.,  Т.  Рысқұлов,  Е. 

Садуақасов, Е. Торайғыров., С.Сейфуллин  және т.б). 

12. Қазіргі заманғы Қазақстандағы саяси ой. 

 

Қазiргi дүниенi неғұрлым дұрыс танып, бiлу үшiн және болашақ жақсы өмiрдiң дұрыс 

жолын таңдай бiлу үшiн адамдар әр уақытта, әр дәуiрде өзiне дейiнгi өткен идеялар  мен 

қағидаларға  сүйенген.  Өткен  тарихты  және  адамзаттың  ұзақ  ғасырлық  тәжiрибесiн 

пайдалану тарихи қажеттiлiк болып табылады. 

Саяси iлiмдер тарихы әртүрлi көзқарастар мен ойлардың күресi ғана емес, сондай-ақ 

адамзаттың  таңдаулы  өкiлдерiнiң  мемлекет  пен  құқықтың  даму  тарихы,  бостандық  пен 

әдiлдiк,  заң  мен  заңдылық,  қоғам  мен  мемлекеттiк  құрылыс,  адамдардың  құқығы  мен 

бостандығы туралы айтқан алдыңғы қатарлы ойлары мен идеяларының жиынтығы. 

Ежелгі  Шығыстың  кұлиеленуші  мемлекеттердегі  саяси  ілімдер:  брахманизм 

және  буддизм  идеологиясы.  Конфуциандық, даосизм,  легизм.  Саяси  iлiмдер  алғашқы 

кезеңде адамдардың мифтiк көзқарастары негiзiнде Ежелгi Шығыста пайда болды. Ежелгi 

Шығыста саяси ойлар дiни сипатта қалыптасқанымен, онда белгiлi бiр таптың мүддесi мен 

билiгiн қорғайтын белгiлер мен заң қаталдығы анық сезiлдi. 



Ежелгi  Үндiстандағы  саяси  iлiмдерде    мифтiк,  дiни  және  брахманизм  идеялары 

үстемдiк  жасады.  Брахманизм  идеясы  б.з.д.  ІІ  мыңжылдықта  ВЕДА  ескерткiштерiнде 

кездестi.  Веда  –  бiлiм,  кiрiспе  деген  мағынаны  бiлдiредi.  Бұл  ведаларда  адамдар  төрт 

варнаға бөлiндi: брахмандар –  Пуруши құдайының аузынан, кшатрийлер – құдай қолынан, 

вайшийлер – құдай санынан, шудралар – құдай табанынан жаралған деп санады. 

Ману заңдарында адамдардың варналарға бөлiнуi және олардың қоғамдағы орны мен 

әлеуметтiк  теңсiздiгi  қорғалады.  Мұнда  брахмандардың  жоғары  дәрежелi  жағдайы  мен 

үстемдiгi, артықшылығы туралы айтылады. Тiптi патшаның өзi брахмандарды құрметтеуi, 

олардың  ақыл-кеңестерiн,  талаптарын  орындауы  тиiс.  Заң  бойынша  патшаның  басты 

мiндетi варна жүйесiн қорғау және оған қарсы келгендердi жазалау. Ману заңы бойынша 

патша өкiлдiгi шектеулi.  

Б.з.д.  VI  ғасырда  Будда  (данышпан  деген  мағынаны  бiлдiредi)  деген  атпен  белгiлi 

болған С. Гаутама Веда iлiмiн сынға алады. Будда дiнi бойынша брахмандардың жоғары 

дәрежесi  мен  артықшылығы  жоққа  шығарылады.  Б.з.д.  ІІІ  ғасырдан  бастап  буддизмнiң 



көптеген идеялары әлеуметтiк-саяси маңызға ие болып, мемлекеттiк саясат пен заңдылыққа 

ықпал ете бастайды. Үндiстанды бiр орталыққа бiрiктiрген Ашока патшаның билiгi тұсында 

(б.з.д. 268-232жж.) буддизм мемлекеттiк дiнге айналады. Буддизм ықпалы кейiнен Қытай, 

Жапония, Бирма, Цейлон елдерiне де тарады. 

Будда  «ең  бастысы  –  адамның  атағы  мен  шыққан  тегі  емес,  адамгершілігі»  –  деп 

үйретті.  Сонымен  бірге,  адам  өмірінің  мәні  байлық  пен  атақ  емес,  әрқашан  шындықты 

айтып, мейірімділік пен қайырымдылыққа ұмтылуда екенін дәріптеді.   

Ежелгi Қытай қоғамдық-саяси ойында ықпалды ағымның бiрi болған даосизм iлiмi, 

оның негiзiн салған б.з.д. VI ғасырда өмiр сүрген оқымысты Лао-цзы. Еңбегi «Дао және дэ» 

деп  аталады.  Даосизм  iлiмi  «дао»  ұғымына  негiзделедi,  ол  «алғашқы  түпкi  негiз»  деген 

мағынаны  бiлдiредi.  Даосизм  iлiмi  аспан,  табиғат,  қоғам  заңдылықтарын  анықтады.  Бұл 

заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әдiлдiктi жақтады. Дао iлiмi бойынша барлық 

адамдар тең.  Ол теңсiздiктi, әдiлетсiздiктi, қайыршылықты даодан ауытқу деп санады. 

Қытайдың  саяси  iлiмi  тарихында    конфуцизм  iлiмi  маңызды  рөл  атқарған.  Оның 

негiзiн  қалаған  б.з.д.  551-479ж.    өмiр  сүрген  қытайлық  ойшыл  Конфуций  болды.  Оның 

көзқарастары  шәкiрттерi  құрастырған  «Лунь  юй»  (Әңгiмелер  мен  пiкiрлер)  кiтабында 

жинақталған. Бұл кiтаптағы даналық туралы ойлар өз мәнiн осы уақытқа дейiн жойған жоқ.  

Ол  даналыққа  үш  түрлi  жолмен  жетемiз,  ең  iзгi  жол  –  санамен  саралау,  ең  оңай  жол  – 

елiктеу, ең қиын жол – тәжiрибеден тәлiм алу, – деп жазады. Оның негiзгi идеялары: 

1  мемлекеттiң патриархалды-патерналистiк концепциясы; 

2  аристократиялық билiк концепциясы; 

3  қайырымды билiк концепциясы. 

Конфуций барлық нәрсе үнемі өзгерісте  болады, уақыт тоқтамайды, әрбір нәрсенің 

басталуы мен аяқталуы болады дейді. «Адамның ісі де солай, бас-аяғынсыз бірде-бір іс жоқ. 

Оның басталуы мен аяқталуын анық білген адам ақиқатқа жақын тұрады» – деп жазады. 



Ежелгі  Греция  және  Ежелгі  Римдегі  саяси  ілімдер:  Платон,  Аристотель, 

Полибий,  Тит  Лукреций  Кар.  Ежелгi  Грецияның  саяси  iлiмдер    тарихында  өте  бай 

материалдар  жинақталған.  Антикалық  дәуiр  ойшылдары  қоғамдық  өмiрдi,  оның  саяси 

құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырды. Ежелгi грек ойшылдарының 

көрнектi  өкiлiнiң  бiрi  –  Платон  б.з.д.  427-347  жылдары  өмiр  сүрдi.    Ол  саяси  ойларын 

«Саясат», «Мемлекет», «Заңдар» атты  еңбектерiнде айтты. Мемлекет пен заңдарға  деген 

мұқтаждықты  Платон  адамдардың  өздерiнiң  қызығушылықтарын  қанағаттандыруға, 

қоғамдық идеалға жақындауға деген талпынуларымен түсiндiрдi. Платон пiкiрi бойынша 

мемлекеттiк құрылыстың «дұрыс» және «бұрыс» формалары кездеседi («Мемлекет» деген 

еңбегінде  мемлекеттік  құрылыстың  бірінші  жобасын  ұсынды).  Мемлекеттiң  дұрыс 

формасы  –  монархия,  аристократия,  өйткенi  олардың  қызметi  қоғамды  келiсiм  мен 

байлыққа  жеткiзедi  деп  есептедi.  Мемлекеттiң  бұрыс  формасы  –  тимократия  (байлықты 

иеленуге  талпынушы-лардың  үстемдiгi),  олигархия  (азғана  ғана    бай  жауыздардың, 

қылмысқа жақындардың үстемдiгi), демократия (көпшiлiк билiгi), тирания (бiр адам билiгi). 

Платон  мемлекеттiң  дұрыс  және  бұрыс  формаларына  iзгiлiктi  мемлекеттi  қарсы  қояды. 

Оның  пiкiр  бойынша  iзгiлiктi  мемлекет  мынадай  белгiлерге  ие  болуы  тиiс:  1)  қорғау 

құралдарының  болуы;  2)  қоғам  мүшелерiн  қажеттi  материалдармен  жүйелi  түрде 

жабдықтап  тұруы;  3)  рухани  және  шығармашылық  қызметтiң  жоғары  деңгейде  дамуына 

жағдайды жасау. Ол мемлекеттегi касталық құрылысты дәрiптейдi. Қоғамдағы адамдарды 

– философ-билеушiлер, сақшылар, тiкелей өндiрушiлер деп бөледi. Әрбiр сословие өзiнiң 

қабiлетi  келетiн  iспен  айналысуы  керек  деп  санаған.  Бір  әлеуметтік  қабаттан  екіншісіне 

өтуді жоққа шығарады. Платон саяси iлiмiнде тоталитарлы бағыт анық сезiледi. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет