Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата06.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49287
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Саясаттану лекция
Саясаттану лекция, Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер

XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов, 

Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев). Қазақ зиялылары туралы сөздi XIX ғасырда өмiр сүрген 

қазақтың  ағартушыларынан  бастаған  жөн  сияқты.  Өйткенi,  олар  өздерiнiң 

шығармашылығын әлемдiк деңгейдегi мәдениет көздерiнен сусындап отырып өрбiткен, iс-

әрекеттерiн әлеуметтiк, саяси дамудың  принциптерiне, үрдiстерiне сай екшеп отырған. Өз 

заманының  керемет    саясаткерi,  этнограф-ғалым  Ш.  Уәлиханов  қазақ  елiнiң  саяси 

өмiрiндегi  кейбiр  мәселелердiң  шешiмi  ұлттық-этникалық  жетiлуде  екенiн  пайымдаған. 

Сондықтан  сол  халықтың  iшкi  мүмкiндiктерiн  ашудың  бiрi  этносаралық  қатынастарды, 

ұлттық  мәдениеттердi  жақындату  екенiн  байқайды.  Ш.  Уәлиханов  «Сот  реформасы 

жайында  хат» атты  саяси  тұрғыда жазылған еңбегiнде қазақтың ел билеу тәжiрибесiндегi 

маңыздылықтар  қатарына  мыналарды  жатқызды:  қазақтың  әдет-ғұрып  заңын;  билер 

институтын; халықтық сайлауды әдiлеттi өткiзу. Жетiлмеген саяси жүйенiң қозғаушы күшi 

сол  халықтың  белсендiлiгiн, бiлiмдiлiгiн арттыруда екенiне де баса назар аударады. Бұл  

идеяны өзiнiң  шығармашылығы арқылы дәлелдеуге тырысады. Ы. Алтынсарин көтерген 

бастама  (оқудың,  бiлiмнiң  қадiрiн  көтеру)    өз  заманындағы  ұлттық  идеямен  парапар 

болатын.  Өйткенi  ол  саяси  күреске,  тәуелсiздiк  алуға  дайын  емес  халықты  алдымен 


сауаттандыру  керек  екендiгiн  түсiнген    едi.  Мiне,  соның  арқасында    келесi  ғасырларда 

қазақтар бiлiмдiлiгi жоғары, сауатты халықтардың қатарына  қосылды. А. Құнанбаевтың 

«Қара  сөздерi»  түркi  халықтарының  даналығының  бiр  биiгi  болатын.  Өз  халқының 

әлеуметтiк,  саяси  жағдайына  жаны  ашыған  көреген  ақын  өз  шығармашылығында  көп 

мәселенi шешудi мәдениеттен, руханилықтан бастауды тұжырымдайды. Еркiндiктiң қайнар 

көзi халықтың дүниетанымында екенiне назар аударады. 

А.  Құнанбаев  41-шi  қара  сөзiнде  ұлттың  iшкi  бiрлiгiн,  тұтастығын  нығайту  үшiн 

мықты үкiмет  құрылуы керек екендiгiн және сол үкiмет халықты бiлiмге, ғылымға, өнерге, 

еңбекке тартуға мiндеттi екенi айтады. Сонымен қатар, үкiмет, билiк басындағы адамның 

материалдық  жағдайының  жақсы болғанын қалады. Өйткенi, бұл тұжырым билiктегi адам 

күнделiктi күйкi тiрлiктiң мәселелерi деңгейiнде алаңдамауы қажет деген ойдан туындаса 

керек. 


XX  ғасырдағы  Қазақстандағы  саяси  ой  мен  ағарту  идеологиясының 

шығармашылық дамуы (М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, 

Ш.  Құдайбердиев.,  М.Шоқай,  М.  Тынышпаев,  X.  Досмұхамедов.,  Т.  Рысқұлов,  Е. 

Садуақасов, Е. Торайғыров., С.Сейфуллин  және т.б). 

ХХ  ғасырдың  басында  тарих  сахнасына  қазақтың  ұлттық  зиялыларының  үлкен  бiр 

тобы келедi. Бұл топ кейiн «Алаш» қозғалысын ұйымдастырып, халықтың саяси мүддесiн 

жаңа  заман  туғызған  саяси  құндылықтар  ауқымында  тұжырымдай  бастайды.  Олардың 

арасынан  iрi  тұлғалар  Ә.  Бөкейхановты,  А.  Байтұрсыновты,  Х.  Досмұхамедовты,  М. 

Дулатовты,  М.  Тынышпаевты,  М.  Шоқайды  және  т.б.  атап  көрсетуге  болады.  Бұл 

ұлттың  алдыңғы  қатарлы  өкiлдерiнiң  көзқарастары  сол  тарихи  кезеңдегi  саяси  ахуалға 

сәйкес қайшылықтардан бастау алады. Қазақ жерiндегi қалыптасқан саяси санада екi, бiр-

бiрiнен сапалы түрде айырмашылығы бар саяси бағдар қалыптасады. Бiрiншiсi, ұлттық-дiни 

құндылықтарға  бет  бұрып,  мұсылмандық  шарттарға  арқа  сүйеу  арқылы  дамуды  көксесе, 

екiншiсi, ұлттық-либералдық құндылықтарды қолдайды, яғни батыстық бағдарды ұстанады 

(екiншi  бағыттағылар  Ресейдегi  демократтарға  жақын  болуға  тырысады  және  соны 

жақтайды). Сол кезеңнiң саяси элитасы өздерiнiң бағдарламаларында төмендегiдей саяси 

құндылықтардың  маңыздылығын  атағаны  жөнiнде  «Қазақ»  газетiнде  материал  жарық 

көредi.  

• тең құқылық (дiнiне, шығу тегiне және жынысына қармастан адамдар тең құқылы); 

•  жеке  бастың  еркiндiгi  (мемлекет  шенеунiктерi  кiмдi  болса  да  заңсыз  жолмен 

тұтқындай алмайды); 

• сөз, ұждан бостандығы (жиналыстар өткiзу, бiрлестiктер өткiзу, бiрлестiктер құру, 

сөз сөйлеу, газеттер шығару, кiтаптар басу бостандығы); 

•  сот  әдiлдiгi  (соттың  талқылауынсыз  және  шешiмiнсiз  бас  бостандықтан    айыруға 

болмайды) және т.б. демократиялық елдерге тән либералдық құндылықтарды саяси өмiрге 

ендiруге талпынады. Бұл қазақ даласындағы әрбiр азаматтың тұлғалық қадiрiн, абыройын 

қорғауға  деген  нақты  қадамдар  болатын.  Осындай  құқықтық  тұрғыдан  қорғауға  деген 

талпыныс  қазақ  зиялыларының  саяси  мәдениетi  деңгейiнiң  бiршама  жоғары  болғанын  

танытады.  Сонымен  қатар,  отарлық  жағдай  қазақ  жерiнiң  көптеген  саяси-азаматтық 

проблемаларының болғанын бiлдiредi. 

Ресей оқу орындарында бiлiм алған қазақ зиялылары ұлт мәдениетiнiң дамуындағы 

қайшылықтарды терең түсiнiп, оның тұптамырын ұлттың тәуелсiздiгiмен байланыстырады. 

«Ұлттық  тәуелсiздiк»  –  саяси    құндылық  ретiнде    XX  ғасырдың  басында  саяси  сананың 

басты  iргетасына  айнала  бастады.  Бұл  қазақтың  қоғамдық-саяси  болмысындағы  Ақпан 

және Қазан революциясына дейiнгi өзiндiк дүмпуi болатын. Ресей империясы үшiн де, кейiн 

келген  Кеңес  үкiметi  үшiн  де  бұл  әрекеттер  ұнамды  үрдiстер  ретiнде  қабылданған  жоқ. 

Большевиктердiң  ұсынған  саяси  құндылықтары  қоғамдық  санада  бiркелкi  қолданыс 

алмаған болатын. Бұл жағдай революцияларға дейiн қалыптаса бастаған болатын. Оны Ә. 

Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, М. Тынышпаевтың және т.б. қазақ зиялыларының саяси 

көзқарастарынан байқауға болады.  



1913  жылы  қазақ  қоғамының  саяси,  мәдени  мүдделерiн  жоқтайтын  жалпы  ұлттық 

саяси  басылым  «Қазақ»  газетi  ұйымдастырылады.  Бұл  халықтың  шынайы  саяси,  мәдени 

құндылықтарды, бағдарларды ресми анықтау мақсатындағы үлкен  қадам болды. Өйткенi, 

бұл басылым тек қана жаңалықтарды  жеткiзушi  орган емес, сонымен қатар ұлт-азаттық 

қозғалысы идеологиясының негiзiн салушы орталыққа айналады. Сөйтiп, саяси  аномияда  

өмiр сүрiп жатқан қалың қазақтың саяси құндылықтар жүйесiне жаңа ұғымдар, түсiнiктер 

ене  бастайды,  ұлттың  өзiн-өзi  етенелестiру  талпыныстарында  бiршама  өзгерiстер  пайда 

болады. Әрине,  феодалдық бытыраңқылық ондаған жылдар бойы қалыптасқан отарлану 

дәстүрi  өз  әсерiн  тигiзбей  қоймайды.  Сондықтан  да  болар  М.  Дулатов  өзiнiң  өлеңдер 

жинағын «Оян қазақ!» деп атайды. Бұл оятушы рөлдi қазақ зиялылары атқарғанына шүбә  

келтiрмеймiз. Себебi, сол азаматтардың саяси белсендiлiгiнiң  арқасында  халықтың тарихи 

зердесiнде  жаңа  саяси  ұстанымдар  мен  нұсқалар  орныға  бастады.  Бұл  ұлттық  идеяның 

жүзеге асуына көп кедергiлер болған кезең болса да,  келешектегi ұрпақтар үшiн  қажеттi 

үлкен  саяси-рухани  мұра  болатын.  Кеңес  үкiметi  билiкке  келгеннен  кейiн  М.  Шоқай 

бастаған қазақ зиялылары «Түркiстан ұлттық тәуелсiз мемлекетiн» құру әрекетiне кiрiседi. 

М. Шоқай қазақтың алғашқы саяси эммигранты ретiнде ерекше тұлға. Ол көптеген еңбегiн 

«бөлiнбейтiн  бiртұтас  Түркiстан»  идеясына  арнайды.  Алашордалық  зиялылармен  үндес 

болған  М.  Шоқай  кеңестiк-жетекшi  билiктi  ұстанған  алдыңғы  қатарлы  тұлғалар  Т. 

Рысқұлов,  С.  Асфендияров,  С.  Садуақасов  сынды  азаматтардың  ой-пiкiрлерiнiң  құнды 

жақтарын көре бiлдi. 

Сөйтiп, жаңа заман өзгерiстерi қазақ зиялылар арасында, жалпы саяси таңдауды қажет 

еткiздi.  Көптеген  алашордашылдар  «пантюркизм»,  «панисламизм»  идеясында  деп 

айыпталды,  қуғынға  ұшырады.  Бұл  да  тарихи  кезеңнiң  өзiндiк  сипаты  болатын.  А. 

Байтұрсынов  пен  М.  Дулатовтың  пiкiрлерi  бойынша,  «автономиялы  тәуелсiз  қазақ 

мемлекетiн  құру»  идеясы  дұрыс  делiнсе,  Ә.  Бөкейханов  «Ресей  республикасының 

құрамындағы федеративтi, демократиялық, парламенттiк қазақтың ұлттық-территориялық 

автономиясы»  құрылғанын қалады.  

Қазақ жерi «теңдiк пен әдiлдiктi әкелетiн социализмнiң» орнына ұлттық келбетiн, өмiр 

салтын  жаншитын  қоғамның  келгенiн  сезiндi.  Үлкен  зұлмат  1937-1938  жылдары  келiп, 

халықтың  бетке  ұстар  қаймағы  болып  есептелетiн  М.  Жұмабаев,  С.  Сейфуллин,  Б. 



Майлин, I. Жансүгiров сияқты қазақ әдебиетiндегi iрi  тұлғалар  тоталитарлық жүйенiң 

құрбаны  болды.  Олардың  шығармашылығында  әдеби  көркем  образ  бен  саяси  идеялар 

астасып жататын.  

 

 

 

 

 

 

 

ЛЕКЦИЯ-5. БИЛІК САЯСИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ 

1.   Биліктің,  шығу  көзі,  мәні,  пайда  болуы.  Билік  ұғымының  теологиялық, 

бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік анықтамасы. 

2.   Биліктің объектісі мен обьектісі, ерекшеліктері, ресурстары, кызметі, билікті 

жүзеге асыру әдістері. Саяси және мемлекеттік билік.  

3.   Биліктің  бөлінуі  мен  делегациясы.  Демократиялық,  авторитарлық  және 

тоталитарлық биліктің ерекшеліктері.  

4.   Биліктің 

заңдылық 

деңгейі: 

легализация, 

легитимация. 

Тарихи 

ретроспективадағы биліктің типтерінің эволюциясы. 

5.   Басқарудағы    билік    формалары:    монархия    мен    республика,    олардың 

нұсқалары; мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация.  

6.   Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік. 


 

Биліктің, шығу көзі, мәні, пайда болуы. Саяси зерттеулердегi салыстыру объектiсi 

әрқашанда  әртүрлi  қоғамдағы  билiктiң  бөлiнуi  болып  табылады.  Шын  мәнiнде,  билiк 

саясаттағы негiзгi  мәселе. Сонда  билiк  дегенiмiз не? Билiктi қоғамдық ғалымдар әртүрлi 

түсiндiредi.  Мәселен,  билiк  –  басқа  адамдардың  мiнез-құлқын  өзгерту  мүмкiндiгi  (Г. 



Саймон); белгiлi бiр мақсатқа жету мүмкiндiгi (Т. Парсонс); белгiлi бiр тәсiлдердi қолдану 

мүмкiндiгi,  көбiнесе  күштеуге  негiзделген  (Г.  Лассуэл,  А.  Каплан);  басқарушы  мен 

басқарылушы арасындағы ерекше қатынас түрі (М. Дюверже);  шиеленiстiк ахуал тұсында 

табысты бөлудi реттеу және шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi (Г. Лассуэл) деген анықтамалар 

берілген.  Билiк  теориялары  iшiнде  билiк  бiр  субъектiнiң  екiншiнiң  қарсыласуын  тоқтату 

нәтижесiнде пайда болады деп санайтын «қарсыласу» теориясы  (Б. Рейвен, К. Леви) да 

бар. Ал, «Ресурстарды ауыстыру теориясының» (П. Блау, Д. Хиксон) авторлары, билiк бiр 

субъектiлердiң  екiншi  адамның  ресурстарын  өзiне  керек  iс-әрекетiне  ауыстыруы  деп 

санайды. «Ықпал ету зонасын бөлу»  теориясы  билiктi әлеуметтiк топтардың өзара ықпал 

шекарасын бөлуi деп санаған. Сонымен бiрге, билiк туралы тағы басқа да концепциялар 

бар, мәселен белгiлi философ М. Фуко билiк – барлық қоғамдық құрылымдарға енедi, ең 

алдымен тiлде болады деп санады.  



Билік ұғымының теологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік 

анықтамасы: 

  бихевиористiк  анықтама  бойынша  билiк-  адамдардың  мiнез-құлқына  әсер  ету 

мүмкiндiгiне негiзделген айрықша мiнез-құлық түрі; 

  телеологиялық  анықтамада  билiк  –  алға  қойған  мақсатқа  сәйкес  белгiлi  бiр 

нәтижеге жету мүмкіндігі; 

  инструменталистiк  билiк  анықтамада  билiк  –  белгiлi  шаралар  қолдану  құралы 

ретiнде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.; 

 құрылымдық анықтамада, яғни билік – басшылық пен басқарылушы арасындағы 

қатынастың ерекше түрi; 

 жанжалдық билiк анықтамасы  бойынша  билік – игiлiктердi,  даулы жағдайларда 

бөлiсудi үйлестiру құралы; 

 П. Моррис, А. Гидденс пiкiрi бойынша билiк – бiреуге немесе бiрдеңеге тигiзетiн 

жәй ғана ықпал, әсер емес, олады өзгертуге бағытталған iс-әрекет; 

 американ саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан «Билiк және қоғам» деген 

кiтабында билiктi шешiм қабылдауға қатысу мүмкiндiгi деп сипаттайды.  

Сонымен, билiк дегенiмiз тап, әлеуметтiк топ,  мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан 

өзiндiк  ерiк-жiгердi  iске  асырудағы  қабiлеттiлiк  пен  мүмкiндiктердi  пайдалана  отырып 

адамдардың  қызметi  мен  мiнез-құлқына  бедел,  күштеу  құралдары  арқылы  әсер  ету. 

Қысқаша  айтқанда,  билiк  деп  бiреудiң  екiншiлерге  әмiрiн  жүргiзiп,  олардың  iс-әрекетi, 

қызметiне ықпал етуiн айтамыз. 

Билiктiң  бiрнеше  түрлерi  бар,  олардың  iшiндегi  ең  маңыздысы  саяси  билiк  болып 

табылады. Саяси билiк дегенiмiз белгiлi бiр топтар мен таптардың мемлекеттiк органдар 

жүйесi арқылы қоғамдағы саяси үстемдiлiгi.                                                                                           

Биліктің  объектісі  мен  обьектісі,  ерекшеліктері,  ресурстары,  кызметі,  билікті 

жүзеге асыру әдістері. Саяси және мемлекеттік билік.  Саяси билік мына қызметтерді 

атқарады: 

• 

қоғамды басқару стратегиясын жасау; 



• 

дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шешімдерді дайындау және қабылдау

• 

қоғамдық процестерді жылдам басқару және реттеу; 



• 

қоғам дамуындағы тұрақтылықтың маңызды параметрлері мен бағыттарын бақылау. 



Саяси билiктiң ерекшелiктерi мына төмендегiдей:  

• билік адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың экономикада рөлi 

басым болады, әрi қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады; 

• қоғамдағы басшылық көбiнесе сол топ өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекет арқылы, 



қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси жетекшiлер арқылы жүргізіледі;  

• арнайы басқару iсiмен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы; 

• жариялылығы және жаппай болуы. 

Саяси билiкке тән сипаттық белгілер: 

•  билiк  еркінің  басымдылығы,  оның  ең  жоғарғы,  басты  айқындаушы,  шешушi  күш 

ретiндегi ықпалы; 

• билiктiң иерархиялық сипат алуы; 

• басқарудың ерекше аппаратының болуы; 

• билiктiң үстемдiктi шоғырландыруға, монополиялауға ұмтылуы; 

•  қоғам мен жеке адам қатынасында мәжбүр ету мүмкіндігі. 

Мемлекеттiк билiк пен саяси билiктi салыстыратын болсақ, саяси билiк мемлекеттiк 

билiкке қар ағанда кең ұғым. Саяси билiк тек мемлекеттiк көлемде ғана емес, сонымен бiрге 

халықаралық  ұйымдар  көлемiнде  де  жүргiзiледi.  Кез  келген  мемлекеттiк  билiк  ол  саяси 

билiк, ал кез келген саяси билiк мемлекеттiк бола алмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық 

құрылыста саяси билiк болған (ақсақалдар кеңесi), ал билiк аппараты, мемлекет болмады. 

Демек, мемлекеттiк билiк – саяси билiктiң бiр түрі. Мемлекеттiк билiктiң ерекшелiктерi: 

• ол белгiлi бiр аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізіледі; 

• мемлекеттiк билiк өзiнiң арнайы күштеу аппаратына сүйенедi; 

• мемлекеттiк билiк монополиялық сипат алады. 



Билiкті  қызметiне,  билiк  жүргізу  ауқымына,  билiк  субьектiсiне,  басқару  әдiсiне 

қарай жiктелу:  

 қызметiне  қарай билiк: саяси, идеологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, 

банк, дiни  т.б.; 

 билiк жүргізу ауқымына қарай: мемлекеттiк, халықаралық, отбасылық  т.б.;  

 билiк субьектiсiне  қарай: таптық, партиялық, халықтық, жеке адам билiгi; 

 басқару әдiсiне қарай: тоталитарлы, депоттық, бюрократиялық,  т.б. 

Билiктiң мәнiн жете түсiну үшін оның негiзгi қағидаларын нақтылау қажет (3-кесте). 

Билiктiң мәнiн ашуда екi мәселеге  ерекше назар аударған жөн. Бiрiншiден, билiкке жету 

жолы,  екiншiден,  билiктi  сақтау  мен  қолдану  әдiстерi.  Демек,  билiктiң  қағидаларын 

ажыратып  көрсету  маңызды.  Билiктiң  легитимділік,  ақиқаттылық,  шынайылық, 

көрегенділік, коллегиялық, төзімділік, өзіндік сыншылдығы, қаттылығы, жасырын сияқты 

қағидалары бар. 

Билiктi жүргiзу әдiстерi рухани және материалдық болып бөлiнедi. Рухани әдiстер: 

саяси  идеялар  мен  теориялар,  саяси  сана,  құқық,  норма,  ереже,  бiлiм,  саяси  сөз,  саяси 

әдiстер,  саяси  тәжiрибе,  саяси  өнер;  материалдық  әдiстер:  саяси  жобалау,  есеп, 

бақылаудың  техникалық  әдiстерi,  күштеу  тәсiлдерi,  билiк  жүргізуші  кадрлар,  саяси 

институттар, органдар, аппараттар, билiк ұйымдары. 

Билiктiң қайнар көзiне – бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, 

ұйым, мүдде, бiлiм, хабарлама мәлiметтер жатады (№3 кесте).  

Билiктi жүзеге асырғанда құқық, бедел, сенім, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, 

күштеу, зорлау, ерiксiз көндiру сияқты әдiс-амалдар пайдаланылады. 

Билiктi айқындау және тарату формасы  үстемдiк жүргізу, басшылық ету, үйлестiру, 

ұйымдастыру, бақылау болып табылады. 

Билiк ресурстары мен түрлері. Билік ресурстары мына төмендегідей бөлінеді: 

Экономикалық ресурс – материалдық құндылықтар, ақша, техника,  құнарлы жер,  

пайдалы қазбалар. 



Әлеуметтiк ресурс – әлеуметтiк статусты көтеру немесе түсiру қабiлетi, әлеуметтiк 

стратификация. 



Мәдени-ақпараттық  ресурстар  –  бiлiм,  ақпарат,  оны  тарату  құралдарына  бiлiм, 

ғылым институттары, БАҚ-ы жатады. 

Билiктiң  түрлерi,  ол  әртүрлi  мемлекеттердiң  (субьект,  обьект,  ресурстары,  процесi) 


ерекшелiктерi  арқылы жiктеледi. Билiктiң ең маңызды классификациясының бiрi  – билiк 

ресурстарына негiзделiп құрылған.  



1  Экономикалық  билiк,  бұл  экономикалық  ресурстарды  бақылау,  әртүрлi 

материалдық  құндылықтарға  меншiк.  Қоғамның  дамуы  бiршама  тұрақты  кезеңiнде 

экономикалық  билiк  басқа  билiктерден  жоғары  тұрады,  «экономикалық  бақылау  –  адам 

өмiрiнiң  бiр  ғана  саласын  бақылау  емес,  ол  басқа  мақсаттардың  барлығына  жету 

құралдарын бақылау» – деп жазады Ф. Хайек «Құлдыққа барар жол» еңбегiнде. 

2 Әлеуметтiк билiк, егер экономикалық билiк материалдық игiлiктердi бөлу тәсiлiн 

ұсынса, ал әлеуметтiк  – әлеуметтiк сатыдағы орындарды  – статус, қызмет, артықшылық, 

жеңiлдiктердi бөледi. Қазiргi мемлекеттер үлкен әлеуметтiк билiкке ие, әлеуметтiк саясат 

көмегiмен тұрғындардың көпшiлiгiнiң қоғамдық жағдайына, олардың қолдауларына ықпал 

ете алады.  

3 Мәдени-ақпараттық билiк, бұл ең алдымен адамдарға ғылыми бiлiмдер, ақпарат 

және  оны  тарату  тәсiлдерi  көмегiмен  билiк  жүргізу.  Мұнда  БАҚ  шешушi  рөл  атқарады. 

Манипуляциялау қолданылады. 

4  Мәжбүр  ету  билiгi  күштеу  ресурстарына  негiзделiнедi.  Мәжбүр  ету  билiгi  саяси 

билiкке тән, оның негiзгi ерекшелiгiнiң бiрi күштеу болып табылады. 

Саяси  билiктiң  субьектiсi  –  халық.  Ал,  халықтың  атынан  билiктi  қолданушылар 

арнайы  құрылған  органдар,  ұйымдар,  мекемелер  арқылы  билікті  жүзеге  асырады.  Бiрақ, 

тәжiрибеде,  тұрмыстық  санада,  кейде  теориялық  деңгейде  саяси  билiктi    қолданушы-

лардың  рөлi  жоғары қойылады. Мұның себебi, билiк субьектiлерi әлеуметтiк қатынастарға 

тiкелей  ықпал  жасай  алмайда,  ықпал  тек  нақтылы  әдiс-құрал  арқылы  жасалады.  Осыдан 

билiктiң  түрi,  құралы,  әдiсi  бiрiгiп,  оларды  халық  ажырата  алмай  жатады.  Осыдан  келiп 

саяси  билiктi  қолданушы,  жүргізушi  адамға  басқаның  табынуы  келiп  шығады,  оны 

саясаттану  тiлiнде  билiк  фитишизмi  деп  атайды.  Одан  адамның  әлеуметтiк  мәнi 

төмендейдi,  саяси  нигилизм  туады,  саяси  енжарлық  адамның  билiктен  аластауы  пайда 

болады. 


Саяси  билiк  бар  жерде  теңсiздiк  бар.  Мұнда  бiреулер  билiк  етуге  құқылы  да, 

екiншiлерi бағынуға мiндеттi. Бұл теңсiздiктiң туу себебi мына төмендегi әдiс-құралдарға 

байланысты.  

1  Экономикалық  қор.    Қандай  саяси  билiк  болмасын  оған  қаржы-қаражат  керек. 

Мысалы, сайлау науқанын өткiзу үшін көптеген ақша жұмсайды. Билеушi аппаратты ұстау 

үшін  де  қыруар  ақша  жұмсалады.  Оның  үстiне  билiк  басына  келген  топ  өзiнiң 

экономикалық бағдарламасымен келедi. Оларды жүзеге асыру үшін көптеген қаржылар да 

керек.  Экономикалық  қорға  басқада  материалдық  құндылықтар,  құмарлы  жерлер,  қазба-

байлықтар да жатады. 



2  Әлеуметтiк  әдiс-құралдар.  Үстемдiк  етiп  отырған  адамдар  немесе  билiк  өзiн 

қолдайтын, қорғайтын адамдар топтарын iздейдi. Бұл рөлдi көбiнесе сол қоғамда, сол билiк 

тұсында  белгiлi  бiр  артықтықшылықтарға,  мәртебеге,  абыройға  ие,  жалақысы  мол 

қызметкерлер  орындайды.  Қазiргi  Батыс  Еуропада  үстемдiк  етiп  отырған  саяси  билiктi 

сақтауға халықтың көпшiлiгi мүдделi. Себебi, оларда орта деңгейде тұратын адамдар көп, 

көпшiлiктi  құрайтын  орта  тап  билiктiң  негiзгi  арқауы,  мұнда  мұқтаждық  жоқ,  елдерiнде 

әлеуметтiк  әдiлеттiлiк  халықты  сақтандыру  кең  дамыған.  Оған  мысал,  зейнеткерлердi 

әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң жетiлуi т.б. болады. 



3 Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекеттi қорғайды, iшкi тәртiптi сақтайда, саяси 

билiктi  құлатуға  әрекет  жасаушыларға  мүмкiндiк  бермейдi,  оған  жататындар:  әскер, 

полиция,  қауiпсiздiк  органдары,  сот,  прокуратура  және  т.б.  Тарихи  тәжiрибеге  сүйенсек, 

саяси билiк оларды өз мақсаттарына, әсiресе экономикалық және саяси дағдарыстар кезiнде 

жиi пайдаланады. Оның арнайы дайындаған адамдары болады.  

4  Ақпарат  құралдары.  Қоғамдық  пiкiр  тудырып  саяси  өмiрге  ықпал  ету  жағынан 

билiк  белгiлi  бiр  артықшылықтарға  ие  болады.  Демократиялық  елдерде  сөз,  баспасөз 

бостандығы берiледi, ал басқа саяси тәртiптер саяси манипуляциялаумен айналысады.      


Ақпарат құралдарымен қатар билiктi жүргізуде ақпараттық қордың да маңызы зор. 

Бiлiм  мен  ғылыми  мағлұматты  алу,  оларды  тарату  бүгiнгi  таңда  алдынғы  қатарлы 

орындарға шығуда. Кейбiр ғалымдардың (жапондықтар) айтуынша ақпарат кiмнiң қолында 

болса, XXI ғасырда билiк соның қолында болады. 



Биліктің  заңдылық  деңгейі:  легализация,  легитимация.  Қоғамның  әлеуметтiк-

саяси жүйесiнiң тұрақтылығына негiз болатын шарттардың бiрi – халықтың билiктiң саяси-

құқықтық  идеяларын  мойындауы  және  құрметтеуi.  Мұны  саясаттануда  «легитимация»  – 

деген категория арқылы анықтайды. Легитимация (латынның заңды) – билiктi заңды түрде 

танып мойындау және оған мүлтiксiз бағыну деген мағынада қолданылады.  

Билiк легитимациясы теориясының дамуына М. Вебер үлкен үлес қосты. Ол бағыну 

ниеттерiне (мотив) қарай билiк легитимдiлiгiнiң үш негiзгi түрiн ажыратты: 

1 Дәстүрлi легитимдiлiк, сол елде ежелден қалыптасқан және халқының санасына  

әбден сіңген салт-дәстүрлерге сүйенедi. Сондықтан да кейбір елдерде қазiр де хан, сұлтан, 

патша,  шах,  әмiр  т.б.  билiгiн  халық  қолдайды  және    заңды  деп  санайды.  Олар  билiктің 

мұрагерлікпен берілуін де дәстүр деп мойындап отырады. 



2 Харизматикалық легитимдiлiкте батырлығымен, әділеттілігімен немесе басқа да 

ерекше  қасиеттерiмен  көзге  түскен  адамды  басшы  етiп  жариялайды.  Халық  сол  көсем 

сонынан ередi және оған сенедi. Мысалы, Мұхамед пайғамбар, М. Ганди, Аятолла Хомени 

т.б. 


3  Ақыл-парасат  пен  құқықтық  легитимдiлiкте  саяси  билiк  сол  кездегі  саяси 

құрылым  орнатқан  құқықтық  ережелерге,  заңға  сәйкес  қалыптасады.  Мұнда  билік 

легитимдiлiгі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталды. Бұл 

биліктің демократиялық сайлаумен қалыптасуы деген сөз.  

Легитимдiлiктiң  алдынғы  екi  түрi  құлдық  және  феодалдық  қоғамдарға  тән  болса, 

үшіншi түрі қазiргi дамыған елдерге тән. Демократиялық жағдайда билік легитимдi болу 

үшін мынадай шарт қажет: 

  ол  халықтың  қалауы  бойынша  қалыптасуы  және  көпшiлiктiң  еркiне  қарай 

орындалуы  керек,  яғни  мемлекеттiк  билiктiң  иесiн  төте  немесе  жанама  түрде  белгiлi  бiр 

мерзiмге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкiндiк болуы тиiс;  

 мемлекеттiк билiк конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. 

Соңғы кезде легитимдiлiктiң идеологиялық түрі туралы да айтылып жүр. Оның мәнi 

билiктi халықтың санасына енгiзiлген идеология арқылы ақтау. Онда билiктi сәйкес келетiн 

идеологиямен  негiздей  отырып,  басқару  құқығына  ие  болады.  Бұл  идеологияның 

мазмұнына қарай идеологиялық легитимдiлiк топтық немесе ұлтшыл болуы мүмкiн. Кеңес 

Одағында  топтық  легитимдiлiк  кеңiнен  қолданылды.  XX  ғасырдың  II  жартысында 

ұлтшылдық легитимдiлiк көп елдерде басымдық танытты.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет