Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата06.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49287
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Саясаттану лекция
Саясаттану лекция, Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер

2  Демократияланудың  толқындары.  Саясаттанушы  ғалымдар  әлемдегі 

демократияландыру процесін үш кезеңге – үш толқынға бөлген: 

1  Бірінші  кезеңі,    АҚШ-та  XIX  ғасырда  демократияның  қағидалар  мен  рәсімдер 

даярланып,  І-ші  дүниежүзілік  соғыстың  аяғына  дейін  Еуропа  елдеріне  тараған.  І-ші 

демократияландыру  толқынына  Германияда  нацизм,  Италияда  фашизм,  КСРО-да 

тоталитаризм үстемдік құруы кедергі жасап, бұл процесс тоқырап қалды. 

2  Екінші  кезең,    ІІ-ші    дүниежүзілік  соғыста  фашизм  жеңіліс  тауып,  Германияда, 

Италияда, Жапонияда демократия қайтадан орнап, оның қағидалары мен рәміздері кеңінен 

тарала  бастады.  Дегенмен  де,  ХХ  ғасырдың  60-шы  жылдарында  кейбір  мемлекеттердің 

авторитарлық  үрдіске  қайта  оралуына  байланысты  демократияландыру  процесі  қайта 

тоқырауға ұшырады. 

3  Үшінші  толқынның  басталуына    1974  жылы  Португалияда  диктатор  Салазар 

мұрагері Каэтанды өз әскері бас көтеріп, орнынан алуы себепші болды. Осындай жағдайға 

Испаниядағы Франко диктатурасы мен Грекиядағы әскери хунта да ұшырады. Бұл толқын 

Латын Америкасын қамтып, Оңтүстік-Шығыс Азияға тарай бастады. 1991 жылы Кеңестер 

Одағы құлап, ондағы 15 республика тәуелсіздік жариялап, демократиялық жүйені таңдады.  



Бірінші  толқын  кейбір  елдерде  фашизм  мен  тоталитаризм  етек  алғаннан,  екінші 

толқын кейбір елдердің авторитарлық билікке қайтып оралғанынан дағдарысқа ұшыраған 

болатын. 

Қазіргі    заманғы    демократия    теориялары    мен  түрлері.  Бұл  өлшемдерге  сай 

келетiн  кез-келген  саяси  тәртiптi  «демократия  формасы»  деп  атаймыз.  Демократия 

ұғымына  ағылшын  саясаттанушысы  Д.  Хелдтiң  теориялық  моделi  бойынша  қарап 

көрелiк. 

1)  «Протективтi»  (қорғаушы)  демократия  бойынша  (Т.  Гоббс,  Дж.  Локк,  Ш. 

Монтескье, Дж. Мэдисон, И. Бентам, Дж. Милль). Бұл моделдi жақтаушылар демократия – 

азаматтарды билiктiң шырмауынан, жеке адамдардың заңсыз әрекетiнен сақтауға, жалпы 

мүдделер негiзiнде басқаруға көмектеседi деп санады. Егемендiк халықта, ол өз өкiлдерiн 

сайлау  арқылы  белгiлеп,  соларға  сенiм  артады.  Бұл  моделдiң  негiзгi  айырмашылығы  – 

мемлекет  пен  азаматтық  қоғамның  аражiгiн  ажыратып,  билiктегiлердiң  қоғамдық  өмiрге 

көп  араласпауын  қалайды,  әсiресе  экономикаға.  Протективтi  демократияның  басты 

қағидасы – өндiрiс құралдарына жеке меншiк пен нарықтық экономика. Сондай-ақ, саяси 

топтардың бәсекелесуi құпталады.  

2)  «Дамушы»  демократия  (Ж.Ж.  Руссо).  Ұлы  француз  ағартушысының 

пайымдауынша,  демократия  тек  мемлекеттiк  механизм  ғана  емес,  сонымен  қатар 

адамдарды жетiлдiрушi қызметтi атқаруы қажет. Яғни, ол әрбiр адамның саяси шешiмдерге 

қатысуын армандады. Сонымен бiрге, ол билiктiң заң шығарушы және атқарушыға бөлiнуiн 

қалады. 


Ж.Ж.  Руссо  пiкiрi  бойынша  алдыңғы  саяси  тәртiптердiң  негiзгi  кемшiлiктерi  – 

билiктiң моралдық аспектiлерiне және оны пайдалануға назар аудармаулары.  

Ж.Ж. Руссо ұсақ меншiктi жақтаушы, ол барлығы азаматтарға тең бөлiнуi керек деп 

есептедi  және  фабрикалық  өндiрiске  қарсы  болды.  Көп  жағдайда  оның  көзқарасы 

утопиялық болды, сондықтан дамушы демократия еш уақытта iске аспады.  Бiрақ жетiлген 

саяси тәртiптi iздеушiлерге теориялық көмектер бердi. 

3) «Мемлекеттiң жойылуы» моделi (К. Маркс). К. Маркс еркiндiктi экономикалық 

езгi жойылуымен байланыстырды,  әрі оның негiзгi агентi мемлекет болып табылады деп 

есептедi.  Сондықтан  мемлекеттiк  емес  жолмен  дамуды    марксизм    шынайы  демократия  

жолы деп атады. Яғни халықтың жиналыстары өз мәселелерiн шешушi органдарға айналуы 

тиiс  едi.  Бұл  құрылыс  коммунистiк  революция  жолымен  орнатылады,  онда  белгiлi  бiр 

кезеңге дейiн «пролетариат диктатурасы» сақталынады, негiзгi мiндеттi - өзiн-өзi басқаруға 

жағдай  жасау.  «Франциядағы  азамат  соғысы»  атты  еңбегiнде  К.  Маркс  «жойылушы» 

мемлекеттiң  институттық  өзгешiлiгiн  жазады.  Оның  негiзi  халық  жиналысы  жататын 

сайланбалы органдардың пирамидасы, яғни тiкелей демократия болып табылады. Барлық 

қызмет орны – тек сайланбалы ғана емес, сондай-ақ шақырылып алына алады да. Билiктiң 

бөлiнуi,  кәсiби  бюрократия,  әскер  және  полиция  жоқ.  Мемлекеттiң  жойылуы  әзiрге 

утопиялық идея. 

4)  «Жарысушы  элитизм»  (М.  Вебер,  И.  Шумпетер).  Демократияны  техникалық 

механизм ретiнде қарастырады. Мемлекеттiк басқаруды дарынды және сауатты элитаның 

жүргiзуi  тиiс  екендiгi  айтылады.  Атқарушы  билiк  жүйесi  өз  жұмысын  саясатқа 

араласпайтын бюрократия арқылы жүргiзгенi тиiмдi делiнедi. 

Бұл  моделге  американ  саясаттанушысы    К.  Мангеймнiң    көзқарастары  жақын.  Ол 

еркiндiктердiң  қоғамда  сақталуы  үшiн  саяси  элита  әлеуметтiк-тарихи  үрдiстердi  оңды 

жаққа  бұрып отыруы  керек деген тұжырымдарды келтiредi. Бұны әлеуметтiк практикада 

жүзеге  асыру  үшiн  «әлеуметтiк  технологияны»  қолдану  керек  (белгiлi  бiр  акциялар, 

реттеушi қадамдар арқылы) деген көзқарасты ұстанады. Сөйтiп, К. Мангеймнiң пiкiрiнше, 

«әлеуметтiк  технологияны»  қоғамдық-саяси  процестердi  реттеуде  қолдану  екi  түрлi 

қауiптен құтқарады. 

а) құндылықтар анархиясынан − әрбiр адамның өзiнше ұстанымдармен жiктелiп кетуi;  



б) қоғамдық өмiрдi жаппай (тотальды) түрде шектеуден. Бұл теорияны жақтаушылар 

Батыста көптеп саналады. 

5)  «Плюралистiк»  (әралуандық)  демократия  (Д.  Трумэн,  Р.  Даль).  Саяси  шешiм 

қабылдарда әртүрлi саяси топтардың қатысуын қолдайды. Ал, үкiмет сол сияқты күштердiң 

басын  бiрiктiрушi,  байланыстырушы  қызметтi  атқарғанын  қалайды.  Қоғамдық  пiкiрдiң 

маңызын  жоғары  көтерудi  мақсат  етедi.  Бұл  тұрғындардың  қатысуы  жоғары 

болғандығымен,  өзектi  мәселелердi  талқылауда  саяси  мәдениетiнiң  белсендiлiгiмен 

астасып  жататын  құбылыс.  Өйтпейiнше,  әралуандылықты  желеу  етiп,  ыдыратушы 

күштердiң арандату әрекеттерi көбеюi мүмкiн. Ал, ендi бiздiң елiмiздегi саяси-әлеуметтiк 

ахуал жөнiнде, олардың кейбiр үрдiстерi туралы айтатын болсақ, онда ескеретiн бiр жәйт 

бар: ол өтпелi кезеңге сәйкес келетiн кейбiр сипаттар. Мәселен, Қазақстан халқының саяси 

белсендiлiгi деңгейiн анықтауға арналған нақты социологиялық зерттеулердiң нәтижелерi 

бойынша,  эксперттер  арасында    пiкiрлерге  сүйенсек  тұрғындардың  негiзгi  назары 

әлеуметтiк  мәселелелерге  шоғырланған.  Бұл  азаматтардың  жалпы  саяси  белсендiлiгiнiң 

төмендiгiн бiлдiредi.  

6)  «Легальды»  (жария)  демократия  (Ф.  Хайек,  Р.  Нозик).  Бұл  құқық-тық  қорғауды 

жақтайтын  көзқарастаp.  Ол  ұжымдық  принциптердi  қолдаудың  түбi  диктатураға, 

тоталитаризмге  апаратынын  ескертедi.  Демократиялық  дамудың  әртүрлi  қырларын 

зерттеушiлер осы құқықтық мәселенiң (азаматтық, мемлекеттiк деңгейдегi) қазiргi өтпелi 

кезеңдегi елiмiз үшiн маңызды екенiн өз еңбектерiнде атап кетiп жүр. Бұл демократияны 

саясаттану  тұрғысынан  зерттеулердiң  заң  ғылымдарымен  байланысатын  тұсы  екенiн  де 

байқаймыз.  

7)  «Партиципаторлы»  демократия  (ағылшыншадан  аудармасы  –  «қатысушы»,  Н. 

Пуланцас, К.Б. Макферсон, К. Пэйтмен). Негiзiнен азаматты тәрбиелеуге назар аударады. 

«Жеке  азаматтар  өздерiнiң  мүдделерiн,  өмiрлiк  жоспарларын  ұжымдық  мүдделермен, 

қоғамдық  қалыптармен  үйлестiрiп  отырса  ғана  демократиялану  процесi    жүредi»  деген 

түсiнiктi ұстанады. Ол үшiн қоғамдағы әрбiр адамның жеке дауысы басқалармен тең болуы 

керек. Әрбiр адамда ұжымдық шешiмдердi қабылдауда өз пiкiрiн бiлдiре алатын мүмкiндiгi 

болуы керек, әркiм саяси мәселелердi анық түсiнуi қажет, халқында соңғы шешiм қабылдау 

құқы болуы керек, демос өзiнiң құрамына  ақыл-есi дұрыс еместерден басқа азаматтарды 

енгiзуi керек. 

 

ЛЕКЦИЯ-9. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫК ҚОҒАМ 



1 Мемлекет қоғамныи саяси жүйесінің негізгі институты. Мемлекеттік ұйымның 

шығу  тегі,  мемлекеттің  пайда  болуындағы  теориялар  мен  конңепцияларды 

салыстырмалы талдау. 

2 Мемлекеттік  механизмнің  құрылымы  және  оның  компенеттерінің  сипаты. 

Мемлекеттің  тарихи  түрлері,  олардың  әлеуметтік-экномикалық  және  әлеуметтік-

саяси негіздері. 

3 Мемлекет  қызметтерін  жіктеу,  оның  нарықтық  экономика,  экономикалық 

және  саяси  плюрализм  жағдайындағы  өзгеруі.  Мемлекеттік  биліктің  өкілетті 

институттары. 

4 Қазіргі  сайлау  жүйелері,  сайлаудың  әлемдік  тәжірибесі.  Мемлекеттік 

басқарудың органдары.  

5 Мемлекеттік  аппараттағы  бюрократизм  себептері.  Әскер  және  мемлекеттік 

қауіпсіздік  органдары  және  тәртіпті  қамтамасыз  ету  саяси  институттардың 

ерекшелігі ретінде.  

6 «Биліктің бөліну» жүйесіндегі заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелерінің 

өзара қатынасы. 

7 Құкықтық мемлекет: пайда болу тарихы мен қазіргі амалдары. Қазакстандағы 

құкықтық мемлекеттің қалыптасу мәселелері. 

8 Азаматтық  коғам  концепциялары.  Азаматтық  қоғам  мәні  және  белгілері. 

Мемлекег пен азаматтық коғамның өзара байланысы. Қазақстанда азаматтық қоғам 

мен мемлекеттің қарым-қатынас формалары. 

 

Мемлекет қоғамныи саяси жүйесінің негізгі институты. Мемлекеттік ұйымның 



шығу  тегі,  мемлекеттің  пайда  болуындағы  теориялар  мен  концепцияларды 

салыстырмалы  талдау.    Мемлекет  туралы  теориялар  мен  түсiнiктер  саясаттану 

ғылымында көптеп кездеседi. Мысалы: 

  теологиялық  теория,  оның  негiзiн  салушылар  А.  Августин  мен  Ф.  Аквинский 

мемлекеттiң пайда болуын құдай құдiретiмен түсiндiрдi; 

  патриархтық  теория,  негiзгi  өкiлдерi  Р.  Филмер  мемлекеттiң  пайда  болуын 

рулардың  тайпаға,  тайпалардың  одан  үлкен  қауымдастыққа,  олардың  мемлекетке  дейiн 

бiрiгуiмен түсiндiрдi; 

 қоғамдық келiсiм теориясы, (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо) мемлекет келiсiм 

нәтижесiнде пайда болады, бұған дейiн «табиғи» алғашқы қауымдық жағдайда өмiр сүрген 

адамдар ендi соның құрамына кiредi деп есептедi; 

 «зорлық жасау» теория (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский), бiр елдiң екiншi 

елдi жаулап алуын тоқтату үшiн мемлекет  пайда болды деп түсiндiрдi; 

 географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин) мемлекеттiң пайда 

болуы  географиялық  ортаның  (ауа  райы,  жер  бедерi  және  т.б.)  өзгешелiктерiмен 

түсiндiредi; 

 психологиялық теория, адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттiгi мәңгi бақи 

тән дегендi айтады;  

  маркстiк  теория,  мемлекеттiң  пайда  болуын  жеке  меншiк  пен  таптардың 

шығуымен байланыстырады. 

Мемлекет  дегенiмiз  белгiлi  бiр  аумақ  шеңберiнде  адамдар,  әлеуметтiк  топтар, 

таптар  мен  бiрлестiктердiң  қатынастары  мен  қызметтерiн  ұйымдастыратын, 

бақылайтын қоғамның саяси жүйесiнiң негiзгi элементi. 

Мемлекеттiң  белгiлерi  мен  қызметтерi.  Мемлекет  қоғамның  саяси  институты 

ретiнде мынадай белгiлерi арқылы сипатталады, осы белгiлерi арқылы оны басқа қоғамдық 

ұйымдардан ажыратуға болады: 

  территориялық  бөлiнуi,  бұл  мемлекеттiң  материалдық  негiзi.  Мемлекет 

территориясы  деп  әлемдiк  кеңiстiктегi  аталған  билеушi  саяси  топтардың  толық  әрекет 

ететiн бөлiгiн айтамыз. Оған жер ғана емес, оның қойнауы, ауа кеңiстiгi, территориялық 

сулары  жатады.  Территориямен  мемлекеттiң  пайда  болуы  мен  жойылуы  байланысты. 

Сондықтан территориялық келiспеушiлiктер ешуақытта да тоқтамайды;  

 ерекше өкiметтiк аппарат. Оған қазiргi кезде  қарулы әскер, шенеунiктiк аппарат, 

полиция, сот, барлау, қауіпсіздік, шiркеу, баспасөз және т.б. жатады; 

 мемлекеттiң егемендегi, яғни  iшкi және сыртқы iстерiн атқаруға толық тәуелсiздiгi 

мен дербестiгi; 

  күш  қолдану,  зорлықпен  ерiксiз  көндiру.  Ол  қылмыс  жасағандарды  еркiнен 

айырудан бастап өлiм жазасына дейiн кесе алады; 

 салық салу. Орасан зор мемлекеттiк аппараты ұстау үшiн халықтан салық жинау; 

 мемлекеттiң мiндеттi түрде мүшесi, азаматы болуы тиiс. 

Мемлекет  қоғамның  саяси  ұйымдары  iшiндегi  ең  тұрақтысы  және  оны  басқа  саяси 

жүйе элементтерiнен ажырататын қызметтерi бар. Мемлекет қызметтерi iшкi және сыртқы 

болып  бөлiнедi.  lшкi  қызметi  саяси,  құқықтық,  ұйымдастырушылық,  экономикалық, 

әлеуметтiк, бiлiм берушiлiк, мәдени-тәрбиелiк болып бөлiнедi.    



1  Саяси  қызметi  саяси  билiктi  жүзеге  асырумен  байланысты.  Бұл  қызметіне 

экономикалық  жағынан  артықшылыққа  ие  таптың  саяси  үстемдiгiн  қолдау,  саяси 

тұрақтылықты  қамтамасыз  ету,  саяси  партиялар,  кәсiпқой  топтар,  қоғамдық 

институттармен  бiрге  мемлекеттiк  құрылысты  қалыптастыру,  билiк  өкiлеттiлiгiн  жүзеге 



асыру  мәселелерi  бойынша  қарым-қатынасты  орнату,  қоғам  дамуының  бағдарламалық-

стратегиялық  мақсаттары  мен  мiндеттерiн  түзу,  ұлтаралық  қатынасты,  әсiресе  көпұлтты 

мемлекетте реттеу жатады.   

2  Құқықтық  қызметiне:  заңшығарушылық,  заңдық  нормаларды  бекiту,  қоғамдық 

қатынастарды, азаматтардың әрекетiн реттеу сияқты қызметтер жатады.  



3  Ұйымдастырушылық  қызметi,  билiк  өкiлеттiлiгiн  iске  асыру,  шешiмдердi 

орындау,  басқарушылық  кадрлар  корпусын  қалыптастыру  мен  пайдалану,  заңның, 

шешiмнiң  орындалуын  бақылау,  саяси  жүйенiң  әртүрлi  субъектiлерiнiң  қызметiн  реттеу 

шараларын iске асыруда ұйымдық тетiктердi пайдалануға негiзделген. 



4  Экономикалық  қызметi  ең  негiзгi  қызмет  болып  табылады,  бiрақ  әр  қоғамда 

әртүрлi  көлемде,  мазмұнда  iске  асырылады.  Қазiргi  кезеңде  мемлекеттiң  экономикаға 

қатысуы  салық  саясатын  жүргiзуде,  несие  бөлуде,  экономикалық  санкцияларды 

пайдалануда көрiнедi. 



5  Әлеуметтiк  қызметi:  адамдардың  жұмысқа,  тұрғын  үйге  сұраныстарын 

қанағаттандыруды,  қарияларды,  мүгедектердi,  жастарды,  жұмыссыздарды  әлеуметтiк 

қорғауды және өмiрдi, денсаулықты, меншiктi сақтауды т.б. қамтиды. 

6  Мемлекеттiң  бiлiм  берушiлiк  қызметi.  Сапалы  бiлiм  беру  болашақтың  негiзi, 

өркениетке  жетудiң  жолы.  Көптеген  мемлекеттер  қазiргi  кезде  бiлiм  беру  жүйесiн 

реформалауда, онда балабақшадан жоғары оқу орнына дейiнгi бiлiм берудiң мемлекеттiк 

саясатын  қалыптастыру  мiндеттерiн  шешуде.  Мемлекет  ең  алдымен  бiлiм  беру  жүйесiн 

демократияландыру,  оның  үздiксiздiгiн  қалыптастыру,  жастарды  белсендi  өмiрге  сапалы 

даярлау сияқты мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. 



7  Мемлекеттiң  мәдени-тәрбиелiк  қызметi  адамдардың  мәдени  сұраныстарын 

қанағаттандыруға,  жоғары  руханилық  пен  азаматтылықты  қалыптастыруға  бағытталған. 

Бұл  қызметтiң  ауқымы  өте  кең,  сондықтан  оған  мемлекетпен  қатар  қоғамдық  ұйымдар, 

мемлекеттiк емес құрылымдар, шiркеу, теле-радио кампаниялар, басылымдар, баспасөз т.б. 

қатысады.  Мемлекет  бұл  саланы  қаржыландыру,  салық  салу  сияқты  мәселелердi  өз 

бақылауына алуы керек. 

Мемлекеттiң  сыртқы  қызметi  елдiң  шекарасын,  территориясын  қорғау,  басқа 

елдердiң iсiне араласу (әскери агрессия, күштеу), мемлекеттер аралық қатынасты сақтаумен 

байланысты. Мұнда сыртқы  сауда, халықаралық ұйымдар, блоктар, одақтар жұмысына да 

қатысады. 

Мемлекеттiң  атқаратын  қызметi  белгiлi  бiр  дәрежеде  қоғамның  материалдық 

(экономикалық),  ұйымдастырушылық  (саяси),  ақпараттық,  сондай-ақ  адамгершiлiк  және 

этномәдени өмiр салаларын реттеуге бағытталынуы тиiс. Яғни, мемлекет қоғамға икемдi, 

тиiмдi  түрде  ықпал  етуi  қажет.  Ең  алдымен,  мемлекет  еркi    ақпараттық  қарым-қатынас 

негiзiнде  нормативтi  түрде  халыққа  жарияланып  отыруы  керек.  Содан  кейiн  жеке 

бостандық пен қоғамдық қажеттiлiктi бiлдiретiн нормалардың iске асуын қамтамасыз ету 

қажет. Бұлардың барлығы өмiрде қалыптасқан ережелердi қолданбай, олардың орындалуын 

бақыламай,  оларды  заң  бойынша  бекiтпей  мүмкiн  емес.  Бұл  мемлекеттiң  ретке  келтiру 

жұмыстары,  әлеуметтiк  өмiрге  жүргiзетiн  ықпалдары  мемлекеттiк  билiктi  бөлудi  қажет 

етедi. Яғни, бұл бөлiнiс тәуелсiз мемлекеттiң саяси және заңдық тұрғыда икемдi болуына 

мүмкiндiк бередi. 

Мемлекеттік биліктің өкілетті институттары. Парламент – жоғары өкілділік және 

заңшығарушы  билік    (ағылшын  тілінде  «parliament»,    француз  тілінде  «parler»  –  сөйлеу 

деген мағынаны білдіреді). Халықтық өкілділік ұйымдар ежелгі мемлекеттердің өзінде де 

кездесті,  мәселен  Ежелгі  Римде.  Бұл  халық  жиналысы,  ақсақалдар  кеңесі,  Сенат  (Ежелгі 

Рим), Римдік форум,  вече, кұрылтай және т.б. болуы мүмкін. Орта ғасырда сословиялық-

өкілділік жүйенің мына түрлері қалыптасты: Францияда Генералдық штаттар, Испанияда 

Кортестер, Ресейде  Земство жиналысы және т.б. Қазіргі  парламентаризмнің отаны Англия 

болып  есептелінеді.  Англияда  парламент  ХІІІ  ғасырда  қалыптасты,    бұл  король  Иоанн 

Безземельныйдің  «Еркіндіктің  Ұлы  хартиясына»  қол  қоюымен  байланысты  болды.  Бұл 


құжат бойынша,  король жаңа салықты Королдық Кеңес рұқсатынсыз ендіре алмады. 

Енді парламент және парламентаризм  ұғымдарының мәнін ажыратып алайық: 

1  Парламент ұғымы саяси сахнаға мемлекеттік биліктің бөліну принципімен дүниеге 

келді, ол саяси режімнің, тіпті антидемократиялық сипатына қарамай жұмыс істей алады; 

2  Парламент  ұғымы  парламентаризмге  негіз  қалайды.  Парламент  мемлекеттік 

құрылыстың  басты  институттарының  бірі,  ол  парламентаризмсіз  өмір  сүре  алады,  ал 

парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды; 

3  Парламентаризмнің 

шығуын, 

қалыптасуын, 

дамуын 

қоғамдағы 



конституционализмнің  деңгейімен  тікелей  байланыста  қараған  жөн.  Демек, 

парламентаризм қоғамның демократиялық-конституциялық саяси құрылымы негізінде ғана 

қалыптасуы мүмкін; 

4  Парламентаризмнің  аса  маңызды  белгісі  парламенттің  үстемдігі  және  оның 

мемлекеттік билік жүйесінде шешуші орын алуы;      

5  Парламентаризм  –  саяси  плюрализм,  биліктің  бөлінуі,  заңдылық  режімі  сияқты 

ерекше жағдайлармен анықталынады; 

6  Парламентризм  –  парламент  институтының  дамуы,  қызметінің    жоғары  сапалы 

болуы;   

7  Парламентаризм  –  қоғамды    мемлекеттiк  басқару  жүйесiнде  заңшы-ғарушылық 

және атқарушылық қызметтің анық  бөлiнуiмен, әрi заңшығарушы ұйымның артықшылық  

жағдайымен сипатталынады;  

8  Парламентаризм  –  парламенттің  басқа  мемлекеттік  ұйымдармен  өзара  қатынасы 

қалыптасқан,  мемлекеттік  билік  тетіктерінде  рөлі  мен  мәртебесі  жоғары,  өкілді 

демократияның қызмет жасауы мен ұйымдастырудың негізгі тәсілі болуы;  

9  Парламентаризм – мемлекеттік биліктің формасы емес, оны жүзеге асырудың әдісі. 

Парламент – халық сайлаған ең жоғарғы өкілділік және заңшығарушы ұйым. Алайда, 

кейбір елдер конституцияларында бұл функциялар бірдей аталып көрсетілмейді. Мысалы, 

Әзірбайжан,  Армения,  Украина,  Жапония  Конституцияларында  парламент  тек 

заңшығарушы билік есебінде қарастырылған. Ал, Түркіменстан Конституциясында халық 

билігінің жоғарғы өкілділік органы деп атап көрсетілген. Әлемдік тәжірибеде парламенттің 

заң  шығарушылық  биліктен  әлдеқайда  кең  функциялар  берілуі  де  кездеседі.  Мысалы, 

Ұлыбритания, Индия Конституцияларына сәйкес  парламент тұтас үш тұтқаның – мемлекет 

басшысы,  жоғары  және  төменгі  палаталардың  қосындысы  мағынасы  берілген.  Сонымен 

бірге, кейбір елдерде парламент бірден-бір заңшығарушы орган емес, мәселен, Индонезия 

мен Қытайда басқа органдар да заң қабылдайды.   



Әлемдегі елдердің парламенттері: 

Ұлыбританияда екі палаталы парламент, Лордтар Палатасы мен Қауым Палатасы;  

Қытайда бір палаталы, халық өкілдерінің  Бүкілқытайлық Жиыны;  

Ресейде екі палаталы, Федералды Жиын – Федерация Кеңесі мен Мемлекеттік Дума;  

АҚШ-та екі палаталы парламент, Конгресс – Сенат және Өкілдік Палата;  

Украинада бір палаталы Жоғары Рада;  

Францияда  екі палаталы парламент – Сенат және Ұлттық Жиын;  

Финляндияда бір палаталы Эдускунта.  

Парламент палатасының iшкi ұйымының  негiзгi элементтерi:    

1)  палата мүшелерiнiң партиялық ұйымы; 

2)  палатаның басқарушы ұйымдары; 

3)   парламенттiк комиссиялар (комитеттер). 

Көптеген елдерде палата мүшелерiнiң партиялық бiрлестiктерi қызметiнiң регламентi 

қалыптасқан. Палаталар төрағасы партиясыз (Ұлыбританиядағыдай) немесе партия мүшесi 

(фракциялық  көпшiлiктен)  болады.  Палаталардың  басқарушы  ұйымдарына  төрағалар, 

олардың  орынбасарлары,  хатшылары,  квесторлар  (бақылаушылар)  енедi.  Көбiнесе 

палаталардың басқарушы ұйымдары тепе-тең (пропорциональдi) негiзде қалыптасады. 

Парламенттiк  комитеттер  екi  түрге  бөлiнедi:  уақытша  және  тұрақты.  Уақытша 



комитеттер қандай да бiр iстi қарау үшiн құрылады, кейде оларды арнаулы комиссия деп те 

атайды.  Комитеттердiң  партиялық  құрамы  палатаның  партиялық  құрамына  тепе-тең. 

Мұнда  комитет  төрағасы  тұрақты  да,  ал  мүшелерi  уақытша  негiзде  болады.  Комитет 

төрағасын таңдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады: 

1 комитет мүшелерiнiң өздерi; 

2  палата төрағасы бекiтедi; 

3  ақсақалдар қағидасы бойынша. 

Комитеттер  мен  комиссиялардың  негiзгi  жұмысы  заңшығарушылық  қызметпен 

тікелей байланысты. 

Жоғары  палата  тiкелей  емес  жолмен  сайланады,  жастық  шек  жоғары,  саны  аз, 

өкiлеттiлiк мерзiмi көбiрек, жиiрек жаңарып отырады.  

Бұл жоғарыда айтылғандай жоғарғы палатаның құрылуы әртүрлi. Мысалы, Англияда 

парламенттiң жоғарғы Лордтар палатасына мұрагерлiкпен өмiр бойы болатын пэрлер мен 

ондай  құқығы  жоқ  пэрлер  және  Англия  шiркеуiнiң  жоғары  шендiлерi  кiредi.  АҚШ-та 

Конгрестiң  жоғарғы  палатасы    Сенатқа  әр  штаттан  (халық  санына  байланысты  емес)  екi 

өкiлден  сайланады.  Германияда  жоғарғы  палатаның  депутаттарын  әр  жердiң  өкiметi 

тағайындайды. Қазақстан Республикасында Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар 

қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан сайланады. Сенатта 15 

депутатты  Республика  Президенті  тағайындайды.  Сайланған  Сенат  депутаттарының 

жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік 

мерзімі – алты жыл. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет