Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


  Әртүрлi  әлеуметтiк  топтар  мүдделерiнiң  бейбiт  бәсекесi  қызметi



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата06.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49287
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Саясаттану лекция
Саясаттану лекция, Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер

2  Әртүрлi  әлеуметтiк  топтар  мүдделерiнiң  бейбiт  бәсекесi  қызметi.  Әлеуметтiк 

топтардың мүдделерi әртүрлi болып қана қоймай, ол қарама-қайшылықты болуы да мүмкiн, 

сайлау тұрғындардың әртүрлi топтары мүдделерiнiң  бейбiт бәсекесi  қызметiн атқарады. 

Сайлауалды күрес саяси бағытты халық бұқарасы қолдайтын бағытта құруға мәжбүр етедi. 

Мұнда  сайлау  әлеуметтiк  шиеленiстердi  институттандыру  мен  шешудiң  тәсiлi  болып 

табылады.  Яғни,  шиеленiстер  ашық,  жария  жүргiзiледi,  ал  бүкiл  қоғам  оның  төрешісі 

болады, сөйтіп, әдiл бәсекелестiк күрес өтедi. 

3  Сайлаудың  өкiлдiлiк  қатынастың  қалыптасуы  мен  институттануы  қызметi. 

Теория  бойынша  қоғамның  әрбiр  мүшесi  қандай  да  бiр  әлеуметтiк  қауымдастықтың 

мүддесiн бейнелеуге, билiк ұйымында оның өкiлi болуға құқылы. Бiрақ, шын мәнiнде бұл 

бәрiнiң  қолынан  келе  бермейдi.  Сайлау  процесiнде  өз  өкiлдiгiн  қолдау  базасын 

қалыптастыру  өте  маңызды,  ол  коммуникациялық  каналдар  мен  сайлаушылармен  өзара 

әрекетте болуға байланысты. Қайсы саясаткер бұны табысты, жемiстi ұйымдастыра алса, 

онда ол саяси элита қатарына табиғи таңдау негiзiнде өте алады. 

4  Сайлаушылардың  саяси  белсендiлiгiн  арттыру  қызметi.  Сайлау  науқаны 

кезеңiнде сайлаушылар әртүрлi саяси бағыттарды, әлеуметтiк-саяси күштердi қарастырады. 

Олардың  iшiнен  өз  мүддесiне  лайықтысын,  қанағаттандыру  мүмкiндiгi  барын  таңдайды. 

Дегенмен,  сайлаудың  әдiлеттi  өтуi  көбiнесе  сол  электораттың  саяси  белсендiлiгiне 

байланысты екендiгiн ұмытпау керек. 

Сайлаудың демократиялығын бiрнеше қағидалар анықтайды:  

1  Жалпыға  бiрдей  сайлау  құқығы  қағидасы  жынысына,  нәсiлiне,  дiнге 

көзқарасына, әлеуметтiк шығу тегiне және т.б. қарамастан белгiлi бiр жасқа толған барлық 

азамат сайлауға және сайлануға құқылы. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы белсендi сайлау 

құқығы және бәсең сайлау құқығы болып бөлiнедi. 



Белсендi  сайлау  құқығы  –  ол  18  жасқа  толған  азаматтың  сайлауға  дауыс  беруге 

қатысу құқығы. 



Бәсең сайлау құқығы –  ол заң белгiлеген шектеулер: 

•  жастық шектеу (18 жасқа дейiнгiлер қатыса алмайды); 

•  қабiлетсiздiк шектеу (жүйке аурулар); 

•  моралдық шектеу (сот тәртiбiн бұзғандар); 

•  тұрғын жерi мен азаматтығына байланысты шектеулер. 

2 Сайлау құқығындағы тепе-теңдiк қағидасы, яғни, сайлаушылардың барлығының 

бiрдей  дауысты  иеленiп  қатысуы,  бiр  сайлаушының  басқа  сайлаушыларға  қарағанда 

ешқандай  жеңiлдiкке  ие  болмауы.  Сонымен  бiрге,  сайланушылар  құқығының  да  бiрдей 

болуы.  Мұнда  өкiлдiк  нормаларына  сәйкес  халықтың  саны  бойынша  тепе-теңдiк  сайлау 

округтерi  құрылады.  Барлық  азаматтардың  сайлау  құқығы  заңмен  бiрдей  деңгейде 

қорғалады. 



3  Төте  сайлау  құқығы  қағидасы,  азаматтардың  тiкелей  сайлауынан  көрiнедi. 

Қазақстан  Республикасы  Конституциясы  бойынша  Президент,  Парламент  мәжiлiсi 



депутаттары,  мәслихат  депутаттары    төте  сайлау  құқығы  негiзiнде  сайланады.  Жанама 

сайлау құқығы Парламенттiң жоғары палатасы Сенат депутаттарын сайлауға енгiзiлген.  



4 Жабық сайлау қағидасы немесе жасырын сайлау қағидасы, бұл қағида дауыс 

берушiлердi  сыртқы  қысымдар  болудан  қорғайды,  егер  жасырын  дауыс  беру  қағидасы 

бұзылса заң алдында жауап бередi. 

5  Бәсекелестiк  қағидасы,  сайлауға  бәсекелесушi  партиялар,  қозғалыстар, 

кандидаттар т.б. қатысуы. Олардың арасында бейбiт бәсеке болып, жеңгенi өкiлдiк орынға 

ие болады. 

4 Сайлау жүйелері.  Сайлау жүйесiнiң екi түрi қалыптасқан: 

1 мажоритарлық

2 тепе-тең (пропорционалды). 

Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң мәнi әрбiр округтегi депутаттық орын белгiленген 

көпшiлiк дауысты жинаған партия кандидаттарына берiледi, ал қалған азшылық дауысты 

жинаған партия кандидаттары ұсынылмай (орынсыз) қалады. 

Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң: абсолюттiк көпшiлiк және бiршама көпшiлiк деген 

екi жүйесi бар.  

Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң мынадай артықшылықтары бар: 

1  депутаттар  мен  сайлаушылар  арасында  тығыз,  тiкелей  байланыс  қалыптасады, 

көбiнесе жекелiк сипатқа ие болады. Депутат өзiнiң сайлау округын, оның проблемалары 

мен мүдделерiн жақсы бiледi. Депутаттың өз сайлаушыларымен тiкелей тығыз байланысы, 

оның парламенттегi ықпалын күшейтедi, оған сыртқы ықпалдардың әсерiн әлсiретедi, саяси 

қысымға ұшырамайды. 

2 мажоритарлық  сайлау  жүйесi ең күштi  саяси  ағымның жеңуiне мүмкiндiк  бередi, 

парламентке орта және ұсақ ықпалдағы партиялардың өтуiне мүмкiндiк бермейдi, сөйтiп 

екi  немесе  үш  партиялық  жүйенi  қалыптастырады,  атқарушы  билiктiң  қызметiнде 

жетiстiктерге жетуiне мүмкiндiктер жасайды. 



Бiрақ, мажоритарлық сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi де бар:  

1 ең алдымен ол елдегi саяси күштердiң ақиқат жағдайын көрсетуге қабiлетсiз. Себебi 

олардың  көпшiлiгi  парламенттiк  қызметтен  тыс  қалады.  Сонымен  бiрге,  қоғамда  кейбiр 

азшылық топтар өкiлсiз қалуы мүмкiн, яғни олардың мүддесiн қорғаушылар заңшығарушы 

билiк құрылымында жоқ деген сөз; 

2  мажоритарлық  сайлау  жүйесi  депутаттардың  жалпыхалықтық,  жалпымемлекеттiк 

мүдделерден  топтық  және  өлкелiк  мүдделердi  жоғары  қоюға  итермелейдi.  Бұл 

парламенттiң жалпыхалықтық, жалпымемлекеттiк ұйым ретiндегi рөлiн әлсiретедi; 

3 мажоритарлық сайлау жүйесi сайлаушылардың саяси еркiн манипуляциялауға жол 

бередi, көбiнесе сайлаудың нәтижесi сайлау округтарын дұрыстап бөлуге байланысты. 



Тепе-тең  сайлау  жүйесiнiң  мәнi  мандаттар  партиялар  арасында  жинаған 

дауыстарына  сай бөлiнедi. 



Тепе-тең  сайлау  жүйесiнiң  артықшылықтары:  парламент  деңгейiнде  саяси 

күштердiң ақиқат өкiлдерi болуына мүмкiндiк бередi. Парламенттiк саяси шешiм қабылдау 

нәтижесiнде жекелеген әлеуметтiк және саяси топтар мүдделерi есепке алынады. Тепе-тең 

сайлау  жүйесi  азаматтық  қоғам  мен  саяси  жүйе,  мемлекет  арасындағы  байланысты 

нығайтады, плюрализм дамуына мүмкiндiк бередi. 

Тепе-тең сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi: 

1 дауыс беру жеке адамға емес, партияға негiзделген соң сайлаушылар мен парламент 

депутаттары арасындағы байланыс әлсiрейдi. Кандидаттар тiзiмi әкiмшiлiк-канцеляриялық  

жолмен  әзiрленедi,  бұл  кандидаттың  партиялық-аппараттық  құрылымға  тәуелдiлiгiн 

күшейтедi. Бұл бюрократиялық шешiм мүмкiндiктерiн  күшейтедi, тұрғындардың өкiлдiлiк 

ұйымдарға сенiмiн әлсiретедi. 

2 тепе-тең сайлау жүйесiнiң бүкiл ел көлемiнде қолдаушылары жоқ саяси күштердiң 

парламентке  келуi  Үкiметтi  құруда  қиындықтар  тудырады.  Күштi  партиялардың  жоқ 

болуы,  көппартиялық  коалициялардың  құрылуына  алып  келедi,  бұл  партиялардың 


бағыттары  мен  бағдарламалары  әр  қилы,  сонда  да  олар  келiсiмге  барады.  Бiрақ  бұл 

келiсiмдер тұрақты емес, ол Үкiмет қызметiне де әсер етiп, қайшылықтар тудырады. 

Мажоритарлық және тепе-тең сайлау жүйелерiнiң кемшiлiктерiн жоя отырып өзiнше 

бiр аралас сайлау жүйелерi де қалыптасқан: 

•   ұсақ партиялар өкiлдiлiгiн шектеу үшiн сайлау өлшемi – шек анықталынады; 

•   көпмандатты округ орнына азмандатты құрылады. Сайлауға қатысу құқығы 4-5 

партияға ғана берiледi; 

•   кандидаттар  тiзiмiне  партия  емес,  оның  өкiлдерi  ендiрiледi,  сондықтан  дауыс 

беруде партиялық бағдарламаны емес, жеке адамдарды таңдау жүзеге асырылады. 

Ел  көлемiнде  депутаттық  мандаттардың  бiр  бөлiгi  мажоритарлық  жүйе  бойынша, 

екiншi  бөлiгi  партиялық  тiзiм  бойынша  жинаған  дауыс  негiзiнде  бөлiнедi.  Сөйтiп, 

мажоритарлық  және  тепе-тең  сайлау  жүйелерiнiң  кемшiлiктерiнен  айырылып,  тек 

артықшылықтарын пайдалануға мүмкiндiк туындайды. 

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесi.

 

Заң шығарушы (өкілді) мемлекеттік 

органдарды сайлауда екі сайлау жүйесі қолданылады. Олар – тепе-тең және мажоритарлық 

жүйелер. Олардың белгілі бір үйлесімі негізінде дауыс берудің аралас жүйесі қалыптасады. 

Қазақстанда  қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Мәжіліс»  107 

депутаттан тұрады. Парламенті Мәжілісінің 98 депутатын сайлауда тепе-тең сайлау жүйесі 

қолданылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. 

Тепе-тең жүйе бойынша сайлау партиялық тізімдер үшін дауыс беру дегенді білдіреді. 

Тепе-тең сайлау жүйесінің негізгі мақсаты көппартиялық жағдайында партиялардың тепе-

тең  өкілдігін  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Сайлау  партиялық  тізімдер  бойынша 

жүргізіледі. Парламентке өту үшін партиялар міндетті түрде сайлаушылар дауысының  7% 

алуы тиіс, бұл заңнамалық кедергі болып табылады.  

Қазақстанда сайлауларды және референдумдарды өткізудің ережелері, рәсімдері мен 

негізгі  ұстанымдары  ең  алдымен  Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен, 

«Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  заңмен,  Қазақстан 

Республикасының  «Республикалық  референдум  туралы»  Конституциялық  заңымен, 

сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді. 

Қазақстан  Республикасында  сайлау  азаматтардың  өзінің  сайлау  және  сайлану 

құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте Президентті, Парламент Мәжілісі 

мен мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін 

сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 

жүзеге асырылады. Республика Парламеті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау 

құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі. 

Республика азаматтарының сайлауға қатысуы  ерікті болып  табылады. Азаматтарды 

сайлауға  қатысуға  немесе  қатыспауға  мәжібүрлеуге,  сондай-ақ  оның  ерік  білдіруін 

шектеуге ешкімнің құқығы жоқ. 

Сайлау құқығының түрлері: 

Жалпыға бірдей сайлау құқығы –  Қазақстан азаматтарының он сегіз жасқа толғаннан 

кейін  тегіне,  әлеуметтік,  лауазымдық  және  мүліктік  жағдайына,  жынысына,  нәсіліне, 

ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан, немесе кез 

келген өзге жағдаяттардан тыс, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы. 

Бәсең сайлау  құқығы   –    Қазақстан  азаматтарының,  оларға  қойылатын  талаптарға 

сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы 

Парламентінің,  мәслихаттарының  депутаты,  немесе жергілікті  өзін-өзі  басқару 

органдарының мүшесі болып сайлану құқығы. 

Тең сайлау құқығы дегеніміз сайлаушылардың Президентті, Республика Парламенті 

Мәжілісі  мен  мәслихаттары  депутаттарын  сайлауға  тең  негізде  қатысады  және  олардың 

әрқайсысы  тиісінше  бір  сайлау  бюллетені  бойынша  бір  дауысқа  ие  дегенді  білдіреді. 

Сайлаушылар  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  мүшелерін  сайлауға  тең  негізде 

қатысады  және  олардың  әрқайсысы  тең  дауыс  санына  ие.  Кандидаттар  «Қазақстан 



Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен белгіленген шекте сайлауға 

қатысуға құқылы. 

Төте  сайлау  құқығы –  Президентті,  Республика  Парламенті  Мәжілісі  мен 

мәслихаттары  депутаттарын,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  мүшелерін 

азаматтардың тікелей сайлауы. 

Жанама сайлау құқығы –  Парламент Сенаты депутаттарын сайлауға таңдаушылардың 

–  мәслихаттар  депутаттары  болып  табылатын  Қазақстан  азаматтарының  қатысуы. 

Таңдаушылар сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие.  

Президентті,  Парламент  пен  мәслихаттар  депутаттарын,  жергілікті  өзін-өзі  басқару 

органдары  мүшелерін  сайлауда  дауыс  беру  сайлаушылардың  ерік  білдіруіне  қандай  да 

болмасын бақылау жүргізілуіне жол берілмейіндей жасырын болып табылады.   

Дауыстарды санау жүйесі. 

Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  заңның  «Сайлау 

жүйелері»  деп  аталатын  9-бабына  сәйкес,  Президентті,  Парламент  Сенаты  депутаттарын 

және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау 

кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады: 

Мыналар: 

•  дауыс  беруге  қатысқан  сайлаушылардың  елу  процентінен  астамының  дауысын 

алған;  

•  қайта  дауыс  беру  кезінде  басқа  кандидатқа  қарағанда  дауыс  беруге  қатысқан 

сайлаушылардың  (таңдаушылардың)  дауыс  санының  көпшілігін  алған  кандидаттар 

сайланған болып саналады.  

Парламент 

Мәжілісінің 

партиялық 

тізімдер 

бойынша 

сайланатын 

депутаттары  біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша 

сайланады. 

Мәслихаттар  депутаттарын  сайлау  кезінде  басқа  кандидаттарға  қарағанда  дауыс 

беруге  қатысқан  сайлаушылардың  дауыс  санының  көпшілігін  алған  кандидат  сайланған 

болып саналады. 

Өзге  де  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  мүшелерін  сайлау  кезінде  дауыс 

беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған 

болып саналады. 



 

 

ЛЕКЦИЯ-13. САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖӘНЕ ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР,  

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР МЕН ҰЙЫМДАР 

1 Саяси  партиялар  және  қоғамдык-саяси  козғалыстар:  ұғымы,  мәні,  белгілері 

және қызметтері. 

2 Саяси  партиялардың  пайда  болуы,  қалыптасу  шарттары  және  эволюңияеы. 

Саяси  партиялардың  жіктелуі.  Билік  катынас  жүйесіңдегі  саяси  партиялар,  саяси 

партиялардың мемлекеттік механизмдермен өзара әрекеттесуі. Партиялық жүйелер, 

олардың  жіктелуі.  Қазақстандық  партиялық  жүйелердің  даму  урдістері  және 

ерекшеліктері. 

3 Қоғамның  саяси  өмірінде  қоғамдык-саяси  қозғалыстар  мен  бірлестіктердің 

пайда  болуы мен  эволюңиясы.  Қазақстандық  қоғамның  сяаси  өміріндегі  қоғамдық 

қозғалыстардың орны мен рөлі. 

4 Лоббизм.  Қазақстандық  лоббизмнің  ерекшеліктері.  Мүдделі  топтар:  түсінігі, 

қызметтері және жіктелуі. Қысым топтары. 

 

Саяси  партиялар  және  қоғамдык-саяси  козғалыстар:  ұғымы,  мәні,  белгілері 

және  қызметтері.    Партия  ұғымы    латынның  «pars»  деген  сөзiнен  шыққан,  ол  бөлу, 

бөлемiн деген мағынаны бiлдiредi. Неміс ғалымы М. Вебер саяси партиялардың дамуының 

мынадай кезеңдерін атап өткен: 


•  аристократиялық үйірмелер;  

•  саяси клубтар; 

•  көпшілік партиялар. 

М.  Вебер  саяси  партия  дегенiмiз  мүшелерiн  өз  ерiктерi  бойынша  қабылдайтын,  өз 

басшыларына  билiктi  жеңiп  алуына,  белсендi  мүшелерiнiң  материалдық  және  жеке 

артықшылықтарды  иеленуіне  қажеттi  жағдайларды  қамтамасыз  ету  мақсатын  қоятын 

қоғамдық ұйым деп анықтама берген болатын. 

Сонымен, саяси партия дегеніміз саяси билiктi иеленуге немесе мемлекетте билiктi 

жүзеге асыруға қатысуға талпынушы идеология тұтастығымен байланысты ерiктi одақ. 

Саяси партияның негiзгi белгiлерi

 белгiлi бiр идеологияны алып жүрушi; 

  адамдардың  ұйымдасқан  бiрлестiгi  (ұзақ  мерзiмдiк,  ерiктi,  саясаттың  әртүрлi 

деңгейi бойынша құрастырылған, жергiлiктiден халықаралыққа дейiн); 

 билiктi жеңiп алу және жүзеге асыру мақсатын  ұстануы; 

 саясатта белгiлi бiр әлеуметтiк топтың мүддесiн бiлдiруi немесе қорғауы. 



Саяси партияның құрылымы: 

 партиялық аппарат; 

 қатардағы мүшелерi; 

 партия жақтаушылары. 



Саяси партияның қызметтерi: 

 билiк үшiн күрес, оны пайдалану және бақылау; 

 үлкен әлеуметтiк топтардың мүдделерiн негiздеу, анықтау, жинақтау

 үлкен әлеуметтiк топтың белсендiлiгiн арттыру және топтастыру; 

  партиялық  идеологияны,  қоғамдық  пiкiрдi  қалыптастыру,  үгiт-насихат 

жұмыстарын жүргiзу; 

 қоғамда саяси тәрбие жүргiзу; 

 партия, мемлекеттiк құрылымдар мен әртүрлi қоғамдық ұйымдарға кадрлар даярлау 

және ұсыну. 

Саяси партия қалыптасуына керi  ықпал ететiн факторларға: 

1  партиялардың әлеуметтiк базасының шектеулiлiгi; 

2  партиялардың саяси саланы түсiнуiнiң тарлығы; 

3  партиялардың қаржы тапшылығы жатады. 



2  Саяси  партия  типологиясы.  Саясаттану  ғылымында  саяси  партиялар  жiктемесi 

көптеп кездеседi. Мәселен, марксистер жiктеудiң негiзгi өлшемi ретiнде партияның таптық 

табиғатын  алады,  институттық  тұрғыны  жақтаушылар  ұйымдық-құрылымдық  өлшемдi 

алады,  функционалистер  партияның  ең  басым  және  орындау  мүмкiндiгi  бар  қызметiн 

негiзге  алады,  либералдық  бағыт  партияның  идеологиялық  және  саяси  сипатының 

маңыздылығын айтады.  

Саясаттану ғылымында М. Дюверженiң саяси партия концепциясы классикалық  деп 

танылған. Ол партияны кадрлық және бұқаралық деп екiге бөледі. 



 Кадрлық  партия  демократия  дамуымен,  сайлау  құқығы  мен  принциптерi 

енгiзiлуiмен  бiрге  келдi.  Бұл  партияның  негiзгi  қызметтi  сайлау  компаниясын  өткiзу. 

Партияның негiзгi мақсаты көп мүшелердi иелену. Кадрлық партиялардың ұйымдары әлсiз, 

құрылымы  нақты  емес,  жергiлiктi  ұйымдарының  дербестiгi  басым,  депутаттық  фракция 

басқа депутаттардан тәуелсiз  болады. Кадрлық партияға АҚШ-тағы Республикалық және 

Демократиялық партиялар жатады. 



Бұқаралық  партияға европалық барлық социалистiк, христиандық-демократиялық, 

коммунистiк, ұлттық-социалистiк партиялар жатады. Бұқаралық партиялар қатал тәртiпке 

ие. Демократиялық орталықтандыру принципiне тәуелдiлiк бұл партияларды бiртұтас еттi. 

Бұқаралық партиялар саяси жүйеге  ең ықпалды  партия. Парламенттiк сайлау барысында 

тығыз ұйымдық құрылымға ие бола отырып, жеңiске оңай жетедi. 


Дж. Сартори саяси партияның мынадай типологиясын ұсынады: 

1 парламенттiк-электораттық партия; 

2 ұйымдық-бұқаралық партия

3 электораттық-бұқаралық партия. 

Саясаттану ғылымында саяси партияның мынадай типологиялары да кездеседi: 

1  әлеуметтiк  ақиқаттылыққа  қатынасына  қарай:  революциялық,  реформистiк, 

реакционерлiк, консервативтi; 

2  идеологиялық  бағытына  қарай:  социал-демократиялық,  коммунистiк,  либералды, 

консервативтi, дiни, монархиялық, ұлттық, фашистiк; 

3  саяси  билiкке  қатысуына  қарай:  билеушi,  оппозициялық,  жария,  жартылайжария, 

жасырын; 

4 саяси темпераментiне қарай: оңшыл, центристiк, солшыл. 



3  Партиялық  жүйелердiң  мәнi.  ХІХ  ғасырдың  екiншi  жартысында  және  ХХ 

ғасырдың  бiрiншi  жартысында  Европа  мен  АҚШ-та  көппартиялық,  екiпартиялық, 

бiрпартиялық жүйелер қалыптасты. Бұл елдердегi саяси өмiр мiндеттi түрде партиялармен 

байланысты болды. Саяси жүйеде партиялар бара-бара  шешушi рөл атқара бастады. ХlХ 

ғасырда партиялар саяси күрестiң идеологиялық формасын иелене бастады, сондықтан да 

партиялар  белгiлi  бiр  идеяларды  алып  жүрушi  болып  табылды.  Демократия  –  бұл  саяси 

партия қызметiнiң, құрылуының жемiсi. Демократия партиялық қолдаусыз мүмкiн емес: 

• олар парламент қызметiне қатысады. 

• парламентте партиялар өздерiнiң саяси курсын ұсынады және қорғайды. 

• партия парламенттiк деңгейде шешiм қабылдауға қатысады, бұл партияның күшiн 

сынау болып табылады. 

•  партия  сайлауға  қатысады,  саяси  бейжайлықпен  күреседi,  ел  үшiн  саяси 

басымдылықтарды анықтайды. 

• саяси партиялардың көптiгi сайлаушыларға таңдау мүмкiндiгiн тудырады, билiкке 

таза бәсекеде жеңiске жету мүмкiндiгiн тудырады. 

Партиялық  жүйелер  партиялардың  санына  қарай  бiрпартиялық,  екiпартиялық,   

көппартиялық болып бөлiнедi (М. Дюверже).  

Көппартиялық  жүйе  (мультипартизм).  Батыс  Европаның  көптеген  елдерiнде 

көппартиялық жүйе өмiр сүредi. Көппартиялық  жүйе елде қалыптасқан әлеуметтiк-саяси 

жағдайға және идеологиялық бағыттылыққа тәуелдi.  

Екiпартиялық  жүйе  (бипартизм).  Көптеген  саясаттанушылар  саяси  жүйе 

бiрқалыпты жұмыс iстеуi үшiн екi партиялық жүйе тиiмдi деп есептейдi. Мұның тиiмдiлiгi 

билiк басындағы партияны екiншi оппозициялық партия толық бақылауға алуы. Сондай-ақ 

жеңiске жеткен партия тұрақты үкiметтi құруға  қол жеткiзедi.  Парламентке  сайлауда екi 

партиялық жүйе қызметшiл. Бұл партия шешiмi бiршама нақты және тиiмдi. Екi партиялық 

жүйенiң классикалық көрсеткiшi АҚШ-тың партиялық жүйесi. 



Бiрпартиялық  жүйе  (монопартизм).  Бiрпартиялық  жүйе  белгiлi  бiр  саяси  жүйеге 

ғана тән, олар социалистiк, фашистiк және дамушы елдер.  

Бiрпартиялық жүйенiң қалыптасу белгiлi бiр әлеуметтiк-тарихи себептерге және сол 

партия алға қойып отырған мақсаттарға да байланысты. Мысалы, КСРО-дағы коммунистiк 

партия мен Германиядағы национал-социалистiк партия. Дегенмен, кейбiр ойшылдардың 

айтуы бойынша  белгiлi бiр тарихи  кезеңде бiрпартиялық жүйе үлкен  жетiстiкке  де  алып 

келедi.  

Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйенiң қалыптасуы.  

Қазақстандағы  «Саяси  партиялар  туралы»  бірінші  заң  1996  жылы  2  шілдеде 

қабылданған  болатын.  Қазақстандағы  саяси  өзгерістерге  және    демократиялық  қоғам 

орнату  талаптарына  сәйкес  Парламент  2002  жылдың  15  шілдесінде  «Саяси  партиялар 

туралы» жаңа заң қабылданды.  

Қазақстан  Республикасында  көппартиялық  жүйе  қалыптасуын  қазақстандық 

саясаттанушы ғалым М. Машан мынадай кезеңдерге бөліп көрсетеді: 


1  1986  жылдың  аяғы  мен  1990  жылдың  басы  (ресми  емес  бiрлестiктердiң 

қалыптасуы); 

2  1990  жыл  мен  1991  жыл  тамыз  (партиялардың,  қозғалыстар  мен  ұйымдардың 

құрылуы); 

3  1991 жылдың тамызы мен 1993 жылдың қаңтары  (КПСС таратылуы, КСРО-ның 

тарауы,  тәуелсiз  ҚР  құрылуы,  саяси  партиялардың  тiркеуден  өтуi,  азаматтардың  саяси 

белсендiлiгiнiң артуы); 

4  1993  жылдың  қаңтары  мен  1995  жылдың  тамызы  (бiрiншi  қабылданған  ҚР 

Конституциясынан жаңа Конституциясына дейiн); 

5  1995 жылдың тамызы 1996 жылдың шiлдесi   (жаңа 

қабылданған 

ҚР 


Конституциясынан ҚР саяси партиялар туралы Заңына дейiнгi кезең); 

6  1996 жылдың шiлдесiне 2002 жылдың қыркүйегiне дейiнгi кезең. 

7  жаңадан  ҚР  саяси  партиялар  туралы  Заңының  қабылдануы  (2002  жыл  19 

қыркүйек). 

Қазақстан Республикасындағы саяси өмiр мен азаматтық қоғамның қалыптасу процесi 

демократияландырудың  заңдылықтарының  сақталынып  отырғандылығын  көрсеттi. 

Дегенмен  мынадай қиындықтар да кездесуде: 

1 көппартиялық жүйенiң жылдам және аз уақытта қалыптасуы; 

2  өтпелi  қоғамдағы  саяси  факторлардың  жетекшiлiк  рөлi  реформаның  жоғарыдан 

жасалынуына байланысты болуы. 

3 қоғамның саяси жүйесінде қайшылықтың барлығымен байланысты.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет