Лекциялар курсы Факультет: тарих-педагогика Кафедра: Қазақстан тарихы



бет1/16
Дата11.09.2017
өлшемі3,34 Mb.
#32032
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖқұжаты

№ 1 басылым

31.08.2016



ФР 042-1.02-2016-01


Лекциялар курсы



Факультет: тарих-педагогика

Кафедра: Қазақстан тарихы
«ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ»

пәнінен практикалық (семинар) сабаққа әдістемелік нұсқау


5В011400 – «Тарих» мамандығының студенттері үшін

СЕМЕЙ

2016


АЛҒЫ СӨЗ
1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауым. проф. м.а., т.ғ.к. Мукатаева З.К. _______ 31.08. 2016 ж.


«Орта ғасырлар кезеңіндегі Азия және Африка елдерінің тарихы»пәнінен 5В011400 «Тарих» мамандығының студенттері үшін практикалық (семинар) сабаққа әдістемелік нұсқау
2. КЕЛІСІЛДІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында әдістемелік нұсқау


№1 хаттама, «_31_»___08_____ 2016 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.А. Мухаметжанова

Тарих-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында оқу үрдісінде әдістемелік нұсқауды пайдалану ұсынылды


№1 хаттама, 31.08.2016 жыл

Төрайым _____________ Абішева Ш.Ш.



Қысқаша дәрістер
Тақырып №1. Орта ғасыр кезеңіндегі Азия және Африка елдері тарихы, міндеттері, уақыт шегі, категориялары.

1.Орта ғасыр кезеңіндегі Азия және Африка елдері тарихы, міндеттері.

2. Шығыс өркениеттерінің хронологиялық және географиялық шектері.

3. Дәстүрлі Шығыс қоғамы және оның қуатты мүмкіндіктері. Шығыс феомені.

4. Діни нанымдар.

Адамзат дамуның жалпы үрдісі ғаламдануға бағыт алып отырған қазіргі таңда әлемдік тарихтың маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Соған қарамастан әлемдік тарихтың әсіресе шығыс тарихы саласы әлі күнге дейін кенже қалып отырғанын ешкім жоұұа шығара алмас. Бұл әсіресе теориялық-методологиялық мәселелерге қатысты. Ал теориясыз, методологиясыз қандайда болмасын тарихы материалды талдау, оған баға беру, оны типтеу, жүйелеу мүмкін емес.

Орта ғасырлардағы Азия-Африка елдеріндегі феодалдық қатынастардың дамып, жетілуінің өзіне тән ерекшеліктері болды. Ол елдерде қауым ұзаұ уақыт бойы сақталды. Қауымдардың өзін-өзі басқаруы автономиялығы, патриархальдық қатынастар өміршең болды. Мемлекет қауымның сақталуына мүдделі болды. Оның нығайуына қолдау көрсетіп отырды. Азия-Африка елдеріндегі ерекшеліктің бірі – үкіметтің жеке меншікке қарсы тұруы болды. Жер негізінен мемлекеттің меншігі болды. Келес бір ерекшелік мемлекеттік биліктің деспотиялық болуы еді. Азия-Африка елдерінде қай кезеңде болмасын құлдар шаруашылықта шешуші роль атқармады.

Шығыс елдердің қалалары феодалдық Европадағыдай жекелеген феодалдарға емес, мемлекет басшысына бағынды. Шығыс елдерінде дін мемлекеттік деңгейге көтерілді.



Әдебиеттер:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

6. История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних веков и нового времени. М.,РАН-1998.

7. Средневековый Восток: история, культура, источниковедение. М.,1980.

8. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

9. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

10. Феномен восточного деспотизма. Структура управления и власти. М.,1993.

11.История стран зарубежной Азии. Л.,1970


Тақырып: 2. Деректер, тарихнамасы.

  1. Орта ғасырлық Шығыс елдерінің деректемесі.

  2. Тарихнамасы.

– орта ғасырлар кезеңінің негізгі деректерін, олардың түрлерін, алатын орнын білу, медиевист тарихышлардың еңбектерінде ғылыми көзқараспен қарап баға бере білу.

  1. Орта ғасырлар тарихының негізгі деректерін білу;

  2. Тарихи деректерді топтарға бөліп, олардың ерекшеліктерін, құндылықтарын бағалай білу, сын тұрғысынан пайдалану;

  3. Орта ғасырлық деректердің жалпы сипаттамасын, оларды оқу әдістерін игеру; (деректердің хронологиялық шектерін қай жерге тән екендігін, тарихи процесті бейнелеуін);

  4. Орта ғасыр тарихы тарихнамасынын қалыптасып, дамуын білу;

  5. Еуропалық феодализм проблемаларының орыс тарихшыларының еңбектерінде зерттеуін білу;

  6. Еуропалық феодализм проблемаларын шетел тарихышыларының еңбектерінде зерттелуін білу;

  7. Орта ғасырлар тарихи деректемесі мен тарихнамасының қазіргі кездегі зерттелу жағдайын білу;

  8. Орта ғасырлар тарихының әр кезеңіне тән деректерді зерттеулерді білу;

Жалпы алғанда, мәмлүк дәуіріне қатысты өте бай архивтік мәліметтер бар екендігін айта кету керек. Сирек қолжазбалар Таяу Шығыс елдерінің Каир, Дамаск, Бағдат және т.б. қалаларында ғана емес, Еуропа елдерінің кітапханаларында да сақталған.Каирде орналасқан Мысыр кітап үйінің өзінде ғана 70 мыңдай қолжазба, сирек темір шақалар бар.Оның басым көпшілігі мәмлүк дәуіріне қатысты материалдар болып табылады.

Ал жалпы алғанда мәмлүк тарихы, атап айтқанда, Бейбарыс жайлы Ибн Уасил (1223-1229), Ибн Шаддад (1217-1285), Ибн Абдузахир (1223-1292), Ибн Йиас (1448-1524) , Ан- Нуайри (1331 қайтыс болған), Ибн Тәңірберді,Ибн Айбек, Абул-Фида(1273-1331), Ибн Шакир(1362 жылы қ.б), әл-Айни(1361-1451) секілді мұсылман тарихшылар жазған.

Ислам тарихнамасында Бейбарыс туралы «сира» - өмірбаян жанрында жазылған бар болғаны үш шығарма бар. Тарихшы Ибн Уасил өзінің ауқымды еңбегінің бір томын Бейбарыс сұлтандығын баяндауға арнаған.

Бейбарыс заманында өмір сүріп сұлтанның өмірбаянын жазған, мәмлүк мемлекеттік жүйесінде қызмет еткен Ибн Абдузаһир, Ибн Шаддад және Ибн Уасил. Бізге жеткен деректердің бірі Беркеханның құнды шығармаларының бірі «Тарих ал-малик аз-заһир» (Нағыз патша тарихы). Ибн Уасил, Джамалуддин Абу Абдулла Мухамед бен Салим бин Насрулла ал-Хамауи аш- Шафағи. Ең маңызды шығармасы «Муфарридж ал-куруб фи ахбар бени айуб» ( Аюп әулеттер туралы шер тарқату).

Сонымен қатар мәмлүктер және Бейбарыс Сұлтан тарихын қазақстандық ғалымдар да зерттеуде.Атап айтқанда Қайрат Сәки өзінің «Пирамида үстіндегі киіз үй немесе Бейбарыс туралы» еңбегінде Бейбарыстың омір жолы,ол құрған мемлекет тарихы жайлы баяндалған.

Батыршаұлы Бақытты «Мысыр Мәмлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары» атты еңбегінде Мысыр елінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары туралы айтады.

Т.Сұлтановтың «Алтын Орда хандарының хаттары»деген жинағында Сұлтан Бейбарыстың Берке ханға жазылған хаттары көрсетілген.Сондай-ақ Бейбарыс сұлтанды зерттеп жүрген ғалымдардың бірі Б.Көмеков.Оның еңбектерінің бірі –«Бейбарыс Сұлтан.Тарих. Тұлға. Уақыт» Жоғарыда айтылғандардың тұрғысынан шығып, зерттегелі отырған тақырыбымыз мәмлүк мемлекетінің негізін салушы қыпшақ сұлтан Бейбарыс жайлы

Кейбір дерек көздерінде Әл-Фарабидің еңбектерінің тек азы ғана аталады. Тарихшы Ибн-Надим (хижра бойынша 385жылы қайтыс болған) өзінің «Әдебиеттер тізімі» атты кітабында Әл-Фарабидің тек жеті еңбегін ғана келтіреді. Ал, Саид Әл-Әндалуси (462жылы қайтыс болған) «Табақат Әл-Умам» (Ұлыстар) атты еңбегінде ғұламаның төрт кітабын ғана енгізген. Заттардың шығу тегін зерттеуші Әл-Қифти «Билеушілер тарихы» атты еңбегінде Әл-Фарабидің жетпіс төрт (74) шығармасын атаса, Ибн Әби Усейба «Тәуіптер жайлы дерек көздер» атты еңбегінде Әл-Фарабидің жүз он үш (113) қолжазбасын анықтаған. [19;124] Әл-Бәйхақидің «Мұсылман билеушілерінің тарихы» атты зерттеуінде: «Әл-Фарабидің еңбектері Ирактан тыс жатқан Парсы елінде көп таралған»-дей келе, өзінің Рәй шахарының бір ірі ғалымының кітапханасынан Әл-Фарабиге тиесілі бұрын аты шықпаған, көбісі ғұламаның өз қолымен және оның шәкірті Яхья бин Аданың қолымен жазылған шығармаларды көргенін әңгімелейді.[28;3] Абу Ибраһим Исхак ибн Ибраһимнің «Диуан әл-әдаб» («Әдеби жинақ») атты еңбегінде Әл-Фараби туралы деректер келтіреді: «Ол жерден Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммад Әл-Фараби Әл-Хаким Әл-Файласуф шыққан. Ол философия ғылымына арналған шығармалардың авторы. Ол 339жыл Дамаскіде қайтыс болған. Йуханна бин Хайланның шәкірті болған. Йуханна халифа Әл-Фараби Муқтадирдің тұсында өмір сүрген». Йақұттың «Му джам Әл-Булдан» еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фараби Бағдад, Дамас, Мысырда оқып білім алған және қызмет істеген деп жазған.[28;4] Ибн Халликанның «Уфиат ат аль-аиан фи аз-Заман» («Ғалымдар өмірінен ескерткіш») атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлағ) таза түркі тілінде келтірілген.[16;24] Атақты ғалым-географ Ибн –Хаукал өзінің «Китаб Масалик уа мамалик» аталатын географиялық еңбегінде Түркістан аймағының сипатын берген, қалаларын картаға түсірген. Ол Отырарды жазғанда: «Бұл жер атақты ғұлама, асқан философ Әл-Фарабидің туған жері»-деп жазған. [16;23] Түріктің атақты ғалымы Хажы Халифа Мустафа Челеби өзінің «Кашаф ал-Зунун», «Куман айру» атты еңбегінде Әл-Фарабиға көп орын берген. Осылардың бәрінде де Әл-Фараби түркі нәсілді, Түркістандық екені айтылады.[8;13]

Немістің көрнекті ғалымы Фридрих Диатерци 1888-1904ж.ж. «Әл-Фарабидің философиялық трактаттары» деп аталатын жинақты жарыққа шығарған. Оған Әл-Фарабидің біпсыпыра философиялық шығармаларының арабша текстері мен олардың неміс тіліне аударылған нұсқалары енген. Неміс ғалымы Карл Брокельман 1886-1937ж.ж. арасында «Араб әдебиетінің тарихы» деп аталатын көп томды биобиблиографиялық еңбегінде Әл-Фараби шығармашылығына едәуір орын берген.[8;14] Н. Решер ұзақ ізденіс нәтижесінде 1962жылы ағылшын тілінде «Фараби. Аннотацияланған библиография» деп аталатын аса құнды еңбегін жариялаған. Мұнда мың жыл бойында Әл-Фараби жөнінде кім не жазады, Әл-Фараби шығармалары қай тілдерге аударылды деген мәселелерге баса назар аударылған.[8;15] Француздің ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935ж.ж. Әл-Фарабидің аса үлкен, әрі терең мағыналы «Әуездің үлкен кітабы» атты трактатын француз тіліне аударған. [4;58]1974жылы Лейденде Ланд «Араб музыкасы» деген атпен «Музыканың үлкен кітабының» тарауларынан аударылған аударманы жарыққа шығарды. 1935жылы ағылшын тілінде Фармер «Ғылымдар классификациясын» аударған. [4;59] Белгілі ғалым А.Машанов «Әл-Фараби және Абай» деген еңбегінде: «Әл-Фарабидің жас жігіт кезінде Отырар елінде сүйгені болуы да мүмкін. Бәлкім, баласыда болған шығар деген ой келеді. Өйткені, оның есімі - Әбунасыр. Арабшадан аударғанда ол Насырдың әкесі деген сөз»-деп жазған. [7;91] А. Көбесов «Сөнбес жұлдыздар» еңбегінде Әл-Фарабидің 150 астам ғылыми туындылары болғанын айтады.[7;92] 2002жылы Қазақстанда С.Даукеева «Әбу Насыр Мұхаммед Әл-Фараби музыкасының философиясы» деген монографиялық жинағын басып шығарды. Бұл еңбекте «Музыканың үлкен кітабының» жазылуына әсер еткен факторлар, оның тарихы жөнінде айтылған және Фараби еңбегінен аудармалар жасаған. Әл-Фарабидің музыкалық мұрасын В.М.Беляев, И.Раджабова, Т.Вызго, Д.Рашидова, А.Джумаев секілді ғалымдар зерттеген болатын. Ғұламаның музыкалық-теориялық көзқарасы ғылымның философия және математика салаларында еңбек етушілер С.Н.Григорян, М.М.Хайруллаев, А.К.Көбесов, О.Матякубов, А.Х.Қасымжановтың еңбектерінде орын тапқан.[5;54] Немістің белгілі ориенталисы Диатерци 1890-1895жылдары Лейденде Әл-Фараби жөнінде еңбектер шығарған және Әл-Фараби кітаптарының бірнешеуін арабша бастырған.

В. Ян «Шыңғыс хан» кітабында Шыңғыс ханның Хорезмге жасаған жорықтарын жазды. Марко Поло «Монғолдың құпия тарихы» деген жазылымында Шыңғысхан, оның әулеті туралы жырланады. Майкл Х. Харт «Шыңғыс хан» деген мақаласында Шыңғыс ханның өмірлік жолына тоқталып өтті.

Шыңғыс хан жөнінде 1929 жылы Белград университетінің профессоры Э. Хара-Даван «Шыңғысхан қолбасшы және оның мұралары» деген тарихи кітап жазды. 1929 жылы Эренжен Хара – Даван «Қолбасшы Шыңғысхан және оның мұрасы» деген еңбегін жазды.

Қазіргі кездегі зерттеулер: Тарих ғылымының докторы Зардыхан Қинаятұлы «Шыңғыс хаған кім?» деген мақаласында ұлы тұлғаның өмір жолының кейбір тұстарына қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ «Қазақ заңдары және Шыңғыс ханның «Ұлы жасағы» деген мақаласында Шыңғыс ханның жүргізген мемлекет реформасына тоқталды. Жұмахан Қожамқұл Жалайыр «Шығыстың көкжалы – Шыңғыс хан» деген мақаласында Шыңғыс ханның қазаққа орны толмас қасірет-қайғысы туралы жазады.

Араб халифатының тарихына қатысты деректер мен зерттеулер мөлшері тым шектеулі. Деректер негізінен орыс тіліне аударылып, көпшілікке тараған. Тақырып бойынша арнайы монографиялардың жұтаңдығы мен қазақша оқулықтардың жоқтығы көбіне Араб елдерінің тарихын оқып үйренумен қатар терең танысуға кедергі жасайды.

Маңызды деректерге «Құран», мұсылман ренессансының көрнекті ғалымдарының еңбектері жатады. Тағы бір дерек көзі ретінде Абу-ль-Фарадж аль-Исфаханидың [1] деректерін атап өткен жөн. Көрнекті ғалым В.В. Бартольдтың [2] шығармаларының 9-томы біздің нысанамызға алынып отырған Араб халифатына қатысты зерттеу еңбектері топтастырылған. Е.А. Беляевтың [3]еңбегін арабтардың өмірі, діні және ерте ортағасырлық кезеңдегі тарихына ден қойып, жан-жақты зерттелген монографиялық еңбек ретінде қарастыруға болады. Халифат тарихына қатысты жазылған іргелі еңбектер қатарына О.Г. Большаковтың [4] зерттеуін жатқызамыз. К.Э. Босфорт [5] мұсылман әулетінің билеушілерінің генеологиясы мен хронологиясы жөнінде жүйелеу жұмыстарын жүргізе отырып, анықтамалық жасаған. Қарастырып отырған кезеңдегі шығыс қоғамындағы шаруаны тарихи субъект ретінде қарастырған Гордон А.В. [6], Азиядағы мемлекет ерекшеліктері [7], Таяу және Орта Шығыстағы дін иелері мен саяси өмір туралы [8] еңбектер қарастыры потырған кезеңнің тынысымен танысуға мүмкіндік береді. Арабтардың көрші елдерге жорықтарына дейінгі ерте феодалдық қатынастардың қалыптасуын шығыстанушы тарихышалар Жюльен Ш.А. [9], Ю.В Качановский [10] атап көрсетеді. Б.Н. Заходер [11] және Петрушевский И.Л [12] араб мемлекетінің қоғамдық-экономикалық құрылыс мәселелері, мемлекеттің құрылуы, ерекшеліктері, басқа елдердің дамуына ықпалын аша түскен, Омейя дәне Аббас әулеттерін сипаттап жазған. Араб мәдениетінің дамуы, оның көрнекті өкілдері, араб-мұсылман мәдениетінің дүние жүзілік өркениетке қосқан үлесі жайлы мәліметтер осы Конрад Н.И. [13], Мец А. [14] еңбектерінде және де зерттеулеріндеерекше аталып көрсетіледі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

6. История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних веков и нового времени. М.,РАН-1998.

7. Средневековый Восток: история, культура, источниковедение. М.,1980.

8. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

9. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

10. Феномен восточного деспотизма. Структура управления и власти. М.,1993.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет