Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы


XVI—XVIII ғасырдың басындағы қазақтардың әлеумет- тік-экономикалық жағдайы



бет10/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
XVI—XVIII ғасырдың басындағы қазақтардың әлеумет- тік-экономикалық жағдайы. Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Мал өнімдері оларды тамақ, киім-кешек, түрғын үй материалдары, сонымен бірге көлік қызметімен қамтамасыз етіп отырды. Мал жэне мал өнімдері көрші халықтармен айырбас жасайтын қаражат көзі де болды. Қазақтардың мал шаруашылығына байланысты Ш.Уәлиханов былай дейді: «Дала көшпелісін ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін өз тыныштығынан малының аман болғаны қымбат. Жүртқа мэлім, қырғыздар бір-бірімен амандасқанда: «Мал-жаның аман ба?» деген сөздермен бастайды. Отбасының мал жайын алдын ала сүрастыруы көшпенділер өмірінде малдың қаншалықты маңызы барын айқын көрсетеді».

Қазақ жерінің табиғи-жағрапиялық ерекшеліктеріне байланысты қазақтар көшпелі жэне жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бүрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір py белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін үстанды. Жайылымдық қоныстардың арақашықтығы жүздеген шақырымға созылды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді болды. Жем-шөп дайындау болмады, қыста мал тебіндеп жайылды. Қыс қатты болған жылдары жүт болып, малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін, мүндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп, көбі отырықшылыққа ауысатын. Дегенмен мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдірілумен болды.

Қазақтар жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Соның ішінде жылқыға үлкен мэн берді. Жылқының түр-түрі болған: жүк таситын, салт мінетін жэне жүйрік-арғымақтар. Көшпелі мал шаруашылығына жылқыны үйірмен бағу тэн. Бір үйір 12-15 биеден түрды. Бірнеше үйір жылқы табынын қүрады. Салт мінетін жылқы ат деп аталды. Қазақтардың шаруашылығында қой жетекші орын алды. Қыпшақ даласы көшпенділерінің басты байлығы қой болған. Қыпшақ қойлары төзімділігімен, етті-сүттілігімен ерекшеленген. Қойдың еті мен сүті тағам болды, терісі мен түбітінен киім-кешек, аяқ-киім, ыдыс-аяқ жасалынды. Қазақ шаруашылығында түйенің де алатын орны зор болды. Қазақтар негізінен қос өркешті, жүнді түйе өсірді. Жылқы, қой, түйемен қатар қазақтар сүті мен түбіті үшін ешкі де өсірген. Бірақ ешкі мен сиыр қазақ шаруашылығында аз болды. Қазақ философиясында ешкі белгісіздікті білдірсе, сиыр жүтпен теңеседі. Сондықтан қазақтар бүл жануарлардың етін тек жүт жыл­дары ғана жеген.

Мал жеке адамның жэне отбасының меншігінде болды. Мал көшпелілер байлығының, олардың түрмыстық жағдайының ба­сты өлшемі болды. Ал жайылымды қоғам мүшелері қауымдасып пайдаланған. Әр рудың өзіндік жері болды жэне бүл жерге меншік үрпақтан-үрпаққа ауысып отырды.

Қазақтар егіншілікпен де айналысты. Қазақ хандығының түрлі аумақтарында егіншіліктің дамуы әркелкі болды. Негізінен отырықшы — егіншілікпен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан халықтары айналысты. Қазақтар көбіне тары дақылын екті. Сыр бойындағы қалаларда ирригациялық жүйе барынша дамыған. Қалалардың маңында суландыратын арнайы алқаптар болды. Қала маңдарындағы бүндай алқаптарда бау-бақша өнімдері өсірілді.

Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: қүс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран қүстармен аң аулау басым болды. Аң аулау дербес кәсіп болмаған, мал шаруашылығына көмекші кәсіп қана болған.

Қазақтардың шаруашылығында эр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алған: тері өңдеген, киіз басқан, қүрақ қүраған, металдан эртүрлі бүйымдар жасаған.

Қазақтар көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлерде өмір сүрді. Көлеміне жэне иесінің әлеуметтік жағдайына байланысты киіз үйлердің түрлері көп болды. Күзеу мен қыстауда ағаштан жэне кірпіштен салған жылы үйлерде түрды.

XVI ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы жэне Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланыстарын жандан- дырды. Сырдария қалалары арқылы халықаралық сауда жэне көшпенділермен дәстүрлі сауда дамыды. Түркістан қалалары мен елді мекендері арқылы Индияға, Қытай мен Еуропаға керуен жол- дары өтті. XVI—XVII ғасырларда бүл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ хандары мен сүлтандары қоныстанды. Көшпенділермен негізінен айырбас сауда жүргізілді. Сыр бойындағы қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жүмыс істеді. Қазақстанның көшпенділері оңтүстіктегі қалалармен сауда-саттық қарым-қатынаста болды. Көшпелілердің астыққа—бидайға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау-бақша шаруашылығының басқа өнімдеріне деген жэне әсіресе, маталарға деген сүранымы барынша түрақты болды. Далалық аудандар халқының көшпелілік шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік аудандары жэне қала шаруашылығының түрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажырамас белгісі болды.

Қазақ хандығы түсында қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топ­тан түрды: ақсүйек жэне қарасүйек. Ақсүйектер әлеуметтік тобына Шыңғыс ханның үрпақтары — сүлтандар, төрелер жэне Мүхаммед пайғамбардың үрім-бүтақтары — қожалар жатты. Бүл топ үш жүз қазақтарының генеалогиялық қүрылымынан бөлек түрды. Шыңғыс ханның үрпақтары туылысымен сүлтан атағын иеленіп, бүл әлеуметтік топқа тиесілі барлық ерекше қүқықтармен қамтамасыз етілді. Шыңғыс ханның үрпақтарының әрқайсысы хандық билікке үміткер саналды. Сонымен бірге, бүл әлеуметтік топ руға бөлінбеді.

Әрбір сүлтанның өзіндік үлесі болды. Қалған әлеуметтік топтардың бэрі қарасүйектерге жатты. Қарасүйек өз ішінде тайпаға, руға бөлінді.

Қарасүйек элеуметтік тобынан ерекше қүқықтар иеленген тек би- лер болды. Атап айтсақ, py биінің қолында соттық, экімшілік билік шоғырланды. Билер сүлтандармен бірге мемлекеттік мәселелер шешілетін жылдық жиналысқа — қүрылтайға қатысты. Небір беделді билер хан жанындағы «билер кеңесінің» қүрамында болды.

Танытқан ерлігі немесе соғыс қимылдарын шебер басқарғаны үшін хан немесе сүлтандар батыр деген қүрметті атаққа ие болған. «Батыр» ердің атағы ғана емес, сонымен бірге кәсіби жауынгерлер. Қарапайым жауынгер батырлық танытқанымен, қолына Шыңғыс әулетіне тэн билік берілмеген. Батырлардың ерліктерін жыршы- ақындар дәріптеп отырған.

Қазақ қоғамындағы ешқандай қүқығы жоқ мүшелері — қүлдар болды. Бүл әлеуметтік топ өкілдерін негізінен соғыс түтқындары қүрады. Олар өз қожайындарына тәуелді болды.

Қоғам мүшелері дэулет-мүлкінің мөлшеріне сай «бай» жэне «кедей» болып бөлінді. Осы кезеңдегі қазақ қоғамы элеуметтік топтардың иерархиялық үйымдасқан қүрылымынан түрды. Бүл әлеуметтік топтар бір-бірімен тығыз байланыста болды. Әр әлеуметтік топтың өзіндік қүқықтары болды.

2. Қазақ хандығын нығайту жолындағы Тәуке ханның қызметі



Жэңгірдің баласы Тэуке хан (1680—1718) түсында Қазақ ханды- ғының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де эртүрлі. Жэңгір ханның үлы жэне мүрагері Тэуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын қүруға қажырлы қайрат жүмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді.

Тэуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған қүжатта: «Тэуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен қүрметпен еске алады»,— деп көрсетеді. Халық зердесінде Тэуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жүмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген.

Тэуке ханның билік қүрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан Тэуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет қүруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта эртүрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бүған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның үрпақтары мүрагерлік жолмен тартыла- тын еді.

Тэуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел ара­сында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған түлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бүл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді. Билер кеңесін қүрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне тарту Тэуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды.

Билер кеңесі мемлекеттің ішкі жэне сыртқы саясатына қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды. Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, яғни мемлекеттік биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды. Тэуке ханның түсында «Билер кеңесінің» қүрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер енді. Билер кеңесінің билік ауқымы зор болған. Бүл кеңестің шешімі негізінде ғана Тэуке хан мемлекеттік мәселелерді шешуге қүқықты болған жэне билер кеңесі қабылдаған заңдар мен шешімдерді жүзеге асырып отырған. Сонымен қатар «Билер кеңесі» хандық билікті шек- теу қүқығына ие болған. Билер кеңесі соттық билікті де атқарған. Халықтың дәстүрлі менталитетінде билердің қоғамдағы мэртебесін анықтайтын қағидалар көп сақталған. Мысалға, «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Туғанына бүрғаны — биді қүдай үрғаны», «Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік» т.б. Бидің үкімі py, аймақ атынан емес, тәуелсіз би атынан шығарылды. Атақты Әйтеке би үрпақтарына мынадай өсиет қалдырды: «Менің өмірім өзгенікі, өлімім өзімдікі». Tya біткен даналық пен шешендікті иеленген билердің өмірлік тәжірибесі де мол болды. 1820 жылы орыс жэне еуропалық қүқық нормалары- мен жетік таныс Д. Самоквасов қазақтардың қүқық жүйесін зерт- тей келе, қазақ билері халқының салт-дәстүрі мен өткен тарихын да жақсы білетіндігі туралы жазған. «Биі жақсының елі жақсы», «Батыр елін жауға бермейді, би елін дауға бермейді» деген нақыл сөздер қазақ билерінің дипломат қызметін атқарғанын да көрсетеді. Билер шешен болған. Атап айтсақ, халық Қазыбек биді «ағын судай эйгілі шешен» деп мақтан түтқан. Сөйтіп, Тэуке хан ел билеуде атақты қазақ билеріне арқа сүйеп, олардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін көтерді.

Билер кеңесі мерзімді түрде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірен, Түркістан мен Сайрам жеріне орналасқан Битөбе, Мэртөбеде шақырылған. Жыл сайын Ташкент қаласының маңындағы Күлтөбеде үш жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп түрған. Бүл халық арасында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп аталды.

Тэуке хан қазақтың жыраулары мен шешендерінің жэне шежіре- шілерінің басын қосып, қазақтың мақал-мәтел, шежіре, аңыз- жырларын жинаған. Сонымен қатар, қазақ халқы арасында бүрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың үрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген. Бүл тарихта Орта Азияда өмір сүрген көшпелі хандықтарда болып келген салт еді. Жаңадан таққа отырған хан өзіне қарасты тайпалардың таңбасын белгілеп беріп отырған. Бүл көшпелі тайпалар арасында хандық өкімет билігін күшейтудің дәстүрлі шараларының бірі еді.

Тэуке хан өзінен бүрынғы хандар түсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын қосты, жеке-жеке үлыстарды би­леген сүлтандардың бөлектенуіне тежеу салып, Қазақ хандығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып, оны едәуір күшейтті. Бүл түста едәуір қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпалары Тэуке ханның қарауында болды. Тэуке қырғыздарды олардың өз биі Қоқым Қарашор арқылы, қарақалпақтарды олардың Сасық биі арқылы басқарып отырған. Бүл ic жүзінде жоңғарлардың шабуылынан қорғануды негіз еткен қазақ, қырғыз жэне қарақалпақ халықтарының әскери-саяси одағы еді.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет