Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет4/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Түргеш қағанаты 704—756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған болды. Қағандықтың аумағы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақ- тарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс ay- дарып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының қүрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық қүрамы негізінен сары жэне қара түргеш тайпаларынан түрды. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларында өмір сүрген. Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, ба- сты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының қүрамында болған басқа да түрік тілдес тайпалар да түргештердің қүрамына енген. Саяси экімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы билеушісі бас қағанның қолында болды. Үшелік қаған қағанатты 20 экімшілік аймақтарға бөліп, эр аймақта 7 мыңнан әскер үстады.

706 ж. Үшелік қаған қайтыс болып, оның орнына баласы Сақал қаған (706—711 жж.) отырды. Сақал қаған түсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшінсары жэне қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. Ішкі тартыстардың барысында қара түргештер жеңіске жетіп, олардың көсемі Сүлу-қаған (715—738 ж.ж.) билікке келеді. Оның түсында Түргеш қағанаты күшейіп, нығайды. Мемлекет астанасы Талас (Тараз) қаласына ауысады. Сүлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы арабтарға қарсы жүмылдыруға мүмкіндік алады. 723 жылы түргештер Ферғана қарлүқтарымен жэне Шаш түрғындарымен бірігіп арабтарға күйрете соққы берді. Бірақ та арабтар 732 жылы түргештерді ығыстырып, Бүхара қаласын басып алады. 737 жылы Сүлу қаған арабтарға қарсы жорық үйымдастырып Тохарыстанға дейін жетті, бірақ көп үзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сүлудың орны- на оның баласы Түқарсан Қүтшар қаған болды. Оның түсында қағанат ішінде сары жэне қара түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған үзақ күрес басталып, қағандықтың саяси жэне экономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді.

Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлүқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлүқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы жағдайды пайдаланған Қытай империясының Шығыс Түркістандағы билеушісі 748 жылы Суяб қаласын басып алып, содан кейін Шаш қаласының билеушісін жазаға тартады. Оның баласы көмек сүрап, арабтарға барады. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде Зияд-ибн-Салық бастаған араб әскері мен Гао Сяньжи басқарған қытай әскерлері арасында 5 күнге созылған үлкен шайқас болды. Шешуші сәтте қарлүқтар арабтар жағына шығып, қытай әскерлері ауыр жеңіліске үшырады. Қытай әскері Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан жерін де тастап өз иеліктеріне кетуге мэжбүр болды. Сондай-ақ арабтар да Талас өңірінде түрақтай алмай Шаш қаласына шегінді. Осыған қарамастан іштей әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. қарлүқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола қүлайды. Осы- дан кейін бүрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта жэне төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлүқ мемлекеті пайда болды.

Қарлүк қағанаты (756—940 ж.ж.). Қарлүқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек тайпаларының қүрамында болғандығын айтады. Қарлүқ туралы алғашқы дерек "суй әуле- тінің тарихында" 581—618 жылдары кездеседі. Онда қарлүқтар өздерінің басты руының атымен бүлақ (було) деп аталған. Қарлүқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы — Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.

VII ғ. орта кезінде қарлүқ бірлестігінің қүрамына ipi-ipi үш тайпа — бүлақ, шігіл жэне ташлық кірген. Әмудариядан бастап

Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада түрған. Шу аңғарында түрған қарлүқ қоныстарының орталығы — Баласағүн қаласы. Қарлүқтардың біраз тобы X ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлүқтардың көсемдерін "жабғу" деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды.

  1. ғасырдың аяғында қарлүқтардың жағдайы біршама нашарла- ды. Себебі, Орта Азиядан саманидтер әулеті мен арабтардың ша- буылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлүқ қағандығының арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін үзақ жылдарға созылған күрес басталды. 893 жылы Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Та­раз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мүсылман дінін енгізе ба- стады. X ғасырдың басында Қарлүқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағүн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлүқ мемлекеті қүлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.

Оғыз мемлекеті (X—XI ғғ.). Қарлүқ қағанатының солтүстік- батыс жағында, Сырдарияның орта жэне төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX—X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі "Диуани-лүғат-ат-түрік" бойынша Оңтүстік Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма, чігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмэн жоқ. Алай- да VIII ғ. екінші жартысынан бастап қарлүқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта жэне төменгі бойына aya бастаған. Сөйтіп IX ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде патриархалды-феодалдық мем­лекет қүрылады. M. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады.

  1. ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы — Янгикент немесе «Жаңа гузия» деп аталатын қаласы болған. Оғыз мемлекеті өзінің саяси жэне элеуметтік қүрылысы жағынан көне феодалдық мемле­кет болды. "Жабғу" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын күл-еркін деп атаған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас қолбасшысы "сюбашы" деп аталды. X ғ. аяғы мен XI ғ. бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бүл жағдай мемлекетте түрақты басқару аппаратының қүрылғандығын көрсетеді.

X ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды жэне князь Владимир 985 ж. оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бүлғарларды талқандағаны туралы айтылады. Оғыздардың жер үшін жүргізген үрыстарының көп жағдайда сәтті болуы, олардың саяси беделін де көтере түскен. Алайда, үзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көп мөлшерде алынған алым-салық оғыз тайпаларының эр жерде бас көтерген наразылықтарын туғызады. Осы кезде Жент қаласының маңына келіп қоныстанған селжүқтар көсемі Жент қаласындағы оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, қаланы басып алады. Деректерге қарағанда селжүқтар көп үзамай қаланы тастап шыққан. Осы кезде ел басына Әлиханның мүрагері Шахмэлік келіп, мемлекет едәуір күшейіп, 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмэлік көп үзамай оғыздарға қарсы қайта көтерілген селжүқтардың қолынан Хорезм түбінде қаза табады. Селжүқтармен жүргізілген көп жылғы соғыстар оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Сөйтіп, XI ғ. екінші жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хора­сан селжүқтарының қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың қүрамында қалып, олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқүрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы түріктердің бірі болды.

2. Дамыған орта ғасырлар мемлекеттері (X—XII ғғ.)



Қарахан мемлекеті. X ғасырдың орта кезінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пай­да болды. Орталығы — Баласағүн қаласы. Кейіннен мемлекеттің батыстағы шекарасы Орта Азияның көптеген жерін қамтиды.

Жазба деректерге қарағанда Қарахан мемлекетінің қүрылуы мен даму тарихында басты рөлді Қарлүқ конфедерациясының тайпа­лары атқарды, бүл конфедерацияға қарлүқтармен бірге шігіл жэне ягма, оғыз, қаңлы сияқты т.б. түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінде шігіл мен ягма тайпалары негізгі рөл атқарған. Өкімет басындағы билеушілер осы тайпалардан алма-кезек ауысып түрған. X ғ. ягманың бір бөлігі қарлүқтармен бірге Жетісуды, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек, XI ғ. ягмалар қиян теріскейде, Іле алқабында да түрады. Ыстық көлдің Солтүстік жағынан көшіп кел­ген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатүқ Бограхан (915—955 жж.), қарлүқ қағаны Білге Қадыр ханның немересі. Сатүқ Бограхан саманилердің қолдауына сүйеніп, өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 942 ж. Сатүқ Баласағүн билеушісін қүлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден ба­стап, Қарахандар мемлекетінің тарихы басталады.

Қарахан сөзі X ғ. аяғынан бастап, олардың Орта Азияны жау- лап ала бастаған кезінен мүсылман деректерінде пайда болған. Ал, Қарахан мемлекеті деген атау X—XI ғасырда тарихшылардың зерттеулерінде шартты түрде қабылданған.

Сатүқ өлгеннен соң билік оның баласы Мүсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Қарахан мемлекетінің астанасы — Қашғар қаласы болды. Сатүқтың екінші баласы Сүлеймен — ілек Баласағүнды иеленді. Кейін бүл өңірді оның баласы Хасан Боғра хан мүра етіп алды. Мүса өлгеннен соң жоғары қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен қатар, ол Тараз бен Баласағүнның да билеушісі болып есептелді.

Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ ықпалды эрі күшті екі әулеттің — Әли Арсылан хан мен Хасан Боғра ханның үрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (Әлилер) үрпағының ықпалы күштірек болды, ал кейін бүл ықпал Хасан үрпақтарына (Хасанилерге) көшті.

X ғ. 80- жылдарында Орта Азиядағы күшті мемлекет Самани- лер өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтармен, феодалдық талас- тартыстар мен қырқыстардан әлсіреп қүлдырады. Осыны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланып, Хасан Бограхан 990 жылы Исфиджабты, 992 жылы Бүхараны жаулап алады. Осы жылы оның баласы Жүсіп Қадыр хан Қотан қаласын басып алған. Ал Хасанның немере інісі Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилерге қарсы жорыққа шығып, ойсырата соққы берген. Қарахан хандығы қиян-кескі үзақ соғыстардан кейін 1004—1005 жылдары Мәуераннахр жерін түгелдей өзіне қаратты.

Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI ғасырдың 30 жылдары Шығыс жэне Батыс Қағанат болып бөлініп, екі иеліктен тұрды:

  1. Шығыс хандық: оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы — Баласағүн, кейде Қашқар қаласы бо­лып түрған.

  2. Батыс хандық: Мәуераннахр жерлері. Оның орталығы Самар- қан қаласы болды.

Шығыс хандық Қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан оның ханы дәстүр бойынша жоғарғы ¥лы қаған болып есептелген. Бірақ екі хандықтың арасында онша бірлік болмай, олар жиі жеке-жеке бөлініп кетіп отырған. 1056 жылы Қадырханның үлы Иинал-тегін өкімет мүралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады, бірақ ол көп үзамай y беріліп өлтіріледі. Тэж-таққа Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, алайда ол да біраздан кейін Барысхан әміршімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатты 15 жыл бойы (1059—1074 жж.) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрүл мен Богра- хан Харун басқарады. Олардың түсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады, ал екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрүл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Богра- хан Харунның (1075—1102 жж.) — Қашғар, Баласағүн мен Хотан қожалығының қол астына көшеді. Қарахан мемлекетінің әлсіреуін пайдаланып 1089 жылы селжүқ сүлтаны Мэлік шах Самарқанды басып алады, сөйтіп Бограхан Мэлік шахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан өлген соң көп үзамай Мәуеренахрға Баласағүн мен Таластың иесі Қадырхан Жабырайыл шабуыл жа- сап, Әмударияға дейінгі жерлердің бэрін басып алды, бірақ Термез қаласының түбінде жеңіліс тауып, өзі түтқынға түсіп жазаланады. Қүдіретті сүлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118—1157 жж.) селжүқтар Мәуераннахрға шексіз билігін жүргізеді, бірақ бүл кез­де Қарахан әулетінің саяси қүлдырауының белгісі біліне бастаған еді. XII ғасырдың ортасында қаптаған Қарақытай (Қидандар) Жетісу мен Баласағүнды, сосын Шығыс Қарахандықтардың қалған иеліктерін түгел басып алады. Сөйтіп, қүдіретті Қарахан мемлекеті XII ғасырдың ортасында өзінің өмір сүруін тоқтатады.

Қарахан мемлекетінің жоғарғы өкімет билігі — хақанның қолында болды, оған ең жақын кеңесші, көмекші — уэзірі болды. Бүдан басқа күзет бастығы, есік қорғаушылары, қазынашылар жэне елшілер қызмет істеді.

Қарахан мемлекетіндегі aca маңызды әлеуметтік саяси инсти­тут әскери мүралық жүйе болды. Хандар елді өзіне жақын адам- дармен жэне уәзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше үлыстарға бөлінді. Хан мемлекеттік немесе эскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рүқсат еткен. Мүндай жерлер икта деп аталады, ал оны берушілерді немесе иесін иктадар деп атаған. Түтас алғанда Қарахандар дэуірі сапалық жағынан жаңа, яғни Қазақстан аумағында феодалдық қүрылыстың нығаюының тарихындағы маңызды кезең болып табылады.


Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет