Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет8/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
Ақ Орда. XIII—XV F. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ipi мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы — Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226—1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (XIV ғ.), Жошы үлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен үлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (XVII ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан XIII ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары ic жүзінде дербес билеушілер болды. XIV ғ. 2- жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Аумағы: Батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік- шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер. Астанасы — Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы — түрік тілді тайпалар.

Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті- Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы үзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі эмір Темір мен оның үрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.

Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Ал- ғашқы ханы — Сасы Бүға (1309—1315), мүрагері — Ерзен хан (1315—1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIV ғ. 2- ширегінде Ерзен мен Мүбэракқожа түсында басталды. Мүбәрак- қожа хан (1320—1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.

Шымтайдың (1344—1361 жж.) үлы Орыс ханның кезінде (1361— 1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан түсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманы- ның қуатты да қүдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жүм- сады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншы- лық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге жэне осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мэн берді.

Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қатысты. Ол хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып, Алтын Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті. Бүл мақсатын жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 1374—1375 жж. Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бүлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды жэне бүл кезде Ақ Орданың өзіне Әмір Темір тарапынан қауіп төнгендіктен Орыс хан Сырда­рия бойындағы өз иелігіне қайтып оралады. Ол өзінің қайтар жолында Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген Жошы әулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Темір бүл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374—1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері оның әскерлерін талқандады. Бүл соғыста Орыс ханның баласы Қүтлық Бүқа қаза болды. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс ханның үлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді, тек төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды. Темір басқыншылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы Орыс ханға түседі. ¥рыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір-Мәлікті (1376—1379 жж.) 1379 жылы жеңіп, Ақ Орда билеушісі болды.

Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Ал­тын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380—1395 жж.) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды. XIV ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Әмір Темірге қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы үзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Те­рек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орданы талқандады.

XIV ғ. аяғы — XV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары жэне ішкі тартыстар.

1423—1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі ¥лықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Бірақ ол көп үзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан үрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді.

Саяси жағынан ic жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған, сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі XIV—XV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының қүрылуына негіз болды.

Моғолстан хандығы. XIV ғ. ортасы — XVI ғ. басында Оң- түстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бүл мемлекет XIV ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай үлысы ыдырағаннан кейін қүрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы — дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы — Тоғылық Темір (1348—1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы — Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Аумағы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан,

Шығыс Түркістан. Орталық аймағы — Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік жэне парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік жэне түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлігі кейін қазақ халқының қүрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлігі қырғыздар мен үйғырлар қүрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды.

Билеушінің дәрежесі — хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы жэне жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы әмірлерінен ханның көмекшілері — үлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі жэне сыртқы істері, эскери жорық жэне жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің ихта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл түрғындарынан, егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж жэне қарадж деп аталған. Сондай-ақ халық әскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б. эртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бүқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.

Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылық- тарды тойтару жағы өте көп болған. Тоғылық Темір 1361 жылы Мәуеран-нахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына 1362—1385 жж. Моғолстанның билеушісі болды. Оның түсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат эмірі Қамар ад-Дин — Жетісуды, Енке төре — Іле мен Тарбағатайды биледі.

Осыны пайдаланған Әмір Темір XIV ғасырдың 70—80-жылда- ры Моғолстанға оншақты рет шапқыншылықтар жасайды. Қызыр Қожа хан (1385—1399 жж.) өзін Темірдің вассалы деп мойын- дайды. Қызыр Қожаның үлы Мүхаммед хан түсында (1408—1418) елдің жағдайы біраз нығайды. Оның кезінде Моғолстанның Темір түқымынан тәуелсіз болуға қолы жетеді. Біраз уақыт өзара қырқыс пен талас-тартыс толастайды. Мемлекетті бір орталыққа бағындыру үшін Мүхаммед хан исламды енгізуге күш салады.

XV ғ. 1- жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі. Уайс хан (1418—1428) ойраттарға батыл қарсылық көрсетті, олармен үзақ соғыс жүргізді. Ол өз ордасын Түрфаннан Ілебалық деген жерге көшіруге мэжбүр болады. Уайстың баласы Есен Бүға хан (1433—1462) XV ғ. 30-жылдарының басында өкімет билігін иеленді. XV ғ. 50-жылдарының аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған тайпалар көшіп келді. Моғолстан ханы Есен Бүға оларға жер бөліп берді. Мүндағы Есен Бүғаның мақсаты:

  • қазақтарды ойраттарға жэне Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану;

  • қарсыласы Әбілқайыр мен інісі Жүніске қарсы қою.

Жүніс хан түсында (1462—1487) мемлекет жағдайы біраз ны- ғаяды, бірақ ол 1472 жылы Жетісуға шабуыл жасаған ойраттардан жеңіліп қалады. Жүнісханның баласы сүлтан Махмүт хан (1487— 1508) Жетісуда жэне Сырдария қалалары үшін қазақ хандарымен соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүніс ханның немересі Сейітхан 1514 жылы Қашғарияны басып алып, Шығыс Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет қүрады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 60 ж. бастап Қазақ хандығының қүрамына енеді.

Сөйтіп, XVI ғ. басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі жэне олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының қүрылуына жэне қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына аумақтық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.

Әбілқайыр хандығы. XV ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс жэне солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан үрпағы Әбілқайыр (1428—1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір үрпақтары- мен үзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпа- ларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» қүрды.

Әбілқайыр хандығының аумағы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі үлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы — алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы — өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлүқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын түрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.

Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани үрпағы Махмүт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмүд жэне Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мүстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті.

XV ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бүхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір үрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақ та 1457 жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.

Бүл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде XV ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сүлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті.

Әбілқайырдың мүрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлті- рілді. Ал, Әбілқайырдың немересі Мүхаммед Шайбани (1470— 1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін үзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы қүрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилер үрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бүл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. XVI ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуераннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір үрпақтарының билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.


Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет