Үлгілі бастауыш мектебі «Төтенше жағдай» тақырыбына айлық ақпарат



Дата04.10.2020
өлшемі43,26 Kb.
#63878



Үлгілі бастауыш мектебі

«Төтенше жағдай»  тақырыбына айлық ақпарат.

Біздің мектебімізде “Төтенше жағдай “ айлық аталып өтті. Жоспар құрылып мектеп меңгеруші бекітіп оқушылар мен ұстаздарға таныстырылды.



Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Біздің мектепте осы тақырыпқа сай «Өрт жайында» сыныттан тыс жұмыстар жүргізілді.Әңгіме түрінде.



Өрт

  • Отпен жұмыс істегенде абай болуға;

  • Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;

  • Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;

  • Автокөліктен шыққан жалынға;

  • Күн күркірегендегі найзағайларға;

  • Майланған материалдың үйкелісіне;

  • Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді. Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.

Орманда жүргенде есіңізде болсын:

  • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;

  • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;

  • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;

  • Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;

  • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;

  • Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;

  • Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.

Ескерту шаралары:

Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.



Мектеп меңгерушісі: Беспалина А.И.
Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет