Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік



бет5/13
Дата14.11.2016
өлшемі2,23 Mb.
#1713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1-жүргізуші: – Келесі құттықтау сөз Шымкент қаласынан келген қонақтарымыздың атынан Әбіш Дулат мырзаға беріледі.
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты
танымал журналист Дулат ӘБІШ:

Кетбұқа бабамызды тану, іздеу енді басталып жатыр. Соған қуаныштымыз. Кітаптың осы тұсаукесерінен Оңтүстік Қазақстан облысынан 15 адам келдік. «Ұлытауды көріп, таныңдар, қазаққа Ұлытау ортақ» деп оларды осында бастап келдім. Осы Ұлытаудан шыққан бабамыздың рухы оралып жатыр, сол құтты болсын. Сондықтан іске сәт. Кетбұқа бабамызға қойылар болашақ ескерткіш жан-жақты ойластырылып жасалса деген тілек айтамын.

Сөз реті келіп тұрғанда айта кетейін, мен өзі Жезқазғанға жақын жанмын. Кетбұқа бабамыз шыққан Бағаналы-Балталы еліне жиенмін. Одан қалды жоғары білімді осы Жезқазғаннан алдым, осындағы педагогикалық институтты бітірдім. Бозбала шағым осы мысты қаланың көшесінде өтті. Жезқазғаннан түлеп ұшқанымды аса мақтан тұтамын. Бүгінгі жиынның өтілетіні туралы хабар алып, жиналып жатқанымызда Елбасымыз Ұлытаудың төрінде отырып аса тартымды сұхбат берді. Сол сұхбат пен бүгінгі жиын арасында сәтімен келген үндестік бар деп білемін. Ол үндестік – Еліміздің даңқын асқақтату. Кетбұқа бабамыздың есімін дәріптеген бүгінгі Жезқазғанда өтіліп жатқаны, ұлы бабамызды көкке көтеру мақсатындағы жақсы ниеттің осы Ұлытаудан бастау тауып жатқаны орынды-ақ. Ұлытау – ұлтымыздың бесігі. Елбасы кешегі сұхбатында мұны жеріне жеткізе айтты. Осы сапарымызда Ұлытау туралы телефильм-толғау түсіру ойымызда бар.



Мен журналистік іс сапармен талай шетелде болдым. Қай жерге бармайын, қазақ халқымыз туралы тың дерекке куәгер болып жүрмін. Сол деректерді тереңдей зерттеу, сөйтіп бай тарихымызды жарыққа шығару қажет-ақ. Бір Кетбұқа бабамыз туралы тарихи зерттеудің өзі неге тұрмақ! Сол күндер алыс емес деген сенімге бөленіп отырмын мен дәл бүгін. Осы қолға алған игі бастамаларымызға қолымнан келгенше ақпараттық демеуші болуға мен дайынмын. Сіздерге рахмет!
2-жүргізуші: -Енді бір сәт Сыр бойынан келген меймандарымыздың лебізін тыңдалық. Сөз республикалық «Төлегетай» қорының төрағасы Дайрабай Исқақов мырзаға беріледі.
Қызылорда облысындағы республикалық «Төлекатай»
қорының төрағасы Дайрабай ИСҚАҚОВ:

– Көрші жатқан Сыр өңірінен бір топ азамат келді. Құрметті ағайын, Кетбұқа сөз жоқ ұлы тұлға. Бұрын-соңды тиіп-қашып айтылып келсе, енді сәтін салып арнайы қоғамдық бірлестігі құрылып жатыр екен, ендеше біз осы бастамаға сәттілік тілейміз. Оған шамамыз келгенше ат салысамыз. Кетбұқа бабамыздың рухы бәрімізді желеп-жебей берсін. Еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болсын!

Ұлытау өңіріне аса толғаныспен келдік. Жезқазғандық азаматтардың бізді қонақжайлылықпен қарсы алғаннын көргенде төбеміз көкке көтерілді. Сіздер мен біздерді қауыштырып жатқан Кетбұқа бабамыздың әруағының алдында басымызды иеміз. Осында келгеннен бергі кең дастарқан басында ақтарыла әңгіме айтуымыз, сондай-ақ қала әкімдігінде болған жүздесуіміз, қалалық және «Қазақмыс» корпорациясының мұражайларымен танысуымыз бізді зор әсерге бөледі. Бүгін, міне, кең сарайда бас қосып, ұлы баба есімін дәріптеп жатуымыз қандай жақсы. Аса құнды кітап шығарып, осы жиынды ұйымдастырып жатқан «Кетбұқа» қоғамдық бірлестігіне айтар алғысымыз шексіз. Ертең Ұлытауда тарихи-мәдени орындарды аралатып көрсеткелі отырсыздар. Кетбұқа бабамыздың ізі қалған жерлерін аралау құрметіне ие болғанымыз үшін өзімізді аса бақыттымыз деп білеміз.



Қызылорда мен Жезқазған – аралас-құралас жатқан көршіміз. Сондықтан Кетбұқа бабамыздың ескерткішін тұрғызуға да, басқа да қолға алған істеріңізге қандай да көмек беруге біз дайынбыз. Елдің елдігі осындайда танылса керек деп білеміз. Жақсы күндерде жолығыса берелік! Сіздерді алдағы 11 қазанда Жаңақорған ауданында өтетін Төлекатай мен Қылышты Ата рухына арналған асқа шақырамын.
Каталог: attachments -> article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет