Лозовое мектеп – бақшасы Сынып: 5а Музыка пәнінен Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары. Өткізген музыка пәнінің мұғалімі: Мешелов С. С



Дата07.05.2017
өлшемі118,97 Kb.
#15717
түріСабақ
Лозовое мектеп – бақшасы


Сынып: 5а

Музыка пәнінен


Тақырыбы:

Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары.

Өткізген музыка пәнінің мұғалімі: Мешелов С.С.


Қараша 2014

Сабақтың жоспары

Пән: Музыка (Ашық сабақ)

Сынып: 5

Күні:__________

Сағат саны: 11

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкалық

аспаптары .

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының музыкасы туралы әңгімелеу, аспаптар үнің таныту, олардың шығу тарихын білуге, насихаттауға ,ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, баланың бойына сіңіру.

Білімділік мәні: Халық әндерін , күйлерін тыңдау , талдау, насихаттау.

Дамытушылығы:Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту музыкалық сауаттылығын ашу, есту ,есте сақтау қабылеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні:Оқушыларға халық музыкасы арқылы ықыласын көтеругеықпал ету, сахна мәдениетін қалыптастыру , ой - өрісін кеңейту.

Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ.

Көрнекілігі: Аудио, видео, магнитафон таспалары, ән тексті, суреттемелер, карточкалар.

Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

  • 1. Ұйымдастыру кезеңі

  • 2. Жаттығулар жасау

  • 3.Ұй жұмысын сұрау

  • 4.Жаңа сабақ.

  • 5.Ұлттық аспаптар туралы деректі фильмнен үзінді

  • 6. Музыка тыңдау

  • 7. Ойын “Музыкалық аспаптарды ата”

  • 8. Шағын тест

  • 9. Ән орындау кезені

  • 10. Сабақты бекіту.

  • 11. Үй тапсырмасы.


Жаттығулар жасау:

До – ре – ми – фа – соль – ля – си – (До)

(До) – си – ля – соль – фа – ми – ре – до

До – ми – соль – (до)

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
Үй тапсырмасына шолу

Көнеден жеткен аспаптар:



  • Жетіген,

  • Қобыз,

  • Шаңқобыз


Жетіген – көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі жеті байлық, жеті қазына дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» деген сөзден шыққан делінеді. «Жетіген» деген атау тегінде «жеті» және «ән» сөздерінің бірігугінен құралуы мүмкін дейтін де пікір бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.

Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған.

Шаңқобыз – бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір текшелерден жасалған түрлері де бар. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайтын болған.

Жаңа тақырып:

Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары.


Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінеді:

1. Үрмелі аспаптар

2. Ұрмалы және сылдырлы аспаптар

3. Ыспалы аспаптар

4.Шертпелі және көп ішекті аспаптар
Үрмелі аспаптар

САЗ СЫРНАЙ,

ҮСКІРІК,

МҮЙІЗ СЫРНАЙ,

ҰРАН,

СЫБЫЗҒЫ.


САЗ СЫРНАЙ

Үрмелі аспаптар тобына жатады. Ол саздан жасалынып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама – қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы бар.


ҮСКІРІК

Саздан жасалынады. Үскіріктің үні құстың даусына ұқсас.Бұл аспапта халық әндері орындалады.


МҮЙІЗ СЫРНАЙ

Мүштік арқылы үрлеп айналатын аспаптардың ескі түрі. Мүйізден жасалады. Бармақпен басқанда дыбыс шығаратын үш тесігі бар.


ҰРАН

Үрлеп ойналатын музыкалық аспап.Оны бұрын жауынгерлерлер көп айдаланатын болған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында үш-үштен тесігі бар.


СЫБЫЗҒЫ

Қурайдан , ағаштан, кейде жезден жасалынатын көне үрмелі музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың сүйікті аспабы болған.


ДАҢҒЫРА,__ШЫҢДАУЫЛ,__АСАТАЯҚ'>Үрмалы аспаптар, сылдырлы аспаптар

ДАБЫЛ,

ДАУЫЛПАЗ,

ДАҢҒЫРА,

ШЫҢДАУЫЛ,

АСАТАЯҚ

ДАБЫЛ

Шанағы дөңгелек шеңбер етіліп екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бұзау, түйе терісі қапталып жасалады. Дабылды саусақпен немесе таяқшамен ұрып ойнайды.


ДАУЫЛПАЗ

Бірнеше түрі бар: қан жығалы, қол дауылпаз, қазан дауылпаз, нар дауылпаз. Қазан дауылпаз қазан тәрізді шұңғыл, шанақты, үш бұтты. Оның қабын қағып, белгі беру үшін пайдаланған, аспапты таяқпен ұрып ойнайды. Көбінесе халықтық мерекелерде және үлкен оркестр құрамында ойналады.


ДАҢҒЫРА

Бір жағы қапталып, ішіне сылдырмақ, қоңырау ілінген ұрмалы-сілкімелі, жарғақты,сырғалы аспап. Бақсылардың қолданатын аспабы болған.


ШЫҢДАУЫЛ

Металдан жасалынған шанақтың ішіне шулы үн беретін сылдырмақ – қоңыраулар тағылған, бетін терімен қаптаған. Арнайы таяқшамен ұрып ойнаған.


АСАТАЯҚ

Сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған.




Ыспалы аспаптар

Сазген,

Қылқобыз,

Қобыз,


Нарқобыз.
Сазген

Үш ішекті, шанағы қатты жынысты ағаштан тұтас ойып жасалады. Беті тұтастай шыңылтыр терімен жабылады.


Қылқобыз

Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Шанағы емен, үйеңкі, қарағай, долана секілді қатты жынысты ағаштан тұтас ойып жасалады, беті жартылай ашық. Ішегі жылқының қылынан жасалады.


Нарқобыз

Ыспалы аспаптардың ішінде ішегі тарамыстан жуан етіп ызып жасалынған, арғы шығу тегі қылқобыз, сазген, егек аспаптарынан тарайды. Аспаптың дауысы боздаған нар түйенің даусына ұқсас.


Шертпелі және көп ішекті аспаптар

Шертер,


Жетіген,

Домбыра.
Шертер

Шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішікті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра,қобыз аспаптарына ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.
Домбыра

Домбыра — қазақ халқының кең тараған аспаптарының бірі. Қағып , шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспап. Ән – күй орындау дәстүрінде пайдаланады.

2 ішекті, 3 ішекті , пішіні әртүрлі түрлері кездеседі.
Ақсақ құлан ертегісі туралы қысқаша әнгіме.

Оркестр- әр түрлі музыкалық аспаптарында орындайтын музыканттар тобы.

Отырар сазы - Қазақтың мемлекеттік халықтық музыкалық аспаптарының фольклорлық этнографиялық оркестрі.

Отырар сазы оркестрінің орындауында“Ата толғауы” шығармасына назар аударайық.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын музыка күй деп аталады.
ДЭККО жанры

Қазіргі таңда домбыраның рөлі тек ДЭККО (жаңа компьютерлі домбыра) жүйесі бойынша ғана танымал әрі маңызды болып отыр.

Бұл музыкалық жанрды жаһандастыруды композитор Жасарал Еңсепов енгізді. Біздің ойымызша, бұл жүйе дұрыс қабылданған, өйткені домбырамен күй шерткенде немесе ән салғанда оған қосымша музыка беріп тұрса, оның ешқандай артықшылығы жоқ екендігін айтады зерттеушілер.
Д - домбыра,

Э - эстрада,

К - күй,

К - компьютер,

О - орындау.
Құрманғазы "Адай"орындайтын: Асылбек Енсепов.

“Ерке сылқым” күйі. А.Кожабековтың орындауында.



Сөзжұмбақ “Музыкалық аспаптарды тап”





Ш

А




А

С




Ң

А

Қ

Т

О

А




Д




Б

Я

Д

А

С

Ы

Қ

О

Б

Ы

З




М

Ы

Б




Б

Л

Ы

Ы




З

Р

Ғ

А

Ы



  1. Сілкіп ойналатын аспап түрі

  2. Қазақтың ұлттық аспабы

  3. Аңға шыққанда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланатын ұрмалы аспап

  4. Бақташылардың қурайдан жасалынатың ең сүйікті аспабы.

  5. Бұл аспапта көбіне әйел адамдар ойнаған.

Музыкалық сауат

  1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын музыка күй деп аталады.

2. Оркестр- әр түрлі музыкалық аспаптарында орындайтын музыканттар тобы.

3. ДЭККО-домбыра,эстрада,күй,компьютер, орындау.


Тест

1. «Ұшардың ұлуы» күйінің авторы кім?

а) Ықылас;

ә) Дүкен;

б) Қорқыт;


2. Көп ішекті музыкалық аспап-

а) жетіген;

ә) шертер;

б) шаңқобыз;


3. Үш орындаушыны қалай атайды?

а) трио;


ә) квартет;

б) октет;


4. Бақташылардың ең сүйікті үрлемелі аспабы қалай аталады?

а) сыбызғы;

ә) сазсырнай;

б) ұран;


5.Қазақтың ұлы ақын және композитор кім?

а) Абай Құнанбаев;

ә) Ақан сері;

б) Біржан сал;


6. « Адай» күйінің авторы кім?

а) Дәулеткерей;

ә) Құрманғазы;

б) Қорқыт;


7. Екі адамның қосылып орындалуы қалай аталады?

а) трио;


ә) квартет;

б) дуэт;
8. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің есімімен аталды?

а) Ш. Жиенқұлова;

ә) Ш. Айманов;

б) К. Байсейітова;

Ән орындау кезені

Ұстаздарға арнап дайындаған әнімізді орындауға рұқсат етініздер.

«Ұстазым әні»


Жаңа сабақты қорыту

  • Оркестр дегеніміз не ?

  • Күй дегеніміз не ?

  • Үрмалы аспаптарды ата?

  • Шертпелі және көп ішекті аспаптарды ата?

  • Сабакта қандай күйлерді тындадық?

  • ДЭККО дегеніміз не?


Үй жұмысы

  • Қазақтың ұлттық аспаптары туралы оқып келу.

  • Балалар! Үйге берілген тапсырма түсінікті ме? Олай болса, сабағымыз аяқталды!

Сау болыңдар!
Каталог: uploads -> doc -> 09a7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09a7 -> Сабақтың тақырыбы:«Туған жердің ыстығы-ай»
09a7 -> Дүниетану Тестер жинағы 3-сынып Дайындаған: Ешимова А. Ж 2016-2017 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет