«Ұлт мақтанышы-Әлихан Бөкейханұлы» ашық тәрбие сағаты



Дата30.01.2022
өлшемі29,4 Kb.
#116330
Байланысты:
Ұлт мақтанышы
Ұлт мақтанышы, 1. Дарынды балалар а арнал ан білім беруді мазм нын даярлауды

«Ұлт мақтанышы-Әлихан Бөкейханұлы» ашық тәрбие сағаты

1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар ! «Ұлт мақтанышы-Әлихан Бөкейханұлы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Биыл Алаштың арысы, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханұлының туғанына 150 жыл!

1-жүргізуші«Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сезінде құрылды. Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханұлы. ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.

Маржан: Алаш туы астында

Біз-Алаштың баласы.

Қүніміз туып көгерді

Сарыарқаның даласы.

Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған,

Қанымызға тоймаған,

Қолымызды байлаған,

Ерімізді айдаған,

Елімізді лайлаған,

Өшті залым қарасы.

Жасасын, Алаш, жасасын!

Жасасын, Алаш, жасасын!

Хормен: Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты

Қорлығына бармейміз.

Адамдықтың жолына

Бастаған ерлер соңында

Басқаға көңіл бөлмейміз

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Жасайды Алаш, өлмейміз.

Жасасын,Алаш, жасасын!

Хормен: Жасасын, Алаш, жасасын!

Ән: «Жүрегім қазақ»

1-жүргізуші: Қазағым, қақтықпа, қамалма,

Ел болар халыңды амалда!

Кетті туы, атты таң, шықты күн,

Сал малды, сал жанды аянба!

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін- дей келе келесі кезекті «ІІ Бүкіл қазақ съезінен» атты қысқаша көрініске берсек.

Бір топ адамның алдына шығып Ә. Бөкейханұлы:

«Азаттықтың таңы атты,

Тілекке құдай жеткізді.

Күні кеше құл едік,

Енді бұл күн теңелдік!

Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті. Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкіршілік! Мен кадет партиясына кеттім. (Топ ішінен екі үш адам: «Біз де ойлансақ қайтеді» деген дауыстар шығады, Әлиханның артынан жүріп бәрі сахнадан шығып кетеді)

Диляра:

Кез болған соң кер заман біздің баққа,

Жау жарағын асырып, міндік атқа.

Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,

Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.

Заман - ай?

Азаматы алаштың

Аттанатын күн туды.

Тұлпар мініп, ту ұстап,

Баптанатын күн туды.

Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?

Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?

Тәуекелге бел байлап, бастап топты

Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін.

Заман - ай!

Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал,

Азды - көпті аямай барыңды сал.

Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?

Мұсылманның жолына жаныңды сал.

Заман - ай!

Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?

Өлең, күйдің шебері ақындарым?

Азаматтың міндеті елді қорғау,

Төнгелі тұр басына күшті толғау.

Заман - ай!

Күй: «Келіншек»

2-жүргізуші:

«Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай,

Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр басына іңкәрім-ай!»-деп азаттық жолында қиян-кескі күресінде өзінің жақын үзеңгілесі әрі адал досы Ахмет Байтұрсынұлы былай жырлағандай келесі кезекті Әлихан Бөкейханұлына арнап жазылған арнаулар мен пікірлерге берсек.

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Алаштың Әлиханы»:

«Ас-Салаумағалейкум, данышпаным,

Қамын жеп мұсылманның алысқаным.

Көп айдың көрмегелі жүзі болды,

Жүрмісің есен-аман, арыстаным!…

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай Алашына қызмет еткен.

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір басы үшін жалданбаған.

«Қай кезде Алаш көркейер»-деген ойдан,

Басқа ойды өмірінде малданбаған…

Көкбай Жанатайұлы Әлихан туралы:

Қарағым, жалғызымның қазақтағы,

Ұл тумақ сендей болып аз-ақ-тағы.

Өгіз өліп, болмаса арба сынып,

Өмірің өткен жансың азаптағы,

Бал тамған, ханзадам-ай, қаламыңнан,

Тәңірім айырмасын талабыңнан!

Әлішер:


Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

Мемлекет мерейінің сенген күші.

«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,

Шалқалап сол биіктен көрген кісі.

Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа,

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Гүлзат:

Зерек ойлы,алғыр ақыл жасұлан,

Өз жұртына білім дәнін тасыған.

Туған елге тілеп бақыт, бостандық

Ет жүрегі сыздап, жаны ашыған.

Ұлт көсемі, ұлы бабаң Әлихан

Бар әлемге қазақ даңқын асырған.

1-жүргізуші:Келесі кезекті тамаша әнге берсек: «Қазағымсың» орындайтын Ақылбаева Аружан

2-жүргізуші:

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді алашты ешкімнің

Қорлығына бермейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Жасайды Алаш, өлмейміз.

Жасасын Алаш, жасасын!-дей келе келесі кезекті көрініске берейік.

Көрініс.Түрменің қапас бөлмесі. Бір орыс, бір қазақ тергеушісі Әлихан Бөкейхановтан жауап алып отыр.

Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?

Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар....

Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп періп қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл тек жаудың әрекеті.

Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)

Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.

Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыр керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен қазір келемін.

Қазақ тергеушісі: Ағатай ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында .

Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінем.

Қазақ тергеушісі: Ағатай ай бәрібірде мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіпқайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?

Бөкейханов: Ей шырағым ай, артымда маған қарап қара орманым – халқымтұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оны алдай алмаймын.

Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді, сол распа?

Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің.

Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін.Бірақ қалай? Білмеймін....

Бөкейханов: (күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны ма?

Қазақ тергеушісі: Ағай сізге не болған, Мә су ішіп жіберіңіз. Қазір жаңағы жаналғышта келіп қалар.... Құдайым ай соншама дәрменсіз етіп жаратармысың?!Келіп қалды бекем болыңыз.

Бөкейханов: Рахмет, мен үшін қам жеме, бауырым. (бөлмеге орыс тергеуші жәнежендет келеді)

Қазақ тергеушісі: (ұшып тұрып) Жолдас капитан айтқанынан қайтар емес.

Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Онда өз обалы өзіне. (Қасындағы жендеткеалып кет деп белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді)

Ей, халқым

Еліміз үшін

Етегімізді түрген екенбіз,

Бар Алашқа ұран сап,

Елдікке шақырып жүрген екенбіз.

Шешінген судан тайынбас,

Ойымыз бір, мақсат бір,

Сорлы елімнің шіркін ай

Жыртылған жағасын бүтіндеп.

Жығылған туын көтерсек.

Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,

Ұрандап атқа қонсаң бір,

Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам

Сонда менің болмас еді ау арманым

Арнар едім, сол елімнің жолына

Мына қысқа ғұмырымның қалғанын.

2-жүргізуші: Келесі кезекті әнге берсек: «Батырлар ұраны»

1-жүргізуші: Әлихан Бөкейхановтың Алаш арысының ұлт мүдддесі жолындағы ісі мен қызметін тани отырып, тұлғалық бейнесіне талдау жасасақ.

1-оқушы: Әлихан Бөкейханов бейнесі: Текті

Әлихан алдымен хан тұқымнан тараған ақсүйек. Ол атақты көкжал Барақтың ұрпағы, үлкен атасы Бөкей Барақ сұлтанның ұлы. Одан Сұлтан, одан Мырзатай, одан Нұрмұхамед туады.Әлихан Бөкейханов 1866 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысында дүниеге келген. Әкесі - Нұрмұхамед, анасы- Бегім ханым. Олар оқу білімге жақын, парасатты адамдар болған.

2-оқушы: Білімге құмар.

Әлихан ерте есейді. Өз халқының батырлығына сүйсінді, бақытсыздығына күйінді. 9 жасында өз бетімен мектеп- интернатқа оқуға түсіп, орыс генерал- губернаторы Колпаковскийдің сынамақ оймен берген есебін бәрінене бұрын шығарып, Колпаковскийдің ұсынуымен Әлихан Омбы техникалық училищесіне оқуға түседі. Кейін училище директоры Н.Добрахатов «үздік оқұығаны үшін» уезд бастығы қаражатынан 200 сом степендия алуға көндіріп, профессор И.Бородинге хат жазып, Санкт- Петербург қаласы Императорлық Орман шаруашылығы иниститутына жолдама береді.

3-оқушы: Энциклопедист

Әлихан батыс мәдениетін жақсы білді, көптеген шығармаларда сол шыққан тілінде оқыды. Міне, осылай 20 ғасырдың басындығы энциклопедист, Еуразия шеңберіндегі білімдар жандардың бірі болып қалыптасты. Осының нәтижесінде ол ұлтшылдықтан ада болды, шығыс пен батысты табыстыру жолын іздеді, өз халқының деңгейін батыс деңгейіне көтеруді армандады.

4-оқушы: Ағартушы

Әлихан өмір жолындағы тірегінің бірі- ағартушылық ағым еді. Ол Абайдың, Ыбырайдың, Шоқанның жолын ілгері дамытты. Ағартушылық отаршылдықтың жаңа кезеңінде тығырыққа тірелді. Әлихан 1903жылы жазған «Қырғыздар» атты еңбегінде: «Ата-баба қаны төгіліп, ел меншігіне айналған жерді орыс бодан болғанда мемлекет талайды, еркін халықтың құлқын шектейді, қазақтардың рухани, эканомикалық мүддделерін аяққа басады, оларды кедейлетіп, тұралады, оның мәдени дамуын тоқыратады деп ойламаған қазақ сахарасы әзірше осының бәрін көтеріп, өздерінің өшпенділігін және қайнаған кегін ішінде сақтауда» -деп жазды

5-оқушы: Білікті ғалым

Ә. Бөкейханов өз заманындағы білікті ғалымдардың бірі еді. 20 ғасырдығы ел мәселесі, жер мәселесі-халық тағдыры болған кезде Әлекең аграрлық проблеманы мұқият зерттеді. Атақты Ф.А.Щербина экспедиясының құрамына еніп, қазақ сахарасының жер құнарлылығы, байлығы қандай, жер меншігі енгізілген күні қазақ халқының болашағы қандай болады?- деген сауалдарға жауап іздеді. Челябинск пен Томск аралығында теміржол бойында статистік-экономикалық зерттеу жүргізді.Бұл зерттеуде табиғи – тарихи аудандарды ашты. Қазақ қоғамындағы ру- тайпалық жер пайдалану тарихын қарастырып, қазақтың жылқы өсіру шаруашылығына баға берді.

6-оқушы: Тарихшы- ғалым

Оның ауыз әдебиетін тану саласында еңбегі ұшың теңіз. Ол орыс жазушыларының шығармаларын аударып қана қоймай, қазақ әдебиетінің өкілдерін орыс қайта жаңарту заманасының шығармашылық үлгілері негізінде баулыды.

7-оқушы: Ұлт көшбасшысы, зиялы қауым мүшесі

Шәкәрім, Мағжан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Сұлтанмахмұт сияқты шығармашылық әлеуметі мол жастарды топтастырды, олардың әрбір сәтті қадамына өз пікірін ашық жариялап отырды. Барша зиялы қауымды тәрбиелеу ісіне тартып,қазақ зиялы қауымының оның ішінде әдебиет, мәдениет саласындағы дауының басы-қасында өзі жүріп, үлгі көрсетті, ұстаздық рөл атқарды.

8-оқушы: Мемлекет қайраткері, саяси көсем

Әлихан Бөкейханұлы мемлекет қайраткері, ол тарихтың жаңа 20 ғасыр белесіндегі аласапыран заманында Алаш-Орда мемлекетін құрды, оның тұңғыш өкіметін басқарды.

9-оқушы: Алып тұлға

Ол Жәнібек пен Керейден, Абылайдан кейін қазақ мемлекеттігін жаңғыртып, 20 ғ. сай қайта құру ісіне бар өмірін арнады. Бұл тұста Әлекеңнің Индияның Неруі, арабтың Насері сияқты бейне екендігі күмән тудырмаса керек. Әлекең осы ұлы істе алты алаштың ту көтерер ұлдарын соңына ертті. Сондықтан да ол алты Алаштың Әлиханы атанды, оның ісі барша Ресей шығысына үлгі болды.

2-жүргізуші:Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Тауымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!

Құт күшім –егемендік иелігім,

Уақыттың биігінен шуақ төгіп,

Бақытым – еркіндік боп үйілер күн-дей келе келесі кезекті әсем әнге берейік: «Қазақ елі» орындайтын Ақылбаева Аружан

1-жүргізуші:

Ә.Н.Бөкейханның қазіргі қазақ әдебиеті тарихында қалдырған бірден-бір өшпес ізі- ұлы, кемеңгер ақын, ағартушы Абай туралы жазып қалдырған еңбегі. Ұлт әдебиетінің өз алдына жеке бір саласы-әдеби сынның іргесін қалап кеткен еңбегі және қазақ ауыз әдебиетінің теңдессіз үлгілерін жинақтап, өңдеп бастырған және зерттеуге қосқан үлесі де зор. Ауыз әдебиетінің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қара қыпшақ Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» сынды үздік үлгілерін өңдеп, бастырған, өз замандастары Абай, Шәкәрім, Міржақып, Жүсіпбек сынды ақын-жазушылардың шығармаларына әділ де өткір сын жазып, насихаттаған.

2-жүргізуші:

«Мен Кеңес өкіметін жақтырмадым, бірақ мойындадым!»... Бұл –«халық жауы» деген нақақтан-нақақ айыппен өлім жазасына кесілген адамның ақтық сөзі болатын. Кеңес өкіметі алдында ол өзін айыптымын деп мойындамады да, өзін ешбір жазықсыз ату жазасына кескен заңсыз биліктен кешірім өтініп жалынып-жалбарынбады да. Әлихан Бөкейханұлы - қалың бұқара халққа, келешек ұрпаққа үлгі-өнеге.

1-жүргізуші:

Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.

Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

Аспандат Атам қазақ Аруағын! –дей келе келесі кезекті әсем әнге берейік: «Ұлы Отан»

2-жүргізуші:

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,



Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, –деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек.

1-жүргізуші: Қадірменді қауым бүгінгі Алаштың Арысы, ұлы тұлға Әлихан Бөкейханұлын,ың 150 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет