Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар


Н.Ә. НАЗАРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ



бет2/5
Дата31.12.2019
өлшемі1,99 Mb.
#53913
1   2   3   4   5

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ,

ОЙШЫЛ, ГУМАНИСТ
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші тікелей бүкіл халықтық сайлауы болды, онда Мемлекет Басшысы болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Сайлауда ол сайлаушылардың 98,7 % дауысын алып, сенімді жеңіске жетті.

Мемлекеттік тәуелсіздік жарияланған сәтте Қазақстанда еркіндікті сүйетін халықты, кең территорияны және мемлекеттік кеңестік басқару моделін санамағанда, мемлекеттіліктің ізі де болған жоқ. Ел экономикасы тоқырауда болды, дағдарыс, жұмыссыздық және кедейлік қоғамның барлық қабаттарын қамтыған. Жағдайдың күрделі болғаны соншалық, енді ғана пайда болған мемлекет бірден құлар халде болды. Тәуелсіздікті сақтап қалу мен мемлекет қалыптастыру ауырпалығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мойнына артылды. Көшбасшы мен тұлға факторы алдыңғы қатарға шықты.

Қазақстанның тәуелсіздікке ие болғалы бері жеткен жетістіктері мен табыстарының Тұңғыш Президент есімімен, оның саяси күшімен, даналы көрегендігімен, Қазақстанды экономикалық тұрақты, демократиялық мемлекет ету арманымен тығыз байланысты екендігі ешкімге құпия емес. Міне, егеменді Қазақстанның бүкіл әлемге экономика өсуінің, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың үлгісін көрсетіп келе жатқанынан 20 жылдан астам уақыт өтті.

Кеңес үкіметінен кейінгі кеңiстiктегi ең сәтті мемлекеттiк құрылым жобасының авторы Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабында Қазақстанның сыртқы саясатының мәнін толық аша білген, оның негізінде еліміздің ұлттық мүдделері жатыр: «Біз о бастан Азия мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін және біздің көп тілді, көп конфессиялық қоғамымыздың ерекшеліктерін ескерумен батыстық демократия принциптеріне сүйене отырып, тәуелсіз мемлекет құрдық. Біздің сыртқы саясат осы идеяға бағынды. Бiз халықаралық ынтымақтастықты Қазақстанның мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайтуға арналған құрал ретінде пайдалана алдық. Халықаралық абырой – бұл ойластырылған сыртқы саясат және сенiмдi iшкi даму. Біз бұған қол жеткіздік. Бұл біздің зор жетістігіміз» [1].

Қазақстандықтар ел экономикасының тұрақтылығы мен жаңғыруын, Қазақстан халқы өмірінің сапасы мен стандарттарының артуын, экономикалық серпіліс пен Қазақстанның 30 анағұрлым бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруін, саяси жүйкенің демократиялануын, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам негіздерінің құрылуын, адамның қоғамдағы құқығы мен еркіндігін жүзеге асыру үшін жағдай жасалуын, ұлт аралық және конфессия аралық келісімнің сақталуы мен нығаюын Тұңғыш Президенттің атымен байланыстырады. Оның жетекшілігімен Қазақстан мемлекет беріктігі мен көпшілік мойындаға демократиялық құндылықтардың дамуы арасындағы теңдікке сенімді түрде қол жеткізіп келеді [2, 81-б.].

Біздің елге келген қандай адам болмасын Қазақстанның бұлайша дамуының нақты нәтижелерін бірден байқайды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жетекшілік етіп отырған мемлекет потенциалының қаншалықты жоғары екендігін әлем көріп отыр.

Мемлекет басшысы айтқандай: «Тәуелсіздік – халықтың басты құндылығы, біздің тарихи таңдауымыз және біздің байырғы өз тағдырымызды өзіміз анықтау құқығымыз». Тұңғыш Президентіміздің жетекшілігімен қазіргі таңда Қазақстан өзіне ұқсас мемлекеттермен болашақ ұрпақтың сәтті дамуы үшін алғышарттар жасап келеді.

Елбасының бастамасымен және дербес жетекшілігімен Қазақстан Республикасында өмір сүріп келе жатқан ұлттар мен халықтардың теңдігі мен еркіндігі үшін барлық жағдай жасалған. Ұлт Көшбасшысы бастап келе жатқан саяси және экономикалық реформалар бағыты мемлекеттің және әр қазақстандықтың гүлденуіне көзделген.

Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсізідігіне жиырма бір жыл толады. Бұл бейбітшілік, келісім және жасампаздық жылдары болды. Халық Қазақстан Республикасының Президентін таңдады, ол стартегиялық басымдықтармен ұлттық бірлікті, барлық азаматтардың жалпыға ортақ «Бір ел, бір тағдыр, бір көшбасшы» құндылықтар мен принциптері жүйесін мойындауын айқындады.

Даналық, көрегендік, батылдық және қажымаушылық – ҚР Тұңғыш Президентінің осындай қасиеттері, сонымен бірге Қазақстанды жаңару мен өркендеуге үндеу көптеген қазақстандықтардың Н.Ә. Назарбаевқа ерекше көзқараспен қарауына ықпал етеді. Бүгінгі күні Н.Ә. Назарбаев – құр мемлекет басшысы емес. Бұл Қазақстан Республикасын қазақстандықтар алдында ғана емес, бүкіл әлемдік қоғам алдында бейнелеген жаңа Көшбасшы, мемлекетшіл көшбасшы, көшбасшы.

2010 жылы Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып ЕҚЫҰ-на төрағалық етті, ал Астана тарихи халықаралық Саммиттің өткізілу орны болды. Мұның бәрі НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаевтың халықаралық беделінің арқасында болды.

Біздің Президентіміздің арқасында жаңа Астана бой көтерді, онда қазір мемлекет үшін тағдыр шешті шешімдер қабылданады. Астана – болашаққа деген үміт мен сенімнің символы. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2012 жылдың сәуір айында өткен ХІХ сессиясында Елбасы былай деді: «Бүгінде жаһандық әлем бірліктің формуласын іздейді және оны осы жерден біздің Қазақстаннан табады. Осының барлығы біздің еліміздің дұрыс жолмен келе жатқанын айғақтайды» [3].

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Бұл еңбекқорлық пен табандылық жемісі. Және оның жастарды дамытудың әрі қаарйғы идеологиясындағы ролі мен маңыздылығын асыра бағаламау мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясында негізге алынатын мемлекеттік принциптерге қазақстандық патриотизм де жатады. Патриотизмге тәрбиелеу көп жағдайда мемлекеттік тілден басталады, ол да Әнұран, Ту, Елтаңба секілді мемлекеттіліктің символына айналды. Өз еліңнің патриоты болу үшін, ең алдымен, өзіңнен бастаған жөн, қазақ тілін меңгеру керек – осы мақсат қазіргі жастардың, Қазақстанның жас азаматтарының алдына қойылады [4].

Патриотизм жоқ жерден пайда болмайды. Оның бастауы – ел тарихын білуде, тәуелсіздік пен гүлденуге қол жеткізуге күш аямаған ата-бабалар мен буындарды түсіну мен құрметтеуде. Патриотизм отбасына, отанға деген махаббаттан басталады. В. Дальдың айтуы бойынша, «патриот – отанды сүюші, оның игілігін қорғаушы, отан сүйгіш, отаншыл немесе отан жанашыры».

Тұңғыш Президент патриотизмді әсіресе жастарда дамыту керек деп бірнеше рет айтқан. Сонда ғана еліміз гүлдене түседі деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Жастарымыз адалдық, парызға беріктік, инабаттылық, Отанымыздың гүлденуі үшін жасампаздық сияқты жоғары құндылықтарға шынайы берілуі керек. Өзіне деген талап, қоршаған адамдарға қатысты адалдық, елге деген беріктік – өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің басты сәттері осы.

Жаңа Қазақстандық Патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың табысының негізі. Бұл бағыттағы біздің басты мақсатымыз қарапайым әрі түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтап қалуымыз керек және нығайтуымыз керек. Бұл біздің мемлекет, қоғам, ұлт ретінде қалыптасуымыздың бұлжымас шарты. Қазақстандық патриотизмнің іргетасы – бұл барлық қазақстандықтардың тең құқықтығы және олардың Отан намысы үшін ортақ жауапкершілігі.

Бүгінгі таңда қолданыста кеңінен тараған «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген қазақтың мақалы халқымыздың адами құндылықтан жерге, отанға деген махаббатын жоғары қоятындығы жайлы айтылған.Бұған дәлел, тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстанға алыс және жақын шетелдерден мыңдаған отандастарымыздың қайтарылғандығы.

Отансүйгіштікке рухани тәрбие беру қоғамның рухани жаңаруының қайнар көзі болып табылады. Еліміздің көп ғасырлық тарихы бүліктер мен әскери дау-дамайлар болған ауыр уақыттарда Отанға деген махаббаттың, парыз адалдығының арқасында мемлекет қиын дағдарыстан жеңіспен шығып, әлемдік қоғамда өзіне сәйкес орын алуға қажетті шаралар қолданған.

Ел басшылығы ойланып істелген әрекеттерімен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Республикада өмір сүретін барлық этнос топтарының экономикалық, саяси және мәдени дамуы үшін тең мүмкіндіктер жасады. Қазақстандағы заңнама қоғам өмірінің барлық салаларындағы азаматтардың тең құқықтығының тәжірибесіне бекітілген және соған сәйкес жүзеге асырылған.

Бұл барлық азаматтарда, әсіресе, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында жоғары адамгершілік, моральдық-психологиялық және этикалық қасиеттерді, олардың ішінде маңызды орын алатын патриотизмді, азаматтылықты, Отан тағдыры үшін жауапкершілік және оны қорғауға дайын болу қасиететрін қалыптастыру қажеттілігін болжайды.

Соңғы жылдары орын алған үлкен өзгерістер, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеумен байланысты міндеттер патриоттық тәрбие беру маңызымен, оның қоғамдық өмірдегі орнымен және ролімен байланысты. Патриоттық тәрбие беру Республика өмірінің барлық салаларының ажырамас бөлігі болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстан өз алдына батыл мақсат қойып, болашаққа жоспар құра алады. «Қазақстан – 2050» стратегиясында «Біздің бұл бағыттағы негізгі мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді нығайтып, бекітуіміз керек. Бұл - мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретіндегі біздің тірлігіміздің бұлжымас шарты».

Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі Қазақстанның мақтанышы мен патриотизмінің айқын нышаны болып табылады. Ұлы да қасиетті тәуелсiздiк ұғымы – халқымызды бiрiгуге шақыратын Қазақстан бiрлiгі негізі және жалпы ұлттық идеясы, ол болашаққа ұмтылған елімізді әрі қарай дамытуы тиіс ұрпақ үшін баға жетпес игілікке айналады.



Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы:«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақста, бір мүдде, бір болашақ»: Біз, қазақстандықтар, бір елміз! Барлығымызға ортақ тағдыр ол – біздің «Мәңгілік ел», біздің лайықты, құрметті, беделді және ұлы Қазақстан!Мәңгілік Ел – ол біздің ортақ қазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы».Егемен дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін және еліміздің болашақ іргетасын құрайтын басты құндылықтарын құрылды. Олар көктен алынған теориялар емес.Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық Жолдың тәжірибесі [5].

Міне, жаңа тарихи жетістік – ең беделді халықаралық көрмесі ЭКСПО-2017 Қазақстанның бас қаласы Астанада өтетін болып сайланды.Тарихта алғаш рет ең жоғары деңгейдегі көрмені Орталық Азия мен ТМДөңіріндегі қабылдаушы ел болады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауында, «қазақстандық патриотизмнің іргетасы – бұл барлық қазақстандықтардың тең құқығы мен олардың Отан намысы үшін ортақ жауапкершілігі».

Біз осындай тамаша елде тұрып жатқанымызды және оның қазіргі заманғы әйгілі мемлекеттік қызметкер Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты екендігін мақтан тұтамыз.

Жаңа Қазақстан құру стратегияларын ұғына отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы, әлемдік деңгейдегі мемлекеттік қайраткер атануына не әсер еткенін түсіне бастайсың. Бұл қасиеттерді әр көшбасшы өзінше игереді, алайда ең сенімді тәсіл – күрделі өмірлік өсу жолынан елмен бірге өту жәнеөз еңбегіңнің арқасында жоғары беделге ие болу. Нұрсұлтан Назарбаев кәсіби металлург ретінде еңбек мектебінен (оның ішінде Қарағанды металлургия комбинатының тау-кен домна пешінен) өтті, өз тәжірибесінде еңбек ұжымының өмірімен танысып, мұқтаж адамдарға үнемі қамқорлық көрсетті. Бұл әлеуметтік-экономикалық дамуды және саяси тенденцияны алдын-ала болжай алатын ерекше қабілетті, өз түйсігінле уақыт барысынан алда жүретін стратег әрі ғалым, саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жоғары мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол, жігер-қуаты мен еңбекке деген қабілеті жоғары, сондықтан оның өз елімізде және шетелде де зор беделге ие болып отырғандығы заңды деп түсінген жөн.

Бүгінгі күні әлемдік қауымдастықта Нұрсұлтан Назарбаевты мүмкіннің шегін кеңейте алатын көшбасшы ретінде сипаттауға болады. Қазіргі таңда шынымен басып озатын бастамаларын ұсына отырып, қазақстандық Елбасы өз елі үшін ғана емес, халықаралық, планетарлық ауқымда да жаңа экономикалық-әлеуметтік және рухани-адамгершілік даму мейнстримін көрсете білді [6].


Әдебиеттер тізімі
1. Токаев К.Ж. Титан // Казахстанская правда, 4 шілде 2015 жыл.

2. Могильницкий В.М. Наш Назарбаев.- Астана, 2012.- 81 с.

3. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на XIX сессии Ассамблеи народа Казахстана «Казахстанский путь: стабильность, единство, модернизация» (Астана, 27 апреля 2012 года) // Казахстанская правда. - 2012, 27 апреля.

4. Конституция Республики Казахстан 30 августа 1995 // Казахстанская правда, 1995, 30 августа.

5. Послание Президента Н.А.Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее // Казахстанская правда, 18 января 2014 года.

6. Лидер нации, мыслитель, гуманист // Казахстанская правда, 5 шілде 2015 жыл.


Н.З. Ошанов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

аға оқытушысы

e-mail: аyaulym. 98@mail. ru.



ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДІҢ ҰЛЫ ҚОЛБАСШЫЛАРЫ МЕН ХАНДАРЫ

МӨДЕ ЖӘНЕ ӘДІЛ
Мөде. Хунну-сюнну-гунны – ария тайпалары мен әлемге әйгілі сақ-скиф мәдениетінің мұрагері болған көшпенді тайпалар осылай аталды. М. Жұмабаев әскери өмір салтын ұстанған, олар үшін от пен соғыс ажырамас түсініктер болып табылатын ғұндарды көшпенділер ретінде жарқын әрі қысқаша сипаттайды.

«Ерте күнде, отты күннен ғұн туған,

Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам,

Жүзімді де, қысық қара көзімді,

Туа сала жалын менен мен жуғам» [1, 27-б.].

«Ғұн» этнонимінің шығуын кейбір тарихшылар көшпенділердің күн мен аспанға табынуымен байланыстырады. Е. Жалбағаев «Қазақтың арғы атасы» деген кітабында былай деп жазады: «Тарихта хұн, ғұн, деп аталатын тайпалар одағының атауында «күн» термині тұр деп пайымдаймыз. Олар өздерін біз Күнге табынамыз біз «Күннің баласымыз» деп түсіндіруі мәлім» [2, 5-б.].

Ғұндар мемлекетінің негізін қалаушы Мөде болды. Болашақ Ұлы қолбасшы Мөде (немесе түрікше Мәди) билікке біздің заманымыздан бұрынғы 209 жылы келеді. Аңызға сүйенсек, Мөде Түмән шаньюйдің үлкен ұлы болған. Тәңірқұт, шаньюй дегеніміз қаған, көсем ежелгі түркілердің ханы, билеуші атағы дегенді білдіреді. Ғұн көсемдері бірнеше әйел алған. Мөде Түмәннің әкесі Тәңірқұт ұлы үшін басқа сүйікті әйелінен мұра дайындады. Жас Мөденің ерлігі мен батылдығы жауынгерлер бойында керемет әсер қалдыратын. Әкесі оны мемлекет елшілігінің біріне басшы етіп, оның жетекшілігіне 10 мың жанұя береді. Кейін, ақылы мен тапқырлығының арқасында Мөде ғұндар билеушісі болады. «Ғұндар қоғамындағы билік қатаң түрде мұрагерлікпен берілді және таңғажайып беделге ие болды. Мөдені «Аспан Ұлы» деп, ресми түрде ол «Аспан мен Жерден жаралған, Күнмен және Аймен қойылған, ұлы ғұн шаньюйі» атағына ие болған [3, 62-б.].

Тәңірқұт - Шаньюй Мөде бірнеше әскери реформалар жасады: өз атты әскерін 4 бөлікке бөлді: солтүстік – баран аттар, батыс – боз, шығыс – сұр оңтүстік – жирен. Ысқыратын жебені алғаш енгізді, ол жаудың қорқынышын тудыратын. Өз әскерін әскери бірліктерге бөлді: ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, түмен басы.

Мөде азаматтық және қылмыстық заңнама жасады:

1. Кімде-кім адамды пышақпен не қанжармен ұрып өлтірсе, оны да өлтіру керек.

2. Ұрлық жасағанның барлық мүлкі тартып алынады.

3. Жеңіл қылмыс жасағанның бетін тілу керек (Бетің тіліңгір!).

4. Ауыр қылмыс жасаған адамды өлтіру керек.

5. Қылмыскер тұтқынға отырғызылып, он күн ішінде сотталу керек [4, 47-б.].

Б.з.д. 174 жылы ежелгі ұлы қолбасшылардың бірі, «ежелгі түркі жерін» жинаушы, Қытай және басқа да жау мемлекеттер қайтыс болды. Мөде тұлғасы ежелгі әлем тарихында қолбасшы ретінде де, билеуші ретінде де маңызды орын алады.

Әділ, түрікше Еділ, 433 жылы жоғарғы билікке ие болып, ғұндардың ханы атанды. Ғұндардың қолбасшысы Атилланы еуропалық шежірелерде, хроникалар мен кітаптарда әр түрлі атаса да, өз елінде оны Әділ, Еділ деп атаған. Ғұндардың болашақ ханы Еділ өзенінің жағасында дүниеге келеді. Ол өзінің жаулап алу шайқастарымен мемлекетті өте үлкен өлшемдерге дейін кеңейтті. Замандастарының сөзіне қарағанда, Әділ орташа бойлы, кең төсті, басы үлкен, қара торы, шүңірек көз адам болған. Жауына ашу мен ызаға толы адам болған ол достары мен жақтастары үшін мейірімді әрі рақымды бола білген. Ғұндар өз ханының таланты мен батырлығына мүлтіксіз сенді. Көне Рим тарихшысы Приск 448 жылы ғұндарға өкілдікпен барған кезде, Әділді жете бақылай отырып, былай деп жазады, - Аттила өз замандастарынан қарапайымдылығымен ерекшеленген, қарапайым киім киген, қару-жарағын алтынмен әшекейлемеген, тойларда қонақтарға алтын мен күмістен жасалған ыдыстар қойылып жатқанда ағаш ыдыстан тамақ ішкен» [5, 22-б.].

Әділдің ордасы жоғарғы Венгрияда, Тоқайға таяу орналасты. Рим тарихшысы Приск былай дейді: «Ол кең қала тәрізді, сарай ауданы еңгезердей шарбақпен қоршалған, оның үлкендігінің өзі мұның сарайға тиесілі екендігін көрсетті. Бүкіл варварлық әлемді қолында ұстаған хан Әділдің үйі осындай болды, ол өзі жаулаған қалаларда осындай үйінің болғандығын қалайтын» [4, 25-б.].

453 жылы Әділ Паннонияға оралғаннан кейін құпия жағдайда қайтыс болды. Венгрияда тараған аңызға сенетін болсақ, Әділдің денесін үш табытқа салған: алтын, күміс және темір. Әділ есімі кездейсоқ есім емес. Қазақтың «Алаңқай батыр» эпостық поэмасында оның Еділ өзенінің жағасында туғандығы жайлы айтылады. Кейбір ғалымдардың ойынша, қазіргі қазақтың арғын деген руы «ғұн» этнониміне тікелей қатысты. «Арғын «арұғ» таза, ақ «ғұн» мағынасын білдіреді» [7, 107-б.].

«Аттила» –Еділ деген ежелгі түркі есімінің еуропалық нұсқасы. Еділге арналған көптеген шетелдік эпикалық және лирикалық шығармаларда оны «әділ патша» деп атайды. Осыдан оны Әділ деп те атаған. Әділ ежелгі авторлардың шығармаларында шынымен әділ патша болған. Біздің ұрпақ әлемдік тарихта аты қалған ата-бабаларымыздың даңқына лайықты болуға тырысу керек.
Әдебиеттер тізімі
1. Жұмабаев М. «Пророк» (Стихи и поэмы в переводе на русский. Сост. Б. Канапьянов). - Алматы: «Жибек Жолы», 2002. - 400 с.

2. Жалбағаев Е. Қазақтың арғы атасы.- Алматы, 2009.- 278 с.

3. Кляшторный С.Г. Летопись Трех Тысячелетий. - Алма - Ата, 1992. - 379 с.

4. Гумилев Л.Г. Поиски Вымышленного Царства. - Москва, 2004. - 422 с.

5. Артыкбаев Ж. История Казахстана. - Астана, 2004. - 158 с.

6. Военная Энциклопедия. Санкт-Петербург, 1911. - 250 с.

7. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы.- Алматы, 1999. - 399 с.



8. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» //Казахстанская правда, 2014, 18 января.

Т.Ж. Мақалақов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

аға оқытушысы

e-mail: makalakov77



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет