¦лтымыздыњ болашаѓы діни бірлігімізде



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі240,27 Kb.
#35427
1   2   3   4
[1] Мұртаза БҰЛҰТАЙ, Оян,Қазақ! Миссионерлердің қазақша сөйлегеніне неге мәз боламыз? «Президент және Халық», Республикалық қоғамдық-саяси газет, №14(014), 23.12.2005 ж., 7-бет және «Ислам және Өркениет» газеті, №6(66), 16-31 наурыз, 2006 ж., 8-бет.

ОТАНДЫ СҮЮ ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ


Адам баласы ХХ-ғасырда бұрын-соңды болмаған ғылыми-технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, «Жер» деп аталатын планетамыз кішірейген сайын кішірейіп, бір алақанға сыйарлық жағдайға дейін жетті. Өткен ғасыр ғылым, білім, мәдениет және өнер, спорт салаларындағы орасан зор табыстармен ерекшеленді. Дегенмен, өткен ғасырда адам баласының тарихында болмаған зұлымдықтар да болды. Еуропа халықтары екі рет әлем соғыстарын ашып, дүние жүзін қызыл қанға бояды. І және ІІ дүниежүзілік соғыстарда бір діннің уәкілі болғанына қарамастан еуропалықтар бірімен бірі қырылысты. Батыс халықтары басып алған мемлекеттерде үш жүзден астам ірілі-ұсақты соғыстар жүріп жатты. Кей халықтар ұлт-азаттық көтерілістерді бастап жатса, енді бір елдерде төңкерістер жасалып, мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар қырылып, өлмегені сүргінделіп яки жарғыланып (сотталып), әсілі, жабайы һәм тұрпайы әлеуметтік кезеңде болмаған зұлымдықтар жасалды.
Жер бетінде ұшпақты орнатамын деген қызыл империя құлады. АҚШ кішкентай ғана ауылға айналған жиһанның сақшысы бола қалды. Трансконтиненталдық қаржы ұйымдары мен концерндер ауыл базарын басып алды. Доллар мен евро осы базардың ақшасына айналды. Бірақ, ХХІ-ғасыр да зобалаңдар мен дүрбелеңдерді ала келді. Араны әбден ашылған отарлаушы һәм қанаушы күштердің күпті болар түрі жоқ екені белгілі болды. Қару-жарақ жарысы одан да үдей түсті. АҚШ сияқты мемлекеттердің қорғаныс бюджеттері рекорд деңгейге дейін жетті. Ғылым мен технология жағынан мезет сайын жаңа табыстарға қол жеткізіп отырған адамзаттың қабағы түйік, көңілі қаяулы күйінде қала берді. Соғыс атаулының саны көбеймесе азайған жоқ. Жаңалықтың бәрін ашқан адам баласы бірімен бірі қалай тату-тәтті өмір кешу керек, міне осы сұрақтың жауабын әлі таба алмай жатқан тәрізді. Адамды тек жегіш тұтынушыға теңейтін материалист жүйе осы түрімен адам баласына тыныштық әкеле алмайтыны меніңше анық болды. Бір жағынан толық түсініктемесі әлі күнге дейін берілмеген «терроризм» қауіпі күллі адамзатты мазалайтын халге жетті. Бірақ, сонда да ең көп тауқымет біздің мұсылманның басына төніп жатты...
Міне, осы қорқынышты да үрейлі сахнаны көре білген зерделі адамдар адам баласын экономикалық, әскери, саяси шаралармен татулыққа, бақытқа жеткізу мүмкіндігінің шектеулі екенін аңғарғандай. Себебі, ХХ-ғасырдағы соғыстар аштық пен кедейшілік салдарынан емес, қайта байлық пен бақуаттылыққа таласудан, ұлтшылдық пен нәсілшілдіктен, әсіресе материализмнен пайда болды. Бізге мәлім тарихта адам баласы ешқашанда осыншама көп байлыққа, материалдық мүмкіндіктерге ие болған емес. Алайда, қазіргі адамзат материал жағынан емес, руханият жағынан жүдеп кеткен сияқты. Күллі жиһанды үйдегі теледидар мен компютерге сыйғызған адам баласы, жұдырықтай жүрегіне барлық адамзатты сүю, жақсы көру сезімін сыйғыза алмады. Демек, бүгінгі адамзат баласы бірінші кезекте материалдық байлыққа емес, рухани байлыққа, ізгі адамдарға зәру. Өзгелердің діни сенімдеріне толеранттылықпен қарап, адамды адам болғаны үшін жақсы көріп, сыйлайтын, барлық мәселелерді сабырлылықпен, кешірімділікпен, татулықпен шешетін адамдарға мұқтажбыз.
Ислам діні әркімнің діни сеніміне еркіндік беретін, басқа діндердің болуын мойындайтын бірегей дін. Әркімнің өз діні бар. Бұл адам баласының тума құқығы. Біреуді зорлап дінге кіргізуге болмайды. Ислам діні бұған тыйым салған. Дініміз адамдардың түрлі-түстілігін, алуан тілде сөйлеуін адами байлықтың көрсеткіші деп мойындаған. Мұқтаж адамдарға олардың діни сеніміне қарамастан жәрдем беруді бұйырған. Мұсылман үмметінің 1400 жылдық тарихына қарайтын болсақ діни толеранттылық пен хошкөрушіліктің көптеген үлгісін байқауға болады. Әсілі, ислам діні бірінші рет барлық адамзатты диалогқа шақырған бірегей дін. Дініміз адам баласын Аллаһ Тағалаға ортақ қоспау төңірегінде келісімге шақырған. Құлға құл болудың орнына бәріміз бірдей Жаратушыға ғана құл болайық дейді Құран Кәрім. Пайғамбарымыз бір сөзінде «Адамзаттың ең хайырлысы, адамдарға пайдалысы» деген. Ислам дініндегі ахирет сенімі болса бұ дүниеде жамандық һәм зұлымдық жасаудың алдын алатын ең үлкен күш. Ахиретте Жаратушының алдында жауап беретінін білетін адам бұ дүниеде қылмыс жасай ала ма? Ал, қылмыстың ең үлкенінің бірі күнәсіз адамдарды қанау, олардың құқықтарын таптау, зұлымдық жасау емес пе? Сондықтан, ислам дінінің басты мұраты ізгі адамдарды өндіру болған. Исламның барлық бұйрықтары да адамды этикалық дамуға, рухани байлыққа, ізгілікке, әділеттілікке, тазалыққа шақырады. Әр адамның қасына бір-бір сақшыдан қою мүмкіндігі жоқ. Оның орнына әр адамның жүрегінде өз сақшысы болуы керек. Қылмыспен күресте құқықтық және полициялық шараларды қолданумен қатар азаматтарға рухани жауапкершілік артатын ислам дінінің керемет қағидаларын насихаттау жұмысы да қатар жүргені жөн. Діни тәлім-тәрбие алған, Аллаһ Тағалаға иман етіп, ахирет күні жауап беретінін білетін адамдар қылмысқа бармайды. Осыған қарамастан кейбір залым күштер дінімізді басқаша көрсетуге тырысуда. Батыс елдеріндегі кейбір ақпарат құралдары ислам дінін террормен, лаңкестікпен байланыстыра атағанды әдетке айналдырды. Бұған инанушылар бізде де бар көрінеді. Осы күштер мұсылман қазақ халқын діндерге бөліп, тариқаттарға бөліп, сананы улай отырып өздерінше халқымыздың тұтастығына нұқсан келтіргісі келеді. Осыған өте сақ болуымыз керек. Жоғарыда келтірілген маңызды мәселелерді шешуде, қасиетті Отанымызды ішкі және сыртқы қауіптерден қорғауда әскерлердің атқарар рөлі аса маңызды. Әскерлік қыйын да қасиетті кәсіп. Осының мән-маңызын жақсы білуіміз керек. Өйткені, әскерлік – Отан деп аталатын ұлттың киелі ата-мекенін қорғауды, қажет болған жағдайда өз жанын Отан үшін құрбан етуді, шәһидтікті ең жоғары рухани дәреже деп білуді талап ететін кәсіп. Қарулы күштеріміз тәуелсіздігіміздің, азаттығымыздың, еліміздің тұтастығының, болашақ ұрпақтарымыздың амандығының мызғымас қорғаушысы екенін естен шығармайық. Әскери қызметтегі азаматтарымыздың Отанды қорғау бағытындағы мақсаттарды толыққанды орындауы Отан деген ұғымды дұрыс түсінуіне және Отанды өз жанынан артық сүйе білуіне тікелей байланысты. Пайғамбарымыз Әз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) бір сөзінде: «Отанды сүю иманнан» деп айтқан екен. Яғни, иман сияқты мұсылман пенденің ең басты рухани байлығының құрамдас бөлігінің бірі – Отанды сүю болып табылады. Бұл не деген сөз? Отанын сүймейтін адамның иманы толық емес деген сөз, әрине. Ал, иманы толық болмаған адамның рухани дәрежесі төмен және ахиреттегі ахуалы мүшкіл болмақ...
Отан деген киелі ұғымды Пайғамбардай дәл суреттеген жан болмаса керек. Ол, Отанды сүюді ең қымбат ғибадаттардың қатарына жатқызған. Жоғарыдағы сөзі осының дәлелі. Бұларға қоса отанды жаугершіліктен, бұзақылықтан, шабуылдан қорғау мақсатында жасалатын соғыс (жиһад) та дініміздегі маңызды ғибадаттардың қатарына жатады. Отанымыздың амандығы заманауи ғылымдарды меңгерген, діні мен тіліне берік, көзі ашық, көкірегі ояу, еркін ойлай алатын ұрпақтарға аманат етілсе, көзіміз артта қалмас...



[


[


[


[


Каталог: userdata -> users -> user 21
user 21 -> Егемен Қазақстанның
user 21 -> Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы
user 21 -> Қай заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің сахнасын өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп, өркендей түсті
user 21 -> Төлеген Айбергенов
user 21 -> Ұлт ұстаздары Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынұлы мектеп оқушыларына кезінде Ленинді дәріптегеннен артық ұлықталуы тиіс
user 21 -> «Мұражай тәрбие өзегі» Ақселеу Сейдімбековтің
user 21 -> Әож 37. 013: 908:[574+008] Қолжазба құқығында Шаушекова Баян Кырыкбаевна
user 21 -> 1.Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын
user 21 -> Балам, мынаны сындырып көрші?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет