Ұлттық мінез



Дата20.03.2020
өлшемі14,09 Kb.
#60522
Байланысты:
Ұлттық мінез
Ұлттық мінез, Реферат Іскерлік қарым-қатынас формасы, Реферат Іскерлік қарым-қатынас формасы (1)
Ұлттық мінез - әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық мінез - тарихи категория. Ол қоғамдық, рухани, экономиялық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, әдебиетте адам бейнесінен бұл қасиет толық көрініп тұрады. Әр халықтың өз эпикалық туындыларын олардың талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан шығармада ұлттық мінез жасау үшін оның дүниетанымын, психологиясын, әдет-ғұрыптарын, т.б. қасиеттерін білу керек. Бұл жөнінде Н.В. Гоголь: "Ақын өмірге өз халқының көзқарасымен қарап, әр нәрсені ұлттық психологияға сәйкес құбылыстай сезініп, толғанғанда ғана ұлттық сипатты бейнелеп беруі мүмкін", - деген ой айтады. Бұл дұрыс та. Мысалы, "Игорь полкі туралы жыр" орыстардың, "МахабкаратаҮндістан халқының, "Нибелунга туралы жыр" немістердің, "Манас" қырғыздардың, "Ер Тарғын" қазақтардың дүниетанымын, мінез-болмысын айқындайтын шығармалар.

Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет