М. К. Ошакбаева



бет1/2
Дата19.02.2017
өлшемі309,73 Kb.
#10728
түріСабақ
  1   2
М.К.Ошакбаева,

65 мектеп-гимназия

Астана қаласы

Мамандықтың бәрі жақсы


Мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 
Көрнекілік: Мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, интерактивті тақта, қанатты сөздер жазылған плакаттар, видеоролик.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Жоспары: 

І. Рефлексия.

ІІ. Ойын: «Тапқырлық?»

ІІІ. “Мамандықтар әлеміне саяхат...” көрініс қою

ІV. Сергіту сәті

V. «Кім жылдам?»

VІ. Қорытынды.

І. Рефлексия. «Айгөлек» әуені орындалып тұрады. 
Оқушылар дөңгелектеп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен айтады: 

Мейірімді жүрекпен, 


Ақпейілді тілекпен, 
Амандасып алайық, 
Бір жадырап қалайық!
Құрметті оқушылар, бүгін мен сіздерге «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тәрбиелік шара өткізгелі отырмын. Абай атамыз айтқандай ʻʻСенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қаланʼʼ демекші шеберліктің маңына жете білсек мамандықтың бәрі жақсы. Шарамызды бастамас бұрын жақсы көңіл-күймен сергіту мақсатында бәріміз ортаға шығып «Көңілді күн» ойынын ойнайық. Жақсы, рахмет! Көңіл-күйімізді нешеге бағалаймыз. 
Орташа болса 3, жақсы болса 4, өте жақсы болса 5 баллмен бағалаймыз. Өте жақсы! Баға көрсеткішті балалар көтеріп көрсету керек.
Мұғалім: Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі.

Балалар енді суретке назар аударайықшы, қазір сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрастырайық.


І. Ойын: «Тапқырлық?»

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Қолында кітап, дәптері,

Кімді айттым ойымда? ( Мұғалім)

- Дәрі-дәрмек беретін,

Ол қай маман балалар? (Дәрігер)

ІІ. “Мамандықтар әлеміне саяхат...” көрініс қою

Тілші: – Сәлеметсіздер ме, көрермендер. Арнамызға қонаққа келген әр мамандық иелерімен тілдесеміз.

Құрылысшы мамандығына келеді.
– Сәлеметсіз бе, сіз қандай қызмет жасайсыз?

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым


Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын

Әсем қала саламын.



Тілші: – Бұл жұмыс қауіпті емес пе?
Құрылысшы: – Мен қауіпсіздік ережесін сақтаймын, жұмысымды жақсы көремін, сондықтан қауіпті емес.
Тілші: – Рахмет сізге сәттілік тілеймін.
Аспазшыға келеді.

Тілші: – Сәлеметсіз бе, сіз қандай қызмет атқарасыз?
Аспазшы:

Дәмді тамақ пісіріп,
Өнерлі бала боламын.
Халқым сүйген ардақты,
Мен аспазшы боламын.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет