М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007



бет1/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,94 Mb.
#912
  1   2   3   4
М.Н.Баратова

Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты
Оқу-әдістемелік құрал

Павлодар, 2007

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті


М.Н.Баратова
Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты
Оқу- әдістемелік құрал

Павлодар, 2007

УДК 82.0 (574) (075.8)

ББК 83.3 (5 Каз) я 73

Б 25

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.



Баратова М.Н. Мәшһүр-Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты

Оқу-әдістемелік құрал .-Павлодар, 2007.- 72 б.
ISBN
Бұл оқу-әдістемелік құралында қазақ әдебиеті тарихында ерекше орын алатын, тәуелсіздік арқасында кейінгі онжылдықта ғана зерттеле бастаған қазақтың белгілі ақыны, философы, фольклортанушысы, тарихшысы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдерінің жанрлық сипаты сөз болады.

Еңбек қазақ әдебиеттану ғылымын зерттеушілерге, жоғарғы оқу орны оқуытушылары мен студенттеріне, магистранттарға, аспиранттарға, жалпы әдебиетке жанашыр көпшілік қауымға арналады.



Жауапты редакторы:

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Нұрғали.

Пікір жазғандар:

филология ғылымының докторы, профессор Б.Әбдіғазиұлы;

филология ғылымының докторы, профессор А.Тұрышев.


ISBN ББК 83.3 (5 Каз) я 73



© М.Н.Баратова, 2007

© С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2007
Кіріспе
Кешегі єміршілдік ж‰йе ‰стемдігі дєуірінде µткен ѓасырлардаѓы єдеби м±раны тек таптыќ т±рѓыдан сараптаумен шектелу нєтижесінде, оныњ кµп ќыр-сырын наѓыз ѓылыми т±рѓыда ашылмай келгені мєлім. Тєуелсіздік алѓалы, яѓни 1990-1991 жылдардан бастап µнердегі, оныњ ішінде кµркем єдебиеттегі «аќтањдаќтарды» ашуда елеулі нєтижелерге қол жеткізілді деуге негіз толыќ. Єйтсе де кµне жазбалардыњ бір орталыќќа жинаќталып бітпеуі, жиналѓан ‰лгілердіњ де кезінде д±рыс баќылауда болмаѓандыќтан, «ќолды болуы» немесе оныњ танылуы кешењдеуі т.с.с. µткен єдеби м±раны зерттеу ісін біршама тоќыратып келгені белгілі. Міне, осы орайда артына µте мол м±ра ќалдырѓан ќазаќтыњ белгілі аќыны, фольклортанушысы, тарихшысы Мєшћ‰р Ж‰сіп Кµпей±лыныњ поэзиялыќ шыѓармаларыныњ, оныњ алѓашќы он томдыѓы жарыќ кµруі нєтижесінде Мєшћ‰р Ж‰сіптіњ басќа м±ралары тєрізді µлењдерініњ ашылмаѓан ќыр-сырын кењірек сараптауѓа кењірек жол ашылѓаны аныќ. Осы орайда Мєшћ‰р Ж‰сіп µлењдерініњ жанрлыќ ерекшеліктерін арнайы саралау, яѓни оны ѓылыми т‰рде дєйектеуді ж‰зеге асыру, сµз жоќ, зерттеу ж±мысыныњ кµкейкестілігін негіздейтіні аныќ.

Рас, Мєшћ‰р Ж‰сіп шыѓармашылыѓына арналѓан біраз диссертациялардыњ ќорѓалуы, біраз кітаптар шыѓуы ќазаќ єдебиеттану ѓылымындаѓы басќа салалар тєрізді б±л арнада да ілгері басу ж‰ргенін ескерген жµн. Мєселен, кітап ішінде жол-жµнекей айтылѓан жекелеген ізденістерді ескере отырып, соныњ бєрін єрі жалѓастырып, єрі дамыту арнайы бір зерттеуді талап етеді. Біз солардыњ ішінен У.Ќалижанныњ (Мєшћ‰р Ж‰сіп. – Алматы: Атам±ра. 1998) [1], С.С‰тжанныњ (Мєшћ‰р м±расы.-Павлодар. 2001)[2], Е.Ќ.Ж‰сіповтыњ «Мєшћ‰р Ж‰сіп шыѓармаларындаѓы єдеби дєст‰р» кандидаттыќ диссертациясын [3], сондай-аќ оѓан дейін єр кезде айтылѓан белгілі ѓалымдардыњ: Б.Кенжебаев [4], Є.Жиреншин [5], М.Бµжеев [6], С.Дєуітов [7], Д.Єбілов [8], Ќ.Мєшћ‰р Ж‰сіп [9]. С.Ш.Кµпеев [10], С.Негимов [11] т.с.с. ењбектерінде аќын µлењдерініњ идеялыќ-таќырыптыќ негізі, жекелеген кµркемдік ерекшеліктері біршама сµз болѓаны мєлім. Ќазіргі ќазаќ єдебиеттану ѓылымыныњ алдында µткен ѓасырлардаѓы єдеби м±раны жинаќтап, ќажет т‰сініктермен жариялаумен ќатар, оны єлем ж±ртшылыѓына таныту міндеті т±рѓанын зерделесек, єдебиет ќорындаѓы асыл ќазынаныњ бірі- Мєшћ‰р Ж‰сіп аќындыѓын арнайы сараптау міндеті т±рѓаны аныќ. Міне, осы талаптар биігімен таразылаѓанда, Мєшћ‰р Ж‰сіп µлењдерініњ жанрлыќ сипатын зерттеу тек осы аќын емес, жалпы ќазаќ єдебиетініњ даму зањдылыѓын жеткен биігін аныќтау, межелеу ‰шін мєнді баспалдаќ бола алатынын зерделеген жµн. Мєшћ‰р Ж‰сіп µміріне, жалпы шыѓармашылыѓына ќатысты деректердіњ біз келтіріп µткен ењбектерде баршылыќ екенін ескере отырып, ќазіргі єдебиеттану ѓылымы жетістіктері биігімен таразылап, аќын µлењдерініњ жанрлыќ табиѓатын арнайы сараптауды міндет етіп алдыќ.

Лириканың жанрлық, стильдік табиғаты дегенде, алдымен даму тарихында мол тәжірибе жинақталған әр кездегі орыс әдебиеттану ғылымы жетістіктеріне көңіл бөлу қажет. Алдымен ХІХ-ХХ ғасырдағы В.Г.Белинский, А.Н.Веселовский, В.Жирмунский, М.Б.Храпченко, В.Поляков, В.П.Григорьев [12] т.с.с. еңбектерінің тек орыс әдебиеттану ғылымы үшін емес, қазақ әдебиеттану ғылымы үшін де мәні үлкен екенін атап айтқымыз келеді.

Қазақ әдебиеттану ғылымында да қазақ лирикасының жанрлық толысу, даму тарихына қатысты еңбектер баршылық екенін ескерген жөн. Олар: А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, М.Базарбаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Т.Әбдірахманова Р.Нұрғали, Б.Кәрібаева, С.Негимовтің т.с.с. жекелеген ізденіс нәтижелері [13]. Міне, бұл тақырыпты зерттеу барысында жоғарыда аты аталған орыс-қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері ескеріліп, оларға лайықты баға беріліп отырылды.



1. Мәшһүр Жүсіптің өлеңдерінің жанрлық сипаты
Әдебиеттанудың басқа да салалары тәрізді жанрлық сипатын сөз еткенде, оның бар кезеңде, бар ақында үнемі біркелкі болып келе бермейтінін, қайта дәуір, стиль т.с.с. әсерімен түрлі өзгеріске түсіп отыру мүмкіндігін алдымен діттегіміз келеді. Осы орайда белгілі орыс зерттеушісі В.Г.Белинскийдің: «Жанрлардың шекарасы нағыз дәлдіктен гөрі шамамен айырылады. Қайткенмен де оны картада мемлекеттің шекарасын көрсеткендей саусағыңмен нұқып көрсете алмайсың. Көркемөнер қай жақтағы болсын, бір шекарасына таяна беріп, өзінің әуелгі мағынасын біртіндеп жоғалтады да, шекаралас екінші жанрмен мағыналас болады. Сөйтіп, шекаралас екі сипаттар ортақтасып екеуін жинастырады»-деп, жазғанын қазақ ғалымы С.Қирабаевтың С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» туындысының жанрлық сипатын анықтау үшін қолданғанын [14] осы орайда еске салғымыз келеді.

Лириканың жанрлық сипаты сөз болғанда да, оның тап-таза бір түрін бөліп көрсету мүмкін бола бермейтінін де жоғарыда аталған (В.Г.Белинский пікіріне) сүйеніп айта аламыз. Әйтсе де тап-тазасы қалған жоқ екен деп, оның шартты түрде бөлінген түрлері бар екенін де жоққа шығаруға болмайтыны анық.

Кез келген ғылым саласы тәрізді бұл мәселеге де соңғы нүкте қойылмайтынын, қойылуы мүмкін де еместігін ескерсек, мұнда да бұрыннан қалыптасқан басы ашық жанр түрлері бар да, әлі толық анықталып бітпегені, әйтсе де сол толықтыққа жету үшін де алдын-ала сараптауды тосып тұрған, әзірше шартты түрде ғана бөлініп жүрген жанр түрлері бар екендігін де ескерген жөн. Мәселен, мысал (басня), мұң өлеңі (элегия), мадақ өлең (ода), төрттаған (рубаи), нәзира т.с.с. бұрыннан шаңырақ көтерген даусыз лирика түрлері саналады. Ал, жоқтау, арнау, айтысты т.с.с. А.Байтұрсыновтың 1926 жылғы «Әдебиет танытқыш» кітабынан бастап ұлттық өлең түрі, ұлттық үлгі деп қарастырып келгеніміз белгілі. Сонымен бірге ойлану (медитативті), жұмбақ, хат өлең түрлерін жанр түрі, немесе тақырып т.с.с. бойынша жіктелім үлгісі деп, қабағат саралауда еш ағаттық жоқ. Осы орайда шығыс поэзиясында кең орын алған рауаят, хикаят ұғымдарын да ескермей кете алмаймыз. Соңғысының жоғарыда аталған А.Байтұрсынов кітабына енуі де тегін емес.

Сондай-ақ шығармаларды: үгіт (дидактикалық), шолу, деректі, аңыз, тұспал өлеңдері немесе махаббат, табиғат тақырыбындағы туындылар деп бөлуде, жанрлық межелеумен бірге, тақырыптық ерекшелік қоса ескерілетінін де діттей отырып, қазақ өлеңдерінің жанрлық табиғатын кең саралау үшін бұлай бөлудің де ұтымды тұстары мол екендігін ескермей болмайды.

Қысқасы, лирикалық қаһарманның ашылу деңгейі, белгілі бір тақырыптың қамтылу көкжиегі тұрғысынан болсын, бұл аталған өлең түрлерінің т.с.с.поэмаға мүлде келмейтінін, қалай түрленсе де, лириканың жанрлық шеңбері ішінде қалатынын басшылыққа аламыз.

Патшылық Ресейдің отарлау саясатының ХІХ ғасырда күшейе түсуі, алдымен хандық билік (1822ж.) кейін аға сұлтандықтан да айрылу (1868 ж.) және қазақтың неғұрлым шұрайлы жерлерінің Ресейден келушілерге зорлықпен тартып әперілуі, сөйтіп жер-судан айрылған халықтың жүдеп-жадауы, тозуы және ұлттық баспа, медресе, мешіт, мектеп ісіне қойылған ашық, жасырын шектеу, кемсітулер- бәрі адамдардың материалдық мұқтаждықпен бірге рухани азып-тозуына ықпал еткені белгілі. Бұл қысым ақындар шығармашылығына да елеулі әсер етті, ел билеушілердің отарлау саясатын сынау т.с.с. өсті.

Сол дәуірдегі: Абай Құнанбаев (1845-1904), Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931), Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) т.с.с. тәрізді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) өлеңдерінің идеялық-тақырыптық негізіне дәуір шындығы шешуші ықпал жасаумен бірге оның туындыларының жанрлық сипатын да негіздеді. Осы орайда халықтың өз мүддесі үшін күреске ұмтылуын тудыру үшін, тікелей үгіт айту, дидактикалық сарын етек алуы да заңды еді. Сөз жоқ, бұл кезеңде жалаң үгіт айту, дидактикалық ықпал қанат жаюынан өлең көркемдігінің біршама солғындау мүмкіндігі де туғаны анық. Әйтсе де көркем шығарманы тек әсемдікті әспеттеу құралы деп қараумен шектелмей, қайта сонымен бірге пәрменді насихат көзі ретінде пайдалану басқа да өз әріптестері тәрізді Мәшһүр Жүсіптің де ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бас кезінде тікелей үгіт өлеңдерін көбірек жазуын негіздеді. Осы орайда тікелей үгіт айтуға бағытталған өлеңдерінің бәрінің көркемдігі төмендеді деуге келе бермейтінін, қайта көп ретте сол насихатты неғұрлым әсерлі беру үшін де, көркемдік ізденістің өзіндік сан түрлері отау тіккенін де ескермей кете алмаймыз. Демек бұл өлең түрі туралы А.Байтұрсыновтың: «Ақыл айтқан, жол көрсеткен, жөн сілтеген мағыналы өлеңдер- үгіт өлең деп аталады» [15, 240 б.]- деуі тегін емес дегіміз келеді.

Міне, бұл тұста орыс лирикасының сыр-сипатын ашуда көп тер төккен В.Д.Сквозниковтың ақын Баратынский поэзиясындағы дидактизмді атап көрсетуін [16] және И.Ю.Подгаецкаяның «Маяковский өлеңдерінің лирикалық пен шешендік бастаулар түйісуінің көп түрлі нұсқаларын» беретінін [17] атап көрсеткеніне назар аударғымыз келеді.

Дидактикалық өлең жазудың көне шығыс поэзиясында кең орын алғанын діттеу үшін Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» (1069-1070) кітабынан үзінді келтіреміз.

Білім-өнер қонады үйренгенге,

Қадірлесең, сені олар сүйрейді өрге.

Оқу оқы, білім ал, жүрме бекер,

Қажетіңе сол жарар күн келгенде.
Білім шешер бар сырдың тас түйінін,

Білім ал, оқы өмірді жақсы ұғынғын.

Біліміңді іске қос, тағы оқып,

Тағы үйренсең ғанибет, шат бұл күнің [18].


XV-XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясын алсақ та, дидактикалық өлеңдердің аз еместігіне көз жеткіземіз:

Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа!

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа!

Асан қайғы. XV ғ. [19, 66 б.].


Балаларыма өсиет:

Болмаңыздар кепиет.

Бірлігіңнен айрылма,

Бірлікте бар қасиет.

Ақтамберді Сарыұлы. XVІІІ ғ. [19, 102 б.].
Қазаққа пайда мынау, малын бақсын,

Отқа жайып, суарып, бағып қақсын.

Шал Құлекеұлы. XVІІІ ғ. [19, 157 б.].
Еменнің түбі сары бал,

Еріскен көңіл бәрі бал.

Жоғарыдан төмен төгейін,

Керегіңді теріп ал.

Қасыма ерген жолдастар,

Антыңды бұзып айрылма,

Зейініңді бермен сал.

Махамбет. ХІХ ғ. [20, 64-65 б.].

Міне, көркем әдебиетті алдымен халыққа қызмет ету құралы деп түсінген ақындар тікелей үгіт өлеңдерін жазса, ондай туындыларды төменгі, екінші сортты деуге келе бермейтінін дәлелдеу үшін данышпан суреткер ақын Абайдың өзінің ара-тұра болсын, тікелей насихат өлеңдерін ұсынғаны тегін емес деп санаймыз:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап-босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

... Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз. 1886 ж. [21, 65 б.].
1.1 Мәшһүр Жүсіптің үгіт өлеңдері
Мәшһүр Жүсіптің тікелей үгітке арналған дидактикалық өлеңдерін сараласақ, онда оқу, кәсіп меңгеру, ізгілікке ұмтылудың бастау көзі ретінде Алланы мадақтаудың өріс алғанына көз жеткіземіз:

Исламның бес парызы: біреуі- иман,

Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.

Ықтиқат, шын ниетпен жұмыс қылып,

Ерлерді айт - Құдай үшін жанын қиған!
Аузыңда болсын дайым Құдай сөзі,

Таймасын қаралықтан көңіл көзі.

«Бір!»-деп, «бар!» -деп, илану- бізге парыз,

Ғаламға он сегіз мың патша- өзі!


Екінші, намаз екен- бізге парыз,

Айтпасақ білмегенге, бізге қарыз.

Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ ,

Құдайға жетеді екен сонда ғарыз. [22, 138 б.].


Бұл өлеңдерінде қазақ тілін, рухын, мәдениетін сақтау үшін де Мәшһүр Жүсіп қалыптасқан Ислам дінін сақтау, имандылыққа ұмтылуды дәріптеумен ерекшеленеді.

Ақын үгіт үшін, көбінесе салыстыру әдісін, жақсы мен жаманды қатар алып, кімге еліктеу, неден безіну керектігін жіліктеп ашуға ден қояды:

Қайырсыз болсаң (бықыл) бәхил, болдың терек,

Басқаға бір отыннан қылмас керек.

Жақсыдан- жақсының да парқы бөлек,

Даналар біледі ойлап, ақыл зерек (зирек).


Зарарлы болсаң жұртқа, болдың тікен,

Қыларсың жазды жапан, шөлді мекен.

«Жерінде- әр не өзінің»- деген рас,

Еккенмен сусыз жерде, шықпас жекен.


Құдайым пендесіне берген малды,

Жаратқан әр түрлі ғып жүрген жанды.

Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан

Қайыр қып берген артық жалғыз нанды [22, 148-149 б.].


Осы орайда, көбінесе ақыл айтуға құралған өлеңдерінің өзінде ақын үнемі жалаң үгітпен шектелмей, ұтымды бейне, ұтықты сөз үлгілерін де кірістіре білген:

Үлгі үйрен жолдас болып нұсқалыға,

Көзің сал сөзді сөзге қосқанына.

Наданның өз басына қылған ісін,

Қылмайды ақылды адам дұшпанына.
Қарайла, шамаң келсе, жолдасыңа,

Жолдасың еріп жүрсе өз қасыңа.

Абыройым төгілмесін деп ойласаң,

Ұяттан қол шатыр қып ал басыңа .


Бір сөзді шығарады бір сөз түртіп,

Ағыздым алтын қылып мен мысты ерітіп.

Өз пердем жыртылмасын деп ойласаң,

Әрқайда сөз сөйлеме перде жыртып.


Шайтанның шамаң келсе сындыр белін,

Ол иттің керек қылма жауын, елін.

Бір іске өкінбейін деп ойласаң,

Нәпсінің достық айтқан алма тілін.


Өнерге өзіңді-өзің ерте баулы,

Жастықтың бір күн көшіп кетер ауылы.

Қауіп, қатерсіз, қайғысыз болам десең,

Араз боп еш адаммен болма даулы.


Қалмасын жерде десең айтқан сөзің,

Өзіңнің өз бойыңда болсын көзің.

Сөзіммен халқым амал қылсын десең,

Амал қыл өз сөзіңмен әуел өзің.[23, 116-119 б.].


Зерделесек, «Наданның өз басына қылған ісін, // Қылмайды ақылды адам дұшпанына»- жолдарының әсерлі естілу себебі: ақыл айтудың өмірде көп көргенді сараптап, безбендеп барып, аз сөзге көп мән ұялатуға негізделуінде жатқаны анық. Екінші мысалдағы дерексіз ұғым ұятты белгілі бір затқа «қол шатырға» айналдыру да өзінше әсерлі. Ұяттың қол шатыры ұғымын дәйектегенде, сол бір әсерлі, бейнелі сөз ұтымдылығы назар аудартады. Үшіншідегі перде жыртып сөз сөйлемеу де дерексіз ұғым сөзге пердені тіркеп және оны кәдеге жаратуды бейнелеп барып, белгілі бір идея өрістеуіне негіз қаланған. Төртіншіде, басқа адамның айнасынан (өз айнасынан емес) қарағанда ғана білімді, зерек адам болуы мүмкіндігі де мүлде тосын метафоралық тіркес көмегімен айтылған ой ерекше әсерлі естіледі. Бесіншідегі «жастықтың ауылы» метафоралық тіркесін алу және оның көшіп кетуін ескерту де идеяны неғұрлым пәрменді жеткізу міндетіне бағындырылған. Мұндай тосын метафоралық үлгі көмегімен әсерлілікті еселеп арттыру үлгісі алтыншы мысалда да бар. Әркімнің өз бойында өз көзі болуын діттеу, яғни соны метафоралық тіркес көмегімен бейнелеу нәтижесінде ақын өз ойын әсерлі жеткізген.

Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 4-томына енген: «Кедейліктің арқаны», «Өлім алдындағы хал», «Бақ құсы» өлеңдері де үгіт өлеңдері үлгісі. Мұның алғашқысы балаларды, сол арқылы жастарды сабақ оқуға, еңбек етуге, еріншектікке салынбауға үгіттеуге арналса, екіншісі пенде ниеті бұзық болса, о дүниеде жаза тарту күтіп тұрғанын ескерту, т.с.с. арқылы адамдарды ізгілікке үндеу отау тіккен. Соңғыда:

Өз нәпсің бойыңдағы- жанның жауы,

Жалғанда екеуінің бітпес дауы.

Нәпсіңнің айдауына ере берсең,

Білінбес өз басыңның ауру-сауы [23, 335 б.]- деп көзге көрінбес ұғым дерексіз нәпсіні, яғни адам тілегін жеке бір жан иесіне айналдырғаны соншалық, оның адамды мал тәрізді айдауы мүмкіндігі әсерлі бейнеленген.


1.2 Мәшһүр Жүсіптің тілек, насихат өлеңдері
Мәшһүр Жүсіптің дидактикалық, яғни үгіт-насихат өлеңдері дегенде, оның үгітке ғана емес, тілекке арналған өлеңдеріне арнайы көңіл бөлу керек. Тілек тілеудің Мәшһүр Жүсіпке дейінгі қазақ ақындарында ерекше орын алғанын діттеу үшін XVIII ғасырдағы Бұқар жырау термесіне назар аударайық:

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір аллаға жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз,

Бір шұғыл пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа! [19, 111 б.].

Енді Мәшһүр Жүсіптің тілек, яғни тілек-насихат өлеңдерін жинақтасақ, мына үлгілер көңіл бөлгізеді:
1. Шығады: «асыл-тастан, өнер-жастан»,

Тәрбие тәуір болса, әуел бастан.

Мысалы ғылым таппақ сол секілді,

Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.

(«Бұлақ көзі»)

2. Самалы әрекеттің сол сықылды,

Алмассың егінді орып, тұқым сеппей!

Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз,

Жатырқап еш адамды сыртқа теппей!

(«Дауасыз дерт») [24, 86-87 б.].

3. Бұл күнде мал табыңыз алас ұрып,

Күш-қуат кетіп қалмай арқа бостан.

(«Тіршілік қамы»)

4. Өлімнің, өлмей бұрын, қамын ойла,

Абайсыз жүргенінде ажал жетер!

(«Жалған туралы») [23, 268-269 б.].


Мәшһүр Жүсіп бұл өлеңдерінде: білім, ғылымды игеруді (1- мысалда), көпке пайда тигізуді (екіншіде), еңбек етуді (үшіншіде), өлімге әзірлене білуді (төртіншіде) – тілеу, насихаттауды өзінше әсерлі жеткізген.

Осы орайда ел мұқтажын неғұрлым кең қамту үшін Мәшһүр Жүсіптің шолу өлеңдерін де өндіре жазғанын саралаған жөн. Шолу өлеңдері қамтылған ойлар молдығымен көп ретте лирика мен эпос аралығындағы Құранды, аралық жанр түрі тәрізді әсер қалырады. Бір туындының өзінде көп мәселе қабағат көтеріледі. Тікелей үгіт, баяндау, оқиғалар алма-кезектесіп, сапырылысуы оны эпосқа жақындатса, соның бәрінің бірі ғана лирикалық қаһарманның тек бірер сәттегі толғанысы шарпуына бөленуі оны лирикаға алып келеді. Демек шығармада қанша мәселе көтеріліп, ара-тұра оқиға т.с.с. еніп кетсе де, соның бәрі бір ғана лирикалық қаһарман сезіміне бағындырылып өрілуі – оны «шолу өлеңдер» - деп атап, лирикаға түріне жатқызуға себеп болып отыр.

Орыс әдебиеттану ғылымында мұндай шығармаларды «Баяндау лирикасы» (повествовательная лирика) – деп атау [25] орын алып келгенін, ал арнайы анықтамаларда «Публицистикалық поэзия» түсінігі [26] қолданылуын ескерсек, бұлай бөлудің негізсіз еместігіне көз жеткізе түсеміз. Мәшһүр Жүсіптің «Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге» туындысы – осы шолу өлеңі үлгісі. Онда лирикалық қаһарманның «Меннің», «ат-бәйгеге құлын-тайдан» қосылғаны, жігіттіктің қызығын көріп өткені, 5 жаста және 20, 35-те не бітіргені айтылып келіп, мына ойды бөліп көрсету жүзеге асқан: «Отыз қырықтан асқан соң ойланамыз //Он бес пен жиырма бесте қылар істі.» Ақын одан әрі өзінің де кәрілікке бой ұрғанын мәлімдеп, сол кезеңдегі келеңсіздіктерді, атап айтқанда, қожа мен молданың ғайбат сөйлейтінін, сонысымен де елді бұзып жүргенін баяндай келеді де, мына жайттерге арнайы көңіл бөлгізеді:

Болмағың жақсы, жаман әуел бастан.

Белгілі ат боларың құлын жастан.

Өң беріп жылтыратып ысқанменен,

Болғанын көрдің бе айна қара тастан?!

Қара тас ең болғанда қайрақ болар,

Балта, шот, пышақтарды қайрап болар.

Дөңгелек диірменіңе шарық болып,

Көзіне көрінгенді шайнап болар.
Ай орынын аспандағы бұлт алып,

Орнында дүр гауһардың су тас қалып.

Құр тікен қызыл гүлсіз, қолға түсіп,

Ауызға қант орнына зәһәр салып.


Келмейді өткен ғұмыр жоқтағанмен,

Түк өнбес ұрып, соғып боқтағанмен.

Жолаушы жол үстінде көрмес қызыр,

Далада отсыз, сусыз тоқтағанмен.


Дүниеде шапқан аттай өткен ғұмыр,

Қарақшы – көрдің басы, бәйгелі жер.

Кім озып, кім қалуы мағлұм емес,

Бәйге алсаң, сол жерде озып, болдың ғой ер! [23, 199-200 б.]

Міне, мұнда қанша ысқыласа да, қара тастың айна болмайтыны; аспандағы Ай орнын бұлт алып жүргені; отсыз, сусыз жерге кідірген жолаушының бәрі бірдей қызыр көрмейтіні; көрдің басы бәйгелі жер екендігі және онда кім озып, кім қалатыны белгісіздігі қамтылған. Бұл әсерлі жолдар кейінгі айтпақ насихатты негіздеп, оған өз сәулесін түсірген. Атап айтқанда: «Ит мойнына гауһарды таққанменен», оны басқа затқа айналдыра алмайтыны, қожа-молданың өсекке бейімділігі орын тепкен.

Бұл тәрізді шолып айту, жетістік, кемшілікті түгендеп тізіп, қамтуға ұмтылу ақынның: «Ұқыпты әйел», «Салақтық- дерт», «Күліктің атқамінерлеріне», «Дүниеге жарасады күн менен ай» - өлеңдеріне де негіз болған.


1.3 Мәшһүр Жүсіптің хикаят өлеңдері
Жалпы шығыс поэзиясында, оның ішінде қазақ ақындары шығармашылығында хикаят өлеңдердің ерекше орын алып келгені белгілі. А.Байтұрсынов 1926 жылғы «Әдебиет танытқыш» кітабында мынадай анықтама жазған: «Хикаят. Діндар дәуірдің өнеге үшін шығарған әңгімелері хикаят деп аталған. Хикаят дін үйрету ғана мақсатпен шығарған сөздер емес. Діннен басқа жағынан да өнеге көрсету үшін айтылады [15, 265-266 б.]». Осы орайда орыс тіліндегі сөздіктің бірінде мысал тәрізді ақыл үйрету өлеңін «аполог» - деп [26, 45 б.] атағанын, оның біз келтіріп отырғанын «Хикаят» ұғымына біршама жақын екенін ескеру керек деп санаймыз. Мәселен, Мәшһүр Жүсіптің «Жарты нан» (1880 ж.) өлеңінде алдымен бір адамның «Жолаушы боп келе жатып» бір сандықта тауып алғаны, ішін ашқанда, ондағы бір асыл тасты көргені, «Көп олжа болды ғой!» - деп шаттанып, қолына ұстағанда, оның әп-сәтте алдымен жыланға, ізінше айдаһарға айналып, өзін жұтпаққа төнгені баяндалады. Білмей істелген жаңсақ қадам осындай қауіпке ұшыратқанда барып, оған алдымен отыз адам, кейін бес адам, ең соңында жарты адам кез болғаны бейнеленеді. Назар аударарлық жайт: қиын жағдайда қалғанда, отыз кісі боп көрінген отыз күндік оразасының да жәрдемі тие қоймайды. Сырт көзге солардың бәрінен аз (алғашқыдағы - отыз, екіншідегі бес адаммен салыстырсақ), әрі күш-қуаты да кем болуы әбден ықтимал өйткені толық емес, жарты ғана адамның ғана қол ұшын бере алғаны, яғни тапқырлықпен қиналған жолаушыны құтқаруы назар аудартады. Сөз жоқ, осы арқылы үнемі дінді насихаттап келген автор ораза мен намазды жамандап отырған жоқ, тек ораза, намаздың өмірдегі нақты әрекетке, қайырымдылыққа ұштасқанда ғана қиналған адамға көмек бере алатыныны әспеттелген. Сөйтіп бір кезде біреуге жарты нан беріп көмектесуі жарты адам кейпінде көрініп, оның қысылған адамды құтқара алуын бейнелеу арқылы ақын құлшылықтың жалаң жүрмеуін оның кем, кедейге нақты қайыр жасаумен ұштасқанда ғана пәрменді болатынын көрсеткен.

Сөйтіп, бірнеше лирикалық бейне әрекеті, тіпті шағын тартысы бейнеленуі арқылы бұл туынды лирика көкжиегін біршама кеңейткен. Лирика көбінесе бір каһарманның бірер сәттегі бірер толғанысын бейнелеумен шектелсе, мұнда алдымен бірнеше кейіпкер алынып, олардың қарым-қатынасы біршама көрсетілген. Әйтсе де бұл туындының эпос емес, лирикаға жату себебіне келсек, сол әрекет, құбылыстың бәрі бір лирикалық қаһарманның бір сәттегі сезім айнасы ретінде берілгендігі дер едік. Міне, сырт қарағанда осындай бірнеше адам қарым-қатынасы алынса да, соның бәрі бір ғана лирикалық қаһарманның бір сәттегі сезім айнасы ретінде келтірілуі үлгісі ақынның «Аңқау адам туралы», «Шайтанның саудасы» өлеңдерінде де жүзеге асқан. Хикаят өлеңнің мұндай сипаты ақынның: «Алтын табақ», «Шайхы Ысқақ», «Надан би», «Ғалының тағылымы» өлеңдерінен де көрінген. Осы орайда «хикаят» ұғымына да сыя бермейтін, поэма деуге де келе қоймайтын, көлемі де ұзақтау, қатысушы адамдары біреу емес, бірнешеу болатын, белгілі бір оқиғаға негізделген, әйтсе де соның бәрі бір ғана лирикалық қаһарман толғанысы ретінде берілгендіктен де, лирика шеңберінде қалатын мұндай туындыларды «Оқиғалы өлеңдер» - деп атағанды жөн көрдік. Оларға: «Ибраһим», «Пайғамбардың соңғы тілегі», «Пайғамбардың өсиеті», «Ханымбике», «Күйеу Мағзұм мен Хұршым» және «Момынның әйеліне шығарғаны» өлеңдері жатады.

Бұл тұста «хикаят», не «сюжетті өлең» ұғымынан сәл бөлектеу тұрған, өмірдегі бар деректерге, көбінесе өмірбаяндық шежіреге негізделген шығармаларды бір бөлек топтап, оларды: «деректі өлең» - деп ұсынғанды жөн көрдік. Мәселен: «Бөгелген хат» (1909), «Айқап» туралы (1915), «Малсыз дала» (1925). Бұл туындылар ақынның өз көзі көрген жекелеген келеңсіз деректерді келтіріп, соған нақты сын айтуға арналған. Ал, енді бір өлеңдерді өмірдегі деректі фактілерге негізделсе де, бір оқиғаны айта отырып, сол іспетті басқа да құбылыстарды қамту ерекшелігімен де көркем жинақтауға иек артқан деректі өлеңдер деп қарастыруға болады. Мәселен: «Жылым – қой, тауық жылы мен үш жаста», «Мәшһүр» атты қалай алғандығы туралы», «Мәшһүрдің алпыс сегізінде сөйлегені», «Мәшһүр Жүсіптің өлер алдындағы сөзі» өлеңдеріндегі көп деректер шындық көшірмесі. Бұл туындыларда Мәшһүр Жүсіп өміріне қатысты дерек көздері алынса да, соны тірек ете отырып, ақынның жалпы қоғамдағы қайшылықтарды т.б. кең қамтуға ұмтылуы - бәрі жеке дерекпен шектелмей, жинақтауды да қоса қамту үлгісін танытады. Нақты бір оқиғаны, не жеке бір адамды сөз ете отырып, уақыт, кезең ерекшелігін біршама кең ашуға ұмтылу ақынның: «Мұса Шорманұлының асы», «Қажыларға», «Байдалының Исасына», «Бердібек Қазанғапұлына» өлеңдерінде орын алған.

Мәшһүр Жүсіптің хикаят өлеңдерін сараласақ, оның аңызға негізделгендері де өз алдына бір төбе: «Кәф пен Нон», «Құдайым жексенбі күн жер жаратты», «Абыраһа мен Мұтылаб», «Мұхаммед пен Әбужаһил», «Мұхаммедке пайғамбарлық келгені», «Ғалының ниеті», «Ықылас сүресі», «Сүлеймен мен Ібіліс» және «Адам ата мен Шайтан», «Пайғамбардың нұры», «Ораза туралы», «Расулдың өлімі» т.с.с. Бұл аңыз өлеңдері, яғни хикаят өлеңдері арқылы Мәшһүр Жүсіп қазақ лирикасының жанр ретінде толысу, жетілуіне көп ықпал етті. Бұл туындыларда түрлі лирикалық бейнелер арасындағы шағын тартысты енгізу көмегімен ақын лириканың жанрлық толысуына ықпал етті, ішінара эпос, драма әсерін қабылдай отырып, өзекті ерекшелікті, лирикаға тән өзіндік сипатты сақтап қалудың соны түрлерін тудырды. Өлеңнің өмірді қамту мүмкіндігі кеңейе түсті, сол арқылы шығарма көркемдігін, әсерін арттырудың соны үлгілері қанат жайды.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет