М. О.әуезов атындағы №7 орта мектеп Калиева Гульмира Ғайсақызы География пәні мұғалімі



Дата26.08.2017
өлшемі186,2 Kb.
#28809
Атырау қаласы

М.О.әуезов атындағы №7 орта мектеп

Калиева Гульмира Ғайсақызы

География пәні мұғалімі

География 10 сынып

Тақырыбы: Құрлық сулары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға құрлық сулары, қасиеттері, маңызы, таралу ерекшеліктері, заңдылықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Құрлық суларымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Топтық , шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты ІІІ топқа бөлу түрлі түсті қаламды таңдату арқылы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Жалпы гидросфера тарауы бойынша

1. Сұрақ-жауап. «Кім жылдам?»

Әр топқа 10 сұрақтан

1-топ сұрақтары

  1. Әлем мұхитындағы жылы ағыстар мен суық ағыстардың пайда болу себебі?

  2. Ішкі теңіздері бар материктерді атаңыз?

  3. Мұхитта судың айналымы қанша жыл ішінде суды толық жаңартады?

  4. Өзен жүйесі дегеніміз не?

  5. Өзен бассейіні дегеніміз не?

  6. Байкал көлінен ағып шығатын өзен?

  7. Ең терең көл?

  8. Арнасында 8 су қоймасы орналасқан өзен?

  9. Теңіз суының ең басты қасиеті?

  10. Мұхиттық ағыстар ненің әсерінен қалыптасады?

2-топ сұрақтары

  1. Өзен бассейіні дегеніміз не?

  2. Өзен ағысы мен жылдамдығы неге байланысты?

  3. Жер асты суларының негізгі қорек көздерін көрсетіңіз?

  4. Мұхитқа құймайтын ең ірі өзен?

  5. Теңіз суының ең маңызды қасиеті?

  6. Әлемдік мұхит қанша бөлікке бөлінеді?

  7. Көлемі бойынша ең кішкентай мұхит?

  8. Теңіз суы қандай температурада қатады?

  9. Әлемдік мұхиттағы ең ірі ағыс?

  10. Азияның ең қарлы ауданы?

3-топ сұрақтары

  1. Егер де тау жыныстары өзен арнасын қоршаса , онда не қалыптасады?

  2. Жер шарындағы ең биік су сарқырамасы?

  3. Жердегі судың таусылмау себебі?

  4. Қытайлықтардың «сары өзен» аталған өзені?

  5. Қай мұхитта кеме қатынасы екі айдан төрт айға дейін созылады?

  6. Ауданы жағынан ең үлкен көл?

  7. Ең тұзды теңіз?

  8. Беринг бұғазы қандай мұхиттарды қосып тұр?

  9. Цунами дегеніміз не?

  10. Замбези өзені қайда құяды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Электронды оқулықтан жалпы құрлық сулары жайлы мәліметті тыңдау, еске түсіру

І тапсырма Оқулық мәтіні бойынша 3-топқа тапсырма Топтарға ресурстар беріледі. Сол ресурстар негізінде, оқулық мәтінін пайдаланып, әр топ өз шығармашылық жұмыстарын қорғайды

1-топқа дүниежүзілік мұхитқа жалпы сипаттама

2-топқа өзендер, көлдер

3-топқа мұздықтар, жерасты сулары

ІІ-тапсырма 3 топқа картамен жұмыс

Әр топқа берілген нысанды контур картаға орналастыру

ІІІ-тапсырма Олимпиадалық есептерді шығару

/ өзендерге байланысты/

1-топқа

Днепр өзенінің ұзындығы 2285м 253м биіктіктен басталып сағасы 85м биіктікте өзеннің құламасы мен еңістігін табу

2-топқа тапсырма

Өзеннің ені 200 м орташа тереңдігі 2500 ағысының жылдамдығы 1сек-2 м Өзеннің су шығынын анықтау

3-топқа тапсырма

Ағынсыз судағы жылдамдығы 20км/сағатқа тең катер ағысқа қарсы 36 км/сағ және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз
ІУ- тапсырма электронды нұсқада тест жұмысын орындап, қорытындысы тексеріледі

IV. Сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










V. Қорытындылау, бағалау / бағалау парақшасы бойынша/

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Құрлық сулары.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет