Мағауяның бәйтерегі



Дата08.01.2017
өлшемі114,3 Kb.
Мағауяның бәйтерегі
Көркем әлемнің қуаты мен талант психологиясының қалыптасу күрделі және жазушының текті, не тексіз шығармашылық иесі екенін анықтайтын талмауытты мәселе. Бейім – ынтасы, құштарлығы, мақсатты құлшынысы, білім – парасаты сай келіп тұрса да, әу баста ұйыған табиғи мәйегі сұйық болса, қанша тыраштанғанмен ол адамның қасиетті сөз шықпайды. Мүмкін, талант деген ұғымның бір құпиясы сонда жатқан шығар. Жалпы дүниетаным мен шығармашылық психологияның жұмбақ сырын зерттеген әлем психологтарының анықтауы бойынша, қасиетті өмір иесі – сегіз түрлі түйсіктің уызына қанып, соны бір ғана мақсатқа жұмылдырған табанды жасталант жанталас пен “мен” дегізетін көңіл екі көпірінен яғни, өмірдің барлық құбылысын тек қана өзінің көркемдік “меніне” бағындыратын жанкешуден өтуге тиісті екен. Егер де кіндігінің байланған кездің өзінде ата – ананың сезіміне сәл діріл, көһңіліне күдік ұяласа, сәбидің қаны басқаша ұйыйтын көрінеді. Қазақтың: “Баланы тілеуіне қарап береді” – дегені соған саяды. Әлгі ауытқулар сәбидің мына дүниені қабылдауындағы табиғи жанжүйесіне өзгерістер енгізіп, тіршіліктегі қабілет – жігерін, ойлау жүйесінің еркіндігін, сезім жүйесі мен қалыпқа салады. Егерде олар бір – бірене сәйкес келмесе, бойға біткен баланың өзіндік “мені” табиғи түрде қалыптаспайды екен. Мұны, “уызынан жарыған”, “төрт құбыласы түгел, сегіз қиыры анық”, “Айы – оңынан, күні – соңынан туған төл” дейді алаштың сыншыл аян берушілері. Адамның, аңның, үй түліктерінің “сырттан” туралы әфсаналарда содан шықса керек. Сондай уызынан жарыған, төрт құбыласы түгел, сегіз қиырды қосқан, ата – бабаның тілеуі үстінде болған, зердесі ішкі әлемінің “меніне” бағынған сөз иесінің бірі – Мұхтар Мұқанұлы Мағауин. Бұрын айтуға ерсі көрінгенмен, оның дәл қазіргі тұла бойына жарасып тұрған Тұлғ Мұхтар Мұқанұлы Мағауин. Бұрын айтуға ерсі көрінгенмен, оның дәл қазіргі тұла бойына жарасып тұрған Тұлғалық тумысы осы. Енді М. Мағауиннің бұл болмысын жасауының еш қисыны жоқ және сол сөзді еститін мөлшерге де қол. Шығармашылығын зерттеуге, талдауға, әр түрлі өлшемдер мен көзқарастардың екшеуіне салуға болар, біріқ оны енді жоққа шығара алмайсың. Өйткені ол өзінің әу бастағы қанына, тәнәіне, жанына сіңірген қасиеттердің барлағын сыртына шығарып үлгерді және шығармасы арқылы саны танып білуге мүмкіндік берді.

Мұндай тұжырым түйдірген таланттар ортамызды қалдау - қалдау ғана. Себебі: Мағауин өзітуралы ешқашанда: жетіммін, жетіспедім, жарлының жалғызымын, білімге кеш сусындадым, қиын балалық кештім, қаладан алыс өсіп, оқуым кенже қалды, қазақтың сал – дәстүрі мен саятын салбурынын кейін көрдім, атамыз сауатсыз болған екен, сөздің қасиетін кейін мектепке барғанда түсіндім, алаштың азаттық идеясы, қазақтың хандық мемлекеті университеттегі ұстаздарымның арқасында мәләм болды деген жоқ және олай деп айта да алмайтын. Оның өз тұстастарынан арықшылығы және “сенен” мөрі “мені” басым болғаны да сол тумысынан біткен түгелдік те жатыр. Бұл – мақтаныш та, мадақ та емес, кәдімгі қарапайым ғана шындық. Және сол “менің” өзінің “меніне” \роман эссе\ жалғастыру арқылы қортындылап та берді де.



Шындығын айтсам, жеке өз басын жазушының шығармашылық психологиясы мен шығармашылық тарихын, өмір баяндық сыпаттарн қазақ жазушылырының арасында алғаш баян еткен шығарма болса да Мағауиннің “Менін” оқып отырып, ешқендай таңданғаным жоқ. Өйткені жазушыныңсонда айтқан психологиялық иірімдері маған етене таныс еді тіпті, кей тұстарда мен ондай қорытындыға осыдан жиырма жыл бұрын келген екемін. Бұл – көргендік те, кісімсігендік те емес, сөз өнерінің дертіне ұшыраған боз баланың қиялы жетелеген талпыныстың қорытындысы болатын. Мен Мұхтар Мағауиннен бұрын Мағауя ақсақалды көрдім, ал Мағауия ақсақалдан бұрын елуінші жылдардың соңында алпысыншы жылдардың басында исі Қазақстанды таңдандырған Нарқызыл бәйгенің атын естідім. Аңызға айналған қайран Нарқызылдың бағын байлаған, сөйтіп өзінің бағын жандыруы үшін оның табанына құмшеге қағып жіберген біздің ауданның сойқанын да білетінмін. Мұны естімеген де бүкіл ВАбай ауылы бір шіміркеніп қалып еді. Келер жазда әкем маған бәсіре тай таңдамақ болық Құр, Тай, Көксеңгір, Жәнібек жазығындағы жылқының үйірін аралады. Дөненді құнанға, құнанды тайға айырбастап, ақырындап, ақырында бір құла тайды жетектеп қайтты. Сонда жылқышылар: “Бұл тайға Мағауия бапкердің көзі түсіп еді” – деп қимастық танытты. Жақсы дөнен болды, бірақ кейін нарқызылдың кебін құшты. Содан бастап Мағауия ақсақалдың аты шықса елеңдеп қалушы еді. Өмір бойы тазы мен бәйге ұстап, қиянда шет жайлаған. Шыңғыстың сыртынан табан аудырмаған зиялы адам екен. Ал Шыңғыстың сырты – Сарыарқаның басы, қазірдің өзінде құс пен аңнан өзге тіршілік иесі қыстамайтын құла дүз Мағауия ақсақалды сол әлгі құлатайды басыртқы жасап жүргенде сыртынан көрдім. Сол Мағауияның немересі бүкіл Қазақстанды аузына қаратқан ғалым, ұлтшыл жігіт, менен бір класс жоғары оқыған Дәменнің туған жездесі – деген сөзді күзде мектепке келгенде естідім. “Жұлдыздың” тігіндісін ақтарып отыры, “Кешқұрым” атты әңгімесін оқыдым. Ақын Төлежан Ысмайловтан ұғынып, тиянақтап оқуға тырыстым. Газет журнналға шыққан жыраулар туралы мақаласын қиындылары әлі де тартпада сақтаулы. Кейін “Қобыз сарыны” қолға түсті. Одан соң “Тазының өлімі” – хикаясы жарияланды. Әңгімелері үрдіс шыға бастады. Алматыға келген соң Нарқызылға мініп бәйгеге шапқан Несіпбек Айтов: “Мұхтар менің ағам. Жүр кіріп шығайық” – деді. Жан оты д, бақыты да, атағы да өрлеп тұрған шағы. Қатты қызықтым. Кесіп, тіліп, алашты аузына ала сөйлейтін қияқ мұртты жігіттің білмейтіні жоқ екен. “Біз үшін курсқа көшкенде қайталап сабақ берген профессорымыз – Флобер Мопассанды аңыз етіп тағы да айта жөнелді. Ал мен ол кезде сол профессордың өзін оқытатын білімге ие едім.” – деп бір желпініп қойды. Мағжанды аузына алды. Менің де ол кісінің есіміне құлағдар екенімді аңғарғанда басын изеп қойды да әңгімені басқаға аударып әкетті. “Е, осал тұсы осы екен ғой” – деген ой келді. Содан қалайда: Мағауин білгенді білуге тиіспін, оның жыраулар туралы зерттеуін өтеуін алаш ардагерлерін білу арқылы теңестірдім. Әр әңгімесіне жауап ретінде әңгіме, не өлең жазамын. Архивті ақтарамын деп шештім. Бұл ниетім сирек және арнайы қордағы “Алаш мүшелерінің” барлық шығармаларын оқып шыққан соң өзіне барып: біз де бірдеңе білеміз – дегендей сынай таныттым. Ол маған мүлде тылсым біраз нәрсені төкпелеп келе жатты да кілт тоқтай қалды. “Солай бала” – дегндей саусағымен столды шертті. Рас, білімім кенже екен. Содан әлгі “мәлімдемемді” сексенінші жылдың басы аяғында және тоқсаныншы тағы қайталадым. Ал тоқсан үшінші жылы М. Мағауин “Архив хикаясындағы” кейіпкері болып шыққанымды өзіне ашық мойындауға тура келді. Мұны айтып отырғаным, бір адамнаң әр басқан қадамын, тіпті мінезіне дейін қазымырланып зерттей берсең құдай түйсіксіз қылып жаратпаған соң, ол туралы бір пікір қалыптасады екен. Кейде М.Мағауиннің қандай кезде қалай сөйлейтінін, қандай шешім қабылдайтынын алдын – ала болжап, тура солай болып шыққанын да өзіме өзім таңданатыным да бар. Сондықтан да, жоғарыдағы таланттың тегі мен табиғаты туралы пікірге әбден көзім жеткендіктенде бұл жайды суыртпақтап отырмын. Отыз жыл бойғы бақылаудан түйгендерім мынау.

Сонау арғы атасы – Жастабаннан бастап Мұхтар Мұқанұлының өзіне дейінгі тұқым – тұянның мен толай табиғатының тоғысын саралайтын болсақ. Онда бұл тұқымын қазақтың сөзін ұстайтын бір перзент қалайда шығуға тиісті екен. Өйткені “текті” деген ұғымның өзі қисынды – қисынсыз айтыла салған тіркес емес қой. Ұрпақтан – ұрпаққа сүзіліп келген сол қасиет киелі Мағауия дегдердың мәпелеуімен немересі Мұхтарға қонды. Ғылыми тілмен айтсақ, жоғарыдағы өнер адамдарын қасиеттендірген сегіз шартты атасы кіші Мұхтардың бойына ана сүтімен қоса сіңірді. Сондай тәрбиені алған Мұхтар Мұқанұлының “Мұхтар Мағауин” болудан басқа жол дақалмаған сияқты көрінді аған. Көркем әлемнің қалыптасуына себепкер ең басты шарттың бірі талант иесінің жөргегінен бастап туған жерімен психологиялық тұрғыдан тамырласа білуіне байланысты екен. Себебі: психологтардың зерттеуінше, әрбір өнер иесі өзінің бесікте жатқан кезіндегі табиғат құбылыстарын шығармаларында жиі суреттеуге құштар болды екен. Демек Фрейдің жиырма жасында жасырын оқыған Мұхтар Мағауин қазақ хандығымен жыраулар тұсындағы еркіндік рухының оның аңсарына айналуы заңды. Оған дәлел: Мұхтардың кіндігі кесілген Көпбейіттің \халық аузында көкөзек деп те аталады\ қазақ тарихындағы рухани орыны. Бірінші: бұл Көктүбек – Шалкиіз бен –Ақтанберді өмір сүрген ғасырдағы тылсым қалпын сақтаған. Дәл қазір де ол арадан өркениеттің белгісін әрең табасыз. Шыңғыс тауының сырт күнгейінен: таңғы мұнарда шығыстан –Тарбағатайдың, оңтүстіктен Жоңғар алатауының,кешкі қызыл шапақта батыстан Ұлытаудың, солтүстіктен – Балқантау мен Қарқаралының самалы есетін және сұлбасы рауандап қылаң беретін атойлы жон. Төрт құбыланы түгендеп отыратын осы жоға Аблайдың ордасы тігіліп, сағанасы салынған. Оның іздері сексенінші жылдардың аяғына дейін сақталып келді. Ал Бақтыдан басталып, сонау Қызылжарға тіркелетін “Хан жолының” \”Аблай жолы” деп те аталады\ қос табаны әлі де сайрап жатыр. Хан жолының бойының хан ордасының іргесінен қоныс алған Құрымбай би Құнанбаймен табақтас, Абаймен жағаттас болды. Сондақтанда алаштың –алаш кезіндегі жыраулар мен хандардың келісі туралы әфсаналар Мұхтарға тумысынан таныс. Хан ордасын ата қонысы еткен ұлан қазақтың толысқан мемлекет болғандығын, бодандыққа түскен ұлттық кіріптарлығын және бостандық туралы аңсардың ұлы сағынышын уызынан сіңіріп, әлди мен қоса емді. Рухы ер, тектік сенімі мықты, “хан ұлының несі жоқ, би ұлынан несі кем” – деген азат оймен сегіз қиырды шолып:

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ақала ордам қонған жұрт.

Атамыз біздің бұл Сүйініш,

Күйеу болып барған жұрт.

Анамыз біздің Бозтуған,

Келін болып түскен жұрт.

Қарғадай мынау Қазтуғн батыр туған жұрт

Кіндігімді кескен жұрт,

Кір қоңымды жуған жұрт.

Қарағайдан садақ будырып,

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,

Жанға сақтау болған жұрт.

Салп – салпыншақ анау үш өзен,

Салуалы менің ордам қонған жер, - деген еркін көңілімен бұла өсті. Өзгені былай қойғанда, хан хан ордасы жұртында, хан жолының бойында, қара шалды қара шаңыраққа туған Мұхтардың жыраулар әлемін тірілтуі – перзенттік аманатқа алған парызы еді.

Екінші ол Абайдың жамбасы тиген, ақындық рухын оятқан топырақтың тура өзіне дүниеге келді. Ұлы ақын 1886 жылы Құрымбайдың рұқсатымен Көпбейітті бір жаз жайлап шығады. Сол Көпбейтке келгенде ақындық арқасы ұстап, атақты:

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай, шалғын, бәйтерек,

Ұзара жжетіп толғанда, -

деп басталатын өлеңін жазады жәнесол күннен бастап өз өлеңіне өзі ие болады. Сөйтіп “сөз түзеледі”. Абайдың батасын алған Құрымбай ұл сүйеді. Атын ақынның сүйікті ұлының есіміне орайластырып Мағауия деп қояды 1904 жылы Абай Көпбейіттен тура 28 шақырым жердегі балашақпақта дүниеден қайтқан 15 жастағы Мағауия барып көрісіп, көңіл айтқан. Сол жылдан бастап дүниеден уаз кешкен Шәкәрәм Шақпаққа тошала \саятқора\ садырып, Шыңғыстың сыртында жалғыз мекендейді, Бақыршысына келген керей жігіттерін ұстаған Шәкәрімнің аң қарай шығып қоналқаға түсетін жалғыз қысауы да сол Көпбейттегі Құрымбайдың қыстауы. Дағанды Көкөзек елінің төрінде, атақты Жәнібек жазығының құйқалы қорығында отырған Мағауияның бойындағы саятшылық пен атбегілік, мырзалық, кірпияздық, қысқа да ойлы мәнері Шәкәрәм ғұламаның қасында көп жүргендіктен де оған жұғысты болса керек. Алаш – алаш болғаннан бастап Абайға дейінгі тарихты Шәкәрім қажыдан көкірегіне тоқып өсті. Заманның сырын ерте түсінді. Оған себеп: “Алашорданың” төбе биі болған Шәкәрім мен “Алаш” партиясяның атқару комитетінің мүшесі Тұрағұл Абайұлының ауылына 1919 – 1920 жылдары Әлихан Бөкейхановпен Міржақып Дулатовтың келіп қоныс тебуі. Мұхтар Әуезов пен Кәмилә Мағауияқызының тойы сол Бақанаста өтті. Мағауия ақсақал қазақ көсемдерінің кемесінің ішінде жүрді. Сырын алдырмас үшін қалың ел қоныстанған саран жұрттан бойын аулақ ұстады. Абай айтқандай, “қызыл желді уыстайтын” Бегеш шешен мен Уәйіс әншінің қасиеті дарыған Мағауия жалғыз ұлы Мұқанды заманына сайлап оқытты. Ұлы әскерге алынып, соңынан “халық жауы” болып кеткен көкіректегі барлық арманды немересі Мұхтарға көкірегіне құйды. Төрт атадан бері жалғыз ұлмен жалғасып келе жатқан үрімінің ұшы Мұхтар Әуезовтің құрметіне орай атын қойған немересі Мұхтардың “тілекпен туған” бала болатындығы да сондықтан. Тура сол Көпбейтте басталған 1931 жылғы көтеріліс пен ашаршылықтан кейін иен қалған жердің ендігі иесі мен киесі сияқтанған Мағауияның бауырындағы бала: “А” әрпін – Абай, Аблай, Алаш, Ахмет, “Ә” әрпін -Әлихан,Әуезов, “Ж” әрпін – Жүсіпбек, “Қ” әрпін – қазақ, Құнанбай, “Ш” әрпін – Шәкәрім – деп атап үйретті. Және: “Бұлар сенің атаң. Сен хан ордасының жұртындағы – жұрағатсың, Абайдың сөзін ұстар – мұрағатысың, алаштың азаматысың” – деп нықтап отырды. “Мен – елмін, Мен – ермін. Мен – қазақпын” – деп кеудесін тік ұстатып тәрбиеледі. Өзге құрбылары оныншы класта оқыған “Абай” романын Мұхтар атасына дауыстап оқып беріп жүріп бастауыш класта тауысты. Жыр мен қиссаны жаттап өсті. Соны түйсінетін зерде берді. “Жалғыз ұлы бардың шығар – шықпас жаны бар” – дегізбеді. Атасын да, әкесін де, өзін де, “Мен бармын” – деген сезіммен еңселі етті. Қазақтар мұндай тәрбие алған адамады: “ішінен оқып туған” – дейді. Оның өз қатарластарынан білім – ғылым жөнінен ілгері тұрғандығы – сол Мағауия дегдардың арқасы. Немересі Мұхтар түгіл, сырттай атын естіген біз де сол кісіге қарап ойымызды түзедік. Бір Нарқызылдың тағдыры туралы аңыздың өзі неге тұрады?!

Міне, осы үш тылсымды табиғи негіз хан ордасын, Абай мен Шәкәрімнің “Алашорда” мемлекетінің рухы – Мұхтардың ішкі рухани әлемін қалыптастырды. Ал ұлы ақындардың тәлімін алған Мағауия дегдарсыз. Мұхтардың да, жалпы қазақ елінде рухына да бір қасиет жетпей қалатындай сияқты көрінеді маған. Сондықтанда, шағын мақаланың атын –“ Мағауия бәйтерегі” деп атауды жөн санадым. Өйткені, жазушы Мұхтар Мағауиннің көкірегіне “Қобыз сарынының” үнін құйған, “Алдаспан” жырауларға аңсарын оятқан, “Тазының өлімі” мен “Шаһан шерді” қиялына сіңірген, “Аласапырандағы” ордалық рухты қозғаған сол адам Мұхтар. Мағауия ділмардың саясатына тамырланып, тарихи рухтың шырынын бойына сіңіре бой көтерді.

Қазір қазақтың тектік қорындағы қою мәйекті тұқымдардың талайы іріп, сұйылып кетті. Ата жолың рухына айналдырған перзент азайды. Рухани жиделі – басында туып, ұрпағын рухан қуаңшылыққа ұшыратқан тұқы – тұяндарда жеткілікті. Жоғарыдағы қуатты әрі шағымды ішкі әлемнің нәзік құбылысын түсінетіндей кіші Мұхтарға табиғат жете берді. Ол жазымыш силаған үш бақытын – атаның аманатын, бойына берген талантын және – бақытын аялай білді. Қолына қонған бақ құсын үркітіп алған жоқ. Жазушының жеке басы мен қабілеті сынға түсіп, жүйкесі жұқарған жетпіс екі – жетпіс тоғызыншы жылдардың арасында сол үш бақыты оны ой шырғалаңынан алып шықты. Ол сол тұста өзін - өзі тәрбиеледі, талант психологиясына үңілді. Бұл – қазақ қаламгенрлеріне тосын мінез. Соның нәтижесінде қазақ рухани әлемінің Мұхтар Мағауині дәрежесіне көтерілді. Егер де жазушының талант психологиясы мен көркемдік әлеміне жүгінсек оның мына қасиеттері қанық байқалды. Бірінші: ол өз талантын құрметтей және бағытын анықтай білді. Төңірегін түгел шолып үйренген қыр баласы ретінде сегіз қиырға қатар көз сүзбей, жалғыз ақ көкжиекті мақсат етті. Танантын ұлты үшін ең мүдделі, өзінен басқа адам істей амайтындай мақсатқа бағыттады. Екінші: алған бағытынан бетін бұрмайтын қайсарлық пен намысына, ұшқыр ақылына қылау түсірмеді. Өзін - өзі үнемі қайраумен, баптаумен болды. Бойындағы бар болмысы тек қана жазушылық кәсіпке жұмсалды. Бұдан өзге М.Мағауиннің үлкен уайымы болмады десем – шындыққа емес. Ақырында оның таланты алмас бұрғыға айналып, өзі ескерткен жапон жазушыларының кейіпкері сияқты темір тауды тесіп шықты. Үшінші: тумысынан бастап рухын адамға да, заманға да, тақырыпқа да тәуелді еткен жоқ. Үндемей қалған ішінен тынған, шабулға шықпаған сәттері болған шығар. Бірақ орнында тұралап не бұғып қалмады, тып – тыныш қалпында өзінің көкжиегіне қарай адымдай берді. Мысын ешкімге бастырмады. Төртінші: өзіне, мақсатына, елінің еркіндік алатынына күмәнсіз сенді. Әуелі – Алла, одан кейін Алаштың рухы одан кейін ата – бабамның әруғы, одан кейін – менің өзімнің еңбегім мұратқа жеткізеді” – деп ойлай жүріп өзі де жетілді, тәңірі тілегіне жеткізді.

Мұхтардың өзі ғана мұратына жеткен жоқ, ұлтын да, ата бабасын да, бақытын да биікке көтерді. Абай әкесі Құнанбай туралы естелік айта келіп: “Аталарымыз недеген қасиетті әрі ұлы еді. Біз айтатын сөз қалдырмапты ғой" - ”е– сөзін өкіне қортқан екен. Егер де Мұхтар Мағауин “Қобыз сарыны” мен “ Алдаспан” арқылы “бес ғасырды жырласа” “мұрты көкке шаншылып, бұрын сөйлеген”, “Кетбұғадай билердің кеңес құруды армандаған” Асан қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтанберді, Жиембет, Күдері, Марғасқа, Үмбетей, Тәттіқара, Шал, Бұқар жыраулардың мұрасын тірілтпесе: “Е,Абай атамыз бұл сөзді қай көңіл үшін айтқан екен - ау – дер едік. Бүгін өзінше бір еркіндік жырына айналған және түркі тектес жұрттардың ішінде тек қазақта ғана бар жыраулар әлемнен мақұрым қаларымыз хақ. Бодандық тұсында бостандықтың отын үрлеп оятқан мұндай рухани серпіліс әкелгені үшін де Мұхтарға тағзым. Абайға өз сөзін өзіне қайтарып берген Көпбейтте \Көкөзекте\ туған Мұхтар Мағауин қазақтың сөз өнеріне елдіктің ақ ордасын қондыырды. Ал өзі төл әдебиетімізге еуропалық мәдениетті әкелді. “Қияндағы қыстау”, “Ваторлоо көпірі”, “Жанталас”, “Иесіз”, “Қара қыз”, “Көкмұнар” және “Мен” шығармаларындағы ішкі көркемдік иірімдер М.Мағауиннің өзі тапқан екінші қонысы. Сонымен қатар атадан балаға ауысқан Ақтанбердінің толғауындағы:

Жағама қолдың тигенін,

Жалғыздық сеннен көремін.

Жағамдағы жыртықты,

Жетімдік сенен көремін,-



деген ұлы аңсарды төртінші ұрпақта жүзеге асырды. Ол жетімдік пен жетімсіздік көрген жоқ, жалғыздық көріп өсті. Шүкір ұл. екІ қыз, тоғыз немерелі отбасы болып отыр. Дәл қазір Мұхтар Мағауиннің төрт құбыласы түгел, сегіз қиыры тұтас. Үрімді үрлеп, Қырымды жайлап, “Азаулының Стамболдан несі кем, Алаштың Мағауиясының Мұхтарының, хан ұлынан несі жоқ, би ұлынан несі кем!” – деп тұрған дер шағы. Ұзағынан сүйіндірсін.


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет