Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы



Дата20.06.2018
өлшемі52,42 Kb.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,

Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы.

Тәрбиеші: Амирова Гүлмира

Білім беру саласы . Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет. Тіл дамыту. Тақырыбы: «Ана тілім ардағым» Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру

Өзінің ана -тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой-өрісін,

сөздік қорын дамыту.

Туған халқының тілін қастерлейтін саналыда парасатты

азамат етіп тәрбиелеу.

Ән ұран:

Шаттық шеңбер.

Біз қазақтың баласы,

Селем сөздің баласы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәрінеде ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

- Жарайсыңдар, балалар ! Орнымызға отырып жайғасайық.

Тәрбиеші : - Балалар жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Күз.

Тәрбиеші: - Күз мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар: - Күз мезгілі үш айдан тұрады?

Тәрбиеші: -Аттары қалай аталады?

Балалар: -Қыркүйек, қазан, қараша.

Тәрбиеші: -Біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: -Қазақстан Республикасында тұрамыз?

Тәрбиеші: -Ұлтымыз қандай?

Балалар: - Қазақ.

Тәрбиеші: -Елбасшымыздың аты қалай аталады?

Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: -Өте жақсы.

Балалар интерактивтік тақтаға назар аударайық.

Балалар әр ұлттың өкілдері бейнеленген.Қараңдаршы балалар біздің Қазақстан көп ұлтты Республика. Орыс, Ұйғыр, Тәжік,

Әзірбайжан,Украйн т.б.

1989 жылы 22 Қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылданған Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. 22-Қыркүйек Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.

(Осы сәтте есік қағылады) Сәлемдесіп ішке тілмаш кіріп келеді.

-Балалар амандасады. Сәлематсіздарма?

Тілмаш: Cендерің балабақшаларында тіл мерекесіне орай ашық сабақ болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім.Өздерің қандай әдемісіңдер, бір-бірлеріңмен тату- тәттісіңдер.

Тәрбиеші : Келіңіз отырыңыз, жайғасыңыз.Балалардың тіл мерекесіне арналған тақпақтары бар. Олай болса, тамашалаңыз.

Балалар келген тілмаш апайымызға тіл туралы тақпағымызды айтайықшы .

Аяжан : Сүйесің Отан анаңды,

Сүйерсің ана-тіліңді.

Қадірлесең қалқыңды,

Білесің ана-тіліңді.

Кәусар: Ана тілім – елдігім,

Ана тілім-ерлігім.

Тілді биік құрметтеп,

Тойлап жатыр ел бүгін.

Раушан: Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Гүлсезім: Ана тілім - тірегім,

Ана тілім – жүрегім.

Қасиетті елімнің,

Тек өзім деп білемін.

Тілмаш : Балалар сендер тілге байланысты мақал-мәтел білесіңдер

ме?

Тәрбиеші : Қане, балалар! Кім айтады.

Айда: Тіл тас жарады, тас жармасада бас жарады.

Гүлжайна: Тіл қылыштанда өткір.

Өнер алды қызыл тіл.

Жұлдызай : Шебердің қолы ортақ,

Шешенің тілі ортақ.

Әмина : Жақсы сөз- жарым ырыс.

Ақжан: Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі - сөз.

Бекжан : Әдептің басы-тілі.

Көрініс: « Ең қымбат қазына»

Автор: Өте ерте заманда бір қадірлі би , шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына айтқан екен.

Әкесі: « Балам, мен көп ұзамай дүние салам,әкем қазына қалдырмады» деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастірле.

Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылып, таба алмайды.Бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.

Бала: Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым.Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.

Қария: Әкеңнің сөзі рас , балам. Оның саған қалдырған мұрасы-тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ екен.

Сергіту сәті

Ана тілі – пәнің

Ана тілі-ұраның

Ана тілі- құралыңмын

Ана тілің-болмаса

Болмас еді Отаның.

Тәрбиеші: Балалар бізге арналған тілмаш апайдың әкелген сурет тізбегі бар . Бұл тізбекте жасырынды қазынамыз жатыр. Егерде осы сурет ті збегін қазақша, орысша, ағылшынша тіліндегі әріптерді, сөздерді айтып үйренсек тізбегіміз ашылады.

(балалар қайталап, айтып үйренеді)

Тізбек ашылады . Жасырынды қазынамыз «Ана тілі кітабы»

Алма-яблоко-appel

Нан-хлеб-bread

Ана- мать-mother

Табан- стопа-foot

Ілгіш -вышилка-toop

Лақ- козленок- kid

Ірімшік-сыр-cheese

Д/О: «Сиқыры сандық»

Ойын шарты: Сандықтың ішіндегі ойыншықтар мен заттардың аттауларын балалар, қазақша, орысша, ағылшынша айту.

Қуыршақ-кукла-booll

Доп-мячик-dooll

Қалам-ручка-pen

Кітап-книга- book

Машина-көлік-car

Ән: «Ананың тілі»

Қорытынды: Бүгінгі оқу іс-әрекетке барлық балалар қатысты . Балалар бізге кім қонаққа келді. Бізге қандай тілді үйретті.

Ана тілің ,арың бұл, Ұяттың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.

Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де,ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де,болашағы-нан да қол үзеді.Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!

Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.

«Ана тілім ардағым» атты ашық сабағымыз аяқталды.

Балалар келген қонақтармен қоштасайық.

Келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет