Махмет Бекзат «Қызыларай жалпы орта білім беретін мектеп»


ІІ. Ел аузындағы мекендік (топонимдік) аңыздар



бет4/4
Дата01.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#22492
1   2   3   4

ІІ. Ел аузындағы мекендік (топонимдік) аңыздар
Домай қыстағы (елді мекен)

Тарихта атаусыздау келе жатқан Домай деген батыр болған, қазірге дейін Қызыларайда Домай қыстағы бар. Сарыарқа аймағын және Қызыларайды қалмақтар қиғысы келмейді, малға да жанға да жайлы жер. Осы Қызыларайдан қалмақтарды қууда көп ерлік істеген. Бұл кісінің ұлты белгісіз, татар ма, башқұрт па немесе басқа халық па? Жаугершілікте қалмақ қолына түсіп қалса керек, шағындау өзен жағасынан қора-қопсы салып, әртүрлі көкөніс өсіріп, біраз сиыр ұстаған адам болса керек. Үстінен түскен қалмақтар мұның жұмыс істегендегі қайратын көріп, бір пайдаға жараптақ боп, қарусыз адамды бас салып алып кеткен.

Мамай асуы (асу) - Баяғы Мамай батыр заманында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада» Сыр бойынан Шыңғыстауға бет түзеп келе жатқан Тобықтының үлкен көшін Арқаға тереңдей кіріп Балқаш көлінің шығыс бетімен Қызыларай тауларына жақындайды. Тесіктастың жанында, көштің жолында мол олжаға кенелмек болып қалмақ жатады. Шығысқа қарай біткен тау басынан аяғына дейін терең құз еді. Құз болғанда шыңырау, 4-5 шақырымға созылған ұшқан құс болмаса жан баса алмайтын қиын тау болатын. Мамай батыр айласын асырып адам аяғы бұрын баспаған тік құзды кезеңнен ат тұяғына киіз байлап, сыбдырын да білдірмей, тайып құламай бірнеше мың шаңырақты аман-есен асудан өткізген. Бүгінде Қызыларайдағы Тесіктас деген жартасты тау маңындағы асу «Мамай асуы» деп аталған.(Ауыл ақсақалы Әуезханов Құралхан атаның әңгімесінен)

Дәнбұлан (жазық)

Ағайынды Дән мен Бұлан бір ауылдың баскөтерер азаматтары болса керек. Үнемі Дән халқына сыйлы, сабырлы, алдынан ешкім кесіп өтпеген беделді кісі болыпты. Жаздың бір жаймашуақ күнінде ойламаған жерден жау шабуыл жасайды. Осы шайқаста Дән ауыр жараланады. Ауылы қонысын тастай беті ауған жаққа жөңкіле көшеді. Көш ешбір тоқтаусыз үш күн, үш түн жүреді. Жолды көтере алмаған Дән үшінші күні көшті тоқтатып: «осы жерге аялдаңдар, мен де бұдан әрі бара алмаспын, мені сонау көрініп тұрған қызыл шоқыға қойып, басыма күмбез соғыңдар, өлсем, денем жауымның аяғының астында қалмасын», - деп аманатын айтып дүниеден кеткен екен. Ел-халқы ақ жауып арулап қойған соң, биік шоқыға күмбез тұрғыза алмай әбден тығырыққа тіреледі. Сонда інісі Бұланның әйелі: «Бұл күмбезді мен қалай аламын, бірақ бейітті қалап болған соң мен де осы жерде көз жұмамын, өйткені қайнағамның әруағы мені басына шыққаным үшін кешпейді. Мені осы кісінің аяқ жағына жерлеңдер», - деп іске кіріседі. Бейіт қаланып біткен соң келіншек те дүниеден өтеді. Ағайын-туысы оның өтінішін орындап өзі көрсеткен жерге қойып, басына төртқұлақ бейіт соғыпты. Содан бері бұл жазық «Дәнбұлан» аталып кеткен екен.

Қанаттаса тізбектеліп кетіп жатқан жылдардың әрқайсысы талай-талай оқиғаларға толы. Қазақ даласы дәнге де, малға да, кенге де бай дархан дала. Ендеше сол ерекше даламыздың жон ортасы – Қызыларай. Біз үшін туған өлке тарихы ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Ата-баба рухы алыстаған сайын келер ұрпақтың туған ел алдындағы борышы соғұрлым жақындай түседі. Туған жердің тарихын оқып білу әрі насихат жасау-әр ұрпақтың міндеті.



Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Ақжарық ауылы

«Қызыларай жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-сі
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет