Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»


Негізгі динамикалық күш өзгешеліктерінің кестесі



бет4/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,26 Mb.
#657
1   2   3   4   5

Негізгі динамикалық күш өзгешеліктерінің кестесі





Толық белгісі жазылуы

Қысқартылған белгісі

Оқылуы

Мағынасы

Piano

P

Пиано

Ақырын, жай

mezzo piano

mp

Меццо - пиано

Ақырынырақ,жайырақ

Pianissimo

PP

Пианиссимо

өте ақырын, өте жай

Mezeforte

mf

Мецефорте

Қаттырық (орта)

Forte

f

Форте

Қатты

Fortissimo

ff

Фортиссимо

өте қатты

Crescendo

<

Крещендо

Күшейту

poco a poco

crescendo



<

Поко а поко крещендо

бірте – бірте күшейту

Diminuendo

>

Диминуендо

әлсірете

poco a poco

diminuendo



>

Поко а поко диминуендо

бірте – бірте әлсірету

Morendo




Морендо

тына қалу

Sforzando

sf

Сфорцандо

кенеттен, қатты бір мезеттік дыбыс

subito piano

syb.p

Субито пиано

кенеттен жай

Staccato

.

Стаккато

секірте, үзіп

Accentus

^ >

Акцент

бір дыбысты бөлу


Шығармадағы екпіндердің итальянша – қазақша сөздігі


Жазылуы

Оқытылуы

Қазақша

Adagio

Адажио

баяу, жай

a tempo

а темпо

алғашқы екпін

Allegro

Аллегро

жылдам, тез

Allegro di motto

аллегро ди мольто

әжептәуір,едәуір, жылдам

Allegretto

Аллегретто

аллегродан жай

Allegro con brio

аллегро кон брио

от жалындай шапшаң

Allegro vivace

аллегро виваче

тез шапшаңдатып

Allegro gioviale

аллегро, джиовиале

жылдам, көңілді

Andante

анданте

асықпай, байсалды, адажиодан тезірек

Andantino

андантино

орташа, андантаға қарағанда жылдамырақ

Andante espresibo

анданте еспресиво

асықпай мәнерлеп

Andante cantabile

анданте кантабиле

жай, әндете

Accelerando

аччелерандо

екпіндете, тездетіп

Dolce

дольче

нәзік, жұмсақ

poco accelerando

поко ачелерандо

бірте – бірте тездете

Energico

енергико

Жігерлі

Cantabile

кантабиле

әндете, әуезді

Largo

лярго

кең, еркін, жай

Largetto

ляргетто

жай, кең тыныспен соза

Moderato

модерато

орташа, біркелкі

Morendo

морендо

дыбыс, екпін күшін баяулата

Maestoso

маестозо

Салтанатты көтеріңкі көңілмен

Meno mosso

мено моссо

екпінін бәсеңдете

Molto

мольто

сәл, өте ұсақ

poco

поко ритенуто

бірден – бірге екпінін баяулата

poco pio mosso

поко пио моссо

бірден – бірге екпін қоса

Хор партитурасын талдау жоспары

а) жалпы мазмұнын талдау:

негізгі идеясы, сюжеті, әдебиеттік мәтіні, оның авторы, құрылу дәуірі, композитордың өмір баяны, шығармасына мінездеме;

б) берілген шығарма бойынша мәлімет, оның композиторлық -шығармашылығындағы орны мен мәні. Шығарма жайында қысқаша мәлімет, хордың операдағы немесе хорлық миниатюралардағы алатын орны (хордың ролі);

в) музыкалық - теориялық талдау:

хор шығарма формасы, музыкалық тақырыптар және олардың дамуы, баяндалу сипаты.

Гомофония, гармония, полифония, аралас, негізгі тональность гармониясы;

г) вокалдық хорлық талдау:

хор түрі, дауыстар диапозоны, тесситура (иермелі дауыс, секірмелі дауыс жүргізуі);

д) орындаушылық талдау;

темп, динамика, темптің өзгеруі;

е) шығарманың барлық қиындықтарын анықтау:

вокалдық-хорлық ритмикалық және т.б. Оқытылатын шығармалардың барлық талдаулары, оқушымен жазбаша түрде қадағалау керек (арнайы дәптерде). Партитураны игерудің соңғы кезеңі дирижерлық тәслдерді оқытушымен жұмыс істеу.

в) Қазақ музыкасының тарихы:

1) “Қазақ музыкасының тарихы” – ұлттық музыкалық мәдениетіміздің тарихи тегі мен табиғатын зерттейтін пән. Оның қамтитын мәселелері VI-XX ғасырлар арасындағы музыкалық мәдениет көріністері, түрлі жазбалардағы музыка өнеріне қатысты мәліметтер, музыкалық-эпикалық дәстүр, күйшілік және әншілік өнер;

2) XX ғасырдағы кәсіби музыка мәдениеті. Осы сипатына орай курстың негізгі нысанасы – қазақтың кәсіби музыкалық өнерінің туу, қалыптасу, өркендеу, түрлі жанрлық салаларға жіктеліп, классикалық деңгейге көтерілу, осы жолда жемісті еңбек еткен көрнекті композиторлар мен музыка зерттеушілерінің қол жеткен табыстарын, көркем шығармалары мен ғылыми еңбектерін оқып игеру болып табылады.

Қазақ музыкасының тарихы ғылым ретінде тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана қалыптаса бастады. Қазақ халқының музыкалық үлгілері -әндер мен күйлер Октябрь революциясынан кейінгі кезде ондап, жүздеп жазылып алынды да, қазақ халқының өткендегі музыка мәдениетін зерттеп білуге үлкен септігін тигізді.

Әйтсе де революциядан бұрынғы орыс, ара кідік шет ел этнографтары мен саяхатшылардың қазақ музыккасы жайында жазып өалдырған еңбектерінің де мәні зор екендігін атамай кетуге болмайды. Олар қазақ әншілері, күйшілері, музыканың қазақ өмірінен алатын орыны жөніндегі пікірлерді әлі күнге өзінің ғылыми мәнін жойған жоқ.

Музыкалық өнердің хронологиялық диапозоны жайлы толық мәліметтерді кейінгі саз білімгерлері археологиялық қазбалары арқылы алып отыр. Орта Азия және Қазақстан территориясында музыкалық мәдениет уақыт өте келе өзінің тарихи құндылықтарын жойған жоқ. Оған адам бейнелерінің тасқа қашалған мүсіндері дәлел бола алады. Әсіресе музыка мәдениетінің материалдық ескерткіштері б.э.д. 1мыңжылдықта, ежелгі Хорезм, Соғды, Парсы мемлекеттерінің кезеңіне жатады.

Орта Азияның музыкалық мәдениеті мұсылмандық ренессанс кезеңінде гүлдене бастады. Ол кезде орындаушылық өнермен қатар, Батысевропалық деңгейде көп уақыт бойы жанданған теориялық ойлар дами бастады. Бұл кезең музыка теорияшылары Аль Фараби, Ибн Сина, Сафи ад Дин, Абу Аль Қадыр, Абдурахман Джами сияқты ұлы ойшылдардың шыққан кезі.

Қазақ музыка фольклерін барлық Орта Азияның музыкалық мәдениетінің бөлігі ретінде қарастыра отырып, өмірлерінің басты орынын көшпелі мал шаруашылығы алатынын, этномәдениеттің қоғамында қазақ халқы ең басты мұрагерлер болып табылатынын ұмытпау керек. Сондықтан да қазақ музыкасын зерттеушілері номадизмнің әлеуметтік- тарихи қорытындыларына тоқталмай, осы мәдениеттік көп қырын, өзіндік ерекшелігін қадағалай және анықтай алмайды.

Қазақстан территориясында номадизм тарихы б.э.д. V-VIII ғасырларда этно-мәдени қоғам ең алғаш қайта пайда болғанда құрылды. Ол кезде өмір сүрудің басты құралы жаңа әдіс көшпенділік мал шаруашылығы болып табылды. Табиғатты танып білу жолында номадтар территориның жақсы жағдайында орналасады. Сондықтан да жағдайлары жақсарып, маңайына алыс-жақын елдер мен халықтар жақындаса бастайды. Олар кейбіреуі отырықшыл жер игеру, қала мәдениетінің элементтерін әкеледі. Отырықшыл халықтарға қарағанда номадтардың қоғамдық- әлеуметтік құрылымы өнердің басқа да әр түріне сапалы әсер етеді. Номадтардың әдептілік әлемі өнердің тек жақсы түрлерін ғана алады. Қазақтарда және олардың ата- бабаларында көп ғасырлар бойы кемеңгерлікте шыңдалған ақындық пен саз өнері болып табылады. Гегель уақытынан бастап адамның тұрмыстық негізі- еңбектің түрі мен мінездемесі өзгертілгенде қоғамның ой өрісі мен қоғамның идеологиясы да бірге өзгеретінінде күмән жоқ. Осы жағдайларда өмірге келуіне әлеуметтік организмдермен күресте құрылған жаңа өнер туады. Сондықтан номадтардың өнері көшпенділіктің жаңа өмірінің қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа әлеумет ретінде қалыптасты.

Сазгерлік- ақындық өнер ұрпақтан – ұрпаққа салт- сана сенімдерін, табиғатты, адамды, экологияны, космосқа деген ккөзқарастары мен ойларымен байланысты. Қазақта туғаннан қайтыс болғанға дейін өлеңмен туып, өлеңмен өлген.

Қазақтың ұлттық мәдениетін айтқанда, сонымен қатар халықтың өмір сүру түрін қарастыру керек. Әр дайым қозғалыста жүріп, қиындыққа толы үлкен қашықтық жерлерді өте отырып, халық соған орай өзінің қоғамдық өмірін ұйымдастырды. Көшпенділік жағдайлар өзіндік ерекшелігіне тән тайпа және одан да күрделі бірлестіктер рулар қалыптастырды. Бұнда ұйымшылдық пен ұжымның мақсатқа жету қасиеті қоғамның жетістіктерінің басты кепілі болды.

Феодалдық ру тайпасының талай тауқыметін тартқан, үстем тап өкілдері қатыгехдікпен қанап езіп келген, қазақ халқы қанша мақиын- қыспақты басынан кешірсе де өзінің елдік қасиетін сақтап қала берді. Өніп өсен ортаның үлкенді- кішілі құбылыстарын ән мен күйге бөлеп, жадында сақтады.

Феодалдық патриархалдық өмір талабы Шыңғыс ханның елді талан- таражға салған жортуылдары, халықтың басын айналдырып, үстем таптың қолындағы қанау мен езгінің құралы болған Ислам дінің керітартпа мәні халық шығармашылығына да із тастап кеткені анық. Қазақстан территориясында X-XI ғасырларда өмір сүрген Ал- Фараби Бируни, Ибн Сина(Авиценна)секілді ғұламаларжалпы дін атаулыға, оның ішінде Ислам дініне бекер қарсы шыққан жоқ. Алайда, халық тосқауылдың қандай түрін болса да жеңіп шығып, өзінің жарқын болашаққа, алдағы бақытты өмірге деген сенімін ән мен күйге қосып шырқай берді. Жаратылыстың жат сырларына , “киелі күштеріне” қарсы тұрар қауқары болмай, жалбарынумен күн кешкен жаны ауырса сыйынар, бақсының зікір салуы болған. Халық бұл жалғанда сіра да тұяқ серіппестен жөней берген жоқ, қайта алдағы арай таңды өлмес, өшпес күнді көксіп өтті. Қазақ арасында аңыз боп тараған «Қорқыт» күйі осындай өміршең қиялдың жемісі.

Қазақ халқында жайылған әндердің бірсыпырасы халықтың дербес ұлт болып қалыптаса бастаған кезеңнен бермен қарай белгілі болса керек. Бұған тұрмыс- салт жырларына жататын тойбастар, Беташар, Жоқтау, Жар-жар, Алтыбақан әндері т.б әндері дәлел бола алады. Қазақ жырларын тамылжыта жырлайтын қазақ жыршылары ауыл- ауылды аралап жүріп ғашықтық , батырлық дастандарды жыр етіп айтады. Халық тұрмысын өлеңге қосады. Әрине олардың ішінде қткенді көксіп кешегі феодалдық құрылысты дәріптеген , енді айналып келмейтін кешегі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды жоқтаған керітартпа жыраулар жоқ еместі. Дегенмен де жыршылардың негізгі көпшілігі халықпен біте қайнасқан, еңбекші таптың мұң-шерін жырлайтын, қалың бұқараның арман тілегін атадан балаға жеткізушілер болған.

Жыршылар шежірешілер болған. Олар қазақтың үш жүзін ру-руға таратып бере алатын қазақ еңбекшілерінің тіршілік жолындағы күресінен мол хабардар етеді.

Қазақ халқының басынан кешкен толып жатқан тарихи оқиғалар музыка тілінде де аңыз болып сақталды. Мысалы «Ақсақ құлан» күйінде халқымыздың өсіп өркендеуіне ұзақ уақыттар бойы қырсығын тигізген татар-монғол басқыншылығы тұсындағы бір көрініс бейнеленген. Қысқасы ол кезде қазіргі Қазақстан территориясына қарасты жерлерді Шыңғыс ханның бір ұлы Жошы билеп тұрған.

Қазақ халқы Тепенгөк, Наридірген секілді аңыз күйлерінің де осы тәрізді сюжеттерге құрылған.

Халық музыканттарының озық ойды шығармалары байлардың байлығын дәріптемейді, керісінше халық өмірін, халық арасынан шыққан ерлерді, батырларды жыр етеді. Мәселен XVIIIғасырдың сексенінші жылдарында хандық құрылысқа қарсы Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы еңбекші бұқараның таптық сезімін оятқан елеулі оқиғалар болды. Халық ол жайында «Сырым сазы» атты күй шығарып, өнермен ескерткіш тұрғызды.

Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да халық музыкасынан өзіне лайық көрініс тапты. Исатайдың серігі болған Махамбет Өтемісұлының жалын атқан уытты жырлары қара хара халықтың хандық өкіметке деген өшпенділік отын өршіте түсті.

Соңғы жылдары Махамбет шығарған екі күй табылып, жазылып алынды. «Қайран Нарын» деген күйді айрықша атап өтуге болады. Күй Махамбеттің туған жері Нарынға деген сағынышты сезімге орны толмас өкініш пен терең ой толғаныстарына құрылған.

Өткен XIX ғасырдың ойшылдары Шоқан, Ыбырай сияқты сол ғасырда 40 жылдарында Бөкей хандығында мектептер ашыла бастады.

1919 жылдары Дина Нүрпейісова, Сейтек Оразалиев, Мәмен сияқты атақты күйшілер шықты.

Көне түркі дәуірінің музыкалық мәдениеті:

1) түркі дәуірі туралы ұғым: көне (VI-IX), орта (IX-XIV), жаңа (XIV-XVI) кезеңдер. Көне түркі тайпаларының жазба мәдениеті, олардың мәдени-музыкалық сипаты.

2) түркі-монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным-сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.

Түркі дәуірі туралы ұғым: Көне , орта, жаңа дәуір кезеңдер. Көне түркі дәуірінің жазба мәдениеті, олардың музыка мәдениет сипаты. Түркі- монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным- сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі- қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба мәдениеті пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Осы жолдарда халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін ойларын өскелен талабын көрсете білген фольклерда обьективті шындық элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық- тұрмыстық поэмалар адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси- экономикалық жағдайларды ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып- білудің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік тәрбие және дүниетанымдық көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.

Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай қоғам дамуының көп сатыларында экономикалық мүдделер жеке саяси қызметке қарағанда философиялық , этикалық, діни, т.б проблемалары алдыңғы орынға шықты. Олар – азаттық және азаматтық еркіндігі, діни сенім және ақыл- ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеттер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған алтын заман туралы және т.б.

Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы миф, ежелгі миф аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың символдық мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны әрі игерді, әрі түсінді. Жазушы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Кейін құдай адамдарға кітап (Құран, Библио, Інжіл) сыйлаған соң, мифтің дүниетанымды дін мен пәлсапа ығыстырды.

Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне төмендегідей діни және мәдени тұлғалардың қабаттаса әрекет ететіндігін байқауға болады: 1) Молда; 2) Бақсы; 3) Зікірші; 4) Сәуегей; 5) пір; 6) абыз; 7) үшкіруш; 8)тамыршы; 9) жауырыншы; 10) емші; 11) сопы т.б

Ал Ислам қалыптасқанға дейін қазақтың рухани мәдениетінде маңызды рөл атқарған діни жүйелерге тәңірілік дін мен шаманизм жатады.

Шаманизм (қазақ мәдениетіне үлкен әсерін тигізген діни жүйе болып табылады. Кейбір зерттеушілер бақсылық дінге жатпайды, себебі онда құдай туралы түсінік жоқ, ал адам мен табиғат арасындағы үйлесімдікке сүйене отырып, магиялық әрекет жасау дейді.

Шаманизм ырымдық пен сенім-нанымның адамның виртуалдық дүниесіне әсер етудің ерекше дәстүрі болып табылады. Әдетте бақсы салттық рәсімдердегі абыз адамның рухын шақырып емдейтін күйші, қобызшы, аруақтармен тіл табыса алатын медизм бейнелерінде әрекет етеді. Бақсылардың зікір салуы адамның тылсымдық дүниесін оятуға бағытталған. Бұл ішкі шексіз болмыс пен рухани бірігудің тәсілін іздеу. Бұл тәсіл «Бақсының ойыны»деп те аталады.

Қазақ мәдениетінің тарихын және мұраларын зерттеушілер олардың мынадай түрлерін атап өтеді

Ежелде музыка- ажалдан құтқарады деп сенген. Музыканы өмір және өлім атты қасиетті құбылыстармен теңестірді. Сондықтан да қобыз аспабын күнделікті өмірде көңіл көтеру мақсатында қолдануға тыйым салынған. Бұл аспапта ойна тек қана шамандар – бақсыларға рұқсат етілген және аспаптың атауын “басты ұлы аспап” деп атаған.

Бақсылық дәстүрлерді орындау барысында шамандардың қолындағы қобыз аспабы- адамдар мен адамдарды қоршап тұрған өміріне әсер ететін қасиетті де, құдіретті рух арасындағы көпір іспеттес. А.Жұбановтың айтуы бойынша Бақсылық зікір салу кезінде музыка тек қана емдеу маақсатында ғана емес, табиғатпен байланыс жасауға қызмет еткен. Табиғи құбылыстарды игерудің құралына айналған.

Бақсы әуендерінің үнтаспасы өте сирек кездеседі. Бақсы сазын жинастыру жұмыстарын А.Затаевич XX ғасырдың 20 жылдарында жүргізді. Оны Европаға тылсым Қазақ мәдениетінің құбылыстары қызықтырды. Сырт бейнесін сұрастырғанмен, бақсылардың өздерін көруге мүмкіндік болмады. Бақсының бірнеше сарындары оның жинақтарында жарияланғанмен, оны басқа адамдар жеткізген.

Бүгінгі күнде барлық басылымдардың ең құндылары болып П.Тиховтың жазбасы табылады. Сонымен қатар Ерзаковичтің нотаға түсіріп жазған жазбаларын атап өтуге болады. Соңғысы бақсылық сарыны мәтінімен толық күйде жазылған ең құнды жәдігер болып табылады.

Бақсылық сарындары қазақ музыкасының барлық түрі мен жанрларынан мына белгілермен ерекшеленеді:

1) әуенде тұрақты үштонның бар болуы;

2) бүтін мотивтердің бір биіктікте ұсақ дыбыстардың жолымен құрылу ерекшелігі.

Қобызға арналған музыканың эмоциялық бейнесі аспаптың қоңыр үнді тембірінің әсер етуімен құрылады. Аспапта ойнау құрылысы да ерекше. Сол қолдың саусақтары төменнен жоғары бағытталған. Шекке тырнағымен тигізу арқылы адамның қоңыр даусына ұқсас үн шығарады.

Орта ғасырдағы музыка мәдениеті:

1) оғыз дәуірінің мәдениеті. Қорқыт, оның тарихи прототипі мен этикалық тегі туралы. Қорқыт есімі мен “Қорқыт ата кітабының” жалпытүркілік (оғыз, түркімен, қазақ, әзірбайжан) сипаты. Қорқыт, оның қобызы туралы аңыз-әпсаналар мен тарихи шежірелер;

2) “Тотынама”, “Кобуснама” секілді шығыс жазбаларындағы музыкалық-эстетикалық ойлар мен дидактикалық сарын. “Құран” оның тарихи-мәдени сипаты мен музыкалық-мақамдық жүйесі;

3) орта ғасырлардағы музыкалық трактаттар “Әл Фараби, Ибн-Сина, Әл жами, Дәруіш Әли т.б) оларда қарастырылған теория мәселелері және қазақ музыкасы үшін маңызы.

Көшпенділер аңыздарының бір ерекшелігі – оның жалпы халықтық мазмұндылығында ақиқат болғаны. Қазақ аңыздарында көшпелі елдің төл ерекшеліктері, белгілері бірден байқалады. Себебі олар- біздің тұрмыс- салтымыздың, болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында Қорқыт, Асан қайғы туралы көп аңыздар бар. Бұл тараған аңыздарда Қорқыт- асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келіп, табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды танытады.

“Оғыз” эпосында Қорқыттың барлық қызметі оғыз тайпаларының ортақ мақсат- мүдделерімен байланысты. Оның жатса- тұрса ойлайтыны – құдайға құлшылық жолы емес, оғыздардың тағдыры, жырлайтыны- әулие пайғамбарлар туралы діни сюжеттер емес, оғыз батырларының ерлігі. Қорқыт туралы аңыздарда Қорқыттың асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келе, табиғаттың табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды танытады.

IX-Xғасырда Орта Азиядағы мәдени оянуға Қорқыттың күйшілік дәстүрінің әсері өте үлкен болды. Қазақ халқы үшін оның эпостық жырлары мен музыкасы теңдесі жоқ жаңалық болды. Философиялық және мәдени терең мағынасы бар бүкіл түркі халықтарына ортақ мұралардың бірі “Қорқыт ата кітабы” болып табылады.

“Қорқыт ата кітабы” өзінің тарихи сюжеті, образдарының саралығы, суреттейтін өмір тұрғысы, сал- сана көрінісі жағынан қазақтың батырлық жырларына өте жақын. Сонай- ақ Исламнан бұрынғы мифология көріністері орын алады. Жырдағы көшпелі өмір суреттері, ерлік ғана емес, шаманизм, поэтикалық өрнектері де қазақ ұғымына жақын.

Қорқыт жырларында батырлық пен әсемдік, нәзіктік пен сұлулық қобыз сарынымен үндесіп, үлкен бір философиялық ой- арнаға алып келеді. Қорқыт түркі халықтарына ортақ философ, музыкант ретінде Шығыс ренессансы үшін де аса көрнекті тұлға болды. Қорқыт қайда барса да, өзінің желмаясына мініп, ел кезіп жүреді. Қайда барса да алдынан екі адам кездесіп, көр қазып жатады. Қорқыт оларға “Бұл кімнің көрі?” деп сауал қойса, олар “Қорқыттың көрі” деп жауап қатады.

Ақыры, ол суда ажал жоқ деп Сырдарияға кілем төсеп, қалған ғұмырын су үстінде өткізбек болады. Бірде Қорқыт қалғып кеткенде оны жылан шағып өлтіреді дейді.

Қорқыттың туған, жүрген, тіпті мазары тұрған жерлер жөнінде де толып жатқан аңыз- әңгімелер бар. Аңыз бойынша Қорқытты анасы құрсағында жыл бойы көтеріп жүріпті. Қорқыт туар күн ашық аспан тастай қараңғы түнге айналған. Қорқынышты күні туылғаны үшін баланың атын “Қорқыт” деп қойғандейді. Бұл жөнінде ел ішінде өлең- жырлар бар:

Қорқыт туар кезінде

Қара аспанды су алған.

Ол туарда ел қорқып,

Туған соң әбден қуанған.

Қорқыт жайындағы аңыздарды жинақтай келгенде, біріншіден ол- оғыз- қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы- шаман. Ә.Диваев бақсы (бақши)- шағатай сөзі, ол балгер, сиқыршы деген ұғымды білдіреді деген. Бұл сөз манжур елінде де барОларда бақсы- ақылшы, ғалым дегенді білдіреді. Екіншіден Қорқыт- күйші, музыкант, ең тұңғыш қобыз сарыны мен қобыз аспабын тудырған адам. Үшіншіден, Қорқыт- эпос айтушы, әйгілі жырау. Оның жырлары- оғыз- қыпшақтардың өмірінен алынған әдеби- тарихи мұра.

Қорқыттың көркем шығармашылық мәдениетінің тағы бір типологиялық ерекшелігі оның Батыс пен Шығыстың арасында болуы ғана емес, сонымен бірге Еуразиялық далалық мәдениетінің арап- парсылық әлемге терең руханият дүниесімен үйлесімді қосыла білуі болып отыр. Бұл- қазақ мәдениетінің Орта Азия халықтарымен тығыз тағдырлық және мәдени тұтастығынан туатын топшылау.

Қазақстан жеріндегі жазба мәдениеті Шығыстағы атағы кең жайылған парсы, тәжік поэзиясымен тығыз байланысты деп қарастырған жөн. Шығыстың мәдени әсері тек сауда- саттық, дін, ғылым арқылы ғана емес, сонымен бірге жазбаша әдебиеттің ықпалымен де болған. “Мың бір түн”, “Тотынама”, “Шаһнама”, “Гүлістан”, “Бабырнама”, сияқты Шығыс дастандарын оқымаған ақын- жырау кемде- кем. XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында Шығыс поэзиясына негізделген қисса әдебиеті туғаны белгілі. Оның басты өкілдері Шортанбай, Нұржан, Ақмола, Әубакір, Шәңгерей сияқты жыраулар. Орта ғасырда пайда болған махаббат тақырыбына арналған романтизм сипатындағы мәдени туындылар әдеміліктің жаңа әлемін ашты. Олардың қатарына жаңа түрік тілдерінде(оғыз, қыпшақ, қарахандар, шағатай, мамлүк- түрік) жазылған. “Жүсіп- Зілиха”, “Оғызнама”, “Қорқыт ата кітабы”, “Құтты білік”, “Диюани хикмет”, “Махаббатнама”, “Гүлістан”, “Бит- түрки” т.б әдебиет үлгілері қазақ әдебиеті, мәдениеті тарихында құрметті орын алады. Орта Азиядағы мәдени тоғысу ауызша және жазбаша мәдениеттердің диалогы.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
buuk -> Мамандық «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің тәжірибе жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет