МамандықҚа кіріспе



бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі1,06 Mb.
#32650
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ

П


авлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы


МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
пәні бойынша 5В071200 – Машина жасау және 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне

тәжірибелік сабақтарды орындау үшін арналған

әдістемелік нұсқаулар

Павлодар


Кереку

2012


Ә

ОЖ 621 (07)

КБЖ 34.4я7

М18
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің машинажасау, металлургия және көлік факультетінің машинажасау және стандарттау кафедрасының отырысында басуға ұсынылды



Пікірсарапшылар:

Т. Ш. Баймагамбетов – техникалық ғылымдар кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры.
Құрастырушылар: Р. О. Олжабаев, Д. А. Искакова, А. Ж. Касенов, Ж. К. Мусина.

М18 Мамандыққа кіріспе пәні бойынша 5В071200 – Машина жасау және 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне тәжірибелік сабақтарды орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар / құраст. : Р. О. Олжабаев, Д. А. Искакова, А. Ж. Касенов, Ж. К. Мусина. – Павлодар : Кереку, 2012. – 29 б.

Әдістемелік нұсқауларда металл кескіш станоктардың жіктелуі негізінде студенттерге берілген нұсқаларға сәйкес станоктар үлгілерінің шифрлерін құру ұсынылады. Содан басқа, әмбебапты өлшейтін аспаптар көп түрлі тетіктерді өлшеуге арналғандықтан солардың құрылымы, жұмысы қарастырылады.

Әдістемелік нұсқаулар ЖОО машинажасау мамандықтарының студенттеріне ұсынылады.

ӘОЖ 621 (07)

КБЖ 34.4я7
© Олжабаев Р.О. және т.б. 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
М

атериалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты



Кіріспе
Бағдарламамен басқартын жүйелер пәнін игеру үшін тәжірибе алу қажет, сондықтан тәлімгер бірнеше лабораториялық жұмыс атқарып тәжірибе алады. Осы жүмыстарды игеріп өтуге әрбір тәлімгер көп көңіл бөлу керек. Жұмыстарды атқарар алдында студент тиісті түрде техникалық қауіпсіздік нұсқаудан өтеді. Сабаққа студент осы жинақ бойынша және басқа оқулықтар арқылы міндетті түрде дайындалып келуі керек.

Тағайындалуы бойынша барлық өлшенетін аспаптар және құралдар арнайы және әмбебапты болып бөлінеді. Әмбебапты өлшейтін аспаптар көп түрлі тетіктерді өлшеуге арналған. Ал арнайы тек қана жеке параметрлерге немесе белгілі бір тетіктерді өлшеуге арналған.

Штангенциркулдер тереңдіктің сыртқы және ішкі өлшемдердін өлшеуге арналған, сонымен қатар белгіленген жұмысты штангенциркулді хромдолған тотбаспайтын инструментальды және құрылымды болаттан жасайды.

Студент жүмысты тапсырылған нұсқамен өткізіп, атқарылып орындалған жүмыстан мұғалім алдында қорғап есеп беру керек.


1 тәжірибелік жұмыс. Станок үлгісінің шартбелгісін құру мен оның технологиялық мүмкіндіктерін анықтау
1.1 Тәжірибелік жұмыстың мақсаты – білдек құрушы кәсіпорындармен шығарылатын білдектер үлгілерінің шартбелгісін құрудың принциптерін білдектердің технологиялық тағайындалуы мен өңдеу түрлері бойынша жіктеу жолымен меңгеру және білдектің технологиялық мүмкіндіктерін анықтау.
1.2 Тәжірибелік жұмыстың міндеттері:

- бастапқы мәліметтер негізінде білдек үлгісінің шартбелгісін тетік үлгісі, өндіріс сериялығы мен металл кескіш білдектердің технологиялық тағайындалуы мен өңдеу түрлері бойынша жіктелу кестесі түрінде құру;

- білдекте қолданылатын алабұйымдар, кесу және өлшеу аспаптардың қысқаша суреттелуін орындау;

- білдектің технологиялық мүкіндіктерін атау.


1.3 Металл кескіш білдектердің жіктелуі
Металл кескіш білдектерді келесі белгілер бойынша жіктейді:

  1. әмбебаптылық пен автоматтандыру дәрежесі бойынша;

  2. технологиялық тағайындаулы мен өңдеу түрлері бойынша;

  3. дәлдік бойынша;

  4. масса (салмақ) бойынша.

Әмбебаптылық пен автоматтандыру бойынша білдектерді келесідей жіктейді:

- әмбебап;

- мамандандырылған;

- арнайы;

- икемді өндіріс модульдері (ИӨМ);

- автоматты сызықтар.

Әмбебап білдектерді кең номенклатурадағы тетіктерді кіші партиялармен бірлікті өңдеу шарттарында және одан сирек ұсақ сериялы өндіріс шарттарында өңдеу үшін (шекті – бір дана) қолданылады. Әмбебап білдектердің әдетте автоматтандырудың төмен деңгейі болады. Жалпы машина жасау қолдануындағы сандық бағдарламалық басқаруы (СББ) бар білдектер әмбебап білдектерге қолданады. Бірақ олардың автоматтандырудың жоғары дәрежесі болады және олар ұсақ сериялы және орта сериялы өндіріс шарттарында пайдаланылады. СББ бар білдектерді жартылай автоматтар классына жатқызуға болады, яғни оларда өңдеудің бүкіл айналымы (циклі) жүктеу мен жүк түсіруден басқа автоматты түрде орындалады.

Мамандандырылған білдектер үлкен партиялармен кіші номенклатурадағы тетіктерді өңдеу үшін арналған. Бұл білдектерде автоматтандырудың жоғары дәрежесі болады және олар жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Мұндай білдектерге, мысалы, жону гидрокөшіргіш және көп кескішті жартылай автоматтар, тіс өңдейтін білдектер және т.б. жатқызуға болады.

Арнайы білдектер массалық өндіріс шарттарында бір тетік немесе оларға ұқсас екі-үш тетіктерді өңдеу үшін арналған. Бұл білдектерде автоматтандырудың жоғары дәрежесі болады және олар жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.

ИӨМ өнім шығарудың массалығы мен жабдықтың қайта бапталуы («икемділігі») арасында карсылықты шешеді. ИӨМ – бұл автоматталған технологиялық буын, оның негізінде бірыңғайланған түзілімдерден құрылған, манипуляциялайтын бақылау және өлшеу құрылғылардың толық жинағымен СББ бар білдек пайдаланылады. ИӨМ әдетте ірі сериялы және массалық өндіріс шарттарында пайдаланылады.

Автоматтық сызық – бұл тетікті дайындаудың технологиялық үрдісіне сәйкес орнатылған, ортақ көліктік құрылғы мен бір басқару жүйесімен қосылған автомат-білдектердің жиынтығы.

Технологиялық тағайындалуы мен өңдеу түрлері бойынша білдектерді тоғыз топқа бөледі, топтардың әрқайсысы тоғыз түрге бөлінеді. Бұл белгі бойынша білдектердің тағайындалуы 1.1-кестеде көрсетілген. Білдек үлгісінің шартбелгісі бұл кестенің негізінде қалыптандырылады: білдек үлгісінің шартбелгісіндегі бірінші сан қандай да бір топқа жатқызылуына көрсетеді, екінші сан 0 – бұл топтағы білдек түріне. Бірінші және екінші саннан кейін әріптік символ білдектің одан бұрын шығарылған үлгімен салыстырғанда модификациясын көрсетеді (болмауы да мүмкін). Үшінші сан, немесе үшінші мен төртінші сандар білдек, өңделетін тетік немесе кесу аспабының негізгі параметрін көрсетеді. Мысалы, 16К20 үлгідегі білдек – бұл бірінші топтан (жону) білдек, алтыншы түрдегі – бұрама кескішті, модификацияланған және білдек центрлерінің тұғырдан биіктігі – 200 мм; 1А616 – сондай білдек, бірақ центрлердің биіктігі – 160 мм; 2Н125 – екінші топтағы білдек (бұрғылау-қырнап кеңейткіш), екінші сан (1) – тік-бұрғылау, бұрғылаудың (бұрғының) ең үлкен диаметрі – 25 мм.

Жалпыда жонғыш білдектер үшін негізгі параметр бұл центрлердің биіктігі, өңделетін тетіктің немесе шыбықтың ең үлкен диаметрі, бұрғылау білдектер үшін – бұрғының ең үлкен диаметрі. Көптеген білдектер үшін үшінші немесе үшінші мен төртінші сандар білдек, аспап немесе тетіктің негізгі параметрінің шартбелгісі болады. Осылайша, кеулей жону білдектер үшін негізгі параметр бұл кеулей жонғыш айналдырықтың ең үлкен диаметрі (80 – 320 мм: 14 – 80 мм диаметрге сәйкес келеді, 20 – 90 мм, 22 – 110 мм, 36 – 125 мм және т.б.), шеңбер ажарлау білдектер үшін – ажарланатын тетіктің оның ұзындығына ең үлкен диаметрі (диаметрі 100 – 1000 мм: 0 – 100 х 160 мм, 10 – 140 х 200 мм, 12 – 200 х 500 мм, 31 – 280 х 700 мм, 32 – 280 х 1000, 74 – 800 х 4000 мм және т.б.), жонғылау білдектер үшін – үстел өлшемдері (04 – 160 х 630 мм, 0 – 200 х 800 мм, 1 – 250 х 1000 мм, 2 – 320 х 1250 мм, 3 – 400 х 1600 мм және білдек түріне байланысты басқалар), тіс жонғылау білдектер үшін – 50 – 2000мм кесілетін тісті доңғалақтардың ең үлкен диаметрі (0 – 50 мм, 08 – 80 мм, 01 – 125 мм, 10 – 200 мм, 12 – 320 мм, 24 – 500 мм, 32 – 800 мм, 42 – 2000 мм), тіс қашауыш білдектер үшін – кесілетін тісті доңғалақтардың ең үлкен диаметрі 80-2000 мм (11 – 80 мм, 22 – 250 мм, 40 – 500 мм, 50 – 800 мм, 200 – 2000 мм), қиылысу-сүргілеу білдектер үшін – сырғақтың айналдырықпен жүрудің ең үлкен ұзындығы 200 – 710 мм (11 – 200 мм, 5 – 500 мм, 7 – 710 мм), қашауыш білдектер үшін – тісқашауыштық ең үлкен жүрісі 100 – 1000 мм (01 – 100 мм, 02 – 200 мм, 03 – 320 мм, 10 – 1000 мм), көлденең-тартажону білдектер үшін – номиналды тарту күші 100 – 400 кН (10 – 100 кН, 20 – 200 кН, 40 – 400 кН және тағы сол сияқты білдектердің басқа түрлері бойынша). Бұдан басқа, білдек үлгісі шартбелгісінің соңында санмен немесе сансыз әріптік символ қосылады. Әріптік символдар келесіні көрсете алады:

Ф – СББ бар білдек;

П – жоғарлатылған дәлдікті;

В – жоғары дәлдікті;

А – ерекше жоғары дәлдікті;

С – өте жоғары дәлдікті.

Кейде П әрпі білдектің қысқылы (патронный) түрде екенін көрсету үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда жоғарлатылған дәлдікті үлгінің шартбелгісі К әрптік символ пайдаланылады. Әріптік Ф символдан кейінгі сан бағдарламалық басқару жүйесінің түрін көрсетеді:

Ф1 – бағдарламалық басқарудың айналымдық жүйесі;

Ф2 – орынды;

Ф3 – қарамдық;

Ф4 – аралас.

Ресейдің, сонымен бірге шет елдердің (Германия, Франция, т.б.) кейбір білдек құрушы зауыттары білдектерге зауыттық сандарды қояды. Мысалы, СШ-50 – Саратовтың ажарлау білдектерінің зауыты, ХШ1-10 – Харьковтің ажарлау білдектерінің зауыты және т.б. Бұл жағдайда білдек түрін шартбелгісі бойынша анықтау үшін білдек құрушы кәсіпорындарды білу керек.

Дәлдігі бойынша білдектерді 5 классқа бөледі:

Н – қалыпты дәлдік;

П – жоғарлатылған дәлдікті;

В – жоғары дәлдікті;

А – ерекше жоғары дәлдікті;

С – өте жоғары дәлдікті.

Қалыпты дәлдікті білдектер үшін «Дәлдік пен қаттылық нормалары» стандарттарымен геометриялық параметрлердің жіберілетін ауытқулары орнатылған, олар класстан классқа көшкенде алымы φ = 1,6 болатын геометриялық қатарды құрады. Мысалы, егер қалыпты дәлдікті білдек үшін айналдырық жүрісінің ұзындығында орын ауыстыруды түзу сызығынан ауытқу 32 мкм болса, онда жоғарлатылған дәлдікті білдек үшін бұл параметрдің мәні 20 мкм болады. Қалыпты дәлдікті білдек үлгісінің шартбелгісінде Н әрпі қойылмайды.

Салмағы бойынша білдектер салмақы 10 Кн дейін жеңілдерге (массасы 1т дейін), орташаларға – 100 кН дейін (массасы 10 т дейін) және ауырларға – 100 кН жоғары. Ауыр білдектер ірілерге (100 – 300 кН), тікелей ауыр (300 кН – 1 МН) және бірегей (1 МН жоғары) болып бөлінеді.



1.4 Тапсырмалар нұсқалары


Тапсырмалар нұсқалары

Нұсқа номері

Тетік үлгісі мен басқа басапқы мәліметтер

Сериялығы

1




Бүйіржақ пен орталық тесіктерден басқа барлық беттер өңделеді






1.1

d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм

d3, d4 8-ші дәлдік квалитеті бойынша

өлшемдер d2, ℓ2, ℓ3, ℓ4 – тапсырманы орындау үшін арнайы мағынасы жоқ


бірлікті

1.2

d1 = 120мм, ℓ1 = 1000мм

d3, d4 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



бірлікті


1.3

d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм

d3, d4 – 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



ірі сериялы


1.4

d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм

d3, d4 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



орташа сериялы

2




Барлық беттер өңделеді






2.1

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 30мм

d2 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



бірлікті


2.2

d1 = 900мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 120мм

d2 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



ұсақ сериялы

2.3

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 30мм

d2 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



орташа сериялы

2.4

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 30мм

d2 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



ірі сериялы, массалық




3




Белгіленген беттер өңделеді






3.1

d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм

d3, d4 - 6-шы дәлдік квалитеті бойынша



бірлікті

3.2

d1 = 120мм, ℓ1 = 1000мм

d3, d4 - 6-шы дәлдік квалитеті бойынша



бірлікті


3.3

d1 = 120мм, ℓ1 = 1000мм

d3, d4 - 6-шы дәлдік квалитеті бойынша



орташа сериялы

4




Белгіленген бет өңделеді






4.1

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 =30мм

d2,- 6-шы дәлдік квалитеті бойынша



ұсақ сериялы


4.2

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 =30мм

d2,- 7-ші дәлдік квалитеті бойынша




масалық


4.3

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 =30мм

d2,- 6-шы дәлдік квалитеті бойынша




массалық


5




Белгіленген бет өңделеді






5.1

1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)

h1 – 8-ші дәлдік квалитеті бойынша


бірлікті


5.2

1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)

h1 – 8-ші дәлдік квалитеті бойынша


орташа сериялы


5.3

1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (сүргілеу)

h1 – по 9-шы дәлдік квалитеті бойынша


бірлікті


5.4

1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (ажарлау)

h1 – по 7-ші дәлдік квалитеті бойынша


бірлікті


6









6.1

1 = 230мм, ℓ2 = 180мм, ℓ3 = 200мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)

h1 – по 8-ші дәлдік квалитеті бойынша


орташа сериялы

6.2

1 = 2000мм, ℓ2 = 1900мм, ℓ3 = 200мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)



h1 – по 8-ші дәлдік квалитеті бойынша


ұсақ сериялы




7










7.1

d1 = 10мм, d2 = 30мм (бұрғылау)

1 = 150мм, ℓ2 = 120мм, ℓ3 = 60мм

b1 = 100мм, b2 = 80мм, b3 = 60мм

h1 = 50мм, h2 = 20мм, h3 = 30мм




бірлікті

7.2

d1 = 10мм, d2 = 30мм (сверление)

1 = 150мм, ℓ2 = 120мм, ℓ3 = 60мм

b1 = 100мм, b2 = 80мм, b3 = 60мм

h1 = 50мм, h2 = 20мм, h3 = 30мм




ұсақ сериялы, орташа сериялы

7.3

d1 = 30мм, d2 = 50мм (кеулей жону)

1 = 200мм, ℓ2 = 150мм, ℓ3 = 75мм

b1 = 120мм, b2 = 100мм, b3 = 60мм

h1 = 50мм, h2 = 20мм, h3 = 30мм

(тесіктер мен центрлер арасындағы қашықтықтардың 7-ші дәлдік квалитеті)


ұсақ сериялы, орташа сериялы


7.4

Тесіктерді өңдеу: тесіктер 7-ші дәлдік квалитеті бойынша, центрлер арасындағы қашықтықтар IT12 бойынша

d1 = 20мм, d2 = 30мм (растачивание)

1 = 800мм, ℓ2 = 750мм, ℓ3 = 400мм

b1 = 250мм, b2 = 200мм, b3 = 150мм



h1 = 200мм, h2 = 20мм, h3 = 180мм


ұсақ сериялы, орташа сериялы





8




Тісті тәжді кесу






8.1

Z = 60, m = 3, дәлдік дәрежесі - 8-ші

ұсақ сериялы, орташа сериялы


8.2

Z = 120, m = 6, дәлдік дәрежесі - 8-ші

ұсақ сериялы, орташа сериялы


8.3

Z = 60, m = 3, дәлдік дәрежесі - 10-шы

Бірлікті


8.4

Z = 38, m = 5, дәлдік дәрежесі - 6-шы

Бірлікті


9











9.1

Тісті тәжді кесу

Z = 50, m = 3

d = 200мм, b1 = 50 мм, b2 = 30мм

дәлдік дәрежесі – 7-ші




ұсақ сериялы




9.2


Оймакілтектерді эвольвенталы пішінмен кесу

D = 100мм, D1 = 150мм

b1= 50мм, b2 = 40мм

Оймакілтекті тесік 100х4х9Н

Z = 24, m = 4



бірлікті


9.3

Оймакілтектерді эвольвентаы пішінмен кесу

D = 100мм, D1 = 150мм

b1= 50мм, b2 = 40мм

оймакілтекті тесік 100х4х7Н

Z = 24, m = 4


ірі сериялы, массалық


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет