Мамасерікова Ш. · М



бет1/2
Дата20.06.2018
өлшемі1,6 Mb.
#43917
  1   2
Шырын Мамасерікова

Бақыт
УДК 070

ББК76.01

М1Ә

. Мамасерікова Ш.

· М «Бақыт».- Алматы: ЖШС «Дәуiр», 2010.-312б.
ISBN 97Ә-601-217-125-9
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ш.Мамасерікованың бұл жаңа жинағына көрнекті мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың жары Әзиза Түбекқызымен көзі тірісінде болған сұхбаты мен кейінгі кезде жазған өлеңдері еніп отыр. Автор туған жердің таңдаулы азаматтарының өнегелі өмірін шынайы суреттей білген. Ақынның айшықты жырлары оқырмандарын бей-жай қалдырмасы анық.

ISBN 97Ә-601-217-125-9 © Мамасерiкова Ш., 2010

Бұл кітабымды аяулы ұлым Жақпар Бейсенұлының рухына арнаймын.



Автор.

ЖЫР-ТАҒДЫР


Ақындық өнерi-адамға табиғат ананың екенiң қаны, ананың сүтi арқылы беретiн киелi қасиетi. Ол ешқандай университеттiк, ақадемиялық бiлiммен келмейдi.

Бұл-бiз ашқан жаңалық емес, баяғыдан айтылып келе жатқан шындық. Оқыған-тоқыған бiлiмдары мен бiлгiштерi көп заманда өлең ұйқастырғыштар да жеткiлiктi болатын шығар. Ал, табиғат берген ақындық қасиет қонған қыз-келiншектердiң арасында Шырын Мамасерікованың орны бөлек. Бiз қолымызға қалам алып, төрт-бес өлең жазсақ, елдiң астанасына жүгiремiз. «Ақындар ауылдар туып, астанада өледі» деген қағида осыдан болу керек.

Шырын ауыл мектебiнде, аудан орталығыда жүрдi, бiрақ астана түгiлi өзi туған өлкенiң орталығы Тараз қаласына да ұмтылған емес. Әрине, Айша, Күләштармен қатар жүрсiн деп облыс орталығына шақыру ойларына келген әкiм де болған емес.

Жалғыз ұлы Жақпар мақтаулы милиция қызметкері болып, ел азаматтарының қатарына ендi қосылып, ана көңiлiн аспандатып келе жатқанда жол апатынан қазаға ұшырады. Бiрақ елдiң ықыласы, жалғыз бауырының бұдан басқа сүйенiшi жоқ жетiм қалған балаларының, өзiнiң екi немересiнiң тағдыры Шырынды сақтап қалды. Бұларға қоса Шырын ақынға қуат берген - өлең деген перiште.


Қайғырып өзiм тұрсам да,

Қуантып елді ән салдым,-
деуi сондықтан.

Шырынның шығармаларын оқып отырғанда маған келген ой:· суретшiлер адамның портретiн бояумен жасайды ғой, ал Шырын ақын өлең тiлiмен сурет салады екен.

Шырын қарассөзбен де тартымды дүниелер жазды. Iлгерiректе Тұрар ағамыздың жары Әзизамен сұхбаты, Асанбай ағаның жары Фатима жеңгемiз туралы эссе-очеркi - ойлы оқырманды қызықтыратын дүниелер.

Шырынның Күләш құрбысы (Ахметова) оған өлең арнапты:

Аялап ұлттың мүдде, дәcтүріңді

Қорғайсың достық деген басты ұғымды.

Keлeciң әже болып тәрбиелеп

Алтындай қос немере – қос құлынды.

Сыйлысың, жақсы ақынсың, беделдісің,

Еліңе еңбегімен елеулісің.

Ұзара берсін, Шырын, өмір жолың,

Самғасын биіктерге өлең – құсың.


Шырын ақынның өзiне және өнерiне деген бұл шынайы тiлек қазақ қыздарының бiр-бiрiне тiлеулестігін, достығын дәлелдейтін кейінгі ұрпақтарға өнеге болар қасиет.

Шырынның жүрек лүпілінен туған өлең – құсы оның жаныңа жұбаныш, оқырманыңа қуаныш әкеле бергей!

Фариза Оңғарсынова,

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

17 мамыр, 2010 жыл,

Астана қаласы.




Шырынның ұлы Жақпар мен немересі Бақыт

ӨЗІ-ЖIБЕК,

ӨЛЕҢІ – ӨТКІР АҚЫН
( Шырын Мамасеріковаға)

Ақ Шырын, ақын Шырын, Ана Шырын,

Ақ көңiл ауылдағы жанашырым!

Өзiңнiң өмiрiңдей қорғай бiлдiң

Көзiңнiң өлең деген қарашығын.

Екеумiз екi ортаның намысы боп,

Екеумiз екi өзеннiң ағысы боп,

V Жазушылар Съезiнде

Жырға iңкәр 20-мызда танысып ек.
Сөйлесе жанымызға бiреу келiп,

Тұрғанбыз үркектеніп, үрейленiп.

Жиынды жырмен тербеп Мақатаев,

Құйылды құбылыс боп Сүлейменов.

Бейне бiр арыстан мен пiл сияқты,

Көрмеппiз мықтыларды бұл сияқты.

Әбдiлде, Әбдiжәмiл, Ғабит, Сәбит...

Ағалар қатар-қатар шың сияқты.

Естiлiп тұрса дағы сөзi бiзге,

Сенбеймiз көрiп тұрған көзiмiзге.

Дегендей «тең-теңімен» ...

Ақұштапта

Қосылды оқшауланған кезімізде.
Бiздiң де биiк едi талабымыз,

Жас едi, еттең, бiрақ қаламымыз.

Көзіміз шоқтай жайнап,

Жазсақ деушi ек

Ұлылар сияқты ұлы даланы бiз.

Жiбектей желге жайған желбiреп бiз,

Бұлақтай көлге құйған мөлдіреп бiз.

Өлеңнiң ауыр тәжiн киемiз деп,

Бейнеттi жолымызды белгiлеппiз.
Бағалап Алматының шақырғаның,

Аралап армандаған әтір бағын

Үлбіреп үмiт еттiк келер күннен

Ойламай. алдымызда не тұрғаның.

Ол күндер өтер алдан бiр елес боп,

Кiм айтты бұл өлендi мұң емес деп?

Тап-таза таң нұрынан рең алған

Тараздың ақ райхан гүлі емес пе ек!


Бiздегi елден алған үлгі мықты,

Қуып ек білім жолын тыңғылықты.

Құлпырып тұрған гүлдің

Бiр кездерi

Қурай боп сыңситының кім біліпті?

Жетедi жырларыңнан шын iзгi үнiң,

Бал дәурен балалығың - уыз күнiң...

Уылжып тұрған жастық қайда кетті?

Күз келіп уілдейді сыбызғы мұң...
Күлдік те, жыладық та, жұбандық та,

Себеп көп ойлануға тұрарлық та.

Сауабы болатын бұл сөз – киенің,

Жауабы болатының ұға алдық па?


Іздеумен сұлу ұйқас тез қажет қып,

Сабылып..

Сабыр етер кезге жеттік.

Алдаспан жүзі қайтса жерде қалар,

Шырын-ау, керек әлі бізге өжеттік!
Аялап ұлттық мүдде, дәстүріңді

Қорғайсың достық деген басты ұғымды.

Келесің, әже болып, тәрбиелеп

Алтындай қос немере – қос құлынды.


Сыйлысың, жақсы ақынсың, беделдісің,

Еліңе еңбегімен елеулісің,

Ұзара берсін, Шырын, өмір жолың

Биіктей берсін сенің өлең-құсын!



Күләш Ахметова, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. «Ақ жол» газеті, 4 наурыз 2010 жыл.

Бірінші бөлім

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет