Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Балалар залға



Дата17.04.2020
өлшемі20,31 Kb.
#62837
Байланысты:
Акмаржан22
Акмаржан22, Акмаржан22, Акмаржан22, -776467217


Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Балалар залға «Наурыз» әуенімен кіреді. Шеңбер айналып,жарты шеңберге тұрады. Әуенге сай қимыл жасайды..Балалар үстерінде қазақы киім киіп,музыка әуенімен залға кіреді.Балалар залға көңілді әуенмен кіреді.


Жүргізуші:Жер әлемді жайнатып,әнші құстар сайратып,наурыз тойын тойлатып,Ұлыстың ұлы күні келді,ағайын.Той құтты болсын!Ақ мол болсын!Армысыздар,құрметті қонақтар.Қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Қар,мұз,еріп

Су көбейіп,

Сай-салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып

Жер гүл шашақ тағады.

Бөбектерім,айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктем мезгілінде болады.

Жүргізуші:Жарайсыңдар,әрине көктем мезгілінде болады.Ендеше көктем туралы ән айтайықшы.

Ән: «Наурыз думан»

Жүргізуші:Көктем мерекесіне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

1 бала.Көктем қандай көңілді!

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

2 бала.Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып біз қаламыз

Әнімен қарсы аламыз.

3 бала.Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа бөленді

Соны тойлап ол енді

Қуанышқа бөленді

Жүргізуші: Уа,халайық халайық,

Мұнда назар салайық.

Талабына қарайық,

Бишілерге назар салайық.

Олай болса мың бұралған бишілерімізді ортаға шақырайық.

Би: «Әсем домбыра»

Жүргізуші:Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Наурыз мерекесі де келді.Наурыз ең керемет мерекелердің бірі.Бұл мерекеде ұрысқандар татуласып,жас-кәрілер бір-бірімен құшақтасып көріскен.Бұл күні Күн мен Түн теңеледі.

Ендеше балалардың Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

4 бала.Қош келіпсің,Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!

5 бала.Наурыз тойы –береке,

Наурыз тойы – жыр аңыз.

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз.



Ойын: «Құрақ көрпе»

Жүргізуші: Қазақ халқының салт-дәстүрлері көп.Мысалы: шілдехана,бесік той,бесікке салу.т.б. Соның бірі тұсау кесу.

Әже келеді.

Әже: Сәлеметсіздер ме Балалар?! Наурыз мейрамы- ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.Қазақ халқының әртүрлі дәстүрлері бар,бұл халықтық мерекенің үлкен мәні бар.Біз бүгін сол дәстүрлердің бірі

«Бесікке салу»дәстүрімен танысамыз.

Балалар, келіңдер мына бесіктің жанына отырыңдар.Мынау бесік деп аталады. Бесікті таза ағаштан жасайды.Бәрің де осы бесікте жатып, өскенсіңдер.

Ең алдымен бесіктегі балаланың бас жағына жұмсақ жүннен жасалған жастық саламыз. Ал мынау бөпенің үстіне жамылатын көрпесі. Мынау белбеуі.Бала құлап қалмас үшін белінен жәіне аяқ тұсынан осы белбеу мен байлап қояды.Бесікті бала ұйықтағанда шошып-қорықпау үшін сіріңке мен аластаймын. (Бесік аластайды)

«Алас –алас , пәледен алас,

Иесі келді, пәлесі көш!

Алас, алас, бәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас!

Тілі жаманның тілінен алас!

-Балалар айтындаршы мынау қандай заттар?

- Тарақ, айна.

Иә, бұл айна мен тарақты кішкентай бойжеткен қызымыз (әдемі болсын» деп ал мынау не?

Иә, бұл пышақты бала шошымас үшін жастығының асытна саламыз.Бесікттің төсеніштің де ортасы ойылып алып тасталған екен. Себебі сол жерде түбегі тұрады. (ал келіңдер балалар, тыштыма, тыштама деп айтам, бесіктің астынан сәбиіміздің несібесі шығады, сендер тышты , тышты деп айтасыңдар

Енді бесікке бөлеген сәбиімізді ұйықтатайық, сендер әлди әнің білесіңдер ма?



Ән: Әлди, әлди.
Жүргізуші: Әже сізге көп-көп рахмет. Салт- дәстүрді көрсетіп бергеніңіз үшін, Балалар қазақ халқында көптеген ұлттық ойындар бар. Соның бірі

Қыз қуу.


Ойын: «қыз қуу»

Жүргізуші:Балалар енді әжелеріміздің құрметіне әсем әнімізді айтайық.

Ән: «Ақ әжем»

Жүргізуші:Балалар қазір біздер қандай мереке тойлап жатырқ?

Балалар: Наурыз

Жыр шумақтарын арнайық.

1.Қош келіпсің Наурыз!.

Арман тойы халықтың.
2.Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!


3.Наурыз тойы- береке,

Наурыз тойы- жыр аңыз


4. Наурыз той салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз.



Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.Олай болса наурыз мерекесіне арналған жігіттеріміздің биін қабыл алыныздар.

Би: «Қамшы»

Жүргізуші: Қонаққа келген әжелерімізден тілек сұрайық.

Тілек:

Ақылды болып ержетіңдер

Азамат болыңдар көрікті,

Ғұмырың болсын берікті

Азамат болыңдар ардақты

Мінездерің болсын салмақты

Өнерлі болыңдар жан-жақты

Осы айтқанның бәрі қабыл болып

Алла берсін сендерге зор бақты!

Балалар менің сендерге бақшамнан піскен алғашқы жемісімді ала келдім (Дорбасынан алма алып шығады) бүгінгі күннің сыйы.жемістен дәм татып, дендерің сау болсын! Мені немере, шөберелерім күтіп отыр балаларыма барайын!



Жүргізуші:

Сіздерге бар жақсым да, бал тәттім де,

Алаңсыз өсіңдерші,бейбіт күнде.

Дәстүрім тамыр алып,өркен жайсын

Жалғасып ғасырларға бізбен бірге-дей келе,мерекеміз құтты болсын.

Келер наурызға да төрт көз түгел,уайым-қайғысыз,тоқшылықпен жетейік,ағайын.Қош сау болыңыздар.

Келісілді_______ Келісілді_______

№47 «Бәйтерек» МКҚК №47 «Бәйтерек»МКҚК

Әдіскері: Директоры:

А.Е .Рахметова Г.Г.Тлекабулова



Тақырыбы: «Наурыз біздің жаңа жыл»

«Ақмаржан» кіші топ



Саз жетекшісі:Сахыпкереева Ұ.Қ

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет