Мақсаты: білімділік-оқушылардың мәтін мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып,әңгімедегі кейіпкерлер,олардың іс-әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру,ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен



Дата04.07.2018
өлшемі20,71 Kb.
#46366
Ғабит Мүсірепов. «Ананың анасы»әңгімесі

Мақсаты:білімділік-оқушылардың мәтін мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып,әңгімедегі кейіпкерлер,олардың іс-әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру,ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен тарихына,тұрмыс-тіршілігіне назар аударту,өзіндік ойлау,эстетикалық көзқарасы қалыптасқан тұлға дайындау.

Дамытушылық :оқушының байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да, ауызша да, жүйелі айту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Шығарма идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, өз Отанын сүюге, ата-ананы құрметтеуге баулу.

Түрі: Жаңа сабақты оқушы өздігіненмеңгеруі, ізденуі.

Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілік:Қанатты сөздер,түрлі-түсті қағаздар,электронды оқулық, белсенді тақта.слайд.

Пәнаралық байланыс: Тарих,ән-күй

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу.

ә) Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.( көңіл-күй,тілек)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру .

Сұрақ-жауап жұмысы

а) Ғабит Мүсірепов өмірі,шығармашылығы туралы мағлұматтарды меңгерту

ә) «Ананың анасы» әңгімесінің тақырыбын, мазмұнын ұғындыру,талдау.

1.Ғ.Мүсірепов қашан,қай жерде туған?

2. «Ананың анасы» әңгімесінің тақырыбы не деп ойлайсың?Айтайын деген ойы қандай?

3.Ғ.Мүсіреповтің қандай шығармаларын білесіңдер?

Қызғушылығын ояту:Үн таспадан Құрманғазының «Қайран шешем» күйінен үзінді беріледі.

Ой қозғау әдісі бойынша сауалдарға жауап алу.

1.Көз алдыңызға ең жаныңа жақын адамды елестетіңдер.

2.Кім қандай ой (кім туралы) ойлады?



Негізгі бөлім

а) Әңгіме мазмұнын меңгерте отырып, жазушының көркем әдебиеттегі алар орнын ұғындыру.

ә) Оқушының оқып ұғынарлық дағдысын тудыру,логикалық ойы мен тілін жетілдіру, көркем сөздің ерекшелігін элементтері бойынша талдап, танып оқырлық дәрежеге жеткізу.

Сабақтың дәйек сөзі: «...Қара тасқа қарағанда түнді сез,

Тіршіліктің түйткілі көп,сұрағы.

Бояулы сөз,теңеулі сөз,үнді сөз,-

дейді Ғабең,-бейнелеудің құралы ».

Әділғазы Қайырбеков. - Балалар, әңгіменің мазмұнымен толықтай таныстыңдар.Бүгінгі сабағымызда осы әңгіме құрылысына талдау жүргізіп,әр түрлі шығармашылық тапсырмалар орындаймыз

Топтық жұмыс.Бірнеше сұрақтар қою арқылы теориялық білімдерін бақылау. (2 топқа сұрақтар беріледі.)

І топқа


1.Баяндау деген не? Әңгімеден мысал келтір.

2.Әңгімелеу деген не? Әңгімеден мысал келтір.

3.Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған?

ІІ топқа


1.Диолог деген не?Мәтіннен мысал келтір.

2.Бұл әңгімені өзің қалай атар едің?

3.Әңгіме неге « Ананың анасы» деп аталған?

Тақтамен жұмыс.Әңгіме құрылысын талдату.(Әңгіменің басталуы,байланысуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі, қорытынды)



1.Әңгіменің басталуы - Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.

2.Дамуы-Қалың жылқыны барымталап айдап келе жатуы.

3.Байланысуы-Тезек арқалап келе жатқан қызды олжалап, аттарына мінгестіріп алуы.

4.Шиеленісуі- Қыз әкесінің мерт болуы, анасының барымташылардың алдын орап алуы.

5.Шарықтау шегі- Кейкінің үкімімен қызды шешесімен бірге күңдікке алып кету.

6.Шешімі- Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруі.

7.Қорытынды- Әйелді аттандырған Жалпақ балуанның құлауы, оны елге жеткізу.

Ауызша жұмыс.Әңгіме кейіпкерлері.



  • Ана

  • Қыз

  • Жалпақ балуан

  • Ергенекті

  • Бала би

Дәптермен жұмыс.Берілген сөйлемдерді аяқтау.

1.Ғ.Мүсірепов... 2.Оның драмалық...

3. «Ананың анасы» ... 4. Ана деген асыл жан ғой әрқашан...

Сабақты бекіту.

Бүгінгі сабаққа алынған дәйек сөзбен байланыстыра отырып,сабақты қорытындылау.

Бағалау.


Үйге тапсырма.«Ана- сарқылмайтын күш»тақырыбына шығарма жазып келу.
Каталог: uploads -> konspekt -> literatyra
konspekt -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
literatyra -> А. С. Есалина Тақырыбы: М. Шаханов "Отырар" дастаны. Мақсаты: Жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталу;Отырар қаласы туралы түсінігін молайту;поэма
literatyra -> Сабақтың атауы Қасқыр қысты қалай өткізеді? Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
literatyra -> Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау 302 306 жаттығулар Сабақтың мақсаты
literatyra -> Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы Жалпы мақсаттары
literatyra -> Сабақ жоспары күні: Тақырыбы Менің жазғы демалысым Сөз таптары
literatyra -> Бас қаламыз Астана туралы білу. Өлеңді түсініп оқуға төселу. Өз желісінде мазмұндауға машықтану


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет