Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен



Дата08.09.2017
өлшемі89,82 Kb.
Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтаж.

Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз.

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, бастауыш мерекесін» бастауға рұқсат етіңіздер!

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,

Жүргенін көрген – бір мұрат – дегендей бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «В» сыныптар ортамызда.

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.

Слайд.

Мұғалім сөзі:

Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2011 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік.

(Экранға назар аударыңыздар)

Кешегі кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгінде көптеген жетістіктерге жетіп, өз білімдерім шыңдай түсуде. Көптеген облыстық, қалалық, мектепішілік олимпиадаларға қатысып үлкен жетістіктерге жетуде. Атап айтсақ:

1. Қапезов Қазбек ғылыми жобаға және мәнерлеп оқу сайысына қатысып алдыңғы орынға ие болса,Айдынов Мади,Елтаеваа Назира,Құсман Айдана және тағы да Қапезов Қазбек атқан таңға – ақ тілек бағдарламасына қатысып ,семей халқын өлең шумақтарымен таңырқата білді және де сол сияқты Айдынов Мади,Смағұлов Әділхан,Өлмесқұлова Айгерім,Сайлаубеков Жандос,Болатұлы Асланбек малахит,тұлпар конкрустарына қатысып өз белсенділіктерін көрсетті.Төлегенов Арсен мәнерлеп оқу сайысына қатысты ,міне осы оқушыларды ерекше атап кетуге болады,әртүрлі сайыстарға қатысып жақсы жетістіктерге жете білді.Міне, қанша қыс пен жазды бір өткізіп, ысқтық пен суыққа бірге төзген ұстаздарға «тағзым»етейік.

Ендеше, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына өз өнерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.

Қазбек

Бала шаққа болашақты жырлатып,



Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым қымбатты.

Талшын


Армысыздар әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

ҚАЗБЕК

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,



Қыран құстай балапанын мәпелер

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,

Азмат боп, кешегі сәби –еркелер.

Талшын


Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағым

Мектебіме орналады бұл әнім.

Қазбек

Дұрыс айтасың Талшын! Бұл мектептегі қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да , енді мен де мектепте тәлім алудамын.



Олай болса «Мектебім» әнін шырқайық.

Ән: Мектеп полькасы

Слайд мектептегі мерекелер.

Серік: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

Жандос

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім артты санам.

Баулыған 4-жыл бойы ата анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

ӨЗіңе борыштармын өір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Мектебім , алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Мектеп үйім, ұстазым менің ата –анам,

Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Мектеп деген білім кені жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Мектебім сүйікті мектебім,

Бауырында түлимін көктеймін.

Сен бұлақ мен қайың боп бүршік ашқан.

Өзінен нәр алып көктедім.

Талшын


Иә, балар , осы мектебімізге арнап жыр-жырлауың, енді би-билей білетін оқушылармызда бар екен.

Ендеше:

Мың бұрала билейтін,

Биді жақсы көретін.

Қыздарымыз бар біздің

Қазақ биін билейтін – деп, Айдана мен Еркежанның орындауында «домбыра» биі.

Қазбек

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан , бізбен бірге қуанып, 42 әріпті таныпытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз * ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?



Талшын: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Айгерім

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,



Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай.

Мейірлене қарап қойып біздерге.

Күн астында сабақ беріп тұрғандай.

Нуридден


Ұстазым өзің едің асқақ әнім,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың , даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Жарық күннен жылы жүзің елестеп,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұрған белестер.

Расул

Әлі есімде отырғаным партада,



Таңданып кеп үңілгенім тақтаға.

Жайдары, ашық ұстазымның сондағы

Түзу отыр деп қаққаны арқаға.

Иә, дұрыс айтасың Азамат , ұстаз орны ерекше. Ендеше: «Ұстазым» әнін орындайық «.хор»

Қазбек: Бізге 4 жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтерген, санамызға құйған әр пән ұстаздарымыз да бар. Осы ұстаздарға неге алғыс айтпасқа.

:


Оқыңдар ұл-қыздар деп,

Күлімдеген ұстаздар.

Ән арнадық арнайы ,

Тағзым ете, ұстаздар.

Ән. «Еркем ай»

1. Директор. Қайранов А.С.

2. Тәрбие және бастауыш оқу ісінің меңгерушісі: Лаззат Газизовна

және пән мұғалімдерге

Арсеннің орындауында «Ұстазым»

Кеп кешегі жабырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір ем айналаңнаң.

Мейіріңіз бе, ұстаздық жүресің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әр кез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

Нұр құйған санасына зейіндінің,

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімнің.

Дарыттың адалдықты шәкіртіңе,

Дамыттың дарын атын бейімдінің.

Қазбек бізде ( )айтқандай дарынды қабілетті балалар да бар екен.Ағылшынша сөйлей білетін,ертегіде қоя алатын оқушыларымызды ортаға шақырайық .

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

үнді билерін,

Өте жақсы көреміз. – деп

( үнді биі)

Иә, осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби едік. Сөмкемізді зорға көтергенбіз. Енді міне бастауышпен қоштасқалы отырмыз.

Талшын: Бастауыш туралы неге айтпасқа.

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,

Әр бетін әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Бастауышым – бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып , білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Серік: Осы 4 жылда бірге ойнап күліп, талай қызықты күндерді бірге өткіздік. Бір-бірімізбен қалжынымыз өте жарасады. Қалжындасып ойнап күлгенге не жетсін

Қазбек

Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,



Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте

Күліп ойнап біріміз бен біріміз. – деп ортаға КВН тарландарын шақырайық.

Талшын


Мың бұрала билеген,

Аруды кім сүймеген.

Аққудайын қалықтап,

Өзбек биін билеген.



Өзбек биі. (Назира)

Қазбек


Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды жасырып жүрген біздің ата-аналарымыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көп болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Талшын


Айгерім мен Жандос бізде өнерлі,

Әнді жақсы көреді.

Сіздерге қазір «Ана»

Әнін айтып береді.

Қазбек

Дүниеге әкелген,

Олда сенің анашың.

Ақ сүт беріп өсірген,

Ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген,

Ол да сенің анашың.

Талшын


Иә, Қазбек біз де анамыздың, әкеміздің жақсылығын түсінбей кететін кездеріміз болады. Ендеше сондай баланың басынын кешкен хикаясын тамашалайық.сабаққа зәйін қоймайтын,оқы десе оқымайтын оқушы жайлы хикая Әзіл –сықақ.

Ән. «Қоштасу». Айгерім,Дастан

Талшын


Жетекші боп жүрдіңіз түлегіне,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып ұстазымызға береміз.



Ұстаз сөзі. Тақпақ Слайд әр балаға.

Оқушылардың фотосуретін тарату .

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Марапаттау рәсімі: Алғыс хат.

Қазбек


Қол жаяйық халайық,

Бата тілеп алайық.

Бастауышпен қоштасып

Орта буынға барайық.



Бата алу. (үлкен кісіден). Лента қию.

Қоштасу вальсі.

Қыз.


Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға

Ұл:


Мәдениетті сақтауға, үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға , мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет