Мақсаты: Көрнекілік модельдеу арқылы балалардың ой – өрісін, қиялын, тіл байлығын молайтып, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. Міндеттері



Дата19.12.2016
өлшемі62.22 Kb.
Мақсаты:

Көрнекілік модельдеу арқылы балалардың ой – өрісін, қиялын , тіл байлығын молайтып, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.



Міндеттері:

1. Мектеп жасына дейінгі балаларда көрнекілік моделдеу дағдыларын қалыптастыру.

  • ақпаратты графикалық тәсіл арқылы көрсетумен таныстыру;

  • модельдерді таңбалауды дамыту.

2. Барлық көп жүзді пікірлердің түрлері бойынша балаларды оқыту барысында көрнекілік моделдеуді қолдану

  • ойыншық бойынша сипаттамалы әңгіме құрастыру;

  • сурет бойынша сипаттамалы әңгіме құрастыру;

  • қайта айтып беруге үйрету.

3. Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу шығармашылығына деген тұрақты қызығушылықты тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда бейнелі, синонимдерге бай және сипаттауларымен болатын мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі – өте сирек кездеседі. Балалардың сөйлеуінде көптеген мәселелер бар:сөз байлығы жеткіліксіз, әдеби сөздерді қолданбау пікір білдіре алмау, қысқа жауап беру, сөйлеу мәдениеті дағдысының болмауы, нашар дикция т.б.

Көрнекілік модельдеу әдісін- баланың тілін дамытуға,сөздік қорын молайту,күнделікті өмірмен тығыз байланыстыру, баланың тілінің таза,көру,есту,тыңдау,қайталау,жаттау қабілеттері жетілу үщін қолданған ұтымды.

Бұл әдіс-тәсілдер жүйесі,табиғаттың құбылыстары жайлы,қоршаған орта жайлы әңгімені есте сақтау және жаңғырту.Кез-келген әдіс-тәсілдер сияқты көрнекілік модельдеу әдісі де жеңілден-ауырға қарай болады.Жұмысты қарапайым мнемо шаршыдан бастаған жөн.Содан кейін-мнемошаршылар,ал содан соң,мнемосызбамен жұмысты жүргізу керек.

«Көрнекілік-сызбалар»-бұл ертегілердегі кейіпкерлердің графикалық бейнелері,басқа да іс-әрекеттер.Суретті дайындағанда аса көркем салу керек емес,басты мәселе кез-келген ұстаздың өзіне сай символикалық бейнені сала білуі.Шығарма баланың жас ерекшілігіне сай болуы керек.Бала сонда тез ұғады,ертегі желісін жылдам айтып береді.Сызба үлгісі көркем шығарманы жаттағанда қолданылады.Іс-әрекеттің бұл түрі баланың тек қана зейінін дамытып қоймай,көру,есту,зерттеу зейінін де дамытады қалыптасады.Бала көз алдындағы суретті елестеді де,содан соң есіне түсіреді.

Мектепалды балаларының тілін дамытуда атқарылатын жұмыстар:



  • Балаларды қазақ тілінде ауызша сөйлеуге үйрету.

  • Грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуге баулу.

  • Сөзді дыбысталу жағынан дұрыс айтуға,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

  • Байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру.

  • Сабақ барысында балалардың тілін дамытуда әр сабақта жаңа сөздерді тек,жай жаттау емес,сол сөздердің мағынасын сапалы ұғындырып,сөз ішінде дұрыс дағдыландыруға үйрету.


Көрнекілік моделдеуді қолдану тәсілдері мен әдістері
Көрнекілік моделдеу тәсілдері:қайта айту, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сипаттап әңгімелеу, шығармашылық сөйлеу әрекетінде.

Жаңылтпаштарды жаттау алгоритмі

Қысқа рифмдік фразалар дыбыстарды құруға, айтылуы күрделі,тілді дамытуға арналған тамаша құрал.Жаңылтпаштар дыбыстық аппараттардың дұрыс айтылуына көмектеседі.Дикцияның дұрыс қойылу қабілетін дамытады,тілдік естуін,сөздік қорын молайтады.

Тіл дамыту,көркем әдебиет сабақтарында жаңылтпаштарды жаттауда мнемотехника көмекке келеді.Мысалы: « Қарғалар»

жаңылтпаштың суретін салу,жаңылтпашты әртүрлі сарынмен айту,жоғары дауыспен,баяу дауыспен,тілдің өзгеру сарынымен,жаңылтпашты оңнан солға қарай айту,фразаларды қайта құру.

Графикалық мнемосызбаны жасау балаларға жеңіл болу керек.Бейнеленген жаңылтпаштар балалардың ұсақ саусақ қимылын дамытады,қызығушылығын арттырады,айтылған дыбыстарды бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді.Сөздерді,фразаларды,қойылған дыбыстардың үрдісін жеделдетеді.Жаңылтпаш жаттау арқылы балалардың тілдері ширап,дыбыстарды анық,айқын айтуы қалыптасады

Көрнекілік модельдеу әдісі көмегімен сөйлем құрастыруға үйрену үшін балалармен алдын-ала жұмыс.
Әр келкі сөйлеу диалог қойнауында сөйлесіп қатынасудың негізгі формасы ретінде қалыптасады. Диалог – балалардың байланысты сөйлеуінің алғашқы сатысы. Сондықтанда мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау кезінде сөйлеу дағдыларын дамытуға аса көңіл қойылу қажет.

Ойын балалардың іс-әрекетінің бір түрі.Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Аса ірі психологтың айтуынша,бала ойын үстінде қандай болса,өскенде де сондай болады.Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы.Ойын-балалар үшін күрделі әрекет,ол білімді,ақылды ұйымдастыруды қажет етеді.

Ұсынылып отырған дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ойының дамуына,зейінін,байланыстыра сөйлеуін қалыптастырады,сөздік қорын молайтады,сенсорлық қабілетін дамытады,көру,есту,еске сақтау қабілеттерін кеңейтіп,қоршаған ортаны танып білуге үйретеді.Мұнда басқа топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі.Дидактикалықойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түсініп,оның шартын дұрыс орындауға тырысып,белгілі бір нәтижеге жету көзделеді.Балаға ұсынылған ойындар бала жасына сай болуы керек.

Дидактикалық материал ретінде өз жұмыстарыңызда көрнекілік модельдеу-мнемотехниканы қолдану. Балаларға кестедегі қарапайым сызба-нұсқалар,объектілерді және олардың қасиеттерін, сапасын: көлемі, түсі, формасы, құрастырушы бөліктерін байқап, оның қолданылуын, не үшін ұнайтынын (ұнамайтыны) түсінуге көмектеседі. Бақылау қортындыларын жалпылап, қысқаша әңгіме құрастырамыз. Мысалы: «Жаңа пәтерге көшеміз».

Тәрбиеші:Біз жаңа пәтер алдық.Алдымен ыдыстарды жинап алайық.Ол үшін сендер маған көмектесіңдер,ал мен жинаймын.Зейінді болыңдар.Заттарды маған әкеп,сипаттап отырыңдар,ыдыстарды көк қорапқа саламыз.Осылайша киімдерді шифонерге жинаймыз,тағамдарды бөлек т.с.с

Балаларға сипаттаушы әңгімелерді құрастыру тиімді:

бала заттарды ажыратып ,топтайды,ал осының нәтижемінде байланыстыра сөйлеуі қалыптасады.
Көрнекілік модельдеу әдісінің нәтиже бағасының критериі:


  • Берілген шығармаға сәйкес белгілерді таңдау.

  • Барлық кейіпкерлерді сала білу (шал, кемпір,алтын балық,теңіз т.б.)

  • Тәрбиешінің айтуы бойынша салу.

  • Берілген тапсырма үзінділерінің сызбасын салу,табу,мәтінге сәйкес әңгімелеу.

  • Өздігімен берілген сызба бойынша кеңістікті бағдарлау,тапсырманы орындау.Бейнелі сөзді,сөз тіркесін қолдану.

  • Мәтінге сәйкес немесе шығарманы әңгімелеу.

Көрнекілік модельдеу әдісін қолданғанда неге қол жеткізуге болады:

  • Балалардың ертегіні ретімен әңгімелеп беруіне;

  • Қоршаған орта жайлы таным-білімдерін арттыруға;

  • Сөздік қорының белсенділіктерінің кеңеюіне;

  • Балалардың ұялшақтығын жойып,өзін-өзіне деген сезімін арттыруға;

5 сәбилер бақшасы



Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын көрнекілік моделдеу арқылы дамыту

Баяндамашы: Венера Серікқызы Шапаева

Павлодар 2015-2016 оқу жылы

Күтілетін нәтиже:



Тәжірибелік іс-әрекетте болады

Белсенділіктері артады





Көрнекілік моделдеу әдісі

Ортаға шығып өз ойын айтуға үйренеді

Қарым-қатынас жасауға үйренеді


Құрбыларын тыңдай біледі

Өз ойын толық жеткізуді үйренеді



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет