Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруге жағдай жасай отырып зияткер, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды, мінез-құлық қағидаларына берік сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Міндеттері



Дата23.08.2017
өлшемі42,17 Kb.
#25117
түріСабақ
Біз туралы 

 

Атырау қаласында орналасқан «SilkWay» мектеп-лицейі 2016 жылдың қыркүйек айында өз есігін ашада. SilkWay» мектеп-лицейі егемен еліміздің ертеңі үшін, білімді де, саналы, парасатты азаматтарды тәрбиелеуде табандылықпен жұмыс жасайтын білім ордасы.



Мақсаты: 

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруге жағдай жасай отырып зияткер, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды, мінез-құлық қағидаларына берік сапалы ұрпақ тәрбиелеу.



Міндеттері: 

  • Оқушының интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту. 

  • Оқуға, өз білімін жетілдіруге тұрақты мотивациясын дамыту.

  • Еліне, туған жеріне сүйіспеншілігі шексіз, ұлтжанды, ізденімпаз, жан-жақты дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, Отан, қоғам, жанұя алдындағы міндеттерін жете түсінуге тәрбиелеу.

  • Ізгілік құндылықтарының тұрақты жүйесін қалыптастыру.

 

Оқу- тәрбие бағдарламасы

«SilkWay» мектеп-лицейінің оқу жоспары «ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» негізінде жасалынған.

Сабақ кестесі санитарлы-гигиеналық талаптар негізінде құрылған. Оқу аптасының уақыты – 5 күн. Сенбі күні қосымша сабақтарға және шығармашылық іс- шараларға арналады.

Оқыту қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқу үрдісінде орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері де қамтылған.

SilkWay» мектеп-лицейі өз ішіндегі ерекшеліктеріне қарай 1-6 сыныптар және 7-11 сыныптар болып екі шағын бөлімдерге таратылады..



Әр бөлім туралы толық ақпаратты жеке алуыңызға мүмкіншілік қарастырылған.

Тәрбие бағдарламасы Ұлттық білім академиясының кешенді тәрбие жоспарымен сәйкес атқарылады. Тәрбиелік іс- шаралар әрбір оқушының бойына жақсы қасиеттерді сіңіретін мақсаттарды қамтып, оларды жүзеге асыру үшін оқушылар түсінетін қалыпқа бейімделіп өткізіледі.

Білім кешеніне ұстаздар арнайы байқау арқылы жұмысқа алынады. Мектеп-лицей ұжымы әрқашан сапалы білім беру жолдарының тиімді жақтарын қарастырып, әлемдік деңгейдегі білім жаңалықтарын еңгізуге жұмыс жасауды, ұлттық жобаларды іске асыруды, адами құндылықтарды бағалайтын ұрпақ, интеллектуалды ұлт қалыптастыруды мақсат етеді.

 

Біздің Мектептің ерекшеліктері

«SilkWay» мектеп-лицейінде жаңа үлгідегі сыныптар интерактивті тақталармен жабдықталған. Оқушыларға соңғы үлгіде жабдықталған зертхана, кітапхана, спорт, би және музыка залдары қызмет етеді.

Нәтижелі білім беруге қол жеткізуге ықпал ететін, балалардың таңдауына қарай әр түрлі бағыттағы 7 үйірме жұмыс істейді.

Білім ошағында үш мезгіл дәмі тіл үйіретін тамақ беріледі. Мектепте сондай-ақ, бір буфет жұмыс істейді.

OTA (Oxford Преподаватель Академии) ұйымының бас мамандары жыл сайын оқушыларға сапалы білім беруді жетілдіру мақсатында мұғалімдерге семинар өткізеді.

Тоқсан сайын БТС (Білім тексеру сынағы) оқушыларымыздың білім сапасын анықтауға арналған емтихандар алынады. 

Edupage - электронды күнделігі ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және оқу-тәрбие үрдісін электронды бағалау, бақылау үшін жұмыс істейді.

Edmodo - оқушы мен мұғалім арасындағы ықпалдастықты нығайтатын әлеуметтік желі де мектепте іске қосылған.

1-6 сыныптарда оқыту үрдісінің ерекшеліктері

Бастауыш сатыда 1-3 сыныптарда оқушылардың ауызекі сөйлесу мәдениетін, заттарды тану, оны оқи білу, жаза білу, өз ойларын көркем жеткізу дағдысын қалыптастыру мақсаты көзделген.

 Ағылшын тілі – әлемдегі ең басты байланыс құралына айналған маңызды пән ретінде ,1-6 сыныптарда аптасына 5 сағаттан оқытылады. Информатика пәні- 3- сыныптардан бастап оқытылады. Шахмат пәні- аз уақытта өз ойларын шоғырландыру, туған жағдаятты сараптауға, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында аптасына 1 сағаттан жүргізіледі. «Интеллектум» пәні- оқу процесіндегі тағы бір ерекшелігіміз ретінде еңгізілген жетілдірілген оқыту жүйесі. Интеллектум» пәнінде баланың қабілетін дамытудың түрлі жолдары қарастырылған. Ойлау, жаңаша ойлау, көрнекі ойлау,стратегиялық ойындар арқылы жаңаша ойлайтын, қандай мәселе болса да жол таба білетін, өз пікірін шебер ортаға сала алатын тұлғаны жетілдіру. Жеке тұлғаның зейінін, ақыл-ойын танымдық қабілетін арттырып, тәжірибе негізінде бір затты соңында дейін тануға бейімдеуді мақсат еткен интеллектум пәнінің жас ұрпаққа берері мол.

 

7-11сыныптарда оқыту үрдісінің ерекшеліктері



Негізгі ұстанымы – оқушыға білім беруде жаңа технология пайдалана отырып, жалпы әлемдік үрдістер мен ХХІ ғасырдағы білім беру мазмұнындағы жаңалықтарды іске асыруда қамтамасыз етуге жұмыс атқарады, халықаралық білім беру жүйесіне жол ашады.

 Лицейде жаратылыстану бағытындағы барлық пәндер ағылшын тілінде, гуманитарлық бағыттағы пәндер қазақ тілінде беріледі. 7-сыныптарда ағылшын тілі тереңдетіліп, аптасына 8 сағаттан оқытылады.



 Халықаралық ЦИСКО (CISCO) информатика академиясымен әріптестік байланыста болуымыз 11- сынып оқушыларымыздың түрлі бағдарламаларды еркін меңгеруін қамтамасыз етеді.

 8-10 сыныптарда ROBOTICS бағдарламасымен жұмыс жасауымыз жемісті нәтижесін беріп отыр .
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет